Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Жартас суреттері

Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды

admin
2025/07/28
Жартас суреттері
0
Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды

Петроглифтер – қазақ даласындағы өткен ғасырлардан сыр шертетін ең құнды жәдігерлердің бірі. «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің өлкетанушылары жұрт назарына түспеген тағы бір жартас суреттерінің шоғырын анықтады. Ашутас тауындағы Сарыбұлақ шатқалы қола, сақ, түркі кезеңінен бастап халық жиі қоныстанған аумақтың бірі. Оны осы аумақтағы ежелгі қоныстар маңындағы бұғы, таутеке, қозғалыстағы жыртқыш аңдар және ат мінген, алауды қоршай билеген, аң аулаған адамдар бейнеленген антроморфты суреттер айғақтайды.

Сарыбұлақ ауылының айналасы тұнып тұрған жартас суреттеріне бай. Өкінішке қарай, осы тарихи жәдігерлер әлі күнге есепке алынып, еңбектерге енген жоқ. Жалпы Сарыбұлақ ауылының маңындағы жартас суреттерін төмендегідей бірнеше топқа топтастыруға болады.

І. Ашутас тауының солтүстік-батыс бөлігіндегі Сарыбұлақ шатқалындағы  Жөңкебай жартас суреттерінің шоғыры.
ІІ. Малайсары тауының солтүстік беткейіндегі Тесіктас табиғат ескерткішінің маңындағы қола, сақ, түркі кезеңдерінің  беті тегіс жартастарға қашалған суреттер.
ІІІ. Жапанқұдық қонысының аумағындағы шоқыдағы суреттер.

Бұл маңдағы негізгі жәдігер – жақпар тастар бетіндегі петроглиф. Жартасқа қашап салынған сансыз суреттер галереясы негізінен қола дәуіріне тән. Олар Арқарлы, Малайсары жоталарындағы, Талдықорған іргесіндегі Қызылтас, Үйтас, Ескелді ауданына қарасты Ешкіөлмес жартас суреттерімен терең қатынасы бар. Тағы бір ерекшелігі, жәдігерлер  осы өлкеде адамзат мәдениетінің бастау алғандығын да айғақтайды.

Демек, Сарыбұлақ ауылы –     байырғы сақ, ғұн, түркі дәуіріндегі бабалар өркениетінің табы қалған тарихи қоныс. Сарыбұлақ шатқалындағы жартас суреттері Жетісу жартас суреттерінің құрамдас бөлігі және оны басқа жерлерден кездестіре бермейтін жаңа бейнелермен толықтыра түседі. Жалпы, Жөңкебайдағы тастағы бейнелердің бәрі пикетаж техникасында, кейбірінің темір аспаптың көмегімен немесе таспен ойып салынғанын байқаймыз.

Тастағы суреттердің ғылыми-танымдық негіздері де жеткілікті. Зер сала қарасақ,  халықтық көркемөнермен қатысты жартас суреттеріндегі шеберлік, қарапайым сызылған адам тұрқы және тасқа бедерленген ру-тайпалардың таңбасы, адам, жылқы, сиыр, бұғы, керуен суреттері үлкен шеберлік пен табандылықты және жоғары деңгейдегі талғампаздықты көрсетеді. Жартаста қашап салынған суреттердің енді біреулері қазақтың тайпалық-рулық бірлестігін білдіретін айқындама – таңбалы белгілер. Бұл әрбір қазақ руының шығу тегін, көршінің туыстық тұрғыдағы жақындығын, сондай-ақ, халықтың тарихи жағдайын және шаруашылық жүргізу тәсілін көрсету ниетімен кең көлемде қалыптасқан белгі. Жөңкебай жазығынан сақ кезеңі мен біздің заманымыздың ХV ғасырын қамтитын көптеген қорғандарды кездестіруге болады.

Жөңкебайдағы суреттер шағын жартас тақталарының оңтүстiк және оңтүстiк-батыс беткейлерiне қашап салынған. Суреттердiң арасында адамдардың және жануарлардың бейнелерi кездеседi. Көпбейнелi үлкен композициялардан ешкi және арқар аулау көpiнicтepiн көруге болады. Бұл суреттер аласа жақпар тастардың бетiне салынған.

Сарыбұлақ жартас суреттерін зерделеу барысында ежелгі суретшілердің шебер жасағаны арқардың немесе қошқардың басы, мүйізі. Ол зергерлік істер (жүзікте, білезікте, мойын алқада, шолпыда) жиі кездеседі. Бұл ежелгі дәстүр қазақ заманына жетіп, «Қошқармүйіз» қазақ өнерінің ұлттық түріне айналды.

Демек, жартас бетіндегі суреттердің мазмұны бірден-бірге байып, оқиғасы кемелденіп отырған. Бұған әуелі ертедегі сызбалар мен кейінгі сызбалардағы айырмашылық дәлел бола алады. Мысалы, алғашқы сызбаларда жалғыз адам немесе аң, тағы басқа да зат бейнеленсе, кейін келе жыртқыш аңдармен болған күрес, табындағы малды қорғау жолындағы ерлік анық көрсетіледі. Сарыбұлақтағы жартас суретінде садақ тартып тұрған адаммен бірге жебелердің ұшу бағытын көрсеткен суреттер өте көп.

Десе де жартас бетіндегі ежелгі стиль біртіндеп құлдырағанымен қазақ халқының сурет өнерін өзіндік өзгешелігімен тарихқа таңбалап кетті. Жалпы, петроглифтер мұрасы жағынан Қазақстанға тең келер ел жоқ деуге де болады. Оны аялап-сақтау ғана басты міндет. Десек те  Сарыбұлақ жартас суреттері орналасқан жерлерден де вандализмнің белгілерін кездестірдік.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Норвегия, Швеция секілді Скандинавия елдері мемлекеттегі әр ескерткішті мемлекет қазынасы деп санап, алтыннан артық қорғайды екен. Тіпті Франция мемлекетіндегі үңгір ішіндегі осындай петроглифтерді туристік мекенге айналдырып, келушілердің аузынан бөлінген ауаның әсерінен петроглифтерге зақым тиюі мүмкін деп, ескерткіштердің жасанды көшірмесін жасап, туристерді сонда жібереді екен.

Ел аумағында ежелгі үңгір суреттерінің қанша шоғыры бар екені нақты белгісіз. Археологтар 1000-ға жуық орынды сипаттап, тіркеген. Ғаламторда шамамен 3 мың деген ақпарат шығады. Десе де Сарыбұлақ ауылының іргесінде жатқан жәдігерлер әлі де ғылыми айналымға түскен жоқ. Тіпті, жергілікті жұрт «Тесіктас», «Үңгірқора» атап кеткен табиғаттың таңғажайыбын әлі күнге дейін білмейді.

Осы мұраларды ел қазынасына айналдыратын уақыт келді деп есептейміз.

Қажет АНДАС
Сарыбұлақ ауылы,
Кербұлақ ауданы

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 69
Алтайдай, жер қайда?
Жартас суреттері

Алтайдай, жер қайда?

March 19, 2026
ЫРҒАЙЛЫ  САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ЫРҒАЙЛЫ САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
Жартас суреттері

Оспан сазындағы жартас суреттері

February 13, 2025
ТАЛДЫ  ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ТАЛДЫ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
NAIZATAPQAN JARTAS SURETTERI
Жартас суреттері

NAIZATAPQAN JARTAS SURETTERI

May 30, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz