Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Шыңғыс хан туралы шындық

Қай заманда да айналасындағылардан ақылы, парасаты артқан адам би болған. Күші басым адам ел басқарған. Осы екі қасиетке де ерекше ие болған Темучин әлемді билеу ғана емес, бір орталыққа бағындырылған билік орнатудың сара жолын салды. Ол жаулап алған жерлерде жаңа, өміршең елдер бас қөтеріп, тарих арбасын әрмен қарай әкетті. Қазақ елі, міне, соның бір дәлелі.

admin
2025/08/14
Тұлғатану
0
Шыңғыс хан туралы шындық

Қытайда “әлемді жаулаушы” туралы телефильм түсіру үш рет қолға алынды. Бірінші реткі түсірілімде көшпенділер өмірі басым орында болды да, аспан асты елінің ұстанымына сәйкес келмеді. Екінші тәуекелде таза саяси түс бел алды, тіпті Темучиннің өзін куыршақ кейіпкер етіп жасауға дейін барды. Алайда бұлардың ғұмыры ұзаққа барған жоқ. Ал, біз “Қазақстан” ұлттық арнасынан екі ай бойы тамашалаған үшінші қойылым көрермендердің көңілінен шыққаны мәлім. Қазір төрт адамның басы қосылған жерде бұл туралы әңгіменің көрігі қыза түседі.

Мен тарихшы емеспін, десе де, тәуелсіз елдің ұланы ретінде өз ойымды ортаға салып, көзқарасымды білдіруге ұмтылдым. Кейбір мәселеге өзімдік тұрғыда жауап іздеп көруге тырыстым. Әрине, Темучин қазақ тарихының дүние сахнасынан орын алуына бірден-бір үлес қосқан ұлы тұлға. Біз осыған дейін Шыңғыс ханды қатігез, қанішер ретінде танып келдік.  Өйткені, отаршыл жүйенің көзқарасы бойынша солай етпеске шарамыз да жоқ еді. Бүгінгі тәуелсіз елдің тұғырында тұрып әділ баға бере алмау – біздің әлсіздігіміз болып шығар еді.

“Шыңғыс хан” телехикаясы – каншалықты тартымды болғанымен қытай қаламгерлерінің өз мемлекеттігін нығайту мақсатында жасап шыққан дүниесі. Мұнда тарихи шындық арқау болғанымен бәрібір оның арғы астарында сол елдің мүддесі жатыр. Бұл қойылымда Шыңғыс хан жорығы дүниені бір орталыққа бағындырушы ретінде көрсетілген, мұны төл тарихының бір бөлігіне айналдырып, иемденіп отырған  қытайлар “Күріштің арқасында күрмек су ішіптінің” керін келтіріп, дүниедегі өзгерістер мен ғаламаттарды біз жасадық деп отырған жоқ па? Орайы келіп тұрғанда айта кетейін, тарихшылар әлемді жаулаушы туралы он үшінші ғасырда жазылған “Моңғолдың құпия шежіресі” атты кітапты бетке тартады. Иә, бұл кітаптың бар екендігі рас, алайда ол түпнұсқа емес. Жеті жүз жыл бойы қытай патшалары үшін қызмет көрсетіп келген бұл туындының ортағасырлық шындықты сөз етер құны да шамалы. Себебі, оның патшалық алмасқан сайын сол дәуірдің танымына сай өзгертіліп, қайта жазылып келгені құпия емес. Оның үстіне бұл аталмыш кітап жапон тарихшыларының қолынан өтіп барып бiзге жеткендiгi тағы бар. Әрине, әрқандай ұлт қаламгерлерінің алдында өз жұртының мұддесі тұратындығын да ескермей болмайды.

Шыңғысханның тегі кім? Бүгінгі күнге дейін жұмбақ болып келе жатқан осы мәселе басқа елді қызықтырмай қоймайтыны хақ. Мейлі, Есугейдің немесе меркіт Их-Чилэдудың қанынан жаралған болсын, бізге мұның маңызы шамалы. Себебі, оның қазақ халқының ұлттық рухына айналып кеткендігі жасыруға келмейтін шындық. Ол туралы қазақ тарихындағы деректер, ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар, бақсы сарындары бұған   дәлел бола алады. Олардың барлығында ұлы қаған халқымыздың төл перзенті есебінде айтылады. Ал, Шыңғыс хан қазақ даласын ойрандаған қанішер ме? Жоқ, бүгінгі күнде оны ұлықтаудың өзіндік құндылығы бар ма, сіз қалай ойлайсыз? – деген сұрақ негізінде сауалнама жүргізіп көріп  едік.

 

САЯСАТ ТАНУШЫЛАР: Қазақ билігінің негізін қалаушы деп қарайтындығын білдік.

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда мал бағуды ғана білетін халық, мемлекетін қалай басқарар екен деп, біздің тәуелсіздікке жорта жандары аши қарағандар болды. Десе де, санаулы жылдар аясында біз өзіміздің ел тізгінін ұстай алатынымызды көрсетіп үлгердік. Бұл біздің білімді, талантты екендігімізді білдіріп қана қоймайды. Текті әулеттің тегі болғанымызды, кешегі дүниені дүрілдеткен ұлы империяның мұрагері екендігімізді, ел болу үрдісіне ие болғанымызға сан ғасырлар өткендігін білдіреді. Қазіргі басты нәрсе осы тектілікті ұрпаққа дендете жеткізуде тұр. Сондықтан Шыңғыс хан жорығы да қазақ тарихының бір саласы болып табылады. Өйткені бұл ұлы жорық қазақ даласынан басталып, Шығыс Азияға, Батыс Европаға дейін қанат жайды. Ондағы оғландарымыздың ерлік істерін  ендігі буынға сыналап жеткізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін басты талабы.

Шыңғыс хан жорығы қазақ даласын келімсектердің бөлшектеуінен және қарақытайлар(Шығыс солтүстік қытайдаы мекен еткен, кейін Алтын патшалығынан жеңіліп батысқа ауған  Қидандар құрған патшалық – Қ.А.) басқыншылығы мен Хорезмнің(Біздің тарихымызда Қызылбастар деп жазылып келген Парсылар құрған империя – Қ.А) отарлауынан азат етіп, бас-басына би болған жүйенің тас-талқанын шығарды. Көшпелі тайпалардың басын біріктіріп, қазақ ұлтының тайпалық одақтан ұлттық бірлікке қарай нығаюының іргетасын, қазақ мемлекетіне территориялық  негіз қалап берді. Бұл қазақ хандығы құрылуының тарихи көрінісі, саяси алғы шарты еді. Егер сол тарих болмаса, бүгінгі тәуелсіз қазақ елі де болмас еді. Сондықтан да қазақ жеріндегі хандық құрылым Шыңғыс ханнан басталып Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыспен аяқталды деген тұжырым бар. Мүмкін бұл жағдай да тегін емес болар.

 МӘДЕНИЕТ ТАНУШЫЛАР: сан түрлі діннің ықпалынан жұтылып кету алдында тұрған халықтық салт-дәстүрдің сақталып қалуына себепкер болды деп есептейді. 

Сол тұстағы   қазақ ұлтының тегін құраған  ұлыстар мен тайпаларға христиан, ислам, будда, тағы басқа да дін таратушылар әкелген ілімдер алауыздықтың қайнар көзі болып отырды. Билікшіл топ діндік көзқарастарын қарапайым халыққа күшпен мойындатуға тырысты. Сол арқылы өз үстемдігін нығайтуды мақсат етті. Осының салдарынан халықтың ұлттық құндылығы ойранға ұшырады. Бір ғана мысал, Орхон-Енисей тас жазбалары тек Орхон мен Селенгі өзендерінің аңғарындағы тастардың бетіне қашалып жазылды дегенге күмәнім бар. Түркі тектес ұлыстар мен тайпалар әлемді бағындыруды білгенде, екі өзеннің бойынан басқа жерге өз таңбасын қалдыратын тас таба алмай қалды ма? Жоқ, бұл тарихтағы ойран болған мәдени мұрамызды айғақтайтын бірден-бір куәгер. Әрине, Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін қазақ даласына бөрідей тиген келімсектер мен дін уағызшылары ең алдымен осы тарихты жанталаса өшіруге тырысты. Олар  халықтың діни сенімі мен тас бетіне жазып қалдырған тарихын өшіруге, тіпті мүлдем жоғалтуға тырысты, сонда ғана қараша халықты айтқанына нандырып, айдауына көндіреміз деп қарады. Еуропа ұйқыда жатқан кезде  арғымақ атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, қаздай қалқып, көшіп-қонып, судың тұнығын ішіп, тас бетіне сурет салған халықтың өнері, міне, осылай ойрандалып жатқан еді. Бірақ тұрғылықты қайсар халық та өздерінің құндылықтарынан айырылып қалғысы келмеді, қайта жанталаса өз жәдігерлерін сақтап қалудың жолында күресті. “Қайда барсаң Қорқыттың көрі” деген тәмсіл сол кездегі шындықтың куәсі. Дінді саяси мақсатпен таратқан уағызшылар тұрғылықты халықтың мәдениетін өз көзқарастары бойынша ойрандады. Ал, олардың аттарының аяғы жетпеген жоғарыда айтылған жердегі мұралар ғана аман-есен осы дәуірге жетіп отыр. Сонымен бірге көшпенді тайпалардың ішінде қазақ халқына ғана тән – атқа таңба басатын дәстүр бар. Сол таңбалар мен орхон жазбаларында терең тамырластық жатыр. Мұның өзі тарихты басқа қырынан сақтап қалу үшін жасалған жанталас деп ойлауға болатын шындық. Егер тарихта осы бір ұлы жорық болмағанда бұл мұралардан да жұрнақ қалмас еді. Біз осы күні – жол айырығында кезіккен көлденең көк аттының ойынан туындаған дүниелерді қымбат көріп жүрер едік. Шыңғыс хан да, оның Орта Азияға  ұзақ уақыт билік еткен мұрагерлері де бағынышты елдің діни сеніміне, мәдени мұрасына, салт-санасына ешқандай тосқауыл қойған жоқ, қайта сол елдерге сіңіп кетті. Бір сөзбен айтқанда, сол елдердің тарихына айналып кетті.  Мұның ішінде “Төресіз ел, төбесіз жер болмайды” дейтін қазақ тарихы да бар. Кейбір тарихшылар қазақ даласындағы он екі қаланың жойылып кетуіне қарап оны қанішер санайды. Егер сол қалалар осы күнге қалпын сақтап жеткен болса,  осы елдімекен  “Қазақ даласы” аталмай басқа біреулердің атақоныс, құтты мекені  болып шыға келер еді. Шыңғыс хан қытайдың елу қаласын ойрандады. Алайда олар мұны қылмыс деп қараған жоқ. Қайта мақтаныш ретінде еске алды. Елу қала ойрандалғанымен елу жікке бөлінген қытайлардың басын бір орталыққа біріктіріп кетті. Тіпті ғасырлар бойы өзге ұлттар мекен етіп келген жерлерді де қытай империясының мәңгілік мекеніне айналдырып берді. Сондықтан олар өз тарихынан Шыңғыс ханға сүбелі орын беріп отыр. Ал, біз Шыңғыс ханды неліктен өз хандығымыздың негізін салушы деп айтудан арланамыз. Қысқасы, бұл тарих бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің елдік негізін білдіретін белгі.

ТАРИХШЫЛАР: қазақ тарихына көптеген бірегей тұлғаларды қосты деген ой айтады.

Шыңғыс ханға қатысты тарихты ақтарып отырсаңыз оның айналасындағы лауазымды қызметтерді қазақ тегін құрайтын түркі текті, тілді ру-тайпалардың перзенттері атқарып келгенін әрі онымен бірге тарихта қалғанын білеміз. Қытай тарихшыларының өзі де ұлы қаған моңғол ұлтын құраған түркі текті тайпадан шыққан деп қарайды. Мұның өзі шындыққа жақындайды. Себебі, хан ордасында қазақ тегін құрайтын ру-тайпалар өте көп болған. Жауапты міндетті атқарғандары да аз болмаған. Айтар болсақ, ұлы жорықтағы 105 ноянның (қазіргіше генаралдар – Қ.А.) катарында Улугай, Бала-черби, Ұлдай қоршы, Арқай қосар ноян, Мөку (Мұқа, Мөңке) қатарлы жалайыр руының жігіттері, Тай ноян бастаған қоңырат руының 14 жігіті, меркіт руынан Жамал қожа қатарлы  адамдар болған. Батыс жорығының бас қолбасшысы Жебе ноян қият руынан. Ал, қазіргі моңғол жазуын жасаған Тата туңа найман ұлысынан шыққан сол дәуірдің үлкен ойлы оқымысты адамы. Сол жазудың әлем мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз.

Мұқылай (Мұқалы) жалайыр руынан. Темучиннің ең сенімді серігі, Моңғол үстіртін біріктіруге және Алтын патшалығын бағындыруға көп үлес қосқан. Солтүстік қытай жорықтарының бас қолбасшысы, Маньчжурияның жарты патшасы–гуан титулын иеленді. 1223 жылы 61 жасында қайтыс болады.

Күшлік шындығында әлем билеушісіне бас имей, жиырма жыл қарсыласқан адам, Найман ұлысының ханзадасы. Шыңғыс ханның бесінші ұлы болуға пейіл танытып, соғыссыз бағынған “Тұрпан” жұртының опасыздығы салдарынан қайтыс болады. Оның жеңіліс тапқандығы ақиқат. Солай болған күнде де, біз өз тұрғымыздан баға беруіміз керек. Яғни, жеңілістің де өзіндік ақиқаты болады. Күшлік жойылғаннан кейін Шыңғыс хан косындары Хорезмді, Шын-машынді(Қазіргі Қытай, Таңғыт елін жаулап алуға үш-ақ жылдық уақытын бөлді. Жеңіс болған жерде жеңілудің болатыны табиғи құбылыс. Оның қайсарлығы мен батылдығын, өз майданынан ауытқымайтын табандылығын, ел басына күн туғанда етігімен су кешетін ерлігін дұрыс көзбен танып, бағалай білу керек. Күшлік қазақ тарихында отанын қорғаудың жарқын үлгісін жасаған, әлем тарихына ұлы қағанға табандылықпен қарсыласқан қазақ елінің перзенті ретінде қалды.

Елқыдыр Юуан патшалығының құрылыс министрі болып қызмет атқарған. 1259 жылы Иджу қаласында ( ҚХР Хынан провинциясы) Құбылай ханның қабылдауында болып, жаңа астана салуға тапсырма алады. Ол қазіргі қытай астанасы Пекин қаласының орнын астана салуға лайықты деп біліп, жебе атып  шекара бекітіп, жаңа қала тұрғызған. Қазіргі тарихшылардың зерттеуінше көне қала орны сол тұстағы  көшпенділер үлгісін негіз еткен.  Бұл  елді мекен сол кезден бастап қытай жерінде билік құрған патшалықтардың қасиетті астанасы болып келді. Қазір де сол елдің мәңгілік мақтанышына айналып отыр. Қазақта “қанына тартпағанның қары сынсын” деген сөз бар, жас мемлекет бола тұрып жаңа астана салып жатқан ерлігіміз қанымызда бар қасиеттің әсері деп білген дұрыс.

Бейбарыс – крест жорықшыларын және дүниені жаулау ниетіндегі моңғол жортуылын бөгеп, ислам дінін қорғап қалуға үлкен үлес қосқан бірегей тұлға. Қазақ тегін құраған қыпшақ ұлысының перзенті. Бұл жерде Бейбарыс пен Шыңғыс хан екі дәуірдің адамы. Алайда, осы бір тұлғаның тарих сахнасынан орын алуына Шыңғыс хан жорығының әсері болғандығы табиғи. Себебі, Хорезм патшалығы жойылғаннан кейін адам саудасына дәніккен алыпсатарлар Орта Азия халықтарын топ-тобымен араб елдеріне сатумен айналысты. Иә, араб елдері крест жорықшыларына қарсы соғысу үшін де, міне, осындай адамдарға өте мұқтаж еді. Сатып апарылған құлдар – мамлюктер (Мемлекет армиясы) делініп соғысқа жіберіліп отырды. Уақыт өте келе бүкіл Мысыр елінің билігі осы адамдардың қолына түсерін ол кезде ешкім білген жоқ. Араб халифасының күйеу баласы Күрд тайпасынан шыққан Аюп сұлтандық орынға отырғаннан кейін  ел билігі ұзақ уақыт Мамлюктердің қолында болды. Құлағу мен Кетбұқа жорығы Ирак пен Иранды басып алып,  халифалық билік жойылғаннан кейін араб дүниесінің үміті тек Мысыр елінде ғана қалған еді. Осы кездегі Құтыз (Түркімен) басшылығындағы билік бұл міндетті орындауға дәрменсіз болды. Ислам дініне сенетін бұқараның басын қосып ислам әлемін сақтап қалатын бір ұлы қолбасшы керек болды. Бейбарыс, міне, осындай тарихи жағдайда билік басына келді. Дүниені дүрліктіріп, шегінуді білмеген Қулағу мен Кетбуқа бастаған Моңғол әскерін жеңуде Бейбарыс көшпенділердің соғыс тәсілін шеберлікпен қолдану арқылы Мысыр елінің азаттығын сақтап қалған еді. Оның ұлы жеңісінің қозғаушысы да Шыңғыс хан жорығы болатын. Сондай-ақ, Шыңғыс хан рухы қазақ тарихындағы ерлік пен батырлықтың ғасырлық үлгісін жаратты. Кейінгі ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен жылдарда елдің елдігін, жердің кеңдігін сақтаған Қарасай, Байғозы, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай бастаған батырлар Шыңғысханның батырлық рухын бойына тұмар етіп тағынып, темір етік тебенгідей болғанша ел үшін тер төкті. Сондықтан, қазақтың батырлығы, батылдығы, қайсарлығын, төзімділігі, жаужүректілігі Шыңғысханнан сіңген ұлы қасиет деуге негіз бар.

Қажет АНДАС

Дереккөз: «Жетісу» газеті, № 33, Сенбі, 22 Наурыз 2008 жыл. 8-бет.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 101
«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз
Тұлғатану

«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз

August 24, 2026
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

August 31, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

August 31, 2026
Бегзат өмір
Тұлғатану

Бегзат өмір

August 31, 2026
Қайырымдылықтың қайыры мол
Тұлғатану

Қайырымдылықтың қайыры мол

August 31, 2026
Ырысы тасыған әулет
Тұлғатану

Ырысы тасыған әулет

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz