Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

ҚЫЗАЙ ҚАЛПАҚ

admin
2025/07/28
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
2
ҚЫЗАЙ ҚАЛПАҚ

Қызай ана – халқымыз қадір тұтқан аналардың бірі. Азан шақырып қойған аты Күнбике. Әкесі Ұлы жүз Бәйдібек би Қарашаұлы, ал шешесі –Түркістандағы Баб-араб мешітінің имамы болған Мақтым ағзамның қызы Домалақ ана. Сондықтан оның бойындағы тектілік ата-анасынан дарыған.  Ақылгөйлігі, сәуегейлігі дүйім жұртты таңғалдырған. 17 жасында Жандәулет бидің баласы Шағыр батырмен үйленіп, Итемген, Меңіс, Бегімбет, ждербіс атты төрт баланың анасы атанады. Кейін олардың ұрпақтары анасының атымен Қызай аталып кетеді. Қызайлар «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары бір мезгіл Сыр бойын мекендеп, кейін Абылай ханның әмірімен шығысқа қоныс аударады. Қазір Қытайдың Іле өңіріне қоныстанған қызайлар 700 мыңнан асады.

Қызай анамыз қырықтың қырқасына ілінгенде төрт ұлы – Итемген, Меңіс, Бегімбет, Дербісті шақырып алып, «… екі бірдей бәйтеректің (күйеуі Шағыр мен Тоқтарқожаны айтады) арт-артынан құлап, соңында төртеуің қалдың. Жаратқанның мұнысына да шүкірлік! «Тегі бір – теппейді, түбі бір – кетпейді» – деген аталы сөз бар. Төртеуіңнің тегің де, түбің де бір. Төртеуің түгел болсаңдар, жұдырықша жұмылсаңдар, өніп-өсіп көктейсіңдер. Бір-бір бәйтерек болып жетілесіңдер. Әне сол кезде төбедегі келетін, айналадағы үйірілетін болады!» – дейді. Ардақты анамыз сөзін одан ары жалғап, «Сендердің бұзылмас бірліктеріңнің нысан-белгісі болсын деп, ақ қойдың нық түбітінен өздеріңе арнап, төрт сайлы ақ қалпақ тіктім. Ол – төрт перзентім бар дегенім. Сол төрт сайды төбеден түйлістірдім. Ол – төртеуің түгел болып, бастарың бір төбеде қосылып тұратын болсын дегенім. Төбесіне жеті тал маржанды шашақ қададым. Ол – көз тимесін, хас жауларың қаймықсын дегенім. Қалпақты кеңітіп-тарылтып киюге болатын етіп, айналдыра екі қатар ілмекті жіп тарттым. Ол – қашанда бір-біріңе кең, толғамды болыңдар дегенім. Ернеуін қара барқытпен тыстадым. Ол – айналаң қара ормандай қалың ел болсын дегенім! Ал, қалпақты ақ түсті етіп, әппақ киізден жасадым. Ол – менің Бәйдібек бабамның ата қонысы – ақ басты Алатаудың бауырында мөлдір бұлағының суын ішіп, көк шалғынына аунап өніп-өсіңдер, ақ қардай кіршіксіз күн кешіңдер дегенім…» – депті.

Қызай қалпақтың өзіндік жасалу ерекшелігі бар. Бұл қалпақ ақ түсті будан қойдың мойын бөлегіндегі күзем жүнін қылшықтап, түбітін бөліп алып, тазартып жуып, кептіріп, түтіп, шыпта шыидың үстіне қалыпты қалыңдықта дөңгелектеп түбітті тартып болған соң, шыиды тартылған жүнмен орап білектеп шығарып, киіз болып шыққаннан кеиін, бір әдік оқтаумен білектеп барып, ақ бор тасты ұнтақтап шәшіп, деңгелек айландырып алақан қірімен пысырып қазан тектес болды дегенде ( кірісіп кіиіз болғызу) кірлеп шғарып, (қайнақ су құймалап кірін кетру) кепкен соң, кіиізді сырап, ортасын мөлшерлеп төрт қыиықтап пішіледі. Мысалы, 57  номырлы қалпақты мысалға алсақ, қыиықтың жалпы біиіктігі  29см, әр қыиықтың төбетәй қайырма кеңдігі 11см, қыиық көлбеу ұзындығы 30см, әр қыиықтың етек кеңдігі 21см, түрме қайырылар кеңдігі 19см, түрме қайырмасы біиктігі 8см, түрме оқа бұл кеңдігі 16см болып, осы өлшем бойынша төбе қиық және жан қиық қыры жоғары қарай және төмен қарай қынап қыиылып пішіледі. Ескерте кетерлігі, әр нөмерлі қалпақтың өлшемі де әр түрлі болады. Оны шеберле өз қалауы бойынша өзгертіп қолдана береді. Қалпақтың төрт қыры үстіне ілмелеп бастыра өрнек нобайын шығарады. Қалпақтың жақтауы қаратұсты матамен көмкеріледі. Бұл үшін матаны көлбеу (бұлдың ені яки ұзынна емес) қиықтап кесіп, пішіп құрастырған соң көмкеріледі. Қалпаққа ақ түсті бор тасын жағады. бұл қалпаққа су, күн өткізбеу және ақтық дәрежесін сақтау үшін қолданылады. Қызай қалпақтың оң-сол екі жақтағы түрмесінен айырық келтіріп, матамен тігілетін кестелі айыр қалпақтың үлгісін сіңдіре жасалған. Сондай-ақ, бастырма, оюлы өрнек салып жасалатындықтан көрінісі әдемі келеді.

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

Q-Andas ақпарат

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 156
Қонақ шақыру ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Қонақ шақыру ойыны

August 31, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

August 31, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

August 31, 2026
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

August 31, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

August 31, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
2 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
trackback
Aueskhan Mazhai’s Artifacts: THE QYZAI KALPAK – Q-Andas
2 months ago

[…] Kazakh version: […]

0
Reply
trackback
Экспонаты Ауесхан Мажай: КЫЗАЙСКИЙ КАЛПАК — Q-Andas
2 months ago

[…] Версия на казахском:   […]

0
Reply
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz