АҚ ҚАЛПАҚТЫ ҚЫРҒЫЗҒА
(Учредителное собрание туралы)
Қанша заманнан бepi үстімізде патша болып, бізді сұрап тұрған, қимылдамастай мойнымызға кісен салған, жақсы жерлеріміздің бәрін мұжыққа алып барып, алым – салықты аямай алған, құдайдан қорықпай, біздің түбімізге жеткен ол залым Николай Романов өзінің ел төбесіне қамшы қылып қойған приставтары, ояздарымен үстімізден “Ай батқандай” жоқ болды. Оның үстіне құдай жарылқап, жетім – жесір, ғаріп, жарлылардың пайдасын ойлайтын көпке нұры бірдей күн сияқты жаңа үкімет шықты. Жаңа үкімет сен орыс, сен қалмақ, сен қырғыз демейді, бәрімізді бірдей және азамат дейді.
Енді осы алдымыздағы қараша айының аяғында, Россияға қараған барлық халықтардан сайланып шыққан өкілдер, бip жерге бас қосып кеңеседі. Бұл мұғалімдер жиналысы деген болады. Онда жиылған өкілдер мемлекет үшін жаңа тәртіптер шығарады. Сол Учр. собраниео еркек, әйел демей 20 жастан жоғарыларды есеп қылып, 200 мың адамнан 1 өкіл барады. Россияға қараған барлық халықты – 160 млн. деген жиналыс 800 өкіл жиылса керек. Соның ішінде ақ қалпақты қырғыздың сыбағасына егер санымыз 2 млн- ға жетсе, 10 өкіл тиетін жөні бар. (Ферғанада қырғыз – 13 мың, Жетісуда – 600 ұлыс, Сырдарияда – 13 мың ұлыс).
Әркім өз дертін өзі біледі. Жаяудың мұңын атты білмейді. Аштың мұңын тоқ білмейді. Сол себепті жиныға мұңымызды білетін өз адамдарымыздың баруы керек. Егер надандық пен бұл зор жарысқа өзімізден ат қосалмай, қалсақ, ел жеген жемістен жемей қалғанымыз болады. Ел көрген жарықты көрмей, қараңғыда қалғанымыз болады. Ел алған бәйгеден құр қалғанымыз болады. Ең ақырында басқа елдер ұрандарын шақырып, туларын көтеріп жатқанда, үйде езіліп ұйықтап жатқанымыз болады. Осы күні төңірекке көз салып қарасақ, бостандық болды, баршаға теңдік тиді, заман өзгерді деп бізден бөтен жұрттар бас қосып, Учр. собраниео жіберетін өкілдерін даярлап жатқандай көpiнеді. Сол баратын өкілдерне тапсыратын тілектерін айтып, қолдарына істейтін icтерінің жобасын көрсетіп беріп, жатқан көрінеді. Осынша көптің ішінде жұмған көзін ашпай, аяғын жимай, қаннан қаперсіз жатқан біздің ақ қалпақты қырғыз халқы көрінеді. Өзге жұрттарды қоя тұрып, мысал үшін мына өзіміздің, қатар жүріп, қатар қонып жүрген қазақ бауырларымызды алайықшы. Олар да өзгеpic болғаннан бepi талай жерге бастарын қосып, мұң – мұқтаждарын кеңесіп, тіршілік қамын қылып жатыр. Шілде ішінде Орынбор, тамыз айының басында Ташкент шаһарында болып өткен жиылысқа баратын адамдарын да белгілеп қойды. Рас, біздің қырғыздың әлі күнге дейін басы қосылмай жүргеніне себептер де бар шығар. Мысалы, әр уақыт кеп, елге басшылық қыла қоятын Жетісу қырғыздары былтырғы аласапыран үлкен қырғынға ұшырап қалды. Бірсыпырасы тентіреп, мал басынан айрылып, қара басымен әлек болып кетіп. Бірақ, аман қалған басқа қырғыздар да жоқ емес. Міне, осылар не қылып жатыр, неге өздері шықпайды. Бұлар биылғыдай бip жақтан бостандық, теңдік күн туып жатқанда, бip жақтан тұқымы, қаны бip бауырлары қырғынға ұшырап жатқанда, қимыл қылмаса, қашан қимыл қылады?
Ағайын, ақ қалпақты қырғыз – ай! Осылай, өмірде басымыз бірікпей, әр жерде бытырап жүріп бірімізге – біріміз жанашыр туысқандық көрсетпей шынымен тозып – ақ кеткеніміз бе? Шынымен – ақ бізде ұлтшылдық, жұртшылық дегеннің болмағаны ма? Япырым – ай, бұған кім нанар? Кешегі ел намысын жақтап, ұлт арын жырлаған қырғыздың ту басылары – Бәйтік батыр, Шабдан батыр, Құрбанжан датқалармен қанымыз бip емес пе? Қай ағайындар белді бекем буынып, туды қолға көтеріп жүр, біз де бойымызды көрсетейік. Ұлт намысын жібермей, ұлы топқа түсетін бip азамат жоқсың ба? Кел, жақсылар, шық ортаға бас қосайық. Қырғыз болып Жетісу баралық. Жаттан зорлық көріп, мал жанынан айрылып, тентіреп қалған бауырларымыздың көз жастарын сүрейік, киімі жоққа киім болайық, тамағы жоққа тамақ болайық Бұл біздің кешірілмес қарызымыз емес пе?
Одан кейін Ферғана баралық. Қырыздар ұйытқысы Ферғанада демеуші ме еді. Қой, олай болмас, оларға барып, қанымыз бip, ұранымыз бip қарындас екенімізді айталық: Содан соң, Сырдария баралық Онда қалың қазақ ішінде отырған азғана ағайындарымыздан хал – жағдайын білейік, артымыздан ертелік, сөйтіп, ел болып бізді көрелік. Басқалар алған бәйгеден біз де құр қалмалық “Жатқанға жан жуымайды” деген, “ақсақ қойша” топтан қалмайық. Әр ұлыстан бip – екі адам келсе болды. Қаралатын мәселелер көп: артында қалмалық Осы күні қазақ, ноғай, сарт әрқайсысының өз тілдерінде әлде нешеуден газеттері бар. Әзірге біз қазақ бауырларымызды мінгесіп отырмыз. Бірақ, халықтың ұғынуы үшін газет өз тілінде болса, одан да жақсы болар еді.
Бас қосуды қолдап, адам жібермекші болған бауырларымыз ертерек хат арқылы екі телеграмм арқылы төменгі мекен бойынша хабар қылса екен. Ол уақытта бірінші жиналыста сөйленетін мәселелердің тәртібін даярлар едік. Екінші жиылысқа ерте бастан қамданар едік.
Төреқұл ЖАНҰЗАҚОВ. Қасымбек ҒАЛЫМБЕКОВ (Хашымбек) Адрес: г.Ташкент. Члену Областного Совета Тюрекулу Жанузакову.
“Бірлік туы”, № 7. 29 тамыз, 1917 ж.
Түп нұсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас
БЕЛОШАПОЧНЫМ КИРГИЗАМ
(ОБ УЧРЕДИТЕЛЬНОМ СОБРАНИИ)
Царь Николай Романов, его ставленники – приставы которые были кнутом погоняющим наш народ, уезды не дававшие нам житья, державшие нас в железных ошейниках, раздававшие наши плодородные земли мужикам, душившие нас поборами, налогами, доведшие нас вымирания – ушли в небытие. Пришло новое Правительство которое ко всем относится одинаково. Новое Правительство не говорит ты русский, ты киргиз, ты калмык. Оно считает всех равными и называет гражданами.
Теперь в ноябре месяца, представители всех народов России соберутся и будут держать совет. Это называется Учредительным собранием. Там будут приниматься новые правила, новые отношения. В это Учредительное Собрание избираются представители от всех народов – от 200 000 человек 20-ти и старшие лет – по одному человеку. В России 1 600 000 человек. На Учредительное Собрание съедутся – 800 представителей. Киргизов около 2 000 000 человек (в Фергане 13 000, в Семиречье – 600 улусов, в Сырдарье 13 000 улусов). Наших представителей должно быть 10 человек. Как говорится: каждый сам знает свои болячки. Поэтому, на Собрание должен поехать наш человек, наши люди, знающие боль нашего народа, чтобы защищать интересы киргизов. Если же из-за своего невежества в этой «большой скачке не будет наших скакунов» то нам не достанется ни малейшего кусочка пирога. Мы не увидим “света”, который увидят другие народы, останемся в темноте, останется без призов, которые разберут другие. И наконец, когда другие народы выкрикивают свои лозунги, поднимают свои знамена, нам не следует валятся дома.
Посмотрите вокруг-пришла свобода, наступило для всех равноправие, пришло новое время. И все народы, кроме нас, проводят совещания, сходы,сообща избирают и готовят своих представителей к Учредительному Собранию. Они наставляют своих представителей, говорят им свои пожелания, совместно готовят проекты, планы работ которые необходимы для них. Среди них, наши киргизы – сиднем сидят дома, с закрытыми глазами.
Оставив других, посмотрите на наших братьев казахов, которые всегда рядом с нами. Они с первых дней перемен заботятся о своем народе. В июле месяце в Оренбурге, в августе в Ташкенте. Провели совещания, собрания, сходы.
Избрали своих представителей на Учредительное Собрание. Конечно были причины, что киргизы до сих пор не могут объединиться и проводить подготовительные работы к Учредительному Собранию. Например, Семиреченские киргизы, которые могли бы стать движущей силой, руководителями народа, в смутные времена подверглись гонениям, были многочисленные жертвы. Многие вынуждены были бежать, потеряли весь скот, средства к существованию, были заняты выживанием. Но есть же уцелевшие киргизы. Чем они занимаются? Почему не шевелятся?. Если в такое время, когда наступила свобода, равенство с одной стороны, а сдругой – их народ разоряется, умирает – не будут предпринимать какие-то меры, то когда же они зашевелятся?
Эх вы братья, белошапочные киргизы! Так и будем жить вразброд, не поддерживая друг друга? Неужели у нас нет понимания народности, нации? Господи, кто этому поверит? У нас же одна кровь со вчерашними радетелями киргизкого народа- Байтик батыром, Шабдан батыром, Курбанжан датка? Давайте поднимем свое знамя, как и другие, встанем во вест рост. Защищая честь нации, вольемся в большую группу народов. Или нет у нас ни одного патриота. Сильные, просвещенные, выходите на середину, будем объединяться. Пойдем в Семиречье, как киргизский народ. Окажем помощь нашим пострадавшим братьям, которые подверглись насилию, разграблению, лишились кормильцев, скота, вытрем им слезы – для тех у кого нет одежды – станем одеждой, у кого нет еды – станем едой. Это наш неоплатный долг. Потом пойдем в Фергану. Организации киргизов в Фергане не могут оказать поддержку киргизам. Нет, так не годится. Надо проводить там работу. Надо объяснить им, что мы киргизы – единокровные братья, что мы должны быть вместе, быть опорой друг другу.
После этого посетим Сырдарью. Там, в основном живут казахи. Узнаем положение немногочисленных киргизов. Позовем их с собой. Будем объединяться.
Начнем проводить собрания киргизов. Достаточно и того, что с каждого улуса на собрание придут по одному человека. Вопросов много. Не будем отставать от других народов.
У казахов, ногайцев сартов, у каждого есть несколько газет выходящих на своих языках. А мы пока подсели на братьев казахов. . Если же газеты издавать на своем языке, народ лучше поймет написанное, это было бы очень хорошо.
Братья которые поддерживают проведение собраний, пусть пораньше отправляют телеграммы. Нами подготовлены необходимые материалы по вопросам, которые должны будут рассматриваться на первом собрании.
Заранее нужно думать о проведении второго собрания.
Торекул Жанузаков,
Касымбек Галымбеков (Хашимбек).
Адрес: г. Ташкент, Члену Областного Совета Торекулу Жанузакову
Газета «Бирлик туы» №7, 29 августа 1917 года.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











