Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Қайсар қызы қазақтың

admin
2026/04/03
Тұлғатану
0
Қайсар қызы қазақтың

Ел қорғау жолындағы ерлік істерге аналарымыздың қосқан үлесі ересен. Батыр аналарымыз ерлермен бірге ел-жұртының болашағын қорғау үшін қанды шайқастарда қатар күресті. Кешегі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қазақ қыздары майданға өз ерiктерiмен аттанған алғашқы қарлығаштар болды.

Қазақтың қыз-келiншектері Қиыр Солтүстiкте де, Карелияның омбы қарында да, Смоленск өңiрiнiң қалың ну орманында да, Қап тауларында, Қара теңiз жағалауында, Украина мен Белоруссия елдерінде, Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшiн болған шайқастарда батырлықтың, табандылықтың, Отанға шексiз берiлгендiктiң жарқын үлгiсiн көрсеттi. Олардан ұшқыш та, танкист те, радист те, барлаушы да, партизан да шықты.

Күн өткен сайын олардың қайраткерлігімен бірге адам баласының өркенін өсіріп, болашаққа үлес қосатын рухани игілігінің қадір-қасиеті арта түседі. Соның бірі – Биғайша Құндақбаева.

Екінші дүниежүзілік соғыста қаһармандық танытып, ұрыс даласында атой салған Биғайша ҚҰНДАҚБАЕВА 1920 жылы Қаратал ауданы, Киров ауылында дүниеге келген. Қуғын-сүргін заманда әкесін «Алаш Орда» партиясына қызмет етеді деп айыптап, анасы екеуін Сібірге жер аударып жібереді. Биғайшаны әкесінің жақын досы Үштөбедегі балалар үйіне Ғазиз деген есіммен өткізеді. Кейіннен Есік қаласындағы балалар үйіне ауыстырылған ол мектеп табалдырығын аттайды. Қилы заманның қиындығын көріп есейген қыз 1939 жылы орта мектепті бітіріп, Алматыдағы медицина институтына оқуға түседі. 1942 жылы небәрі екінші курста өз еркімен майданға сұранып, арыз береді.

– «1942 жылдың сәуір айында құрбы-құрдастарыммен бірге комсомол жастары облыстық әскери комиссариятқа майданға сұранып арыз бердік. Нақты санын білмеймін. 1 эшелон қыз болдық. Бізді бірден кескілескен ұрысқа апарып салған жоқ. Түркіменстанның Красноводск қаласына түсірді. 33-ші жеке байланыс ротасында болдық. Мен телефонист барлаушылықты үйрендім. Немістер бұл кезде Оңтүстік Кавказға қауіп төндіріп тұрған. Содан ары 2-ші Беларусь майданына аттандық» деп айтып отыратын, – дейді апамыздың қызы Роза шешесінен естіген естелігімен бөлісіп.

Міне, осылай дәрігер боламын деп жүрген жас қыз иығына автомат асып, солдат болып шыға келді. Биғайша апамыз мемлекет қайраткері, республикамыздың бұрынғы шетелдерімен байланыс қоғамының төрайымы Роза Шамжанова, Сәлима Махмұтова, Зулиха Аусабаевалармен бірге майданға аттанады. Алдымен, Туркіменстанның Красноводск қаласында 33-ші жеке байланыс ротасына барады. Осында 6 ай оқиды. Жарты жыл бойы пулеметші, зениткашы, санитар, баяншы сынды бірнеше мамандықты жан-жақты меңгергеннен кейін К. Рокоссовский басшылық еткен 2-ші Белоруссия майданына барады.

От пен оқтың, қантөгістің ортасында жүрсе де жараланған солдаттар мен қарапайым халықты емдеді. Жауынгерлерді телефонограммамен байланыстырды. Қолына қару алып, сарбаз болып жауға аттанды. Зениткамен жаудың ұшып бара жатқан самолеттерін құлатып, жеңіске жету жолында ерен еңбек етті. Небір қиын-қыстау шақты бастан өткеріп, жеңіс Туын желбіретті. Майдан шебінде күндіз-түні көз ілмей қиян-кескі ұрыстарға қатысқан қаһарман қыздың ерлігі ескерусіз қалмады. Көптеген алғыстарға ие болды. 1945 жылы 20-шы маусымда КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен ефрейтор әскери атағымен елге оралады.

1945 жылы 25 желтоқсанда Брест қамалының қаһарманы Нұрлыбай Сабырбаевпен отау құрады. 1946-1978 жылдар арасында 28 гвардияшы-панфиловшылар дивизиясының құрамында болған Кеңес Одағының Батыры Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектепте ұстаз болып қызмет етті. Жұбайы Нұрлыбай 1970 жылы ауыр науқастан қайтыс болады. Отбасының ендігі қиындығын Биғайша апамыз жеке өзі арқалайды. Қоғамдық жұмыстарды атқара жүріп, балаларының тәрбиесіне де ерекше ден қояды.

Қызы Роза тағы бір естелігінде:

– «Мұғалімдікті армандаған жоқ едім. Соғысқа дейін дәрігер боламын деген арманмен жүрдім. Беларуссияның кішігірім ауылындағы сұрапыл соғыста бомба күйреткен мектепті, «Тоғызыншы октябрь, сынып жұмысы» деп жазуы бар өртенген тақтаны көргенде бейбіт күндегі мектептер көз алдыма оралды. Содан бастап жазықсыз жапа шеккен балаларға мейірім таныту керек деп есептедім», – деп анасының ұстаздық жолын қалай таңдағанын тілге тиек етті.

Апамыздың еліне, болашақ жастарды тәрбиелеуде сіңірген еңбегі бағаланып «Ағарту ісінің озаты» төсбелгісімен марапатталды. Облыстық оқу бөлімі мен облыстық кәсіподақ ұйымынан, аудандық ағарту бөлімінен алған түрлі  Алғыс хаттары бар. Сонымен қатар, 1948 жылы 1941-1945 жылғы Отан соғысындағы «Германияны жеңгені үшін», 1961 жылы «Ардақты ана», 1967 жылы 1941-1945 жылғы «Жеңіске 20 жыл», 1967 жылы «КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл», 1975 жылы 1941-1945 ж. «Жеңіске 50 жыл», 1977 жылы «Еңбек ардагері», 1978 жылы «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» медальдары, 1985 жылы 11 наурызда ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені табысталды. Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің басшылары кеңесінің 1995 жылғы 26 мамырдағы шешіміне сәйкес Кеңес Одағының Маршалы Г. Жуков медалімен марапатталды. Апамыздың соғыс кезіндегі ерлігі мен бейбіт қоғамдағы оқу-ағарту ісіне қосқан өлшеусіз үлесін ескеріп, Биғайша Құндақбаеваның есімі Көксу ауданындағы №1 мектеп пен Бозтоған ауылының бір көшесіне берілді.

Қазіргі ұрпақ қазақ деген халықтың бүгінгі тәуелсіздікке жетуінің ең негізгі сыры – халқымыздың отты жылдарда Отанын қорғай білген, бейбіт күндерде халқының қам-қайғысыз тірлік етуі үшін жанталасып, жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек еткен аға буынның теңдессіз қажыр-қайратын терең білгені жөн. Сұрапыл соғыста ерен ерлігімен танылған апамыз 1997 жылы 29 наурызда Көксу ауданы, Бозтоған ауылында қайтыс болды. Артында ерлік істері мен өнегесін мақтан ететін ұрпақтары қалды.

Қажет Андас

 «Жетісу» газеті, №49, сенбі 5 мамыр 2025.

5 2 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 86
Шәкірт мақтанышына айналған
Тұлғатану

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026
Ел анасы
Тұлғатану

Ел анасы

April 15, 2026
Қыз Бәтес
Тұлғатану

Қыз Бәтес

April 3, 2026
Тәңірдің берген сыйы
Тұлғатану

Тәңірдің берген сыйы

March 27, 2026
Дәстүрді жаңғыртқан шебер
Тұлғатану

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

March 26, 2026
Адал еңбек абырой әпереді
Тұлғатану

Адал еңбек абырой әпереді

March 26, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz