Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Жартас суреттері

Ешкіөлмес жартас суреттері

admin
2026/08/31
Жартас суреттері
0
Ешкіөлмес жартас суреттері

Қола, сақ, түркі кезеңдерінің зираттарында басында – антропоморфты ескерткіш ретінде қойылатын жазуы бар, граниттен қашалып жасалған тақталар – Жетісу Алатауының аласа және орта биік таулы бөліктер Суықтөбе, Шөлдіадыр, Матай тауларының етегінде жиі кездеседі. Оларда  жазудан басқа садақ, семсер, қорамсақтың суреті бар. Көксу ауданындағы қола, сақ кезеңінен бастау алатын ежелгі табиғи ғибадатхана қызметін атқарған жартастағы суреттер үш деңгейлі тау аралық Орта Көксу, Молалы, Ақтекше ойыстарымен оларды қоршап жатқан Шаған (2552м), Лабасы (1562м), Ешкіөлмес (1054м), Қарашоқы (1398м), Шөлдіадыр (1126м) тауларында шоғырланған. Алакөл өңірінің Ынталы, Ақши, Бескөл, Үшарал, Қарабұлақ және Лепсі ауылдарындағы балбалтастарда бейнеленген адам мүсінінің аңшылықпен немесе белгілі бір кәсіппен айналысқаны қашалынып жасалған. Олар – балбал тастар, сандық тастар, қошқар тастар, муфлон аталатын мүйіздері шеңберіне оратылған жануарлар: ірі таутеке, тауешкілер. Сондай-ақ, ірі жануарлар ит пен аң аулау формасында тау етегіндегі жалпақ тастарға қашалып жасалады. Қарабұлақ және Ынталы тауларындағы петроглифтер IV-III және VIII-IX ғасырларда жасалған деген болжам бар.

 Ескелді ауданы, Ешкіөлмес тау жотасындағы жартас беттері, шың басы мен шатқалдарда тас бетіндегі бейнелер сақталып, қола дәуірі мен орта ғасырдағы осы өңірді мекендеген тайпалар өмірінен сыр беріп тұр. Көне суреттер 24 шатқалдан табылып, олардың саны 10 мыңның үстінде екені анықталды. 1886 жылы маусымда Көксу стансысы мен Жалғызағаш ауылының Д.Кашкаров және М.Хмылев есімді казактары Жетісу әскери губернаторына: «Жалғызағаш ауылы маңындағы Теректі сайынан өтіп келе жатып, біз жазуы бар алпысқа жуық тас көрдік», – деп хабарлайды. Содан бастап-ақ, патша өкіметі Көксу өзені тілгілеген аңғарды зерттеуді бастап кетеді. Қазіргі Көксу ауданы Теректі ауылының шығыс жағындағы биік беткейдегі петроглифтер сол кезден-ақ археолог ғалымдардың назарына ілігеді. Алайда әртүрлі себеппен әлемдік мәдени мұра қорына кіргізілмей қала береді. Ешкіөлмес тауындағы таңбалардың басым бөлігін арқар, таутеке, бұғы секілді жануарлар құрайды. Арасында адам сұлбасы, діни рәсім өткізгендер, садақ атқан, шоқпар көтеріп, ту ұстағандар кездеседі. Одан бөлек, нұр бейнелі беймәлім жаратылыстар да бар. Қасқыр, ит, түлкі секілді жыртқыштар да табылады іздегенге.

Жалпы Ешкіөлмес петроглифтері ерте кезден-ақ зерттеліп келеді. Көксу аңғарының көне дәуірін ашу мен зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысында-ақ басталған. Мұнда Ешкіөлмес пен Шыбынды тауының шығыс жағын бойлай Жалғызағаш ауылы мен Көксу стансысы арқылы Іле өлкесін Семей өңірімен жалғастыратын бас пошта күрежолы өткен. Мұнда Қапал және Гаврилов стансысынан (қазіргі Талдықорған қаласы) шығып Іле өзеніне, одан Верныйға апаратын жол түскен. Бұл жолмен Шоқан Уәлиханов, Петр Семенов-Тянь-Шанский, Василий Радлов, Николай Северцов, Иван Мушкетов сынды көптеген зерттеуші жүріп өтіп, ғылыми жаңалықтар ашты. Кеңес одағы тұсында қазақстандық ғалымдар Ешкіөлмес петроглифтерінің сырын ашуға талпынды. Атап айтқанда, археологтар Е. Агеева, К. Қарабаспақова және А. Марьяшев бастаған зерттеу жұмыстарын А. Рогожинский, А. Горячев,  Карл Байпақов жалғастырады. Сөйтіп, күллі әлем Ешкіөлмес петроглифтері жайлы дерекке қанығып, қазақ даласының асыл құндылығына тамсанды.

Қажет Андас, «Қазақ әдебиеті» газеті.

Қажет Андас,

«Q-Andas» ақпарат агенттігі.

Дереккөз: ӨТКЕНІ ЕРЕН, КЕЛЕШЕГІ КЕНЕН ЕРКІН/(Тарихи-танымдық кітап)

/Қ. Андас/ Талдықорған. «Офсет» баспаханасы, 2023. – 320 бет

ISBN 978-6017646-45-5

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 38
Алтайдай, жер қайда?
Жартас суреттері

Алтайдай, жер қайда?

August 31, 2026
Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды
Жартас суреттері

Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды

July 28, 2025
ЫРҒАЙЛЫ  САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ЫРҒАЙЛЫ САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
Жартас суреттері

Оспан сазындағы жартас суреттері

February 13, 2025
ТАЛДЫ  ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ТАЛДЫ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz