Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Ел анасы

admin
2026/04/15
Тұлғатану
0
Ел анасы

Қазіргі өмір тым күрделі. Адамдардың қарым-қатынасында да қарын ашыратын тұстар толып жатыр. Біздің бала күнімізде әр жастағы адамдардың өзіндік орны, салмағы, құрметі болатын. Үлкенді сыйлаудың, кішіні аялаудың, ата мен бала, аға мен іні, ене мен келін, тағы да басқа әулет мүшелерінің қалыптасқан шекарасы болатын. Өкінішке қарай, бүгінде соның бірін майшаммен іздеп, таба алмайсың. Той-томалақта далақтап билеген ақсақал, арзан күлкіге ерік берген әжелердің желіккен қылығын желіден де, өмірден де көріп, түңілесің. «Ұят пен ар-намыс болуы керек қой» деп жағаңды ұстайсың. Қысқасы, адамдар арасындағы парық қалмай барады. Осындай істерден көңілің жүдеп жүргенде иманжүзді, қазақтың әдебі мен ибасын сақтап жүрген, тілдескенде жүрекке жылылық ұялайтын жандармен жолығеып, жаның жадырап қалады. Сексен жасқа келетін Тоқтабала Нұрсапанова апамызбен әңгімелескенімізде көңіл көкжиегіміз кеңіп, біздер де сондай ғажайып көңіл-күйге ендік.

Апамыз әкесін көрмепті. Талай азаматтың өмірін жалмаған Ұлы Отан соғысы Нұрмұхамбет Нұрсапановты да аман қалдырымапты. Әкесі соғысқа кеткенде анасының құрсағында қалған шақалақ содан бергі 80 жылды әкесін аңсаумен өткізіп келеді. Апамыз туып-өскен Жыланды ауылында әкеге сағынышын арқалап өткендер аз емес. Сол буынның бір артықшылығы – олардың дені үлкендердің тәрбиесін көріп, өнегесімен өсті. Тоқтабала апамыз да әжесінің бай да, тағылымды тәрбиесін алды. Ауылдағылар Әлфия әжені құрметтеп,  Молда апа деп атап кеткен екен.  Жеті жасынан діни оқуды меңгеріп, кішкентай күнінен жүрегін имандылыққа бейімделген абзал әже 1975 жылы 87 жасында өмірден өткенше Тоқтабала апамыздың қормалы да, қорғаны да болды.

Нұрмұхамбет атамыздың соғыстан оралмағаны Тоқтабала апамыздың шешесі Нұрлықанға жеңіл тимегені анық. Тұрмыстан тапшылық, жақындарынан қағажу көрмегенімен, өмір бойы жарынан хабар ала алмай аңсауын ішіне жасырып, көз жасын көрсетпей сүртудің өзі де оңай емес. Асыл сүйек аналар қиындықтың бәрін білдірмей өткізді. Нұрлықан апамыз 1982 жылы 71 жасында қайтыс болыпты.

Ол кездің балалары даланың бай табиғатына малтығып, таза ауасымен тыныстап өсетін. Сондықтан да жандары да, көңілдері де дарқан. Бүгінгідей асып-төгіліп жатқан дүние болмағанымен, жаз жайлау төсіндегі еркін өмір, қыс қыстаудағы берекесі ортаймайтын мерекелі тірлік тыныстарын ашатын. Бір уыс тарысы мен бір шыны талқанын шайға азық етіп, көл-көсір әңгіме айтып, сыпайылықпен сыйласып отыратын абысын-ажынның кеңпейілділігі де сол тұстағы балалардың барға қанағат, жоққа салауат ете білуінің  темірқазығы болды. Тоқтабала апа да сондай мерейлі ортада өскендіктен мейірімі тасып, берекесі асып тұратын өмір кешті.

Апамыздың есінен, 6 жасында апасы тігіп берген сөмкені  арқалап, Жыландыдағы мектептің табалдырығын аттаған күн кетпейді. Мектепті ойдағыдай бітірді. Одан соң Мұрат Шайжановпен отау құрып, өмірдің келесі белесіне қадам басты. Бірақ үйде қарап отырған жоқ. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факултетін бітіріп алды. Одан кейін ауылдағы орта мектете мұғалім болды. Ұлағатты ұстаздың аялы алақанының жылу, мейірімді мінезінен қуат алғандардың бәрі бүгінде елге қызмет етіп жүрген ерен тұлғаларға айналды. Мұрат атамыз сауда қызметінің тізгінін ұстапты. Бүгінде Жыланды ауылынан атағы алысқа кеткен кәсіпкер азаматтардың көптеп шығуының себебінің бірі ретінде Мұрат атамыздан азаматтық тұлғасына деген еліктеуді де атап өтсек артық болмас. Отағасы  1975 жылы 66 жасында мәңгілік мекеніне аттанып кетті.

Мен де ата мен әженің қолында өскенндіктен, апалардың қасиетін жақсы білемін. Осы күнге дейін шешемнің атын атаймын. Үлкендердің бәрі бақилық болып кетсе де анам мені балам деп айтудан жасқанады. «Сені балам, дейін десем, артымнан үлкендер қарап тұрғандай болады?» дейді. Мен сенбеуші едім. Тоқтабала апамызбен әңгіме барысында дәл сондай жағдайға тап болдым. Апамыз өмірге жеті бала әкеліпті. Оның екеуін Нұрлықан әжеміз бауырына салып, ержеткізіпті. Оларды балам деп атай алмай  апа біраз қиналды.  «Аруақтың алдында кінәлі болатын болдық қой», – деп бір күрсініп алды да, олардың аты-жөні мен жұмыстары жайлы айтып берді.

Мұрат атамыз бен Тоқтабала апамыз Күлсімхан, Марат, Бақытжан, Жанар, Бауыржан, Самат, Болат есімді жеті баланы өмірге әкеліп, қатарынан қалдырмай жетекізіпті. Бүгінде олардың бірі кәсіпкер, енді бірі ұстаз, құқық қорғау саласының майтламаны, мемлекеттік қызметкер ретінде  еліне, жұртына қызмет етіп жүрген атпал азамат, аяулы ана атанып, ұрпақ өрбітіп отыр. Күйеубалалары менк еліндері де құдайына қараған елпек жандар. Біздің шешелеріміз магистратура, доктрантура бітірмесе де, олардың жан-дүниесінің тазалығына ешнәрсе жетпейді. Осы күні баласын ата-енесіне жолатпай жүретін келіндерді көріп қаламыз. Ал бүгінде 80 жасқа келген Тоқтабала апамыз шешесі баққан балаларын «Өз балам» деп меншіктенуден именеді. Бұл сыйластық, көңіл жарастығының көрінісі. Аналарымыздың осындай құндылығы мың өлген қазақты қайта тірілтіп отырды. Тәуелсіздікке жетуіміздің бір ұшы да сонда жатыр. Егер осы берекеміз қашпасын десек, қазақтың келіндері осындай апалардың жолын қуса, жаман болмасы анық. Оны қойшы, апамыздан 7 баладан тараған  немере-шөбересінің санын да әрең сұрап алдық.

Біз кері кеткендердің бәрін кешегі кеңестік дәуірге итермелеп, құтылуға асығамыз. Аталарымыз коммунистік идеологияның жетегінде жүріп те бізге имандылықты үлгі етіп кетіпті. Жасыратыны жоқ, сол кісілердің өңінен бір керемет нұр төгіліп тұратын. Жылы жүзіне тартынбай қарап, айтқан ақыл-өсиетін жадымызға сақтауға тырысатынбыз. Ата-бабаларымыз ежелден дінді жүрегімен, ділімен қабылдаған. Тоқтабала апамыздың әжесі Молда апамыз да басында айтқандай, 7 жасынан діни сауат ашып, 87 жасында өмірден өткенше өзінің иманын бойына сақтаған жан.  Сол қасиет бала күнінен Тоқтабала апамызға да жұғысты болды. Ол кісі осы күнге дейін 6 рет (5 рет үлкен, бір рет кіші) қажылыққа барып, өзінің Алла алдындағы ең үлкен парызын атқарып келіпті. Қаржы және де басқа да керектерін балалары мен немерелері қамдағанымен, осындай сауапты сапарларға баруына апамыздың жүрегінің жылылығы, иманының беріктігі себеп болғаны сөзсіз.

Қазақты қазақ етіп сонау Еділден бастап Алтайға дейінгі  алып даланы ешкімге бермей  бізге жеткізген құдіретті күш, ол – ұлттық сана, ұлттық құндылық,  ұлттық тәрбие, бір сөзбен  тұжырымдасақ,  ұлттық менталитет.  Қазақты  қазақ ететін – тілі, ділі,  діні. Халқымыздың тарихында барған жеріне балдай батып, судай сіңген, қосылған қосағына адал,  балаларының анасы, қартайған шағында күйеуінің  қамқоршысына, тіпті,  отбасы, әулетінен ары асып, халықтың анасына айналған Домалақ ана, Дәнегүл, Айғаным, Ұлпан, Зере, Ұлжан, тағы да басқа шешелеріміз  бар. Мен Тоқтабала апаны сол аналарымыздың қатарына қосар едім. Тағы бір айта кетерлігі, апамыз немерелерінің қолдауымен жуырда тағы да кіші  қажылыққа аттанбақ. Сәт сапар болсын деп тілейміз.

Қажет Андас

«Жетісу» газеті, №139, сенбі, 11 қараша 2023 жыл.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 11
Шәкірт мақтанышына айналған
Тұлғатану

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026
Қыз Бәтес
Тұлғатану

Қыз Бәтес

April 3, 2026
Қайсар қызы қазақтың
Тұлғатану

Қайсар қызы қазақтың

April 3, 2026
Тәңірдің берген сыйы
Тұлғатану

Тәңірдің берген сыйы

March 27, 2026
Дәстүрді жаңғыртқан шебер
Тұлғатану

Дәстүрді жаңғыртқан шебер

March 26, 2026
Адал еңбек абырой әпереді
Тұлғатану

Адал еңбек абырой әпереді

March 26, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz