Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Балқадиша

admin
2026/01/09
Әдебиет
0
Балқадиша

Бала күніміз жұпыны ғана ауылда өтті. Бір-біріне жапсарлай салынған там үйлердің арасын бес-алты тоқты-торпақ, бір-екі сауын сиыр сиятындай айналасы шарбақпен қоршалып, жүгерінің сабағымен қымталған, төбесіне бөрене төсеп, шөп жинайтын мал қора бөліп тұратын. Көсіліп жатқан кең даладағы шағын ауылдың неге солай үйлерін бір-біріне міңгестіріп салатынына қазір таңғаламын.

Бізбен Жамалқан деген апамыз көрші тұрды. Ол кісінің көп етіктіні көзге ілмей, көн етіктіден жолы болмай, отырып қалған Балқадиша деген қызы болды. Өзі де қара торының әдемісі еді.

Қызық кешке мал жағағанда басталатын. Қолымыздағы малдарды суғарып, қораға кіргізген соң түнде жейтін шөп салатынбыз. Ол кезде шөпті қораның үстіне жинаймыз. Мен жерде тұратынмын да інім қораның төбесінен шөп алып беруге көтерілетін. Қай сайтан түртетінін кім білсін. Қораның төбесіне шыға бере:

Дегенде Балқадиша, Балқадиша,

Күйеуің сексен бесте шал Қадиша, – деп әндете жөнеледі. Оның дауысы шыға бергенде шешей:

– Қу, қыршын, қазақтың әні құрып қалды ма басқасын айт. Көршілерден ұят болады, – деп айғай салады.

Оны інім құлағына ілмейді. Балқадишаның басқа шумақтарын айтсада болады ғой. Жоғарыдағы екі жолды қайта, қайта айтады. Шыдамы таусылған шешей босағадағы тал шыбықты ала салып, інімді қораның төбесінен қуып түседі. Солқылдаған шыбық оңдырсын ба, балтырдан бір-екі тиген соң інім қораның қараңғы қуысына барып тығылып, еңкілдеп жылап отырады. Біресе төбеге шығып, біресе жерге түсіп, малдың кешкі азығын салып біткенше оныңда ауруы тарап, ашуы қайтады. Бұл іс ертесі кешке тағы басталады. Інім жазаланып, осы ән қайдан шыққан деп мен қапаланамын.

–  Басқасын айтсаң айт. Күйеуің сексен бесте шал Қадиша дегенді айтпашы, – деп ініме мен де зекимін.

– Жарайды, айтпаймын, басқа жерін айтамын, – деп уәде бергенімен ертесі қораның төбесіне шыға бергенде менің ескертуімді де, шешейдің шыбығының ащы дәмін де ұмытып кетеді.

Бұл сол жылы қыс бойы жалғасты. Жаз шыға Балқадиша үйленді. Сексен бестегі шалға емес, өзінің теңін тапты. Бір қызығы, інім де содан бастап Балқадишаны айтпайтын болды.

… Балқадиша әнін тыңдап отырып, сол тәтті күндер еске оралды. Шіркін-ай, қызығы мен қырсығы бітпейтін бала кездер-ай!

 

Қажет АНДАС

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 126
Жүйрік құла
Әдебиет

Жүйрік құла

May 5, 2026
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Төккен тердің қадірі

Төккен тердің қадірі

June 11, 2026

Зобалаң жылдардың зорлығы

Зобалаң жылдардың зорлығы

June 10, 2026

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

1932 жылғы Қытайға ауа көшкендердің тізімі: архив құжаты нені аңғартады?

June 10, 2026

Ауылын көріп, азаматын танисың

Ауылын көріп, азаматын танисың

June 3, 2026

Ұстаз ананың хаты

Ұстаз ананың хаты

June 3, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Халық жады
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz