Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Өмірлік таңдау

admin
2026/03/13
Тұлғатану
0
Өмірлік таңдау

Халқымызда: «Көп естігеннен сұрама, көпті көргеннен сұра» деген дана сөз бар. Біздің тарихымыз бен ұлттық құндылығымыз осылай өріледі.  Иә, ұлт мұраларын тірнектеп жинайтын болсақ, мұндай нақылдың сан түрін табуға болады. Олардың әрбірі өмірдің өзегі, сөз мәйегі ретінде бүгінгі күнде де құнын жоғалтқан жоқ. Осы ретте тәуелсіздіктің 20 жылында жеткен жетістіктерімізді де ұлттық құндылықтың жалғастығынан іздестіруге болады. Әлбетте, бәрімізге мәлім, саусақпен санарлықтай жыл ішінде барлық салада үлкен табыстарға жеттік. Тіпті, өзге елдерді таңғалдырған бастамаларымыз да аз болмады. Әрине, мұны мемлекеттік маңызы бар іргелі жобалардан қарастыруға болады. Сол бағыттардың жүзеге асуында қарапайым адамдардың да қосқан үлесі жетерлік. Әсіресе, өскелең ұрпаққа саналы, салиқалы тәрбие беруде атқарылған кешенді шаралар көңіл қуантады. Осы орайда, мұғалімдер қауымына ризашылық білдірген жөн. Сол қатарда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қолға алынған «Атамекен – тәуелсіз, ұлттық тәлім-тәрбие» бағдарламасын тәрбие сағатының өзегіне айналдырған және оны жетілдіріп, дамытқан Гүлшәкира (Шәкен) МҰҚАМЕДЖАНОВА апа туралы айтпай кетуге болмайды.

Шәкен апа 1942 жылы жазығында жусаны жайқалған, бел-белесінде тал-терегі тербелген, бал бұлағы сылдырап аққан шағын ауылда туды. Аядай ауылдың аңқылдақ ақсақалдары мен көңілінің кірбіңі жоқ апалардың аялы алақанымен алғашқы қазақы тәрбиені қабылдап, үлкен өмірден өзіндік орнын тапты. Ауыл мектебінің директоры, ауылдық округтің басшысы, облыстық мекемелерде лауазымды қызмет атқарған, соғысқа қатысқан әкесінің қас-қабағынан мейірімділік пен сырбаздықты, батылдық пен бауырмалдықты  сезініп өсті. Отбасындағы бес баланың сыйласымдылығы бөлекше болатын. Сондықтан да оның бойында ұлттық құндылықтарға деген ізгілік бала жасынан қалыптасты. Халқымыз: «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демей ме? Сол ізгіліктің жүлгесімен жүрегіне сіңген тамаша қасиеттер өсе келе бүр жарып, ақыры халқына қалтқысыз қызмет жасауға құлшындырды.  Қазіргі Ескелді  ауданының Жетісу ауылында орта мектепті бітіріп, арманын ұштау мақсатымен алғашында медициналық училищеге түседі. Бірақ, оны бітірген соң  өзінен бұл мамандықтың қолайлы еместігін сезінеді. Өйткені, оның бойындағы жауапкершілік, ұқыптылық, ізденгіштік қасиеттері ұстаз болуға бейім еді. Сондықтан дайын тұрған жұмысты тастап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқуын жалғастырады. Университет қабырғасында жүрген кезінде мұғалімнің бойында қандай қасиеттер болуы керек болса, соның бәрін меңгеруге тырысты. Білмегенін сұрап, үйренуден жалықпады. Оқу орнын бітіргеннен кейін басқалар сияқты Алматыны жағалап, жақсы жұмысқа тұруды мақсат тұтпай, қазіргі Кербұлақ ауданына қарасты Шанханай мектеп-интернатына  мұғалім болып оралады. Сол кездегі батыл қадамына ризашылықпен қарайтын апамыз талғамының дұрыстығына уақыт өте келе көз жеткізді. Дей тұрғанмен, бұл биікке жету барысында төккен тері мен атқарған шаруалары аз болмады. Бір жағынан, үлкен өмірді көрген жас талант ауылдың қарадомалақтарына өркениеттің нәрін сіңірсе, екінші жағынан, мектептегі барлық мәдени-шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болды. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бере жүріп, болашақ жоспарына қадам жасады. Десе де, ауылды жердегі материалдық жағдайдың нашарлығы оның талай жоспарының жолын кесті. 1977 жылы Талдықорған қаласындағы қазақ мектеп-интернатына (қазіргі Талдықорған қаласындағы Дәнеш Рақышев атындағы №3 мектеп-интернаты) ауысады. Осы ортада зейнетке шыққанша 30 жылдан аса уақыт қызмет істеді. Шәкен апа шәкірттеріне білім берумен қатар өмірлік ұстанымы «Қазақ баласына ұлттық құндылықтарды ұғындыру» мақсатын да орындап шықты.

Әлбетте, мектеп-интернатқа төрт түлігі сай балалардың келмейтіндігі мәлім. Бірі тірі жетім, енді бірінің қамқоршысы жоқ дегендей, көңілі жадау балалармен жұмыс істеудің өзі де оңай емес. Оларға тәрбие берудің өзіндік жолын қарастырды, әр баланың қас-қабағына қарап жұмыс істемесең  нәтижеге жете алмайсың. Бірінің көңілін көтеріп, енді бірінің жарасын тырнап алмауың керек. Ол үшін сабақ берудің бар балаға ортақ жаңа үлгісін қалыптастырған жөн. Осы тұста балаларға саналы тәрбие беру бағытында педагогтар көп ізденіс жасады. Шәкен апа бұл тығырықтан шығу үшін сол кезде жиі қолданылатын: «Менің елім – КСРО» атты бағдарламаны сабақ жұмысына ыңғайлы пайдаланды.

Әрине,  кеңестік жүйені сыпыра жамандағанымызбен ол дәуірдің де озығы мен тозығы болды. Ал жоғарыда аталған бағдарлама мінезі-құлқы әртүрлі баланың ұғымын бір арнаға тоғыстыруда үлкен рөл атқарды. Дегенмен, бұл бағдарлама кеңестік идеологияның ортақ қазанында қайнағандықтан орыс ұлтының мүддесі салмақты болып, өзге ұлттардың бай мазмұнды, мағыналы құндылықтары тасада қалып келді. Аталған кемшілік одақ құрамындағы қазақтардың арасында басым орынды иеледі. Кеңестер Одағы ыдырап, республикалар бірінен соң бірі тәуелсіздігін жариялап жатқанда қазақстандықтардың алдында қандай мемлекет құру,  нендей бағыт ұстану керектігі талқы таразысына түсіп, өзекті мәселенің біріне айналды. Одақтан бөлініп, дербес ел болу түс сияқты болып сезілгенін де жасырмаймыз. Тіпті, сол кездегі жастардың дені қазақ халқының өткен тарихынан мүлде бейхабар болатын. Айталық, Абайды, Жамбылды білгенімен  қазақ тарихы жайында, қазақ-жоңғар шапқыншылығы, қазақ батырлары, хандары туралы мүлде білмейтін. Соған қатысты әдебиеттер де жоқтың қасы болатын. Сондықтан халқымыздың терең тағылымы мен бай таихымен сусындаған жандар осы ақтаңдақты жою үшін ынта-ықыласын, күш-жігерін, ақыл-парасатын аямады.Ұлттық мектептердің  педагогтары ұлттық тәрбие беруге арналған жаңа жобаларды ұсынып жатты. Осы тұста республикалық «Ұлан» газетінің 1990 жылғы 8 наурыздағы нөмірінде жас ғалым-педагог Мұхамед-Рахим Қыдырбайұлының «Атамекен» тәуелсіз, ұлттық тәлім-тәрбие бағдарламасы жарық көреді. Сол жылы 19 қазанда Атырау, Семей өңірінде аталған бағдарламаның тұсаукесері өтіп, келесі жылы 7 желтоқсанда Алматы қаласында республикалық «Атамекен» ұлттық тәлім-тәрбие ордасының І құрылтайы шақырылды. Осыдан кейін аудандық, қалалық, облыстық білім бөлімдерінің жанынан «Атамекен» ұйымдары құрылып, жұмыс басталып кетеді.

«Атамекен»  жалпы білім беретін мектептердегі халықтық педагогиканың ерекшелігіне негізделген методикалық бағдарлама. Аталған бағдарлама 30 бағыттан тұрады. Олардың «Салт», «Шежіре», «Асыл мұра», «Жібек жолы», тағы басқа да атаулары болды. Олардың салмағы, іздену жолдары да бір-біріне мүлде ұқсамайды. Тіпті сабақ барысындағы балаларды топқа бөліп, іздену, зерттеу жұмысын жүргізудің де жолдары қарастырылған.  Қысқасы, «Атамекен» бағдарламасы бойынша тәлім алған бала 1 сыныптан бастап 11 сыныпқа барғанда қазақы құндылықты бойына толық сіңіріп үлгереді.

Бағдарлама  қазақ халқының оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісін жасауды мақсат еткендіктен  түрлі қиындыққа дөп келді. Өйткені, бағдарламаның бағыты, анты, өзінің заңдылығы жасалғанымен, оны сабақ барысында қолданудың тәжірибесі жоқ еді. Сонымен қатар, бұл бағдарлама бойынша сабақ жүргізгенде міндетті түрде көрнекі құралдарды пайдалану қажеттігі туатын. Бұған материалдық жағдай әлсіздік танытты. Алайда, осы жетіспеушіліктер рухы мығым  мұғалімдерді босаңсыта алмады. Қайта қайраттана іске кірісті. Бұл бастаманы өңірімізде алғашқылардың бірі болып Шәкен апамыз қолға алды.

Жоғарыда айтылғандай, 30 бағытқа бөлінген бағдарламаның ең басты шарты оқушыларды топқа бөлу арқылы кезең-кезеңмен жұмыс істеуді талап етеді. Мұны әр өңірдегі, әр мектептегі мұғалімдер өзінің жағдайына қарай қолдана бастады. Ал Шәкен апамыз балаларды 4 кезең мен топқа бөлуді және тәрбие жұмысының тақырыптық жоспарын жасауды негіз етті. Бұл бағдарламада нақтылы көрсетілмегенімен оның қалыбынан шығып кеткен жоқ. Қайта кейбір кемшін тұстарды толықтыруға мүмкіндік берді.  Алдымен оқушыларды балдырған кезең (7-8 жас), жас жеткіншек кезең (9-10 жас), жас ұлан кезеңі (11-13 жас), жас-өспірім, бозбалалық кезеңге (14-19 жас) бөліп алған соң әр кезеңдегі балаларды төрт топқа бөліп, міндеті мен қызметін айқындады. Яғни, «Іздеушілер тобы»  – олар мәдени орындарды аралап, сабаққа қатысты материал жинаумен айналысады. «Үгіт-насихат тобы» – іздеушілер әкелген материал негізінде түрлі шара (әңгіме, «дөңгелек үстел», т.б) ұйымдастырады. «Жеделжәрдем тобы» –  түрлі шарадан кейін еңбек ардагерлерімен кездесу өткізіп, кітап оқып береді. Сондай-ақ, өздері ұйымдастырған шаралармен таныстырады. «Архив және безендіру тобы» ашық сабақтарға буклет жасайды, оны безендіреді, тақырыптарды сұрыптайды, кемшіліктері болса көрсетіп отырады. Топқа бөлу жұмысынан кейін енді тақырыпты сұрыптау басқышына да мән берілді. Ол үшін мұғалім «Сөнбес жұлдыздар», «Ардагер», «Баба өсиеті», «Асыл мұра», «Шаћар», «Толғау», тағы басқа бағыттары бойынша  өзінің айлық, тоқсандық, жылдық жоспарын жасайды. Осы барыста тәрбие сағатына ата-аналар да қатыстырылып, олардың да ұлттық құндылықтармен сусындауына жол ашты. Егер жоспар бойынша қолға алынған тәрбие сағаты белгіленген уақыт аралығында аяқталмаса оны келесі кезеңде жалғастырып отырды.

Әлбетте, бұл айта салуға жеңіл болғанымен оны жүзеге асыру көп еңбекті талап етті. Шәкен апа соның бәріне шыдады. Іздене жүріп, тәжірибесін жетілдірді. Тыңнан түрен салып, сабақтың түрін молайтып, мазмұнын байыта берді. Айталық, «Талап – тұлпар, білім – сұңқар», «Ойлан-тап», «Кім бұрын», «Елім-ай» ойын сабақтары, «Ауызша журнал», «Саяхат сабақ», «Сахналық көріністер», « Айтылмай кеткен аманат», тағы басқа тәрбие сағаттары кез келген мұғалімге үлгі болатын дүниелер. Ал «Ұлы Жібек жолы» сағатында пайдаланған картасында қазіргі қалалардың орнына көне атаулары қойылып, тарих тереңіне жетелейді. «Айналайын» балалар үйінде өткізген 86 сабаққа қолданған көрнекі құралдары бүгінде сақтаулы тұр. Егер жолыңыз түсіп «Айналайын» балалар үйіне бара қалсаңыз, ондағы ізденіс жұмысы, тәрбие сағаты, ондағы қолдан жасалған ұлттық бұйымдардың көптігіне тәнті боласыз. Осы іздену жұмыстарын жинақтай келіп, 1997 жылы «Атамекен» тәрбие бағдарламасына әдістемелік ұсыныстар» атты кітапты баспадан шығарды. Оған «Елім-ай», «Ұлы Жібек жолы», «Домбыра-дастан» бағыттары бойынша қолға алған іс-тәжірибелері жинақталды. Аталған кітап сол тұстың өзінде оқырмандар мен мұғалімдер тарапынан қолдау тапты.

Міне, осы ізденістердің нәтижесін бүгінде көріп келеміз. Жиырма жылдың алдындағы «Қазақ мектептеріндегі білім беру сапасы орыс мектептеріне жетпейді», – деген қалыптасқан ұғымнан түбегейлі арылдық. Бұған қазіргі қазақ тілді мектептердің білім беру сапасының жоғарылап, талантты оқушылардың  көптеп шығып жатқаны осының дәлелі. Мұндай жетістікке «Атамекен» бағдарламасының үлесі мол болды десек, оның өңірімізде атқарылуына бар ынта-ықыласын жұмсаған Шәкен апаның жемісті жетістігін де ескермей болмайды.

Өмірде қарақан басының қамын күйттемейтін, болдым-толдым деп асып-саспайтын, Алласы аузынан түспейтін, бәрінен де адамгершілік қасиетті жоғары бағалайтын жандар болады. Алла тағала да осындай жандарды қорғап-қолдап жүретіні анық.

Қажет Андас,

«Q-Andas» ақпарат агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 24
Шәкірт мақтанышына айналған
Тұлғатану

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026
Ел анасы
Тұлғатану

Ел анасы

April 15, 2026
Қыз Бәтес
Тұлғатану

Қыз Бәтес

April 3, 2026
Қайсар қызы қазақтың
Тұлғатану

Қайсар қызы қазақтың

April 3, 2026
Тәңірдің берген сыйы
Тұлғатану

Тәңірдің берген сыйы

March 27, 2026
Дәстүрді жаңғыртқан шебер
Тұлғатану

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

March 26, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz