Ұйғыр ауданындағы килі орындар тізіміне енбеген нысандардың бірі Дардамты ауылының оңтүстігінде 5 шақрым қашықтықтағы Қазанбұлақ шатқалындағы қола, сақ түркі кезеңдрінің қоныстары маңындағы жартастарда салынған суреттрмен таныстық. Аталған нысан қола, сақ, түркі кезеңдрінің қоныстары маңында бағзы заманда кіші-гірім рулық ғибадатхана ретінде оқшауланған зиарат ету қызметін атқарған.
Онда негізінен мағынасы, тартымдылығымен еркшеленетін сақ тайпаларының шаруашылығымен тікелей қатысы бар бұғының басқа аумақта кездеспйтін бірегей суреттрі үйсін, түркі, кезеңдрі мен ерте орта ғасырларға жататын түйенің, ақын бейнеленген тау ешкі, жылқы мен құлжаның және қозғалыстағы адамның бейнелері салынған. олардың мән-мағанасы мен мазмұны Жамбыл ауданындағы Қарабастау тауындағы “Таңбалы”, Құлжабасы тауындағы, Ескелді ауданындағы Ешкіөлмес тауындағы палеомәдени сакральды орындар саналатын жартастағы суреттрден кем түспейді.
Сондықтан сакральды орын саналатын мәдени мұра нысандары ретінде тіркеуге алып мемлект тарапынан қорғау қажет. оны қазіргі кезеңде Дардамты орта мектебінің мұғалімдері, Ұйғыр ауданының мәдениет бөлімінің мамандары оқушылар мен жастар, өлектанушылар мен алыстан келетін адамдарға тарихи танымдық маңызы бар нысан ретінде пайдаланады. Нысанға жргілікті жастар көп келуіне және сыртқы күштердің әсерінен бұзылуына байланысты еркше қорғауды, археологтар тарапынан зрттеуді, суреттрдің салынған кезеңдрін анықтауды қажет етеді.
Кетпен жотасындағы, Жалғыз өрік шоқысында, Дардамты ауылынан 5 шақырым қашықтықта, оңтүстiк батыс бөлігінде шоғырланған. Бұл шатқалдарда қалың бұта өсiп кеткен, сусыз сайлар болып келедi. Осы өңірді зерттеу үшін «Жетісу» өлкентанушылар» орталығы» ҚБ танымдық жорықтарды ұйымдастырды. Осы жорықта биік жар тастарда салынған көне суреттерді анық көзбен көруге мүмкіндік туды. Шатқалдар шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Ол жерде кездесетін көне суреттерде көбінесе жануарлардың cypeттepi салынған, аң аулау cәттepi де бейнеленген. Суреттер шағын жартас тақталарының оңтүстiк және оңтүстiк-батыс беткейлерiне қашап салынған. Жалпы саны 100-ге жуық. Олар негiзiнен тасты қашау әдiсiмен салынған.Суреттердiң арасында адамдардың және жануарлардың бейнелерi кездеседi. Көп бейнелi үлкен композициялар жоқ, ешкi және арқар аулау көpiнicтepiнде көруге болады.
Жыртқыш аңдардың шөпқоректi жануарларға шабуыл жасағаны суреттелетiн сюжеттер де бар. Біз таңбалы тасқа қарай отырып сол кезде қандай жануарлар болғандығын білуге болады. Петроглифтердiң көпшiлiгiнде бұғылар, бұқалар, ат мінген адамдар, түйелер, текелер менжеке дара арқарлар көптеп бейнеленген.
Бұл суреттер биiк жартастардың бетiне салынған. Қазiргi кезде белгілі бiр петроглифтiң пайда болған уақытын дәл анықтауға мүмкiндiк жоқ. Алайда тарихшылардың мәліметтеріне сәйкес, онда біздің жыл санауымыздан шамамен 2-3 мың жыл бұрынғы қола, сақ кезеңдерінің тасқа қашап салған суреттері деген болжам жасадық. Аталған аласа таулы алқаптағы тасқа қашап салған суреттер, осы өңірдің көне дәуірдегі шаруашылығын, халықтың тұрмыс мен тыныс тіршілігінен сыр шертетін жартастағы суреттерден аңғаруға болады. Осы жорық барысында біз ежелгі қоныстар маңындағы жартастағы суреттермен танысып оларды жеке-жеке суреттерге түсіріп алдық. Аса жоғары орындалу шеберлiгiмен ерекшеленетiн жоғарыда аталған Жалғыз өрік шоқысындағы жартастағы аң бейнелi суреттері осы өңiрiнде мекендеген халықтардың тұрмыс-салтын ғана емес, көркем өнердiң дамуын ашып көрсететiн рухани-материялдық құндылықтардың қатарына жататынын айтуға болады. Жаяу жорық барысында жиналған мағлұматтарды жазба дерек көздерімен салыстыра отырып салыну ерекшелігіне негізделіп Кетпен жотасының баурайында халқымыздың қола, сақ-ғұн, түркi дәуiрлерiнен бергi бағзы замандағы тарихы мен тыныс тiршiлiгiнен, әдет-ғұрпынан, салт-санасынан сыр шертетiн ең көне мұралардың қатарына тастарда салынған суреттер петроглифтер жататынына көз жеткіздік. Суреттер негiзiнен судың, желдiң ауа температурасының эрозиялық әрекетiне берiк ұсақ кристаллды тастардың жылтыр тегiс бетiне сызып салынған.
Мұндағы тастағы суреттер қашау және сызу арқылы салынған, сондай-ақ осы тәсiлдер үйлестiре қолданылған суреттерде бар. Оларда жануардың басы мен дене тұрқы қашалып, ал, құйрық-жалы, аяқтары өткip құралмен сызып келтiрiлген. Жаяу таным жорық барысында бізге Кетпен жотасының терең тілімдеген шатқалдарындағы сурттердің ішіндегі бірегейлігімен көзге түсетін түйелердің бейнелері ұнады. Бұл бағзы замандағы адамдардың дүние танымына сай түйе алып күштiң, құнарлықтың символы болған. Жазба дерек көздеріне сүйенсек сақ кезеңдеріндегі халықтың тұрмысымен жеке тайпалар осы түйелерді жүк көлігі ретінде пайдаланғанын аңғаруға болады.
Біздің пайымдауымыз бойынша тастағы суреттер кешенiндегi бейнелер үш түрлi әдiспенсалынғанын көрсетеді. Олардың біріншісі тесемен ұрып, екiншiсi тастың бетiне қашап сызып, үшiншiсi жоғарыдағы екi әдiстi қатар қолдану тәсiлiмен салынған бедерлі бейнелер екенін білуге болады.
Жалғыз өрік шоқысына 2 шақырым жетпей күн шығыс бөлігінде Асан деген атаумен аталатын үңгір орналасқан. Үңгірдің ұзындығы шамамен 10 метр болады. Ол үңгірдің атауы үлкендердің айтуынша, ертедегі аңыз әңгімелер бойынша қойшы шопан атауымен аталған деп айтады. Бұл үңгірде ертеден қалған нақты дәлелдер жоқ. Алайда үңгір қабырғалар түтін қақтарынан қарайып кеткен. Біздің пайымдауымыз бойынша, ерте замандағы адамдар да осы үңгірді паналап мекен еткен болуы мүмкін деген болжамдар келтірдік.
Жартастағы суреттерді қашау үшін қаншама күш, құрал-жабдық қажет екені айтпаса да түсінікті. Демек, Таңбалытас талай дәуірлерден бізге жеткен құнды тарихи орын, жәдігер, салт-дәстүр, мәдени құндылықтар жалғасы. Бұрынғы замандағы адамдар жазу білмегендіктен өзінің жан дүниесін сурет арқылы жеткізген.
Қажет Андас,
Өлкетанушы-журналист.
Қазанбұлақтан түсірілген суреттер

























