Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Бел жазбай өткен балалық

admin
2026/08/31
Тұлғатану
0
Бел жазбай өткен балалық

Ұлы Отан соғысы – өткен тарихымыздың тағдырлы да, қасіретті кезеңі. Өмір мен өлім айқасқан сол бір жылдары ата-апаларымыз көзсіз ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті.  Бүгінгі бақытты өмір сүріп, баянды ғұмыр кешуіміз сол ержүрек ерлердің арқасы екенін ұмытпаймыз. Десе де, ел басына ауыртпалық түсіп, азаматтар алапат соғыстың алғы шебіне аттанғанда ауылда қалған үлкендер бел жазбай, жастар да қарымын талдырып еңбек етіп, соғысқа керекті қару-жарақ, тұрмысқа қажетті азық-түлікті дайындап, Жеңісті жақындату үшін тер төкті. Сол қатарда Алакөл ауданы, Жамбыл ауылының тұрғыны Іңкәр апамыз да болды.

Апамыз 1937 жылы Оңғарбай Қилыбаев пен Мөрбала Қарымсақованың отбасында дүниеге келген. Жамбыл ауылы егінін егіп, малын бағып, уайымсыз тұрмыс кешіп жатқан кішкентай ғана елді мекен болатын. Бірақ соғыс осы елдің де берекесін қашырды. Ауылдағы еркек кіндіктілер тегіс соғысқа аттанды да бейқам өмір бұзылды. Сол жылдары Оңғарбай атамыз да соғысқа аттанып, өмірдің өркеніне енді қадам тастаған Іңкәр апамыз анасымен бірге қалады. Шешесі ауыл еңбеккерлерінің тамағын жасайтын аспаз болып жұмыс істейтін.

– Еңбекке ауылдық бастауыш сыныпқа түскен жылдан араластық. Ауыл балалары мектептегі сабағымыз біте сала жазда егіс басына, қыста ауыл шаруашылығына қатысты жұмыстарға көмектесуге асығатынбыз. Жүрегіміздің түбінде соғыста жүрген әкеге, ағаларымызға деген сағыныш жатса да шаршап-шалдығып жүрген аналарымыздың қайғысын жеңілдетуді ойлайтынбыз. Сондықтан қанша қиналсақта сыр білдірмеуші едік. Еңбекке ерте араласқандықтан тез есейдік десек те болады, – дейді Іңкәр апа.

Осындай күндер жылыстап, Жамбыл ауылынан бастауыш сыныпты бітірген апамыз жоғары сыныпты Екпінді ауылындағы  орта мектепте оқиды. Ол кезде әпкесі Сақыш Қилыбаеваның үйінде тұрды. Жездесі Нұрғазы Смағұлов жайлы кісі болыпты. Ол кез соғыстан кейінгі күйреген шаруашылықты қайта қалпына келтірудің науқаны жүріп тұрғандықтан оқумен қатар ауылдың түрлі жұмысына белсене араласуға тура келеді. Сондай күндердің бірінде әкесі соғыстан аман-есен оралады. Бұл Іңкәр апаға үлкен қуаныш сыйлайды. Дегенмен, көзі тірі оралғанмен көбі кемтар, ауыру-сырқау, денсаулығынан айырылып келген еді. Бұл да сол кездегі ауыл жастарының жүрегін сыздатқан жағдайдың бірі.  Сондықтан, бір жағынан оқу оқып, енді бір жағынан ауылдың жеңіл-ауыр жұмысына белсене араласады. Орта мектепті бітірген жылы әкесі жалғыз қызының алысқа кетуін құп көрмейді.

– Ол кезде ауылдағылардың тұрмыстық жағдайлары да жақсы емес. Ауылдастардың бәрі там үйде тұрады. Қыста үйді жылыту қиын болса, жаз да жаңбыр төбемізден сорғалап мазамызды алушы еді. Содан әкем екеуміз қамыс орып, оны буып, үйіміздің төбесіне төсеп, қабырғаларды сылап ретке келтірдік. Үйдің де, түздің де жұмысына икемділігімді көрген Ахметбай Тілеуов ағамыз ауылдағы дүкенге сатушы болып жұмысқа тұруымды ұсынды.  Сөйтіп, бір күнде сатушы болып шыға келдім. Осы жұмыста жүріп отбасылы болдық, – дейді кейуана.

Үйленгеннен кейін Қабанбай ауылына көшіп келіп, басында сол жердегі кеңсе тауарын, кейін азық-түлік сататын дүкенге сатушы болады. Қабанбайда бірнеше жыл тұрып, қайтадан Жамбыл ауылына көшіп келіп, зейнетке шыққанша сауда саласында жұмыс атқарады. Осындай тынымсыз еңбекпен жүріп, 5 баланы өмірге әкеліп, олардың оқып-үйренуі,мамандығы бойынша білім алуына барын салады. Балаларымен қатар, қайын енесін бағып-қағып, қайын сіңілісін де ержеткізеді. Балалары да күткен үмітін ақтап, ел құрметіне бөленіп, әрбірі таңдаған мамандығы бойынша жұмыс атқарады. Айталық, Мая энергетик,  Бақытгүл дәрігер, Алмагүл кәсіпкер, Алмас энергетик, Арайлым  дәрігер. Апамыз бүгінде кенжесі Арайлыммен бірге тұрады. Бес баласынан 11 немере, 5 шөбере сүйіп отыр. Қазір бар көрген-түйгенін немере-шөберелеріне үйретіп, олардың ұлтжанды, еңбексүйгіш болып өсуін қадағалап отырады. Жұмыстағы жетістігі мен бала тәрбиесіндегі өнегесі үшін бірталай орден-медальмен марапатталған.

– Бала кезден еңбекпен ержеткендіктен денсаулығым жақсы, абысын-ажынмен шығысымды, ағайынмен татау-тәтті өттік. Енді, «Талай жүректі сыздатқан соғыс болмаса екен» деген тілекпен әр таңымызды атырамыз, – дейді Іңкәр апа.

Иә, осы бейбіт күннің берекесі мол болсын деп бізде тіледік.

 

Қажет Андас,

«Жетісу» газеті, №48, сенбі, 25 сәуір 2023.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 31
«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз
Тұлғатану

«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз

August 24, 2026
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

August 31, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

August 31, 2026
Бегзат өмір
Тұлғатану

Бегзат өмір

August 31, 2026
Қайырымдылықтың қайыры мол
Тұлғатану

Қайырымдылықтың қайыры мол

August 31, 2026
Ырысы тасыған әулет
Тұлғатану

Ырысы тасыған әулет

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz