Біздің қырғызда оқыған азаматтар, жұртқа қызмет етерлік басшы азаматтар санаулы еді. Сол санаулы азаматтарымыздың көбі былтырғы 25-ші маусым жарлығына құрбан болды. Былтырдан бері қайғы басып, қан жұтып, қырғын көрген қырғыздың халы алты Алашқа мәлім болды. Ендігі тірі қалғандары күн көру, жұрт болу үшін қамқор басшыларға зар болып тұрған заманда, өзімізден шыққан аяулы азаматтарды жоқтап, тым болмаса, қолымыздан топырақ сала алмай арманда қалған бауырларымызға бағыштап, бір-екі ауыз ескерткіш сөз айтуды борыш санадым.
Мұғалім Ғышман Қошайұлы – Бұл жігіт жасында қырғыз арасында, одан кейін Пержеваль шаһарында оқып, ақырында Түркияға кетіп, мұғалімдік бітіріп, қайтып келді. Ғышман Түркиядан соғыс алдында ғана қайтып, елінде зор мектеп ашып, жүздеп бала оқытуға және қараңғы қырғызды ағартуға кірісіп еді. Өткен жылғы қайғылы оқиғада Сырт деген жерде орыс әскері ұстап әкетті. Сонан кейін түк дерек жоқ. Мұның өлтірілген жерін де көрушілер болған
Басшыдан жұтап отырған елге Ғышман секілді жігіттің өлімі оңай болған жоқ.
Қасымәлі қажы Мәмбетұлы – Пржеваль уезі, Нарын өңірінде Шатен елі атақты жұрт иесі Қасымәлі қажы дарға тартылып өлтірілді. Мархұмның өзімен бірге бір ұлы да дарға асылды. Марғұм ұлт қызметінен аянбайтын адам еді. Қажылыққа барып қайтқаннан кейін жақсы мектеп салдырып, халықтың көзін ашуға кірісіп еді. Түрлі топтарда халыққа пайдалы үгіттер сөйлейтін, жұрт тілін алатын аяулы адам еді.
Асхат Қанағатұлы – марғұм Асхат Пішпек уезінің жігіті, мұны Пржеваль уезі, Алақол елінің жерінде ұстап алып, дарға асып өлтірді. Жазықсыз өлген жас ұлан Асхат марғұм әуелі қырғыз ішінде оқып, соңынан Уфадағы медресе Ғалияны бітіріп шығып, ұлт қызметіне кірісті. Атасы Қанағат қажының салдырған медресесінде төте жолмен оқытып, ғылымға сусаған қырғыз балаларының көзін ашып жүр еді.
Марғұмның сүйегін өз жеріне апарып қоюға орыс рұқсат бермеді. Бостандық болған соң да жүрегі шайылып қалған сорлылар, өздігінен алып кетуден қорқып, рұқсат сұрағанда, жақыны сұрамаса болмайды деп, тағы тоқтатып қойды. Алматы прокурорынан мен өзім сұрап едім, уақытында илан қыламын деп ашық жауап бермеді. Міне, біздің жердегі бостандық.
Қанағат қажы Бөкейұлы – бұл кісі машһұр оқиғаның басында тұрып үкіметке қарсы іс істеушінің бірі. Алматы абақтысында жатып бостандықтан аз күн бұрын қаза тапты. Ұзын құлақ у беріп өлтіріпті дейді.
Андас Шалұлы – Нұрмамет елінің қырғызы. Маусым айында Тоқпақ орыстары ұстап, басын кендір арқанмен байлап, буындырып өлтірген. Екі көзі шарасынан шығып, ағып түскен. Көрген адам бұл хаюандыққа шыдарлық болмаған.
Асылбек Әбікенұлы – Барсоңғыр елінің азаматы. 11-ші қарашада Салмауыр деген баласымен барлығы 25 адам өлтірілді.
Ғабдулкерім Майлыбайұлы – Батыс Қаштек елінің азаматы. Жас жігіт жұртқа тоқтау айтамын деп жүргенде нақақтан атылып өлтірілді.
Әліш Дүйсенұлы – ұлтшыл, пікірлі жігіт еді. Өзі газет оқып һәм халық арасына пайдалы пікір таратушы еді. Атып өлтірілді.
Қалғұл Субатайұлы – Алматы уезі, Шамалған елінің азаматы, дарға асылды.
Ұзақ Сауырықұлы – жаңжал уақытында Қарқарадан ұсталып, Пржевальға түрмеге салынып, сонда жатқанда өлтірілді.
Жаңабай – Қоңырбөрік елінің азаматы, Пржеваль абақтысында Ұзақпен бірге жатып өлді. Марқұм жұртқа өнер-білім жайылуына еңбек етіп үгіт айтушы азамат еді.
Жауыз үкіметтің қанды жарлығынан құрбан болған бауырларым, топырақтарың жеңіл, жайларың жанат болсын! Арттарыңда жетім қалған сорлы қырғызға мейірімі жасаған рахым айласын! Көрген пәлеміздің алды-арты осы болсын. Қазақ, қырғыз баласына ғұмырлы абырой, бірлік-береке берсін.
Ишенғали Арабайұлы.
«Қазақ» гезеті, №259, 4-бет, 12 қаңтар, 1918 жыл..
Түп нұсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас
ЛИДЕРЫ КИРГИЗСКОГО НАРОДА,
СТАВШИЕ ЖЕРТВАМИ УКАЗА ОТ 25 ИЮНЯ
У нас, киргизов было мало просвещенных, грамотных людей могущих руководить и служить киргизскому народу. Большинство из них стали жертвами злополучного приказа и последовавших за ним действий властей. С прошлого года киргизский народ подвергался гонениям, истреблялся, бежал, возвращался – испил полную чашу горя. Об этом, обо всем известно казахскому народу и всем народам Туркестана. Теперь уцелевшие киргизы стараются выжить, стать народом, когда чувствуется нехватка грамотных сыновей киргизского народа, думаю не лишне будет, вспомнить о своих киргизских сыновьях, которые правдой служили и истинно заботились и переживали за свой народ.
Мы даже не смогли (нам не дали) с достоинством похоронить их, поэтому считаю своим долгом сказать несколько слов о них:
Гишман Кошайулы – учитель. Он в молодости учился среди киргизов, далее в Пржевальске, уехал в Турцию на учебу, закончил, вернулся учителем, лектором. Гишман вернулся из Турции перед войной, открыл большую школу, приступил к работе по обучению детей сотнями, вел просветительскую работу среди невежественных киргизов. В прошлом году в местечке Сырт русский отряд арестовал его. Дальше о нем нет никаких вестей, никаких данных. Были люди которые видели где его убили. Как нам не хватает таких джигитов как Гишман.
Касымали Кажы Мамбетулы – был известным человеком из участка Нарын, Пржевальского уезда. Был повешен. Вместе с ним повесили и одного из его сыновей. Касымали Кажы не жалея сил служил своему народу.
После того как он совершил Хадж, вернувшись принялся строить хорошие школы, вел просветительную работу. Проявлял заботу о различных группах народа. Призывал к единству, к его словам народ прислушивался.
Асхат Канагатулы – джигит из Пишпекского уезда, его схватили в Алаколе Пржевальского уезда. Повесили. Безвинно убитый Асхат получил образование в Уфе, в медресе. Приступил к службе народу. В Медресе, построенном на деньги деда, Канахата Кажы, учил грамоте, наукам, занимался просветительской работой среди киргизского народа. Русские не разрешили даже захоронить его останки на своей земле. После обретения свободы, киргизы воздержавшись от самовольного перезахоронения, вновь просили разрешение у новых властей.
Опять отказали, ссылаясь на то, что о перезахоронении должны просить близкие, родственники. Я сам просил разрешение у прокурора, «придет время, решим» – был ответ. Вот Вам, наша свобода.
Канагат Кажы Бокейулы – это видный деятель и борец за права киргизского народа. Он стоял во главе Маимурского востания против колониальной власти. Находился в Алматинской тюрьме, за несколько дней до освобождения умер. Говорят отравили.
Андас Шалулы – киргиз рода Нурмамет. В июне месяце схвачен русскими в Токпаке. Накинув аркан на его шею задушили. Его глаза вытекли. Видевшие это с ужасом сообщают о таком зверстве.
Асылбек Абикенулы – из рода Барсонгыр. 11-го ноября вместе с сыном Салмауыром и другими киргизами, всего 25 человек, был убит.
Габдулкерим Майлыбайулы – из западного Каштека. Молодой джигит проводил агитационную работу среди населения, был застрелен.
Әлиш Дуйсенулы – идейный человек, борец за национальные идеи. Был грамотным. Много читал. Распространял идеи, которые могли бы помочь киргизскому народу. Расстрелян.
Калгул Субатайулы – из Чемолгана, Алматинского уезда, повешен.
Узак Сауырыкулы – в смутные времена схвачен в Каркаре. Содержался в Пржевальской тюрьме. Там и был убит. Жанабай – из рода Конырборик. Был в Пржевальской тюрьме, вместе с Узаком убит в той же тюрьме. При жизни вел работу по искоренению невежества, проводил агитацию, просветительскую работу.
Братья мои, павшие от рук жестокой власти, пусть земля будет вам пухом, пусть ваши незаконченные дела пойдут во благо народа и найдут свое продолжение. Пусть, те невзгоды, те разрушения и разорения которые мы пережили, больше не повторятся. Пусть всегда будет единство, братство между киргизским и казахским народами.
Исангали Арабайулы
Газета «Казах», №259, стр.4, 12 января 1917 года.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…












[…] Basy: […]
[…] Basy: […]