Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Андас пен Әбдүшкірдің айтысы

Іле Қазақ автономиялы облысының құрылғанына 20 жыл толуына арналған республикалық деңгейдегі ақындар айтысы 1974 жылы Құлжа қаласында өтті. Бұл айтыс – Шыңжаңдағы қазақ поэзиясының жаңа белесін айқындаған, жас ақындардың шығармашылық шеберлігін сынға салған айтулы мәдени оқиға болды. Осы дүбірлі додада Іле аймағының әйгілі айтыс және жазба ақыны Андас Омарақынұлы жиырмадан астам ақынмен сөз қағыстырып, ой өрнегін, тіл байлығын, тапқырлығын, суырып салма қабілетін жоғары деңгейде көрсетті. Айтыс қорытындысы бойынша ол бірінші жүлдені иеленіп, халық ықыласына бөленді. Төменде беріліп отырған айтыс – сол тарихи айтыстардың ішінен бүгінге дейін сақталып жеткен бір нұсқасы ғана. (1974 жыл, Құлжа қаласы)

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Андас пен Әбдүшкірдің айтысы

Әбдүшкір ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ Текес ауданының ақыны, бұл айтыс  Іле қазақ автономиялы облысының құрылғанының 20 жылдығына орай Құлжа қаласында өткізілген ақындар айтысында болған.

ӘБДҮШКІР:

 

Бұл топқа ән-жыр алып келдім алғаш,

Ақынның мақсаты бар көңілі жалғас.

Атақты бір ауданның ақынысың,

Қырандай қияға ұшқан қанат талмас.

Жырлайық Ілеміздің жыр мәжілісін,

Бір жылы бір ғасырмен болған парлас.

Жаң өмір бақыт берді бәрімізге,

Шығармай өлең сөзді құмар қанбас.

Өлеңнің шумағын төк ойыңдағы,

Азырақ айтысалық кел замандас.

Өлеңді заулата бер шарықтата,

Ендеше, құлаш қеріп ілгері бас.

Сен жүрсің ұлы өзгеріс толқынында,

Жарыста бәйге алатын жүлделі жас.

Жырлай бер Күнесіңді, табысыңды,

Өлеңнің әуескері атың Андас.

 

АНДАС:

 

Жағдайыңды отырмыз ұғып сенің,

Ақынысың ұшырған тынысты елің.

Ұлы тойда бас қостық тапсыра бер,

Той шашуы мол болар құнтты ердің.

 

Болашаққа ең нұрлы бағыт алып,

Елім өсіп келеді батыр алып.

Нұрлы өмірді әсерлі жырға қосып,

Біразырақ отты өлең ағытайық,

 

Өлең өнер адамды желпіндірер.

Шат заманда шалқыған серпінді көр.

Жүйрік едің өлеңнің жасқанбайтын,

Текесіңнің табысын желпіп жібер.

 

ӘБДҮШКІР:

 

Шамалы менің дағы ақындығым,

Өлеңге жаным құмар жақындығым.

Жырлайық бұл күндердің дарқандығын,

Бар болса келші, Андас, батырлығың.

 

Шығаршы тамылжыта дауысыңды әсем,

Жігері жауынгердің болмас бәсең.

Нұр құйған, міне, бүгін жүректерге,

Жасай бер жарық берген ұлы көсем.

 

АНДАС:

 

Ақын емес, мен дағы талаптымын,

Сүйтседағы келмейді қарап тұрғым.

Батыр халық жұмылып жаңалыққа,

Қаһармандар табысты жаратты тың.

 

Бар байлығым таусылмас еселеген,

Ұқсамайды дәурім кешеменен.

Шалқи берем өмірден шабыт алып,

Шат заманым ерікті есе берген.

 

ӘБДҮШКІР:

 

Жүр едім жаңа ғана талаптанып,

Қырандай қияға ұшқан қанат қағып.

Байқасам өлеңіңнің формасына,

Толқындай төңкерілген  барады ағып.

Жаңа заман жалынды жасап берсін,

Бақыттың берген саған шамын жағып.

 

АНДАС:

Өлеңге жаспын әзір бала тілді,

Игергем жоқ тәтті жыр жаратуды.

Жаңа заман шүлен күн шықты дағы,

Қиырларға айдады қара түнді.

Жанға жайлы әрбір сөз әр сөйлемің,

Жалыны мол қарасам жарасымды.

 

ӘБДҮШКІР:

 

Жайнаған нұрлы күнім елімдегі,

Ашылған қызыл гүлім жерімдегі.

Таусылмас  кедейлерге бақыт берген,

Ұлы еліміз дүниенің төріндегі.

Әскердей шекарада қырағысың,

Күрестің қиян-кескі шебіндегі.

Халықтың ұлы еңбегі жасай берсін,

Жұлдызды үйге орнатқан көгімдегі.

 

АНДАС:

 

Биіктеп бақыт күнім аспандағы,

Екпінді жырым, міне, аспандады.

Көненің боғауынан құтылдықта,

Мұқалмас қып өсірдік жас жандарды.

Жаужүректер қырағы күзетте тұр,

Жуытпайды шетіме қас жауларды.

Қамқорлығы дәуірдің осы емес пе,

Мал қорамда електір шам жанғаны.

Табиғат та халқыма басын иіп,

Болаты мен мұнайын ақтарғаны.

ӘБДҮШКІР:

 

Мінеки сан алуан елде батыр,

Ескілік, мешеулікті жерлеп жатыр.

Қарасаң еңбекші елдің диқанына,

Қара жер кілегейін қалқып жатыр.

Қарасаң жасыл жайлау көз тартатын,

Мыңғырып төрт түлік мал шалқып жатыр.

Қарасаң халқымыздың табысы мол,

Мінеки, жылдан жылға артып жатыр.

Елімнің егістігін араласаң,

Алдыңда жұпар иісі аңқып жатыр.

Жастардың қайраты мол, жігері көп,

Бас иіп тау қолында балқып жатыр.

 

АНДАС:

 

Сансанақсыз елімде қаһармандар,

Үлгісі боп еңбектің аталғандар.

Жойқын күшпен тас-талқан болып жатыр,

Алдымдағы тоң мойын қасарғандар.

Дәннен дария ағызып теңдесі жоқ,

Мол жеңіспен қадамын апарғандар.

 

Төрт түлік мал таулардың қойнауында,

Алтын астық жайқалған ойларымда.

Жаңа дәуір еселеп құйған өзі,

Жігер күшті сарқылмас бойларымда.

 

ӘБДҮШКІР:

 

Беремін не деп жауап сен досыма,

Кеп қалдым үйренуге сен қасыңа.

Жаңа заман жетістігін жырлау үшін,

Өлеңді түсіре бер арнасына.

Атақты ақынысың бір ауданның,

Қарасам өлеңіңнің формасына.

Ақыным, ән күйіңе әуес болдым,

Берерсің талай көмек жолдасыңа.

Мерт болды зұлымдардың күні бітіп,

Жабысып көнеліктің арбасына.

Қараңғы қалтарыста жан таластық,

Таласып ақиқаттың таңбасына.

Күресті ең соңына апарайық,

Көнеліктің от ашайық ордасына.

Мінеки, шырқап тұрсың ақын інім,

Дәл бүгін көтеріліп сахнаға.

Еліңде шаруа-диқан шептерінен,

Мақтарлық жақсы үлгі озат бар ма?

 

АНДАС:

 

Озаттар көп сахара қырларында,

Табыстардың самғаған шыңдарында.

Таудай болып үйілген қызылдары,

Айға қолын жеткізер қырманымда.

Озаттар көп жерімде айта берсем,

Сыйғыза алман оларды жырларыма.

 

Халқым батыр қайтпаған қиындықтан,

Минутына табыспен қиырды ұтқан.

Шонжарларды жерледік көрін қазып,

Күнделікті сүйреген шиыр жұрттан.

 

Тегін кетпес бір тамшы тер дегенің,

Сыйғыза алман өлеңге ел көлемін.

Түріндікте білекті еселеп күш,

Тартып алдық тағдырдың бермегенін.

Нұрлы өмірден жалынды шабыт алып,

Оңды-солды өлеңді сермегенім.

 

ӘБДҮШКІР:

 

Ауылым Текес аудан ел есінде,

Еңбегім Қарадала тың төсінде.

Елімде диқан, ұстаз еңбегі зор,

Қоймайды табиғаттың бермесінде.

 

Тербеле шалқып өскен Текесім бай,

Жан саны мөлшерменен алпыс мыңдай.

Қарасаң алқабына көзің салып,

Көк аспан төңкерілген айдынындай.

 

Елімнің осынау бақ заманында,

Қанатын Қарадала жайды мұндай.

Жайлауы малға толған ырысты еді,

Тас мақта алтын астық байлығындай.

 

АНДАС:

 

Мақтан етем мендағы Күнесімді,

Табиғатпен игерген күресуді.

Долы өзенді өгіздей бұйдалап кеп,

Қағыр жерге алтын дән гүл өсірді.

 

Бар байлықты айта алман бірден санап,

Бұлбұл құсы бақшада тұрған сайрап.

Тасты бүркіп көмірмен жұтып, міне,

Болат өзен дариядай жатыр қайнап.

 

Шаттанамын өзің деп, Аралтөбем,

Қуаныш қой шалқып бір таралса өлең.

Алтын дәннің лықсыған кені болды,

Шөл даласы оранып балаусамен.

 

ӘБДҮШКІР:

 

Жері бар өніп-өскен қара торғай,

Өркендеп жылдан-жылға барады оңай.

Мінеки достық гүлі ашылып тұр,

Жататын ши мен тоған орай-орай.

Қарасам көркем Текес алабыңа,

Жеңістің көркі толған алабына.

Төңкерістік жігермен қару алдым,

Нұр құйды, міне, менің қаламыма.

 

АНДАС:

 

Жырға қосам мендағы Кеңсуымды,

Байлық кені толқыған жер-суымды.

Сол өлкенің төсінде шалқып өскем,

Өзің сынды бір жаспен еркін үнді.

 

Дән толықсып Күнестің алабында,

Қаптап жатыр төрт түлік мал адырда.

Өз күшіне сүйеніп құрып шыққан,

Көз тартады көрікті қала қырда.

 

ӘБДҮШКІР:

 

Қарасаң біздің Текес қадамына,

Жауларды салып отыр табанына.

Қыстақ пен сахараға негіз қалап,

Ашылды достық гүлі сабағында.

 

Қарасам Текес көркем малшыларың,

Ағызған  маңдайынан тамшыларын.

Артына тастап талай қырат қырды,

Басады сайгүлікке қамшыларын.

 

Қарасаң ақ бұлттай жөн шыңына,

Ораған фабриканың ұршығына.

Ісіне малшы ағаның ризамын,

Көкжалдың қан жалатқан ұршығына.

 

Барсаңыз біздің ауыл Теректіге,

Ұқсайды тұлғасы әсем желектіге.

Диқанның еріп жүрсең сен қасына,

Аласың қол жеткізіп керектіңе.

 

АНДАС:

 

Қарап тұрсаң Күнестің келбетіне,

Жаңа түспен гүлденіп ержетуде.

Зор табыстар жаралды айтарлықтай,

Дала гүлі шешектеп тербетіле.

 

Біз үйрендік техника игеруді,

Табиғат та түсінді тілге еруді.

Шикізатым жіберген терілерім,

Неше түрлі құрым боп үйге енуде.

 

Бар менде Әбдүшкір Жалшиімде,

Тербеледі жаныңыз ән күйіне.

Табыстары тың оның бұрлысы мол,

Тауыса алмай тіл жетіп қалды үйіле.

 

Көрдім ерлер тың табыс жаратқанын,

Өсті тағы еселеп талаптарым.

Шөлден байлық бар дағы араласып,

Көңіліңнің ала бер жаратқанын.

 

ӘБДҮШКІР:

 

Жараттық тақталы атыз гүл майсаны,

Болмаған бұрын дала мұндай сәні.

Жасасын жаңа заман еркіндігі,

Орнаған басымызға бақыт таңы.

 

Текестің табыстарын салмақтады,

Тең өскен достық гүлі аумақтарын.

Тербелтіп ән-жырымды тойға арнап,

Көңілдің шаттық күйін заулатқаным.

 

Фаруза ауылымыздың белсендісі,

Өгізді көтереді сенсең күші.

Жанына батылдықты жалау етіп,

Сақталған жүрегінде Отан ісі.

 

Ақынның өлең айту шеберлігі,

Үйренсең сен ақынсың егер мұны.

Халқымның қайсар күші қайтпайтұғын,

Күнделік жеңіп тұрды кедергіні.

 

АНДАС:

 

Өмірімнің биіктеп шалқарында,

Өлең-жырдың тартылған арқауында.

Айтып сөзбен таусылмас туған  жердің,

Байлықтарын жаралған әр таңында.

 

Озатым аға шолпан Әнуарбек,

Мен мұнда отырғам жоқ әнімді үрлеп.

Тас қора сап егізден төлін ертіп,

Келе жатыр құлашын алға сермеп.

 

Гүлге ораған Күнестің көлемдерін,

Жырға қоспай болар ма ер еңбегін.

Үйренеміз Текестен дән ағызған,

Аттап өткен ғасырдың белеңдерін.

 

ӘБДҮШКІР:

 

Аузыңда жеңіс оты жауларға жәй,

Құрадың сөз асылын өлеңге бай.

Ақынсың атағы бар ежелден-ақ,

Өлеңді үйретерсіз сіз бірталай.

Текестің сол жеңісін көрем десең,

Міне сап сайгүлікке бар қырқалай.

 

Шақырған сөзің жақсы бері кел деген.

Осыған қандай жүрек тербелмеген.

Көрейін Күнесіңнің гүлді аумағын,

Өзіне ешбір нәрсе тең келмеген.

 

АНДАС:

 

Бар әлемге халқымыз таратқан үн,

Менің дағы үйрену талаптарым.

Барсаң егер Күнестің алқабына,

Тауыса алмайсың байлықтың санап бәрін.

Мың жасасын ел басқарған азаматтар,

Еске ұстаймын жаңа өмір жаратқанын.

Сенің нұрлы шұғылаңнан қуат алып,

Жерге тықтық жаулардың қамап бәрін.

 

ӘБДҮШКІР:

 

Тым қызық мына сөзің күлдіргендей,

Балықты су түбінен ілдіргендей.

Ақыным, ән-күйіңе әуес болдым,

Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргендей.

 

Жасымнан бірге өстім халықпенен,

Жыл сайын, сағат сайын дамып келем.

Төңкерісшіл халықтың бастауында,

Мінеки оң-солымды танып келем.

Екпінді дауыл жарған толқынында,

Көсемнен ұлы қуат алып келем.

 

Астымда тұлпарым бар болат табан,

Жерлерім гүл-бәйшешек ол аттаған.

Ісіне жұртшылықтың разымын,

Шетіне жауыз жауды жолатпаған.

 

АНДАС:

 

Әрбір сөзің көңілді шалқытқанда,

Жан жүйемді ерітіп балқытқандай.

Жыларыңнан нәр алдым Текесіңнен,

Таудай табыс жаратқан артық қандай.

Тел өсемін өзіңдей көппен бірге,

Маңдайымды тосамын көктем күнге.

Азаттықтан артылған құдірет күші,

Бас имейтін жаулар жоқ өктем үнге.

 

ӘБДҮШКІР:

 

Атың бекер шықпапты-ау Андас деген,

Биік екен түсіндім жан-жақты өрең.

Әрбір іске мұқият әрі терең,

Қарайтының білінді салмақпенен.

Күнестің мен білемін елі дарқан,

Содан саған жұғыпты қаймақты өлең.

Ел ырысын жырладық, жер қадірін,

Шектелместен бір аудан, аймақпенен.

Биік мұрат жолдасың болсын енді,

Алға өрлей бер дәл осы қайратпенен.

 

Дереккөз: Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.].                     https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687 

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 25
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz