Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Жетісу облысындағы босқын қазақ-қырғыздың жайы

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Жетісу облысындағы босқын қазақ-қырғыздың жайы

Басы:  Жетісудың даласы жар, Пржевал уезінің Шығыс жағында. Текес дариясы дүниедегі ең биік Хантәңірі шыңынан басталады. Және даланың жан-жағы тау және қысы-жазы қар үзілмейді. Суық жерінің көбі қазақ, біразырақ қалмақ тұрады. Қалмақ рахымсыз, жаман халық. Қырт мінезді, ешкімге жоламайтын халық. Ол жақтан қайтқан қазақ-қырғыз, қалмақтан көп қорлық көргенін айтты. Бірақ ондағы қазақ, сарты да босқындарды тонауға келгенде қалмақтан кем соқпапты.

Босқындар Ақсу, Үштұрпан  Пржеваль уездерінің Оңтүстік жағына, Тянь Шань тауының күнгей бетінде қашқан. Бұл жақта қар қалың, күн жылы болады. Отырықшы жұрты сарт, қалмақ, қазақ азып-тозып, тоналып қайтқан.

(Бұдан былай бірсыпыра жер өшіп қалған)

Тянь Шань тауы жал болып барып, Жұлдыз, Бақ деген жерде аласарып, кезек-кезек жай болады. Текес жағындағы қалмақтың көбісі егін салмайды. Ақсу жағында қашқарлық егінші халық болады. Құлжадағы (Текес) консул Пруденский қалмақтарға, әсіресе, қытай дүнгендеріне ерік беріп қоя берсе керек. Оның дәлелін тауып, Петроградқа жеделхат соғып маусым айында орнына түсірмек. Қашқар консулы босқындарға көз салып, Қытай губернаторының алдында оларды қорғағаны бар.

Босқын қазақ-қырғыз қашып бара жатқанда жолшыбай малдан әбден айырылған, алып қашқан бір-екі киіз, он шақты уық, қазан-ошақ, бір-екі көрпе сияқты нәрсе. Барған жерде жолдан аман қалған малды қалмақ тартып алған. Үй-жайын тонаған, бұдан қалғанын аштан өлер болған соң, өздері сатқан. Қашып, босып, біреуді-біреу білмей, бөтен адамдар бір-бірінің қыз-қатынын сатқан реттері де болған.

Текеске барған  босқындарға қарағанда Үштұрпан, Ақсу жағы бұдан тәуірірек болды. Сонда да мұнша көп аш, жалаңаш жанға тамақ, киім қайдан жетеді? Бұларда аштықтан қолындағы мал және басқа дүниелерін сатқан. Онан соң қыз-қытандарын сата бастаған. Қыстан қырылып шығып, қыстан қысылып шығып, көктемде елге қарай шұбырды. Жолшыбай қалған бірен-саран малын өлтіріп, кемпір-шал, бала-шағаны қырып қайтты. Бұрын мыңдап қой, жүздеп жылқы-сиыр айдаған қазақ-қарғыздың байы бір-екі төсек-орын, оншақты қой адапғ жаяулап қайтты. Қайтқан ел топырлап, біріне-бірі сеньей, атадан ұл, анадан қыз, ауылдан ауыр айырылып, тоз-тоз болды. Текеске қашқан қырғыздың бірсыпырасы еліне жетті. Жарым-жартысы Жаркент уезіне, бірсыпырасы Алматы уезінің Шығыс жағына келді. Азырағы жолшыбай Құджада, Атеке қырғыздардың Қытайда қалғандары да бар. Және 150 үй Алматының Батыс жағында, Сарбағыш (Шабдан әулеттері) алты жерде тозып жүр. Пішпек уезінен қашқан қырғыздардың Айтеке, Сарбағыштан өзгелерінің көбі-ақ еліне қосылды. Нарын алабындағы қырғыздардың көбі еліне келді. Алақол, Семіз бел, Зауке, Барсқауын, Тон, Екіжеті өгіз, Алахолдың сазында, Алабашқа келді. Күрмекті, Кеңсу, Бірназар, Түп, Түрген қырғыздары Алматы уезінің Шығыс жағына келді. 14 ұлыс албан өз жеріне келгенімен, бұрынғы жерінен қысылыңқырап отыр. Жоғарыда айтылған елдердің бәрінен қиын болғандар Тон мен Алақолда отырғандар. Одан соң Тоқпақ төңірегіндегі Сарбағыш, Айтеке, Шамсы, Тыналы елі одан тәуірірек. Алматының күн Шғысындағы қайтып келген қырғыз бен адбандар, бұларға қатар Қашқардағы 3 ұлыс (Ниязбек, Жуанарық және Борықшы). Көп елге сіңіп тәуірірек болғаны Нарынның 12 ұлысы. Пішпектің жуас тау қырғызы өзгелерден тәуір.

Құлжа маңында 700 үй қазақ-қырғыз жиыны 2 мың шамалы адам, Ақсу жағында 700 үйдей қалыпты (Екіжет өгізден 500 үйдей). Әр ұлыстан қалған 10-20 үйдей толып жатыр. Мұның бәрін санағанда, Қытайда әлі де болса, 7 мыңдай адам қалса керек. Бұлардың жайы қайтқандардыкіндей. Әсіресе, нашарлары –  Құлжа жағындағы қырғыздар.

Былтыр Жетісу облысында топалаң болып, 40 мың үйден аса ел қашты. Қанша жан, қанша мол ойран болып, тірі қалғандары биыл биылғы жазды көрді. Қайран жұртым, қайран елім деп күңіреніп жылаған дауыс құлақтарымызға естіліп, өкпе-жұректерімізді лықытты. Әттең елге жетсек, көтеріліп кетер едік деп арман қылды. Жау жағадан алғанда, ит етектен алады дегенге бұл бейшаралар тағы душар болды. Жаздай күн бір тамбай, салған егін қара жер болып, шаң аспанға шығып, шөптің тамырына дейін жұлынып, бүкіл Түркістан уалаяты Жетісудың Пішпек, Алматы, Жаркент, Нарын жерлері бәрі тап-тақыр болды. Қапал, Лепсіде бұрынғыдай болмаса, өздеріне жетерлік астық шықты. Жығылғанға жұдырық болды. Қапал, Лепсінің мұжықтары астық сатуға қызықпады. Ақша алғанмен ақшаға сатып алар бұйым болмады. Ептеп сатып алып тасуға көлік табылса, жолшыбай көлікке шөп тиеитін болды. Қазына жұмысы мен поселке атымен жүрген адамдар Лепсі мен Алматы арасына (500 шақырым) 17 күн жүретін болды. Бұлар ең шапшаң жүрдік дегендеріміз. Әулие Атадан теміржолға шейін (90 шақырым) 100-200 сом болатын болды. Осындай қиямет қиыншылық басқа түсті. Қашқан қырғыздардың жайын қарасақ, жан-жағынан қамау сияқты көрініп тұр. Күн Батыс жағында Пішбек, Мерке, Әулие ата, бүкіл Түркістан, аш жолда жүп жоқ, пошта аттары қырылды. Бұл жақтан астыққа кетеді деп болмайды. Аш хылық, өз үстіне астық жібермейді. Қырғыздың Солтүстік жағында аш Тоқпақ, бүгін болма са, ертең аштыққа кіресің деп қимылдап отырған Алматы, аш Жаркент, бұлардан асырып астықты Қапалдан тауып алып, қырғызға жеткізеді-ау деп ойлай алмаймыз. Шығыс жағында Ыстықкөлдің түкпірінде былтырдан тығылып қалған қырғызға өш крестьяндар, былтырғы көрген оқиғаларды ұмытпай, астықтарын бермей және жібертпей отыр. Сатып алып қойған айстықтарды алып береді деген солдат және атты қазақ олардың сөзін сөйлеп отыр. Бұл астық көп болмасада бірсыпыра аш қырғызға тәуір болар еді. Оңтүстікте Қашқар  мұнда мандымды астық көрінбейді. Бір жағынан Россияның Қытайға сататын нәрселері сенімнен жоғалған. Біздің 1 сом ақшамыз онда 10-12 тиын, мың сомымыз онда жүз мың сомның орнына жүреді. Бұлай болған соң о жақ, бу жақтан дәме етуіміз бекерге тән болып тұр. Жоғарғы себепке, айтылған сөздерге қарағанда қырғыздардың жайлары былайша болып тұр: 10 ұлыс Пішпектің тау қырғыздарында өз күнін өзі көре алатын азын-аулақ астық бар. Нарынның 12 ұлысы біздің сөзімізге тоқтам қылып, береке-бірлік айтып, өз арасынан іздеу қылды. Бидай жиып, ақшаға бағалап, араларындағы аш-жалаңашқа беріп жатыр. Және 2-3 мың путтай астықты Қошқардағы 3 ұлыс ағайындарына жіберді. Тәртіпті ел, алдында инабатты Шоқа батырдың баласы Қахтыдай адамдар және казак офицері Пикимовтай комиссар болып, Бұл Нарын жағынан көңіліміз көтерілгендей болды.

Ең қиын болып тұрған Алақолдағы – 7 ұлыс қырғыз. Бұлардың комиссарына 60 мың сом жіберіп едік. Астық сатып ала алған, ала алмағанын білмедік (Нарынға 40 мың жібердік), Тоқпақ төңірегіндегі қырғыздар үшін Пішпек комиссарына 60 мың сом жібердік. Бұл жерде бйдай болмаса да, жақындағы дүнгендерде күріш көп екен. Жаркент уезіндегі қырғыз, қазақ үшін 60 мың сом жібердік. Жаркент комиеті (Әсіресе доктор Таубек Есенқұлов) жаздай аянбай астық тасып жүр. Құлжадағы жаңа консулға сонда қалған қазақ-қырғыз үшін 60 мың жібердік. Жаңа үкімет шығарған 5 миллионды, босқыннан қалған қазақ-қырғыздарды енді бұдан былай тірі сақтауға жаратпақшы болды. Жетісудан кейбірі тысқары жібертуді қойғызып, бәрін сатып алып, босқындарға таратпақшы болды. Бірақ 5 миллион қысқа қарсы келіп, арзан уақытта, бар уақытта әш нәрсе ала алмадық. Қолымыздан келгенше қылдық. Бірақ жазға шейін қаншасы тірі қалып, қаншасы қырыларын болжай алмаймыз. Жоғарғыға қарағанда, қашқандардан 47 % қырылған. Қыс қатты болса, азық-түлік тасу қиын болса қырылғанның есебі 60 процентке жетер. Одан Құдай сақтасын. Талай өлім-жітімнен қалған, талай қорлық-зорлық көрген бейшара тірі бауырларым енді аман қалсын деп тілейміз.

Енді былтырғы болған бүліншілікте халықтың өзіне тиген шығындарын көрсетейік:

1) қашқан түтін шамасы 40 мың. Малдың бәрін атқа бағалағанда – Жаркент уезінде үй басына – 21 ат екен. Пержеваль, әсіресе Нарын онан бай болмаса, кедей емес еді. Үй басына – 20 ат деп есеп қылсақ, ат бағасын 10 сомнан салсақ (бұл аз салған), бір үйдің малы 1000 сом – бәрі (1000х40000) 40 миллион.

2) Малдан басқа шаруашылығы – үй жай, егін, тағы өзгелдері (Жетісу қазақ-қырғыздың пуд жиыны) 24,5 % және малы 73,5%. Мұндай болғанда, мұнысы 13,5 миллион.

3) Өзге Россияда қалған Қытайға жетпей қайтқандары 5 мыңдай, 500 сомнан санағанда 2,5 миллион. Барлығы 56 миллион сом. Крестьяндардың көрсеткен зияны – 32 миллион, жинақтағанда 30 миллион сом. Бұзылған көпірлер, жолдар және бұл туралы шыққан шығымдар 4 миллион – сонда барлығы 90 миллион болады. 90 миллион бүліншілік зияны көп болсаса, аз емес.

Мадияр.

 

   «Қазақ» газеті, №255, 2-3-беттер.

                                        Түп нұсқа араб харпінде.

     Аударған Қажет Андас.

 

 

ПОЛОЖЕНИЕ КИРГИЗ-КАЗАХСКИХ БЕЖЕНЦЕВ

СЕМИРЕЧЕНСКОЙ ОБЛАСТИ

 

Семиречинский край – гористый. На восточной стороне Пржевальского уезда. Земли Текеса начинаютя с самого высокого пика – Хан–Тенгри. Окружены горами. На вершинах и зимой и летом лежит снег.

В холодных районах проживают казахи, есть калмыки. Калмыки – бездушный, плохой народ. Вспыльчивый, ни с кем не общающийся народ. Вернувшиеся с тех мест  киргиз-казахские беженцы, говорят о многих бедах и страданиях, которые причинили им калмыки.

При грабежах беженцев, от них не отставали тамошние сарты и даже казахи.

Беженцы бежавшие в горы Тянь-Шань, остановились  на его восточной стороне, к югу от Аксуского, Уштурпанского и Пржевальского уездов. Здесь много снега, но теплая погода. Оседлые народы-сарты, калмыки, казахи.

Беженцы вернулись обратно, без скота, без имущества, ограбленные, голодные.

Горы Тянь-Шань тянутся до мест называемых  Жулдыз, Бак. Калмыки проживающие в Текесской стороне, в основном не занимаются земледелием. А кашгарцы (Аксу) – земледельцы. Консул Продянский находящийся в Кульдже (Текес) благосклонно относится к калмыкам, особенно к китайским дунганам, предоставив им некоторые льготы. Народ собирается подать на него жалобу в Петроград (телеграммой), указав на его нечестность, и просить отстранить его от дел. Кашгарский консул видя положение беженцев, защищал их, заступался за них перед китайским губернатором.

Киргиз-казахские беженцы, в пути потеряли почти весь свой скот, имущество, их постепенно настигали русские отряды и грабили.

Оставалось – пара  войлока, десяток жердей для юрты, посуда, одна-две сукна наподобие одеяла. На китайской территории уцелевший скот забрали калмыки, разграбили нехитрый скарб. Остатки начали продавать сами беженцы, дабы не умереть с голоду. Были случаи продажи женщин.

По сравнению с беженцами прибывшими в Текес, положение беженцев попавших в Уштурпан, Аксу ненамного лучше. Но как прокормить столько голодных людей, во что их одеть? И они тоже продавали остатки скота, имущества, начали продавать женщин. Кое-как перезимовав, чуть не вымерли, весной двинулись обратно на свои земли, но намного меньшей численностью. Смертям не было конца – старики, дети, больные…

Киргиз-казахские баи у которых раньше были многочисленные стада, теперь бредут пешком за пятью-десятью баранами.

Истрепанный голодный народ возвращался на свою Родину. Бежавшие из Текеса киргизы дошли до своих земель. Часть из них прибыла в Жаркентский уезд, а часть к востоку от Алматинского уезда. Есть и невозвращенцы, оставшиеся в Кульдже. Остались киргизы и в Китае. И еще 150 домов – к западу от Алматы. Киргизы Сарбагыша (из рода Шабдан) бродят в поисках пристанища. Беженцы из Пишпекского уезда воссоединились со своим народом, кроме беженцев Айтеке,Сарбагыша. Нарынские киргизы в большинстве своем, тоже вернулись к своим. Беженцы Алакола, Семизбела, Зауке, Барскауына, Тона, Екижеты Огуза остановились на территории Алакола.

Алабашцы прибыли в Тон. Киргизы Курмекты, Кенсу, Бирназара, Тупа, Тургеня прибыли в Алматинский уезд. Албаны 14-ти волостей, хоть и вернулись к себе, но расположились немного в стороне от прежнего места.

Из всех перечисленных, особо пострадавшими являются беженцы ныне находящиеся в Алаколе и Тоне. Бывшее население окрестностей Токпака – Сарыбагыша, Айтеке,Шамсы, Тналы, худо – бедно освоилось.

Вернувшиеся киргизские беженцы, албаны, и беженцы прибывшие из Кашгара (3-улуса-Ниязбек, Жуанарык, Борыкшы) также постепенно налаживают свой быт.

Принятые своим народом 12 Нарынских волостей, также Пишпекские киргизы приходят в себя, по сравнению с другими их положение лучше.

В окрестностях Кульджи 700 домов, около 2000 киргиз-казахов, в Аксуской стороне остались 700 домов, (из Екижет огуза – 500 домов).

Оставшихся по 10-20 домов с каждой волости очень много. Если всех их пересчитать, то окажется, что в Китае остались еще около 7000 человек. Их положение не лучше вернувшихся. Особенно плохо дело у Кульджинских киргизов.

В прошлом году в Семиреченской области были погромы, гонения, и более 4000 домов бежали. Сколько людей полегло. Плач о несчастных казахах, плач о будущем своего народа, не может не волновать душу. Они живы были единой целью, – дойти, добраться до своего народа, знали, что братья их не бросят в беде, поддержат. Как говорится: «Когда враг хватает тебя за горло, а собака кусает тебя за ногу» тебе поможет брат.

Так и этих несчастных ждала новая беда – все лето не было ни капли дождя, весь посев засох на корню. Вся Туркестанская земля – Пишпек, Алматы, Жаркент, Нарын, везде голая земля. В Капале, Лепсы, тоже нет урожая, хватит только для себя. Здешние мужики не торопятся продавать урожай, да и не будут. Потому, что на вырученные деньги купить нечего.

Если выезжали из Лепсы в Алматы (500 км) по государственным делам, на лошадях путь занимал 17 дней. И это – быстрым ходом. От Аулие – Ата до железной дороги (90 километров) 100-200 рублей. Вот такие трудности, вот такие цены свалились на наши головы.

Как помочь киргизским беженцам. На западе – Пишпек, Мерке, Аулие Ата, весь Туркестан, всюду голод, почтовые лошади пали. Нельзя сказать, что отсюда пойдет помощь. Какую помощь может оказать  голодный народ. С северной стороны – Токпак, еле сводящие концы с концами полуголодный Алматы, голодный Жаркент. Мы не можем даже представить, что хлеб найдут в Капале и доставят его голодающим киргизам. С восточной стороны спрятавшиеся у Исыккуля, враждебно относящиеся к киргизам, русские крестьяне, которые до сих пор мстят за прошлогодние погромы, прячут свой урожай и навряд ли помогут. А надеяться на то, что солдаты и конные казаки помогут забрать у русских крестьян купленный урожай, не стоит, они на стороне крестьян. Этот хлеб, хоть его и немного, очень необходим голодающим киргизам.

С южной стороны – Кашгар, здесь тоже с хлебом напряженное положение. Излишков нет. С одной стороны товары поставляемые Россией Китаю не пользуются спросом. Наш один рубль там стоит 10-12 копеек, оказываемая помощь будет в десять раз меньшей. Так, что не стоит думать, что будет оказана помощь государства с такими убытками. Исходя из перечисленного можно подытожить, что положение киргизов таково: У 10-ти Улусов Пишпекских горных киргизов есть возможность как-то прокормить себя некоторое время.  12 нарынских улусов, прислушавшись к нашим словам, начали сбор урожая (хлеба) внутри себя, произвели оценку, начали выдавать голодающим. Также отправили 2-3 тысячи пудов братьям трех улусов, находящихся в Кашгаре. Мы с уважением относимся к дружному, «сплоченному народу Нарына, который проводит благородную работу во главе с Кахтыдай Шакабатыруы,казацкого офицера, комиссара Пикимова.

Мы не переживаем за них. Самое тяжелое положение у киргизов 7-ми улусов в Алаколе. Мы послали их комиссару 60 000 рублей. Неизвестно купил он на них продовольствие, хлеб, или нет. Ксати, в Нарын мы послали- 40000 рублей. Для киргизов голодающих в окрестностях, Токпака, мы послали 60000 рублей Пишпекскому комиссару. Если там нет зерна, то можно купить рису соседних дунган, у ник хороший урожай. Риса много. В Жаркентский уезд послали 60000 рублей для голодающих киргиз-казахов. Жаркентский комитет (особенно доктор Таубек Есенкулов) все лето ведет работы по перевозке хлеба. Консулу в Кульдже выслали – 60000 рублей  для помощи оставшихся там киргиз-казахам.

Выделенные новым правительством 5 миллионов  рублей предназначались для спасения оставшихся в живых беженцев.

Некоторые в Жетысу предлагали покупать продовольсвие, хлеб, одежду, в общем покупать все, и распределять их среди беженцев. Но деньги поступили лишь перед самой зимой, поэтому мы не могли закупиться, пока все было дешевле и все можно было найти. Но мы работаем, и делаем все возможное, однако не можем сказать, что все беженцы уцелеют.

Исходя из приведенных ранее данных 47 процентов беженцев не дожили до сегоднящнего дня. Если зима будет суровой и будут трудности с перевозом продовольствия, то возможно численность умерших среди беженцев может вырасти до 60 процентов. Да хранит Аллах от такого. Мы молимся, и делаем все возможное, чтобы хлебнувшие столько горя, наши несчастные братья были живы.

А теперь приведем некоторые данные и подсчеты убытков от прошлогодней смуты.

1) Количество хозяйств беженцев – около 40000. Количество скота в пересчете на стоимость одной лашади:

На одну семью – Жаркентский уезд – 21 лошадь Пржевальский уезд, особенно Нарынский уезд не беднее, примем – 20 лошадей на семью,

Цена лошади – 10 рублей (это дешево)

Скот одного дома стоит – 1000 рублей

Всего (1000х4000) – 40 миллионов рублей.

2) Потери кроме скота (имущество, урожай и др.). Урожай киргиз-казахов Семиречья – 24,5 %, разрушенные, разграбленные хозяйтсва, дома – 73,5%.

Это составит – 13,5 миллионов рублей.

3) Обосновавшиеся в других местах, не дошедшие до Китая возвращенцы – около 5000, примем 500 рублей на дом – 2,5 миллиона рублей.

Всего – 56 миллионов рублей

Ущерб нанесенный крестьянами – 32 миллиона рублей (округляем – 30 миллионов).

Разрушенные постройки, мосты, дороги и другой ущерб – 4 миллиона рублей.

Всего – 90 миллионов рублей.

90 миллионов ущерба, если не больше.

Численость киргиз-казахов – 5 миллионов человек

Пострадавших – одна пятая часть – это 1 миллион человек. Ущерб на каждого примем, самую малость – 15 рублей, это будет 15 миллионов рублей (это за один год).

Мадияр

 

            Газета «Казах», №255. стр.2-3.

Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 44
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz