Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Қалың бет

admin
2026/03/04
Әдебиет
0
Қалың бет

Оның шын атының кім екендігін өзімде толық білмеймін. “Ғанибет” немесе басқа болар. Шешей оны “Қалыңбет” деп атайды. Қалыңбет аталуына өзі де разы ма, әлде шарасыз ба, бұған ешқандай қарсылық білдірмейді. Сондықтан біз де оны осылай атап кеткенбіз.

Қалыңбет біздің шешейдің азық-тулік дүкенінің үнемілік қызметшісі іспетті. Таң ата дүкеннің есігін ашсаң болды, Қалыңбет тұрады. Кешке жабатын кезде онымен бірауық мылжыңдасып тұруың шарт, бір роюка арақ үшін бүкіл өмірін айырбастауға дейін барады, алайда есепсіз дүние жоқ. Оны қашан иландырғанша өзің де жалығып бітесің. Мінезімнің шорттығынан немесе басқалардың көңілін терең сезінбейтін шалағайлығымнан болар, Қалыңбеттің қыжыртқы сөздеріне тез шамданамын да қол көтерүге дайындаламын, мұндай кезде шешей жөнге салады. Оның сырын шешей әбден біледі.

Қалыңбет кезінде осы ауылды аузына қаратқан азамакттардың бірі болған екен. Кім біледі, шешей айтқандай, арақтың кесірінен шығар, ол, осы күйге түсіп қалған. Басқа себептерден қарастыруға келмейді. Басқалар жап-жақсы  өмір сүріп жатыр ғой. “Тегінің жамандығынан” дейтінмін оның қитұрқы қылығына мезі болғанда. Қейде бір көңілді кездерім де Қалыңбеттен:

–  Қалыңбет, үйде бекер жатып жалықпайсың ба? – деп сұраймын.

Сонда ол:

– Жүрсем  аяғым ауырады, жұмыс істей бастасам бүлдіресің деп басқалар жолатпайды…- дейтін, одан ары біліп болмайтын қиялдарға шомып.

– Өзің секілді жігіттер сауда жасап, жер теріп дегендей, өз отбасын деңгелек айналдырып жатпай ма?

– Е, білеміз… істегенбіз… көргенбіз… дейді түсініксіз бірдемелерді міңгірлеп.

– Темекің бар ма? – дейді сосын қолын созып, бұл қимылға әдеттеніп кеткендік пе, ерсі көрінбейді.

– Жоқ, темекі тартпаймын. Өзіңде білүші едің ғой, – деймін. Оны ескеріп жатқан Қалыңбет жоқ, іштей қынжылып тұрғанын сеземін де:

– Несіне темекі тартасың, тастап кетүге болмай ма?

– Болмайды.

– Неліктен?

– Темекі тартқан сайын құрып қалғыр қиялдан құтыламын да, баста жүрген ауыр ойлардан арыламын. Темекі тартпаған соң мұның сырын білмейсің, – дейтіні бар.

Кейде қызық, бір тартым темекіні құшырлана тартып болған соң, маңдайын сыйпайды да:

Ертең ерте атсаң насты,

Ұмытасың Қызыр мен Ілиясты.-

деп әндете жөнеледі, – шіркін бір роюка арақ боларма еді мұндайда, – дейді тынышы кетіп.

Бір күні Қалыңбеттің үйіне жеңіл машинамен бірнеше адам келіп қайтты. Содан бастап біздің көршілердің оған деген көзқарастары өзгере бастады.

– Қаладағы туысы екен, үлкен бастық екен, – деп ауыл үйді аралап шықты желбике апайымыз. Алайда бұл тұралы Қалыңбет ешнәрсе айтпады. Оның осы қылығы бізді түсініксіз қиялдарға салды. Осыдан бастап шешейдің де ол тұралы көзқарасы өзгере бастағанын сезіндім. Әлдебір күні үйге кеш оралдым. Әдетте мұндай кезде жабылатын дүкен ашық тұр. Ішінде Қалыңбет бар, бірнеше адам дуылдап отыр.

– Қақаң көрім ғой, – дедім шешейге.

– Қарызға алды.

Шешейдің бұл өзгерісіне қатты танғалдым. Қалыңбет сол күні мың теңгеге колхат жазып кетті. Сол күннің ертесінде, шоқ сурай келген Желбике апамыз Қалыңбетті сақшы ұстап кеткендігін жеткізді.

Сол күннен бастап көршілеріміз де арызшыл болып шыға келді. Біреүі жоғалған сиырын, тауығын, итін Қалыңбеттің ауласынан қарайтынды шығарды. Кейбіреулері арақтың кесапатынан өлген тұысын да одан көріп, арыз беріп жатты… Содан кейін Қалыңбетті көре алмадық, қандай қылмыс жасағанынден білмедік.

Мен арада шетелге шығып оралдым. Келген күні шешей қарыз дәптерін ақтарып отыр екен, бірінші қатарға Қалыңбеттің мың теңгесі жазылыпты.

– Қалыңбет ауылға оралмаған ба? – деп сұрадым.

– Е, шешей кең тыныстады, – іздеусіз, сұраусыз адам болды ғой

– Іздейтіндері жоқ па екен?

Сол ауылдағы күнімнен абақты тәуір екен дейтін көрінеді.

Мен қарыз дәптерін алдым да Қалыңбеттің қарызын сызып тастадым, шешейге бұл тұралы еш нәрсе айытпадым.

Бұдан бұрынғы қарыздары қала берді

Қажет Андас,

Q–Andas ақпараттық агенттігі

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 240
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz