Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

ЖАҚАНБАЙ БИДІҢ КЕСЕНЕСІ

admin
2025/05/30
Қасиетті жерлер
0
ЖАҚАНБАЙ БИДІҢ КЕСЕНЕСІ

Орналасқан жері: Алакөл ауданының Көлбай ауылдық округіне қарасты Қызылқайың ауылының жанындағы «Жалқұм» деп аталатын жерде.

Сипаттамасы: Жақанбай би – садыр руының ішінде Кененбай – Булан ұрпағы Бөлтек баласы. «Садыр–Мақаншы» болысының болысы. Шамамен 1825-1897 жылдары арасында өмір сүрген. Балалары Мұхамадияр және Қасым. Мұхамадияр Жақанбаев заңгер, Петербор Заң институтының 2 курсын бітірген. Әкесі Жақанбайдың орнына болыстық сайлауға түсіп, оқуын тоқтатқан.

Аңыз-әңгімесі: Астың берілуінің де себебі – 1876 жылы Ерейментауда өткен керей Сағынай Есұлының асына садыр жақанбай биді арнайы шақырады. Оған 9 жасар ұлы ұлы Мұхамадиярды ерте барған би қайтар жолында Сағынайдың баласы Паң Нұрмахамбеттің асты ұйымдастырған, өикізген, елге көрсеткен құрметіне ризашылығын білдіріп, «Ұл туса осылай туса болады» дегенден ұлы Мұхамадияр. «Әке сен өліп көр, біз беріп көрейік» деп жауап қатқан екен. Сол аманатты ұмытпаған Мұхамадияр әкесі қайтыс болған соң ас өткізуге дайындала бастайды.

1898 жылы күз айында Мұхамадияр Жақанбаевтің ұйымдастыруымен 6 ай бұрын сауын айтылып, Үш жүздің игі жақсаларының басын қосып, үлкен ас берген. Асты жалайырдың болысы Жәлменде басқарған деседі. Жалайыр жәлменде би мен Жақанбай атамыз көзі тірісінде ажырамас дос болған көрінеді. Олардың достығы жайлы жәлменде бидің Жақанбай биге жолдаған сәлемінен көруге болады:

Сәлемде Жақанбайға бір ат берсін,

Үш жылғы мінілмеген құр ат берсін.

Бұйымтай орындалса ойдағыдай,

Төлемін үш жылдан соң сұрап берсін.

Дәулігі өзімдей болсын,

Местігі өзіңдей болсын.

Сұлулығы Алпас төредей болсын,

Жүрісі Жүсіп қажының жүрісіндей болсын.

Ақ қаптал, ақ айыл болмасын,

Қисық құйрық, мүкіс құлақ болмасын, – деп достық сәлемін жолдаған екен. Осылайша араларында алыс-беріс жүрген ел ағаларының достығы жарасымды болған көрінеді.

Сондықтан жақанбай биге арналған асты жәлменді бидің басқаруы орынды. Оның көмекшісі болып Садыр – Құдияр Жексембай жүрген. Ас қазіргі Алакөл ауданының Көлбай ауылдық округіне қарасты Қызылқайың ауылының жанындағы «Жалқұм» деп аталатын жерде өткен. Бұл жер әсілінде Мұқаншы төрі депте аталған екен.

Тойға Абай Құнанбаев бастаған Шәкәрім Құдайбергенұлы, Тәттімбет күйші, Құсбек ақын, Әсет Найманбаев, үйсін Бақтыбай ақын, жалайыр Жәлменде Тышанұлы, Маманның Тұрысбегі, садыр Құс ақын, матай Түбек ақындар қатысады. Игі-жақсылар асқа бата беріп,садыр еліне жақсы ниеттілегін жеткізіп, Құран оқып, ел-жұртты береке-бірлікке бағаттаған.

Абай бастаған арғындар, тәттімбет күйші бастаған өнерпаздар елді думанға бөлеген. Тойда әр жүзге 100 үйден тігіліп, сойыс, күтуші қойылған. 100 жорға атқа мінген 100 жігіт 1 шақырым жерден табақ тартқан. Сол тойда табақ тасыған жігіттердің ұрпақтары бүгінде Көлбай ауылында тұрады. Астың қауіпсіздігін Баубек балуан бастаған қарымды азаматтар күзеткен.

35 шақырымдық аламан бәйгеге 100 бас жылқы, Жаяу жарысқа 50 бас жылқы тігіліпті. Аламанда Сапа деген кісінің «Ақбелбеу» аты қара озып келіп, бас бәйгені алыпты. Жаяу жарыста жалайыр елінің келіні, жез киік атанған Нұрғайса бірінші болып мәреге жетіпті. Балуан күресте Нысанқұл балуан қарсылас шақ келтермепті. Ол кісі қарсыласын іштен шалып тұрып, сол қолымен насыбай атады екенде жерге алып ұратын болыпты. Бұл аңыз болып осы күнге шейін айтылып жүр. Бұл ас қаза тарихында Үш жүздің басы қосылып берілген ең соңғы ас десе де болады.Үш жүздің басын қосып берген астың кейіпкері жақанбай бидің немере қарындасы Сыпайы анадан тараған Есіркесін ақсақал Көлбай ауылында тұрады.

2020 жылы 20 жылдық ізденістің нәтижесінде Жақанбай бидің жерленген орнын таптық. Қорымның табылуына Жақанбай бидің асында басқарушы болған Жексенбайдың ұрпағы Қызылқайың ауылында тұратын Әбілдаұлы Төлеухан ақсақалдың көмегі ерекше болды. Осыдан кейін кесененің басына белгі тас орнатып, баба рухы түгенделді.

Сәрсен БӘЙТӨК (Жұмағалиев) қолжазбасы негізінде реттелді.

«Алакөл» газеті.

№30 (7961) 24.07.2021, сенбі.

Малайұлы Ахметтің Жақанбай биді жоқтауы

Алдияр біздің бабамыз,

Үшеу екен анамыз.

Бабамнан туған төртеуі,

Сары қымыз сабамыз.

Медет байда жиында,

Мәмбет би бар данамыз.

Базар-Назар қос жүйрік,

Кім бар ондай санамыз.

Оразгелді, Оразбек,

Асылдар қатарына аламыз.

Жақанбай көшті дүниеден,

Ағайын сізге шағамыз.

Малқар, Зергер, Тәуімбет,

Жақында берік санамыз.

Болып кетті Жақанбай,

Жұртқа жақсы атанды-ай.

Жақа ағамның ақылы,

Ойжайлау мен Қапалдай,

Кененбайдың ішінде,

Бақ кісі бар Бапандай.

Бабамнан туған Шалқыбай,

Сүйкімді сұлу шапандай.

Арғы атам менің Алдияр,

Сегіз сеңгір ұлы бар.

Медет, Қуат, Кененбай,

Кенжебай, Асан табылар,

Ақпан, Тоқпан, Дөненбай.

Алдиярмен туысқан,

Бір старшын Құдияр.

Жекесенбай елге белгілі,

Жақсылық іске болды жар.

Саурық момынға болысты,

Мамбетай күзек қонысты.

Қазанғап, Елеу, Қалдығұл,

Түзеген қисық, шалысты.

Бай Арыстан, ер Мұса,

Бай болып жүр табысты.

Жақанбай кетті дүниеден,

Жақын етті алысты.

Андаға жақты Саурық,

Сайлау деген даурық.

Сайлау десе жұрт қызар,

Күйлі құстай шаңғытып.

Арын менен Тасыбек,

Кетпесін елің жауығып.

Адамға Ысқақа алдырмас,

Қалмаса жатып, ауырып.

Стамбек төре ер кісі,

Сауырдың таудай белгісі.

Әбен алған болысың,

Атасының үлгісі.

Қарлығаш ата Жетібай,

Сабырсыз момын бір кісі.

Тілеулі батыр өнерлі,

Озған жоқ одан өзгесі.

Күш артылмас Шүйеден,

Сүт артылмас биеден.

Жаратқан Жаппар иеден,

Үш арыстың біреуі,

Қалмас егер жүйеден.

Сыпатай қажы ел асқан,

Қыдырменен жанасқан.

Артылмай тұр медеке,

Айдаған малын Алаштан.

Қасен, Қасым, Тілеулі,

Қайырымды болып қарасқан.

Өнері асып өзгеден,

Жасаған мүлкі жарасқан.

Бақытына Баубектің,

Табылмас адам таласқан.

Шүйенің шөбі кебене,

Дәулетін жанға теңеме.

Өсербай батыр ақсақал,

Жаттанды сөзге ереме.

Мүшебай, Құрман, Көбентай,

Жөнсіз іске көнеме.

Иса болыс Еркінбек,

Дұшпанға намыс береме.

Құрманбай мен Бапаңның,

Екекуін жанға теңеме.

Қарауыл Иса, Еркінбек,

Екпінді сөйлер серпіндеп.

Ақыл толық болған соң,

Билеген елді еркіндеп.

Жақанбай көшті дүниеден,

Бөлмеген жанды біртіндеп.

Қауым жұртым аманбол,

Ертеңіне болсын еркіндік.

 

Q-Andas ақпарат.

Қаралым 111
Қаратал алқабындағы өзендер
Қасиетті жерлер

Қаратал алқабындағы өзендер

August 31, 2026
Қора шатқалы
Қасиетті жерлер

Қора шатқалы

August 31, 2026
Дауылбай тауы
Қасиетті жерлер

Дауылбай тауы

August 31, 2026
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

August 30, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

August 30, 2026
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

August 30, 2026
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz