Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ағаштан түйін түю өнері ежелден ерекше орын алған. Көшпелі өмір салтына бейімделген халқымыз ағашты тек құрылыс материалы немесе тұрмыстық қажетке жарайтын шикізат деп қана қарамаған. Оны табиғаттың тылсым сыйы, күнделікті өмірдің берекесін арттыратын қасиетті дүние ретінде таныған. Сан ғасыр бойы қазақ шеберлері ағаштан бесік, адалбақан, кебеже, асадал, ер-тұрман, ыдыс-аяқ жасап қана қоймай, оған ұлттың талғамын, танымын, рухани болмысын сіңіре білді. Домбыра мен қобыздың үнінде, астау мен тостағанның бедерінде, қарапайым бұйымның өзінде қазақы дүниетаным мен шебер қолтаңба қатар өріліп жатты. Сондықтан ағаш шеберлігі – халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, ұлттың болмысын айқындайтын асыл өнердің бірі.

admin
2026/03/26
Тұлғатану
0
Дәстүрді жаңғыртқан шебер

Наурыз – осы ұлттық тамырды тереңірек сезінетін, өткен мен бүгінді жалғайтын ерекше мезет. Бұл – жер бусанып, табиғат қайта түлейтін, ал адам баласы өз бастауы мен өзегіне үңілетін кезең. Осындай уақытта халқымыздың байырғы қолөнерін сақтап, оны бүгінгі күнмен сабақтастырып жүрген жандардың еңбегі айрықша құрметке лайық. Солардың бірі – Ескелді ауданына қарасты Абай ауылында тұратын шебер Нұртілеу Рауя.

Нұртілеудің Қазақстанға келу тарихы 2013 жылдан басталады. Қытайдан атамекенге қоныс аударған жас жігіт алғашында Алматыда танысының үйін паналайды. Арманы – журналист болу еді. Алайда тағдыр жолы оны басқа арнаға бұрды. Оқуға бір күн кешігіп қалып, өмірлік жоспары өзгеріп шыға келді. Сөйтіп, ол құрылыс саласына араласып, еңбекке ерте араласты. Дәл осы кезеңде ағашпен етене жақын танысып, оның сырын ұғына бастайды. Көп адам үшін жай ғана құрылыс материалы саналатын тақтай мен брус Нұртілеу үшін мүлде бөлек әлем еді. Оның жанарында әр ағаштың бойында болашақ бір бұйымның бейнесі, бір өнердің табы жататын.

Оның өміріндегі ең маңызды белестердің бірі – белгілі шебер Тілеш Намазбековпен жүздесуі. Қазақстанға ғана емес, шетелге де танылған, домбырасы мен қобызына Америка, Канада және ТМД елдерінен тапсырыс түсетін өнер иесі Нұртілеудің бойынан еңбекқорлық пен табиғи қабілетті бірден аңғарады. Сөйтіп, оны өз қасына шақырып, алғашқы шәкірті етеді. Осы тұстан бастап Нұртілеудің ұлттық қолөнерге бет бұрған жолы айқындала түседі. Домбыра мен қобыз секілді киелі мұралардың жасалу технологиясын үйрену, ағаштың мінезін тану, оны илеу мен өңдеудің нәзік қырларын меңгеру – жас шебердің кәсіби қалыптасуына үлкен мектеп болды.

Уақыт өте келе Нұртілеу өз өңірінде жеке қолтаңбасын қалыптастыра бастады. Шеберханаға алынған станок оның жұмыс ауқымын кеңейтіп, өз үйіне қоныстануы дербес кәсібінің басталуына жол ашты. Алғашында танысымен бірге түрлі жиһаз жасап жүрсе де, көңіл түкпіріндегі ұлттық бұйымдарға деген ықылас бір сәт те бәсеңдеген жоқ. Бір күні құрылыс үстінде жерге құлаған қарапайым бір тақтай оның ойына астаудың пішінін әкеледі. Сол сәттен бастап қазақтың ет тартатын, ас ұсынатын қасиетті ағаш ыдысы – астауға деген қызығушылығы шынайы іске ұласады. Алғашқы жасаған астауы бірден өтіп, шеберді жаңа бағытқа жетелеп әкетеді.

Содан бері Нұртілеу ұлттық ыдыс-аяқ түрлерін – астау, тостаған, қымыз құятын шара, пиала секілді бұйымдарды жасап, қазақы тұрмыстың мәнін қайта жаңғыртып келеді. Оның бұйымдарында тек қол икемі ғана емес, ұлттық дүниетаным да көрінеді. Шебердің ұстанымы да осыған саяды. Оның пайымынша, ағаш – жансыз материал емес, табиғаттың тынысы бар тірі дүние. Оны қалай болса солай кесе салуға немесе өңдей салуға болмайды. Әр ағаштың өз мінезі, өз ырғағы бар. Сол мінезді тани білген адам ғана шынайы бұйым жасай алады. Ал ұлттық бұйым жасау – жай кәсіп емес, атадан қалған аманатты жалғау.

Бүгінде Нұртілеу Рауя өз кәсібін толық жолға қойған шебер. Оның шеберханасында заманауи станок бар, өндіріс жүйесі қалыптасқан, дайын өнімдері еліміздің түкпір-түкпіріне тарайды. Ол қарағаш, қайың, жаңғақ секілді ағаш түрлерінен ұлттық ыдыс-аяқ, баспалдақ бөлшектері, интерьерге арналған сәндік және тұрмыстық бұйымдар жасайды. Нұртілеудің тағы бір ерекшелігі – үй жиһаздарын ұлттық нақышпен жасап шығаратындығы. Ол тек ыдыс-аяқ пен ағаш бұйымдар жасаумен шектелмей, заманауи үй интерьеріне қазақы өрнек пен дәстүрлі сәнді үйлестіре отырып, ерекше жиһаз түрлерін де дайындайды. Шебердің қолынан шыққан үстел, орындық, кереует, сандық, сөре секілді бұйымдарда ұлттық ою-өрнек, қазақы қалып пен талғам анық аңғарылады. Осы арқылы ол күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым жиһаздың өзін ұлттық рухпен байытып, үй ішіне қазақы жылылық пен болмыс дарытады. Ұлттық нақышты заманауи талғаммен ұштастыру – оның басты артықшылықтарының бірі. Аудан әкімдігінің қолдауымен апатты ағаштарды өңдеуге алып, оны тиімді іске жаратуы да – табиғатқа ұқыптылық пен кәсіпке жауапкершіліктің көрінісі.

Ол ағаш шебері ғана емес, жанына өнер мен серілікті қатар серік еткен көпқырлы азамат. Ол спортқа да етене жақын. Ұзақ қашықтыққа жүгіруді жанына серік еткен шебер бұл бағытта да шыңдалып, төзім мен табандылықты талап ететін спорт түрінде өзіндік қырын танытып жүр. Сонымен бірге ол – ақынжанды жан. Бос уақытында өлең жазып, көңіл көкжиегіндегі ойларын қағазға түсіреді, жан сырын жырға қосады. Тіпті облыстық мүшәйраларда жүлдегер болып та жүр. Бұл оның болмысында шеберлік пен сезімталдықтың, еңбек пен өнердің, қайсарлық пен нәзік жан дүниенің әдемі астасқанын аңғартады.

Қолөнершінің зайыбы Қанипа Еркін сұлулық саласында еңбек етеді. Ал екі ұл, екі қыздан тұратын төрт перзенті оның өміріне қуат, көңіліне шабыт береді. Шебер үшін отбасы – тек тұрмыстық сүйеніш емес, рухани демеу. Өйткені әр жасалған бұйымның артында маңдай тер ғана емес, жақындарының қолдауы, балаларының болашағына деген сенім де жатады. Бүгінде оның шеберханасында бес адам еңбек етеді. Бұл – бір адамның кәсібі ғана емес, ұлттық өнерді жаңғыртқан шағын ұжымның қалыптасқанын аңғартады. Әрқайсысы әр бұйымға жан бітіріп, қазақы нақыштың қадірін арттыруға үлес қосып жүр.

Шебердің жаңа жобалары да назар аудартады. Солардың қатарында ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойында қолданылған стильге ұқсас мельхиордан жасалатын ыдыс түрлері бар. Бұл – ұлттық пішінді сақтай отырып, оны жаңа материалдармен сабақтастыруға деген талпыныс. Яғни Нұртілеудің еңбегінен біз дәстүр мен жаңашылдықтың астасуын көреміз.

Нұртілеу Рауяның өмір жолы – ұлттық мұраға деген құрмет, тынымсыз еңбек пен шынайы шеберліктің тоғысқан тағылымды үлгісі. Оның әрбір туындысында қазақ даласының исі, ата-бабаның қолтаңбасы, ұлттық болмыстың бедері бар. Мейлі ол домбыра болсын, мейлі қобыз болсын, мейлі астау не тостаған болсын – бәрінен де шебердің ішкі жан дүниесі мен халқына деген ілтипаты сезіледі. Сондықтан оның еңбегі – жай ғана кәсіп емес, мәдени мұраны тірілтудің нақты көрінісі.

Бүгінде қазақтың ағаш шеберлігі жаңа тыныс алып келеді. Бір кездері тұрмыстық қажеттіліктің өтеуі ретінде қаралған бұл өнер енді ұлттық брендке, мәдени мұраны ұлықтайтын маңызды салаға айналып отыр. Қазіргі шеберлер тек бұйым жасап қана қоймайды; олар ұлттық кодты сақтайды, ата дәстүрді заманға лайықтап ұсынады, қазақы эстетиканы жаңа деңгейге көтереді. Республика көлемінде ұлттық ыдыс-аяққа, қолдан жасалған ағаш бұйымдарға, интерьердегі этностильге сұраныс артып келеді. Бұл – ағаш шеберлерінің еңбегі бағаланып, халықтың өз мұрасына қайта бет бұра бастағанының айқын белгісі. Осындай үдерістің алдыңғы шебінде жүрген Нұртілеу секілді шеберлер – өткеннің өнегесін бүгінге жеткізіп, ертеңге аманаттап жүрген нағыз мұрагерлер.

Қажет Андас

«Q–andas» ақпарат агенттігі

Фотосын түсірген Жұмабай Мұсабеков

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 95
Шәкірт мақтанышына айналған
Тұлғатану

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026
Ел анасы
Тұлғатану

Ел анасы

April 15, 2026
Қыз Бәтес
Тұлғатану

Қыз Бәтес

April 3, 2026
Қайсар қызы қазақтың
Тұлғатану

Қайсар қызы қазақтың

April 3, 2026
Тәңірдің берген сыйы
Тұлғатану

Тәңірдің берген сыйы

March 27, 2026
Адал еңбек абырой әпереді
Тұлғатану

Адал еңбек абырой әпереді

March 26, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz