Қызай ана – халқымыз қадір тұтқан аналардың бірі. Азан шақырып қойған аты Күнбике. Әкесі Ұлы жүз Бәйдібек би Қарашаұлы, ал шешесі –Түркістандағы Баб-араб мешітінің имамы болған Мақтым ағзамның қызы Домалақ ана. Сондықтан оның бойындағы тектілік ата-анасынан дарыған. Ақылгөйлігі, сәуегейлігі дүйім жұртты таңғалдырған. 17 жасында Жандәулет бидің баласы Шағыр батырмен үйленіп, Итемген, Меңіс, Бегімбет, ждербіс атты төрт баланың анасы атанады. Кейін олардың ұрпақтары анасының атымен Қызай аталып кетеді. Қызайлар «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары бір мезгіл Сыр бойын мекендеп, кейін Абылай ханның әмірімен шығысқа қоныс аударады. Қазір Қытайдың Іле өңіріне қоныстанған қызайлар 700 мыңнан асады.
Қызай анамыз қырықтың қырқасына ілінгенде төрт ұлы – Итемген, Меңіс, Бегімбет, Дербісті шақырып алып, «… екі бірдей бәйтеректің (күйеуі Шағыр мен Тоқтарқожаны айтады) арт-артынан құлап, соңында төртеуің қалдың. Жаратқанның мұнысына да шүкірлік! «Тегі бір – теппейді, түбі бір – кетпейді» – деген аталы сөз бар. Төртеуіңнің тегің де, түбің де бір. Төртеуің түгел болсаңдар, жұдырықша жұмылсаңдар, өніп-өсіп көктейсіңдер. Бір-бір бәйтерек болып жетілесіңдер. Әне сол кезде төбедегі келетін, айналадағы үйірілетін болады!» – дейді. Ардақты анамыз сөзін одан ары жалғап, «Сендердің бұзылмас бірліктеріңнің нысан-белгісі болсын деп, ақ қойдың нық түбітінен өздеріңе арнап, төрт сайлы ақ қалпақ тіктім. Ол – төрт перзентім бар дегенім. Сол төрт сайды төбеден түйлістірдім. Ол – төртеуің түгел болып, бастарың бір төбеде қосылып тұратын болсын дегенім. Төбесіне жеті тал маржанды шашақ қададым. Ол – көз тимесін, хас жауларың қаймықсын дегенім. Қалпақты кеңітіп-тарылтып киюге болатын етіп, айналдыра екі қатар ілмекті жіп тарттым. Ол – қашанда бір-біріңе кең, толғамды болыңдар дегенім. Ернеуін қара барқытпен тыстадым. Ол – айналаң қара ормандай қалың ел болсын дегенім! Ал, қалпақты ақ түсті етіп, әппақ киізден жасадым. Ол – менің Бәйдібек бабамның ата қонысы – ақ басты Алатаудың бауырында мөлдір бұлағының суын ішіп, көк шалғынына аунап өніп-өсіңдер, ақ қардай кіршіксіз күн кешіңдер дегенім…» – депті.
Қызай қалпақтың өзіндік жасалу ерекшелігі бар. Бұл қалпақ ақ түсті будан қойдың мойын бөлегіндегі күзем жүнін қылшықтап, түбітін бөліп алып, тазартып жуып, кептіріп, түтіп, шыпта шыидың үстіне қалыпты қалыңдықта дөңгелектеп түбітті тартып болған соң, шыиды тартылған жүнмен орап білектеп шығарып, киіз болып шыққаннан кеиін, бір әдік оқтаумен білектеп барып, ақ бор тасты ұнтақтап шәшіп, деңгелек айландырып алақан қірімен пысырып қазан тектес болды дегенде ( кірісіп кіиіз болғызу) кірлеп шғарып, (қайнақ су құймалап кірін кетру) кепкен соң, кіиізді сырап, ортасын мөлшерлеп төрт қыиықтап пішіледі. Мысалы, 57 номырлы қалпақты мысалға алсақ, қыиықтың жалпы біиіктігі 29см, әр қыиықтың төбетәй қайырма кеңдігі 11см, қыиық көлбеу ұзындығы 30см, әр қыиықтың етек кеңдігі 21см, түрме қайырылар кеңдігі 19см, түрме қайырмасы біиктігі 8см, түрме оқа бұл кеңдігі 16см болып, осы өлшем бойынша төбе қиық және жан қиық қыры жоғары қарай және төмен қарай қынап қыиылып пішіледі. Ескерте кетерлігі, әр нөмерлі қалпақтың өлшемі де әр түрлі болады. Оны шеберле өз қалауы бойынша өзгертіп қолдана береді. Қалпақтың төрт қыры үстіне ілмелеп бастыра өрнек нобайын шығарады. Қалпақтың жақтауы қаратұсты матамен көмкеріледі. Бұл үшін матаны көлбеу (бұлдың ені яки ұзынна емес) қиықтап кесіп, пішіп құрастырған соң көмкеріледі. Қалпаққа ақ түсті бор тасын жағады. бұл қалпаққа су, күн өткізбеу және ақтық дәрежесін сақтау үшін қолданылады. Қызай қалпақтың оң-сол екі жақтағы түрмесінен айырық келтіріп, матамен тігілетін кестелі айыр қалпақтың үлгісін сіңдіре жасалған. Сондай-ақ, бастырма, оюлы өрнек салып жасалатындықтан көрінісі әдемі келеді.
https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755
Q-Andas ақпарат











