Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар

Шалғай ауыл шырағы

admin
2026/01/05
Арнайы жобалар, Бейнефильм, Галерея
0
Шалғай ауыл шырағы

2023–2025 жылдары жүзеге асқан «Шалғай ауыл шырағы», «Оңтүстіктен Солтүстікке» және тарихи тұлғалар есімі берілген ауылдар туралы зерттеу жобалары – Жетісу өңірінің әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерінің шешілуіне нақты әсер еткен ауқымды журналистік бастама болды. Осы кезеңде газет көтерген мәселелердің біразы толық шешімін тауып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Айталық, Сарбұлақ ауылын құм басу қаупі республикалық Жол картасына енгізіліп, шалғай елді мекенге электр желісі тартылды, газ құбыры жұмысы қайта жанданды, жылдар бойы аяқталмай тұрған жолға асфальт төселді. Ақжар ауылында мектеп мәселесі оң шешімін тауып, заңсыз берілген жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сұптай ауылында көп жылдан бері шешілмеген ауызсу жүйесі тартылып, көшелер асфальтталып, интернет байланысы түзелді, мәдениет үйі мен мектепті жөндеу бойынша құжаттар жолданды. Қосағаш ауылында мектептің күрделі жөндеуі үшін құжаттар әзірленіп, спорт кешені іске қосылды, жаңа маршрут ашылды. Сонымен қатар ауылдың суармалы және жайылымдық жерлері мемлекетке қайтартылып, тұрғындарға үлестіріле бастады. Достық ауылында «КТЖ» үйлерін жекешелендіру мәселесі қаралып, аспалы көпірдің жобасы дайындалды, бірнеше үйге су жеткізетін ұңғыма құрылысы жоспарға енгізілді.  Теректі ауылына жүргізілген зерттеу нәтижесінде ауыл маңындағы Сақ қорғандарын мемлекеттік тізімге енгізу үшін арнайы мониторинг басталды. Сондай-ақ «Күміс алқаға» қатысты Жұмақыз ананың мәселесі заң аясында түсіндіріліп, әлеуметтік сұрақтар реттелді. Тарихи тұлғалар есімі берілген ауылдар бойынша жүргізілген зерттеу бірқатар мәдени нысандардың жаңартуды қажет ететінін, ақпараттық стендтер мен QR-кодтар орнату қажеттігін анықтады. Бұл ұсыныстар жауапты органдарға жолданды. «Оңтүстіктен Солтүстікке» жобасы аясында қоныс аударған жетісулықтардың тұрғын үй, жұмыс, әлеуметтік бейімделу, білім алу сияқты мәселелері талданып, сол аймақтардағы әкімдіктердің назарын аудартты.

Үш жылдық зерттеу нәтижесінде өңірдегі ауылдардың нақты проблемаларын көтеріп қана қоймай, олардың шешілуіне тікелей ықпал етіп, билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтты. Енді, міне, осы ауқымды жұмыстың нәтижесі ретінде жоба аясында дайындалған мақалалар жинақталып, кітап болып оқырманға жол тартты. Бұл – өткенді түгендеудің ғана емес, келешекке салынған сенімді жолдың дәлелі.

 

ЕЛДІҢ ТАМЫРЫ, ШЫРАҒЫ СӨНБЕСІН…

 

Қай заманда да қазақтың жүрегі ауылда соққан. Ауыл – ұлттың алтын діңгегі, тіршіліктің қайнары, салт-дәстүрдің сарқылмас бастауы. Әр қазақтың түп-тамыры, өмірлік естелігі, ата-баба аманаты сол ауылда жатыр.    Қала өркениетінің жарығы қанша жарқырағанымен, ауылдың отының жылуын ештеңе алмастыра алмайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әр қиырындағы жүздеген ауыл өмірдің күрделі кезеңін өткеріп отыр. Кешегі кеңшарлар мен фермалардың орнын құм басып, кезінде мыңғырған малы бар, еңселі елді мекендердің көбінде қазір санаулы түтін ғана қалған.   Бірақ, сол ауылдардың тарихы – біздің елдік жадымыздың бөлінбес бөлігі. Оларды ұмыту – өзімізді ұмыту.

Қажет Андастың бұл кітабы – дәл осындай ел жүрегіндегі тақырыпқа арналған.  Ол бірнеше жыл бойы Жетісу өңірін аралап, тау бөктеріндегі, өзен аңғарындағы, шөлейт далалардағы ауылдардың тынысын көзбен көріп, қолмен ұстап, қаламға арқау етті.

Ауылдың өмірі жайлы жазу – бір күндік сапардың емес, жылдар бойы жүріп, тыңдап, түсініп, сезінудің жемісі.   Сондықтан да «Шалғай ауыл шырағы» – жай репортаждар топтамасы емес, бұл – тұтас дәуірдің куәгерлік шежіресі.

Кітаптағы әр материалда адамның иісі, тіршіліктің иісі бар.
Автор кейіпкерлері – шопан, ұстаз, дәрігер, ауыл әкімі, көші-қонға ілесіп солтүстікке кеткен отбасылар – бәрі де осы заманның шынайы бейнесін көрсетеді.

Кейде олардың әңгімесінен мұң сезесің, кейде үміт отын көресің.
Бірінің ескі үйі құлап тұрса да, екіншісі өз қолымен жаңа қоныс тұрғызып, балаларын оқытуға күш салады.

Ауылдың жағдайын түзетуді армандап, туған жерден алыста жаңа өмір бастаған жетісулықтар – бұл кітаптың басты кейіпкерлері.

Солтүстік облыстарға ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы – тек көші-қон емес, нағыз өмір сынағы.

Жаңа жер, жаңа ауа, жаңа орта… Бірақ жүрек бәрібір Жетісудың самалын, туған тауын, ауылдың иісін сағынады.

Қажет Андас осы сезімді дәл ұстап, көшкен жандардың бейімделу жолын, еңбекпен еңсесін тіктеген тағдырын нәзік те шынайы баяндап береді.        Ол әр оқиғаны жеке отбасының, жеке адамның көзімен көрсетіп, үлкен әлеуметтік сурет салады – елдің ішкі көші-қонының беймәлім қырларын ашады.

Бұндай еңбектер – журналистиканың ғана емес, ұлттық жадының да айнасы.   Себебі ауыл тағдыры – мемлекеттің тағдыры.    Ауылда мектеп жабылса – тіл жоғалады, ауылда жол үзілсе – елдің ділі үзілмек.

Ал сол ауылдарға жаңа тыныс беріп, жаңа қоныстарға барған отбасылардың табандылығы – елдік рухтың дәлелі.

Автордың жазу мәнерінен ерекше жылылық сезіледі.
Ол ауыл адамын сын үшін емес, сыр үшін жазады; кінәлау үшін емес, түсіну үшін іздейді.

Сондықтан да бұл кітап тек журналистік зерттеу емес — ол елге деген адалдықтың, туған жерге деген махаббаттың көрінісі. Қалам иесінің әр мақаласы – ауылға деген перзенттік парыздың ескерткіші сияқты.

«Шалғай ауыл шырағы» – ауылға, адамға, еңбектің қадіріне арналған туынды. Бұл еңбек ауылды ұмытпауға, тарихты сақтауға, ел болашағына бейжай қарамауға шақырады. Өйткені елдің нұры да, үміті де – ауылдың шамында. Сол шам ешқашан сөнбесін.

Автордың әр жолынан – елге деген сүйіспеншілік, ауылға деген сағыныш, азаматтық жауапкершілік сезіледі.     Сондықтан бұл кітап – бүгінгі оқырманға ой салар, ертеңгі ұрпаққа өнеге болар еңбек. Қолына алған әр адам өз ауылын, өз балалық шағын, өз ата-анасының еңбегін еске түсіреді.  Ауылдың шырағы – елдің шырағы екенін ұғындырады.

Қали ИБРАЙЫМЖАНОВ, 

Өлкетанушы-журналист, “Жауынгерлік даңқ” музейінің меңгерушісі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 63
Ұлттық киім – ұлт құндылығы
Көрме

Ұлттық киім – ұлт құндылығы

March 19, 2026
35 кітаптың таныстырылымы
Көрме

35 кітаптың таныстырылымы

February 27, 2026
Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?
Көрме

Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?

February 27, 2026
13 жылдық белес
Грант

13 жылдық белес

February 18, 2026
Ректор гранты
Грант

Ректор гранты

February 13, 2026
Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ
Арнайы жобалар

Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ

January 27, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz