Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Білім

Жасанды интеллект және қазіргі білім көмек пе, әлде тәуелділік пе?

admin
2025/11/04
Білім
0
Жасанды интеллект және қазіргі білім көмек пе, әлде тәуелділік пе?

Қазіргі уақытта жасанды интеллект (ЖИ) білім беру саласының ажырамас бөлігіне айналды. Күн сайын оқушылар мен студенттер тапсырмаларын орындауда, жаңа мәлімет іздеуде және шығармашылық жұмыстар жасауда JI құралдарын жиі пайдаланады. ChatGPT, Google Gemini, Copilot сияқты платформалар оқу процесін жеңілдетіп, ақпаратқа қол жеткізуді әлдеқайда жылдам етті. Алайда мамандар мен ұстаздар бұл құбылыстың екі қыры бар екенін ескертеді.

ЖИ-дың көмегі сөзсіз пайдалы. Ол күрделі ұғымдарды түсіндіріп, жазба жұмыстарды жетілдіруге, жаңа идеялар табуға мүмкіндік береді. Алайда баланың барлығын тек жасанды интеллект арқылы үйренуі дұрыс емес.

Білімнің ең басты бөлігі – өз бетімен іздену, ойлану және қателіктен сабақ алу. Егер бала бәрін дайын күйде алса, оның сыни ойлау қабілеті, шығармашылығы мен табандылығы дамымайды.

Полиция сержанты Ринат Төлепбергенов:

– Менің ойымша, жасанды интеллект – жақсы құрал.  Бірақ балаға бәрін дайын күйде ұсыну оның ертеңгі өмірде шешім қабылдау қабілетін әлсіретеді, – деп пікір білдірді.

Білім тек ақпарат алу емес, ол – ойлану, іздену және еңбек ету процесі. Егер оқушылар өз бетімен үйренуді ұмытпаса, ал ЖИ тек көмекші рөл атқарса, ол нағыз нәтижелі жүйе болар еді.

Бастауыш сынып мұғалімі Камила Жұмабайқызының айтуынша, жасанды интеллект оқу процесін жеңілдеткенімен, балалардың ойлау мәдениетін қалыптастыруда мұғалімнің орны ерекше.

– “Кейде балалар тапсырманы ChatGPT-ке жаздырып алады, бірақ не жазылғанын өздері түсінбейді. Бұл қауіпті үрдіс. Мұғалімнің міндеті – білімді тек жеткізу емес, баланы ойлануға үйрету. Егер ЖИ тек көмекші құрал ретінде қолданылса, ол өте тиімді. Бірақ ол ешқашан адамдық тәрбие мен ұстаздық жылулықты алмастыра алмайды”, – дейді.

Ал Болашақ студент Айару Әбділда: “ЖИ” – бағыт беруші құрал”

– Мен ЖИ-ды жиі қолданамын. Бірақ бәрін одан сұрай бермеймін. Мысалы, мен одан бағыт немесе түсініктеме аламын да, қалғанын өзім ізденіп жазамын. Осылай үйрену әлдеқайда пайдалырақ”, – дейді.

Жасанды интеллект – білім берудің жаңа дәуірін ашқан қуатты құрал. Ол дұрыс қолданылғанда оқушының танымдық қабілетін арттыру мен оқу процесін жеңілдетуге көмектеседі.

Бірақ технологияны шамадан тыс пайдалану баланың дербес ойлау мен іздену қабілетіне кері әсер етуі мүмкін.

Сондықтан ең дұрыс жол – ЖИ-ды бағыттаушы құралға айналдырып, ал басты ізденіс пен талдау жұмысын оқушының өзіне қалдыру.

Сонда ғана жасанды интеллект адамға көмекші болып, білімнің сапасы артып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Ләззат МҰХАМЕДЖАН

Наргиз ИБРАИМОВА

 Q-Andas.kz редакциясы

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 45
Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде
Білім

Жаңа қоныс: Жетісулықтар елдің әр түкпірінде

October 7, 2025
Білім

ІЛИЯС ОҚУЛАРЫНА 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ТІГІЛДІ

July 18, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz