Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар Конференция

Жаркент конференциясы

Жетісу облысының тарихи, мәдени мұраларды қорғау жқніндегі орталығы, “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы, Панфилов аудандық әкімдігінің қолдауымен “Тарихи ескерткіштердіғаудың заңдық талаптары” тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті. Оған Панфилов ауданындағы мектептердің тарих пәні мұғалімдері қатысты.

admin
2025/09/09
Конференция
0
Жаркент  конференциясы

Ұлы даладағы тарихи-мәдени ескерткіштер – халқымыздың баға жетпес байлығы, өткенімізден сыр шертетін қастерлі мұра. Жер жаннаты Жетісу өңірінде де көненің көзіндей тарихи орындар мен мәдени нысандар молынан сақталған. Оларды түпнұсқа қалпында сақтау – бүгінгі күннің басты міндеті. Дегенмен, кейбір ескерткіштер жеке адамдардың жауапсыздығынан бүлініп, жойылып кету қаупіне ұшырауда. Сондықтан әр азамат тарихи-мәдени мұраны қорғауды елдің ортақ ісі ретінде қабылдап, жас ұрпаққа оның қымбат қазына екенін насихаттауы қажет. Бұл міндетті мектептердегі тарих пәнінің мұғалімдері атқарған жөн. Шара аясында осы жайлы сөз болды.

Баршыңызға белгілі, 2009 жылдан бастап облыс әкімінің тапсырмасымен осы салаға ерекше мән беріліп, ескерткіштердің заңға сәйкес салынуы, оларды қорғау мен күтіп-ұстау мәселелері қолға алынды. Осы мақсатта «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» құрылып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Орталықтың тынымсыз еңбегінің арқасында бүгінде облыс көлемінде 1155 тарихи-мәдени мұра объектісі мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 45-сі – сакральды нысан, 1 ескерткіш – Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген, 7 ескерткіш республикалық маңызы бар ретінде тіркелген. 2010 жылы өңірімізде тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітіліп, оларды қорғау мен сақтау шаралары жүйелендірілді.

Осыған орай, мемлекет қорғауындағы ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттар мен қорғау міндеттемелері рәсімделді. Жаңадан салынған ескерткіштерді тіркеу жұмыстары да өз ретімен жүргізілуде. Сонымен қатар, жаңа нысандарды орнату және мәртебесінен айыру мәселелерімен айналысатын облыстық комиссия құрылып, бүгінге дейін өз қызметін жалғастырып келеді.

Жетісу облысы өз алдына шаңырақ көтергелі де орталық бұрынғы жетістіктерін жалғастырып, жаңа нәтижелерін жарқыратып келеді. Бұл туралы конференция аясында облыстыұ тарихи, мәдени мұраларды қорғау жөніндегі орталықтың бөлім басшысы Жандос Адамжанов баяндады.

– Ұлы даладағы тарихи-мәдени ескерткіштер – халқымыздың өткені мен өркениет айғағы. Жетісу өңірінде осындай құнды мұралар молынан сақталған. 2009 жылдан бастап облыста тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы құрылып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінде 1155 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 45-сі – сакральды нысан, 7-еуі – республикалық, ал Қойлық қалашығы – ЮНЕСКО тізіміне енген. Соңғы жылдары бірқатар маңызды істер атқарылды. Ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары рәсімделді. Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштер жөнделді. Самен батыр кесенесі мен Черкасск қорғанысы мемориал музейі қайта қалпына келтірілді. Археологиялық зерттеулерге де көңіл бөлінді. Сақ дәуірінен бастап ортағасырлық ескерткіштерге дейін қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба барысында табылған жәдігерлер облыстық музей қорына тапсырылып, болашақта археологиялық парктер мен ашық аспан астындағы музейлер ашу жоспарлануда. 2021 жылы Арқарлы тауында 185 археологиялық нысан анықталып, қорғау тақталары қойылды. 2022-2023 жылдары Текелі, Ескелді, Қаратал аумақтарында жаңа ескерткіштерге барлау жасалды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археологтары Талдықорған әуежайы маңындағы Дауылбай қорымын қазды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 517 ескерткішке QR-код орнатылып, халыққа ақпарат қолжетімді болды. Сондай-ақ, мониторинг нәтижесінде бұрын тіркелмеген 55 жаңа нысан құжатталды, – деп түйіндедісөзін.

Тарихи-мәдени мұра – ұлт тарихының айнасы. Оларды сақтау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Әр азамат мұраларды қорғауға атсалысып, жас ұрпаққа оның баға жетпес қазына екенін түсіндіру – парыз. Бүгінде бұл міндетті атқарып жүрген азаматтық қоғам өкіледрі де баршылық. Сол қатарда “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігінің жұмысын айрықша айтуға тиіспіз. Ол жайлы бірлестік жетекшісі Қажет Андас айтып берді.

– Аталған бірлестік 2023 жылы қараша айында тіркеуден өткеннен бергі бір жылда ауқымды 12 шара ұйымдастырған. Соның ішінде Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен бой көтерген «100 оба, Қызбейіті» ескерткіші, «Жетісу өрнекі» халықаралық көрмесі, «Қызай өрнек» ұлттық көрмесі, «Ерліктің даңқы өшпейді» атты әскери-патриоттық конференцтяларды атауға болады. Өткен жылы өлкетану бағытындағы 12 кітаптың баспадан шығуына мұрындық болды. Сонымен қатар, бірлестік Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығы, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы, «Қоғамдық келісім» орталығының экспедицияларын ұйымдастырып, қатысты. Бірнеше қоғамдық бірлестіктің жобасын жүзеге асыруға атсалып келеді. Айта ктерлігі, жетісулық өлкетанушылар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырып жатқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның құрамында Жетісу облысының архив құжаттары бойынша дайындалған 47, Халық жады бойынша дайындалған 60 томды құрастыруға атсалысты, – деді ол.

Конференцияның Жаркент қаласында ұйымдастырылуының да маңызы зор. Себебі,  Жаркент жері – байырғы дәуірлерден бері бабаларымыз қоныс еткен тарихи өңір. Сақ заманынан бастау алатын мұралар бұл өңірдің тұнып тұрған тарих екенін айқын көрсетеді. Жетісу Алатауынан Іле өзеніне дейін созылып жатқан аумақтағы обалар мен қорғандар – соның дәлелі. Көне елді мекендердің орны мен қираған қорған-қоршаулар әлі күнге дейін назар аудартады.

Өзендер бойындағы – Бурақожыр (Бөріқұзар), Үсек, Тышқан, Шежін, Қорғас аңғарлары – ежелгі адамдардың қоныс етуіне қолайлы болған. Су көздерінің молдығы, құнарлы жайылымдар мен жеміс-жидекке бай табиғат мал шаруашылығы мен егіншіліктің қатар дамығанын дәлелдейді. Бұл өңірдің тарихи ерекшелігі мен маңыздылығы туралы “Жауынгерлік даңқ” музейінің меңгерушісі, өлкетанушы-журналист Қали Ибрайымжанов кеңінен тоқталды.

– Жаркент жеріндегі петроглифтер – аңшылық пен мал шаруашылығының ерте замандардан бастау алғанын көрсететін құнды дерек. Мәселен, Бұрхандағы таңбалы тасқа белгісіз суретші арқар мен оның қозыларын айнытпай бейнелеген. Сондай-ақ, күн бейнесі бар жануарлар, бұғы, арқар, тәутеке, аттылы адам суреттері де жиі кездеседі.

Атамекен ауылы маңындағы «Күпкі» жеріндегі тастағы бейнелер ерекше назар аударады. Мұндағы «Мәңгілік өмір ағашы» таңбаланған бұғы суреті – ежелгі адамдардың о дүниелік өмірге деген сенімін білдіреді. Ғалымдардың жорамалына сүйенсек, мұндай бейнелер қола дәуірі мен сақ кезеңіне тән.

Тастың төменгі жағында көне жазу бар. Бұл жазу түркі руникасынан бұрын пайда болған деген пікір бар. Кейбір зерттеушілер оны көне үнді жазуларына (кхароштхи) ұқсатады. Бұл – біздің аймақтан табылған тың дерек.

Үсек өзенінің шығыс жағалауынан таза көне түркі әліпбиімен жазылған «қазақ» сөзі табылды. Сонымен қатар, дәл осы жердегі петроглифтер арасында «мәңгілік өмір ағашы бар бұғы» бейнесі де кездеседі. Бұл – дәуірлер сабақтастығын көрсететін аса құнды тарихи дерек. Сонымен қатар, Талды маңынан араб әрпімен жазылған жазулар да анықталған. Өкінішке қарай, оның толық аудармасы сақталмағанымен, «Үйсін» сөзі кездескені белгілі.

Ырғайлы сайдағы ежелгі жазулар да зерттеушілер назарын аударуда. Бұл жазулар алғаш «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып, кейін бірнеше интернет ресурстарда таралған. Ғалымдар оны көне түркі жазуының кхароштхи тармағына сәйкес келуі мүмкін деп болжап отыр.

Жаркент өңірінің қалалық мәдениеті Үйсін дәуірінен бастау алады. Үйсіндер тек көшпелі емес, қолөнер мен егіншілікпен де айналысқан. Ақкент, Жаркент, Түргенкент қалалары Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, халықаралық сауда-саттықтың дамуына ықпал етті.

2016 жылдан бері белгілі археолог Карл Байпақовтың жетекшілігімен Ілебалық қаласында қазба жұмыстары жүргізілуде. Қазба барысында қыш құмыралар, әшекейлер, күміс теңгелер және Қарахан дәуіріне тән дирхемдер табылды. Сондай-ақ, XIII ғасырға жататын монша құрылысы анықталды. Бұл – сол дәуірдегі өркениеттің жоғары деңгейін көрсететін айғақ, – деп түйіндеді сөзін.

Жалпы, Жаркент өңіріндегі Сарытаудағы сақ обалары, Қойтас, Үсек, Бұрхан петроглифтері, Оспан сазы мен Күпкі жеріндегі көне суреттер мен жазулар, Ырғайлы сай құпия жазулары, Ақкент, Түргенкент қалаларының орындары, Ілебалық қаласы, Үйсін обалары, Орбұлақ шайқасы өткен жер, Балбал тастар әліде терең зерттеуді талап етеді. Бұл мұралар – халқымыздың өткен дәуірінен жеткен асыл қазына. Оны қорғау мен сақтау туралы Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының Панфилов ауданы бойынша филиалының төрайымы, өлкетанушы-журналист Роза Ыстай да өз ойымен бөлісті.

– Жаркент жерінде сақталған тарихи ескерткіштер – ұрпаққа мұра. Олар өткен тарихымыздың куәсі, ұлттық болмысымыздың айғағы. Сондықтан, туған өлке тарихын зерттеп-зерделеу, келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың азаматтық парызымыз, – деді.

Шара аясында “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” ұоғамдық бірлестігінің өлкетанушылары жазған “Жаркент – киелі мекен” кітабының таныстырылымы өтіп, конференцияға қатысушыларға үлестірілді және Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, осыдан былай аудандағы тарих пәні оқытушыларымен бірлесе отырып, тағылымды шаралар ұйымдастыруға келісілді.

Жаркент қаласы.

Q-Andas ақпараттық агенттігі.

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 48
Жетісу облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты .
Конференция

Жетісу облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты .

November 24, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz