Қазақтың көшпелі өмірінде білте шам – қарапайым тұрмыстық бұйым ғана емес, мәдени-рухани кодтың бір бөлігі. Киіз үйдің ішін жарықтандырған әлсіз ғана жалын – отбасының амандығын, берекесін, ынтымағын білдірген. «Шырағың сөнбесін» деген тілек – ел тыныштығын, ұрпақ жалғастығын меңзейтін символдық ұғым.
Білте шам көбіне кешкілік ақылдасу, шежіре тарқату, келісім жасау, діни кітап оқу кезінде жағылған. Демек, шам жарығы – тек физикалық жарық емес, XIX ғасырдың екінші жартысында қызайлар Іле өзенінің бастау алқаптарына қоныстана бастайды. Бұл көші-қон Жұлдыз сахарасындағы торғауыттар мен оранқайлармен арада жер дауын туғызды.
1881 жылғы Ресей мен Қытай арасындағы «Іле шекарасын бекіту келісімінен» кейін жағдай одан әрі күрделене түсті. Қазақ пен қалмақ арасындағы шекара нақты айқындалмай, жерге талас қақтығысқа ұласты. Қан төгілді, өшпенділік ұрпаққа жалғасты. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы бұл мәселе шешімін таппай келді.
1933 жылы Жұлдыз жайлауында тарихи келіссөз өтті. Қызай жағынан беделді тұлғалар Мұратбек Жүнісбекұлы мен Малтабар-шәкіл руының зәңгісі Омарақын Жансарбайұлы бастаған топ қалмақ өкілдерімен бір ай бойы кеңесті.
Келісім нәтижесінде қызай-қалмақ шекарасы бекітіліп, келісімшарт қытай, қазақ, моңғол тілдерінде жазылды. Екі тарап қол алысып, дауға нүкте қойды. Құжат 1996 жылға дейін ҚХР Іле облысы Күнес аудандық үкіметінде сақталғаны белгілі (қазіргі тағдыры белгісіз). Жоғарыдағы білте шам сол келісімде жағылып, кейін Омарақын зәңгінің үйінде қолданылады.
Сол келіссөздерде жағылған білте шам – мәміленің куәсі. «Өкілдер Мұратбектің қосында кеңесіп, Омарақынның қосында ас ішеді» деген сөз сол дәуірдегі дала дипломатиясының тәртібін айғақтайды. Кеңес – бір шаңырақ астында, тең дәрежеде, шам жарығында өткен.

Мұратбек Шілдебайұлы Омарақын Жансарбайұлы
1960 жылы көне дау қайта қозғалғанда, Іле қазақ автономиялы облысының атынан Нүсіпхан Қонбаев бастаған делегация Байынғұлин моңғол автономиялы облысының өкілдерімен кездесуге барады. Сол кезде 80 жастағы Мұратбек келіссөзге арнайы шақырылады.
Сонда Торғауыттар: «Мұратбек пен Омарақынның бірі тірі тұрғанда оларды жеңе алмаймыз» – деп1933 жылғы келісімді негізге алады. Осылайша тарихи бедел мен ауызша құқықтық дәстүр ресми шешімге ықпал етті.
1933 жылғы келісімде пайдаланылған білте шам – тек жарық құралы емес. Ол ұзаққа созылған дауды бейбіт жолмен шешудің белгісі, дала мәмілегерлігінің нышаны, сөзге тоқтау мәдениетінің куәсі. Қазақ қоғамында билік пен бедел күшпен емес, сөздің салмағымен, ақылдың жарығымен өлшенген. Білте шамның жалыны сол ақылдың, сол мәміленің бейнесі.
Іле өңіріндегі қызай-қалмақ дауының шешілуі – көшпелі қоғамдағы құқықтық мәдениеттің, дипломатиялық дәстүрдің жарқын мысалы. Бір жарым ғасырға жуық уақытқа созылған шекаралық мәселені бейбіт жолмен бекіткен 1933 жылғы келісім – тарихи сабақ.
Ал сол келіссөз үстінде жағылған білте шам бүгінгі ұрпаққа бейбітшілік пен парасаттың символы ретінде Андас отбасы қорында сақтаулы тұр.

Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9, ISBN 978
https://kazneb.kz/ru/bookView/view?brId=1657755&simple=true#
жалғасы бар…











