Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Халық жады

Ағайындылар шеккен азап

admin
2026/08/31
Халық жады
0
Ағайындылар шеккен азап

Рақымбаев Нұрғалық 1897 жылы орта шаруа отбасында дүниеге келген. ол 1920 жылдары Қаратал өңірінде комсомол-жастар ұйымын құруға қатысады. 1930 жылдары ауыл шаруашылығы артелін, соңынан колхоздарды ұйымдастыруға ат салысады. Колхоз басқармасы ауылдық Кеңес төрағасы қызметін атқарады. Нәубет жылдары (1937 ж.) алғашқылардың бірі болып түрмеге жабылды. Ізінше 5-6 айдың ішінде ақталып шығады. 1944 жылы Қазақстанның ауылдық кеңес төрағаларының І-съезіне делегат болып қатысады. Сол жылы Кеңес Одағының «Құрмет» орденімен марапатталады.

Ауылдық Кеңестің төрағасы болып тұрған кезінде 1951 жылы «халық жауы» ретінде 8 жылға бас бостандығынан айырылады. Інісі Рақымбаев Нұрқасым Москваға арнайы барып, Жоғарғы Кеңес Президумының төрағасы Горкиннің қабылдауында болады. Ісі Жоғарғы сотта қайта қаралып, ағасы 8 ай дегенде түрмеден босатылып, ақталып шығады.

Кейінгі жылдары зейнетке шыққанға дейін ауыл шаруашылық саласында басшылық қызметтер атқарады. Бертінде 1978 жылы қайтыс болады.

Өз арасынан жау іздеген сол бір қиын заманда бір әулеттің қос бірдей бетке шығар азаматтары жазықсыз жаланың құрбанына айналған. Алайда «Аққа Құдай да жақ» дегендей ақталып шыққан мысалдары көптеп ұшырасады. Солардың бірі Рақымбаев әулетінен тараған Нұрғалық пен Нұрқасым ақсақалдар болатын.

Рақымбаев Нұрқасын қазіргі Бірлік ауылында орта шаруа отбасында дүниеге келеді. Ол 1920 жылдардың аяғында НКВД құрамы бөлімшесінде қызмет етеді. Ал 1930 жылдары ел шырқын бұзған бандылармен шайқастарға қатысады. Аудандық партия комитетінің шешімімен1933-1934 жылдары жаңадан құрылған Көкбастау колхозының басқармасы болып тағайындалады.

Ұлы отан соғысы басталғанда Нұрқасым Рақымбаев Қазақстан колхозының төрағасы екен. Ол 1941 жылдың аяғында (броны бола тұрса да) өз еркімен Отан қорғауға аттанады. Ленинград, Волохов майдандарында шайқасып, Прибалтика елдерін азат етуге, Кенигсберг қаласын алуға қатысады. Соғыс аяқталғаннан соң 1946 жылы әскер қатарынан босап, елге оралады. Отан қорғаудағы ерлігі үшін және бірнеше медальдармен марапатталады. Мұнан соң Қаратал ауданы шаруашылықтарында басшы қызметтер атқарады. Алайда 1951 жылы ауыл шаруашылығына келтірген зияны үшін деген желеумен (19 қозы тышқақтан өлген) «халық жауы» ретінде колхоз басқармасы қызметінде жүріп 10 жылға сотталады. Арада екі жыл өткен соң, 1953 жылы Сталиннің өлімінен кейінгі жылымықтан соң рақымшылық жасалып, түрмеден босатылады. Өмірінің соңына дейін (1957 ж.) Бірлік колхозында жауапты қызметтер атқарады.

Оның кіндігінен тараған біздер – Мақсат (марқұм) пен өз басым, інім Мұрат ардақты әкемізді әркез мақтан әрі қастер тұтамыз.

 

Максим РАҚЫМБАЕВ

Ұрпағы. Талдықорған қаласы.

Жарияланды. Қараман Қ. Қаратал ақтаңдағы: тарихи-танымдық кітап-Алматы:  «Тоғанай Т». 2015. -240 б. -170–171 б.

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 45
Ақиқат айтылмай қалды
Халық жады

Ақиқат айтылмай қалды

August 31, 2026
Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры
Халық жады

Байырша Абылайхановтың беймәлім тағдыры

August 31, 2026
Айбат
Халық жады

Айбат

August 31, 2026
Келмеске кетсін сол зұлмат…
Халық жады

Келмеске кетсін сол зұлмат…

August 31, 2026
ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»
Халық жады

ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛЖИР»

August 31, 2026
Екпемен елін сақтаған…
Халық жады

Екпемен елін сақтаған…

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz