Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Жартас суреттері

ІЛЕ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

admin
2025/02/17
Жартас суреттері
0

Іле өңірінің жер бедері Тәңір тауының Батыстан Шығысқа қарай көсілген үш сілемді қалыптастырған. Олар Тәңір тауының оңтүстік, солтүстік, орта бөлегі делінеді. Осы үш сілем Іленің Шығыс шекарасына барғанда бірі-бірімен қосылады. Оның оңтүстік сілемі Такламакан шөлінен келетін қорғақ ыстық ағысты тосып тұратын шымылдық іспетті. Хантәңір шыңы, Темір шоқысы сияқты он неше шоқы бар. Мұзарт, Алаайғыр, Барсакелмес, Нарат, Қонжан, Желдікезең асулары осы бөлекке орналасқан. Оның мұз шоқылары Текес өзеніне құйылатын өзеншелердің су қайнары саналады. Солтүстік бөлегі Жоңғар ойпатынан келетін құрғақ, суық ағысты бөгеп тұрады.
Ондағы Еренқабырға, Бөлекнұр, Көгершін, Сағанұсын, Бежін тауларынан Қас, Күнес өзендері бастау алады. Талдыаша, Мөңкіті, Сатылы, Тұрасу, Дыңнұр, талқы сияқты тарихқа белгілі асу-кезеңдер бар. Орта өңірі Ешкілік, Үйсін тауларын қамтиды. Абыралы тауы бөліп тұрған Қас, Күнес өзендері Еренқабырғамен қосылса, Іле өзені аңғары мен Текес өзені аңғары Ешкілік, Бақалық, Үйсін, Темірлік таулары бөліп тұрады. Бұл тау сілемі шығыста Нарат тауымен тұтасып, батысы Қазақстан жеріндегі Кетпен жотасымен жалғасады.
Әйгілі Әулие шоқы осы тау сілемінде жатыр. Сондай-ақ, осы тұста Текес ауданының Құбы қыстағынан батысқа қарай созылып, Мұңғолкүре ауданының Балықсуында аяқтайтын Аттың тауы деп аталатын тау бар. Осы тау сілемдерінде Хантәңірі шыңы, Қабанбайдың шоқысы, Әулие шоқы, Ақөзен мұз шоқысы деген әйгілі шоқылар, Мұзарт асуы, Талқы кезеңі, Желді кезең, Қонжан асуы, Талды аша, Тұрасу», «Суасу, Мөңкіті асуы, Қонақай асуы, Алайғыр асуы сияқты асу-кезеңдер. Төр жайлау,  Ерен қабырға және көгершін жайлауы, Таңбалы жайлау, Шақпы жайлауы, Көлденең жайлауы, Шашы жайлауы, Тәлімжырғалаң жайлауы, Үлкен Қаражон жайлау» сияқты шөбі шүйгін, суы тұнық, ауасы жанға жайлы, көрген жанға көркемдік бағыштайтын жайлаулар бар.
Текес өзені, Қас өзені, Күнес өзені, Іле өзені сияқты 126-дан астам өзен, өзенше, бұлақ сулары бар. Сайрам көлі, Ақкөл, Сарқамысты көлі, Жасыл көл, Шағыр көл, Көбетай көлі, Тырна көл, Қамысты көл, Қодабай көлі, Мұз көл, Қызыл көл, Көлсай қатарлы атақты көлдер,«Күркілдеуік сарқырамасы, Көксу сарқырамасы, Жырғалаң сарқырамасы, Үлкенбұра сарқырамасы, Көксала сарқырамасы, Нарат қос сарқырамасы сияқты сарқырамалар, Бәргейті арасаны, Күнес басы арасаны, Көксу арасаны, Шаты арасынаы, Бұрыл арасаны, Мөңкіті арасаны, Тентек арасаны, Ақөзен арсаны, Борқора арасаны, Мазар арасаны, Әңгірті арасаны, Жылысу арасаны, Арпасалы арасаны, Суық арасан, Әңгірхан суық арасаны, Сарбуыршын арасаны, От арасаны сияқты шипалы арасандар осы өлкенің құтын қашырмай, құрметін асырып тұрған қасиетті мекендер санатында.

КХР, Күнес ауданы.

Іле өңірі Іле Алатауы мен Жетісу Алатауының түйіскен тұсындағы, Іле өзенінің екі қапталын бауырына басып жатқан құтты қоныс. Ол табиғи, тамаша табиғатымен қоса, тарихи, мәдени, рухани құндылығы бай қасиетті нысандарымен де әйгілі.  Іле өңірі тарихы сонау арыда жатқан қасиетті мекен. Оның қай тұсына барсаңызда көздің жауын алып, көңіліңдегі сонау ықылым заманға қарай жетелейтін талай тарлан тарихтың куәсіне дөп келесің. Оның әр тұсынан табылған тас құралдары дәуірінің қалдықтары, қоладан, мыстан, темірден жасалған бұйымдардың қалдығы, алтынмен апталып, күміспен күптелген әшекей бұйымдары, балшықтан күйдірілген ыдыс-аяқтар, батырлар жорыққа киген шашақты дулыға, ақберен сауыт, берік қалған, бәрі–бәрі де өткен батыр балалар дәуірінен елес береді. Төбе-төбе болып үйіліп жатқан ескі қала, қорған сұлбалары, обалар мен қорымдар, молалар мен зираттар, жартас суреттері мен балбал тастар, сынтастар, белгісіз таңбалар, осынау даланы мекендеген халықтың ұшқыр ақыл-ойы мен парасатының жемісін бізге шұқып көрсетіп тұрғандай. Бұл далада ежелгі сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, түркілердің, түркештердің, қарлықтардың, яғмалардың, шығылдардың ізі сайрап жатыр. Жүк тиеген ежелгі саудагерлерінің «Жібек жолын» бойлап, жаймен керуен тартқан сән-салтанаты да көз алдыңнан бұлдырап өтеді.
Кейінгі кезде Іле өңіріне жүргізілген археологиялық зерттеулердің ең бір жетістігі бұл өлкенде тас дәуірінің көптеген журнағы сақталғанын анықтап отыр. Әсіресе, Құлжа қаласының солтүстігіндегі Білікші өзенінің бойындағы Ақтөбе тас құрал мәдениеті ең ертедегі адамзат тіршілігінің белгісі саналады. Білікші өзені мен Жырғалаң өзені арасындағы ұлан-ғайыр алқап ежелгі мәдениеттің көзі саналса, Текес ауданының Шилөзек ауылына қарасты Ақтас үңгірі мен ондағы жартас суреттері аналық қауымдық қоғамның сипатын ұғындыратыны анық. Іле өзенінің жоғарғы аңғары саналатын Қас, Күнес, Текес, Моңғолкүре, Нылқы, Тоғызтарау аудандарындағы ертедегі молалардан егіншілікке пайдаланған бұйымдардың табылғаны бұл маңда ертеде отырықты халықтың өмір сүргенін айқындап береді. Осы өңірлерден табылған күрек, қоңырау, шыны, орақ, кернай, үзеңгі, тайқазан, күбі, үш сирақты қазан, үлкен шаршы табақ, келі-келсап, тағы басқа бұйымдар ежелгі адамдардың егіншілікпен де айналысқанына дерек береді. Нылқы қалашығының оңтүстігіндегі Нұрасай деп аталатын тау қойнауында ежелгі мыс кенінің орны бар. Тіпті, мыстан құйылған сақ сарбазының мүсінінің табылғаны, ғалымдарды таң-тамаша еткені күні кеше ғана. Бұндай дүниелер Тоғызтарау ауданының Ағарсын ауылынан, Текестің Шолақтерек ауылынан, Текес ауданының Орта мыс фермасынан, Күнес ауданындағы Жығылған тас деген жеріндегі моладан да табылды. 1983  жылы Күнес өзенінің оңтүстік жағалауындағы Бестөбе ауылының солтүстігінен 20 шақырым жерден қола дәуірінде жасалған сарбаздың мүсіні мен көптеген мәдени мұралар табылды. Бұлардың ішінде адамды өзіне ерекше таңдандырғаны қоладан құйылған сарбаз мүсіні.
Іле өңірінің жер-жерінен табылған жартас суреттері мен жазулардың да өткен тарихты сөйлеп берер құндылығы көп. Бірақ тілі жоқ сөйлей алмайды, қимылы жоқ, ұғындыра алмайды. Тек үнсіз, тілсіз елді-мекеннен алыста мелшиіп тұр. Жартас суреттері Моңғолкүре, Текес, Күнес, Қорғас аудандарында көптеп кездеседі. Соның ішіндегі Моңғолкүре ауданындағы Таңбалытас жартас суреті мен Текес ауданындағы Таңбалытас жартас суретінің құндылығы тым жоғары. Сонымен қатар, Күнес Абыралы жартас суреттері мен Текес Көксу өзені аңғарындағы жартас суреттерінің де ескі тарихты ерінбей айтар тұстары бар. Текес ауданының Көксу аңғарындағы жартас суреттері жоғары және төменгі аңғар болып, екіге бөлінеді. Ол Текес қалашығынан 37 шақырым қашықтықтағы Көксу өзені жағасындағы Метігір тауының етегіндегі бес үлкен тасқа қашалған. Ал Көксу өзенінің төменгі аңғарындағы жартас суреті Қаратұмсық деп аталатын елдімекеннің маңында. Сондай-ақ, Текес ауданының Шилыөзек ауылына қарасты Ақтас деген жердегі жартас суреттері мен Нылқы ауданының Жырынтай мал фермасының жоғары жағындағы Қас өзенінің жағасындағы дәу қара тасқа сызылған суреттердің де айтар әңгімесі, шертер сыры жетіп артылады. Жартас суреттері Қорғас, Күнес, Текес аудандарынан табылып отыр.
Ендеше, солардың бірнешеуіне тоқталып өтелік, Зекті қызыл қорым жартас суреттері Күнес ауданының Зекті қалашығының солтүстігіндегі Қызылқорымның (жер аты) Батыс жағындағы Жолдысайдың қасындағы биік жартасқа сызылған.


ҚХР, Күнесе ауданы.

Сурет сызылған тастың беті тегіс, майда, Оңтүстікке қараған. Батыс жақ биіктігі 11 м, Шғыс жақ биіктігі 7 мм, астыңғы ені 7,5м, Оңтүстік ені 7 м. Жартас бетінде көптеген аңның суреті мен аң аулап жүрген аңшылардың жолбарыс сияқты жартқыш аңдармен ат үстінде жалғыз сайысқан батырлардың, тағы да басқа суреттер мән-мағынасы бойынша он неше топқа бөлініп сызылған. Әртүрлі хаюанаттың, аңшылардың жеке суреттері 70-тен асады. Жартас бетіне сызылған хаюанаттардың кейбіреуі қазір Жершарында бар. Ал кейбіреуі бар болса да тұқымы өте сирек кездеседі. Кейбіреу басқа жаққа ауып кеткен бе, тұқымы бұл өңірде жоқ. Сызылған суреттер түрі жағынан: адам, жылқы, сиыр, тәутеке, елік, бұғы, бөкен, қарақұйрық, зарафа, маймыл, жолбарыс, кенгру, қасқыр, түлкі, қоян, ит, ешкі қатарлы 17 аң мен хаюанаттың суреті. Сол суреттердің астыңғы жағына жоғарыдан төменге қарай тік жызылған 12 әріпті руналық жазу бар. Бұл жазуды суретті сызған адамының қолжазбасы деп қорытынды жасауға болады. Бұл суреттердің ең алғашқы көшірмесі 1986 жылы көшірілген. Осы көшірмелер «Күнес саяхат жарнамасына да» қолдынылған.
Зекті қызыл қорым жастар суреттерінің ғылыми мәнін төмендегідей жинақтауға болады.
1) Жартас сурететрі белгілі ғылымилық пен әсемдік шеберлікті терең ұштастыра білген. Мысалы, Аңдардың суретін қызыл күрең, сары қоңыр түстермен бейнелеген. Сондай-ақ, аңдардың тұтас тұлғасының ерекше белгілерін негізгі тұлғалық орында бейнелеуге мән берген. Айталық, лағын ерткен бөкеннің сирақтары жіңішке әрі нәзік, ойнақтаған еліктің лағы, ағаш бұтағына асылып тұрған маймыл, аңшылардың қоршауында қалған сиыр мен таутеке, бұғылардың қорқынышты психикалық бейнелерінде бейнелеуге барынша күш салған. Аң аулау барысын бейнелейтін бір суретте бір үйір бұғыны бір топ адам қоршап алған. Бұғы аса үлкен әрі айбарлы, мүйізінің ашалары да көп. Бір топ адам оған қаратып садақ тартып тұр. Ал осы суретке жанастырып, бір топ адамның би билеп жүрген суреті түсірілген. Бейне аң аулап болған соң олжаны қуаныш етіп жатқан секілді. Сурет тұтас бір оқиға желісіне құрылған.
2) Суреттегі аңшылардың барлығы тегіс жалаңаш. Ер адамдардың шаштары ұзын, қолдарындағы негізгі қаруы садақ, қанжар қатарлы заттар. Аң аулау әдісі негізінен топтаса қоршап, садақпен атқылап, топқа атпен қуып келіп тұрған көріністер. Тау текелерді ит қосып қуалаған көріністер, аттан түсе қалып, бір қолымен аттың шылбырын ұстап, бір қолымен қанжармен жасқап, қашып келе жатқан бұғының алдын тосып тұрған көріністер. Әрі ат үстінде түрегеліп тұрып аң көздеген көріністер. Жолбарыспен ат үстінде жалғыз сайысқан көріністер, ат үстінде шауып келе жатып, қашқан аңды садақпен сығаламай атып қалатын қол мергендік суреттері көркем сызылған.
Осы суреттің астына тік жазылған 12 таңба болып, оның алтауы қазақ ру-тайпаларының таңбасымен сәйкес келеді. Салыстырып көргенімізде, төртеуі Ұлы жүз үйсін тайпасының, екеуі Орта жүз найман тайпасының таңбасымен сәйкес келді.

Текес сынтасы мен таңбалы тас.
ҚХР, Текес ауданы.

Текес Көксу жартасы суреттері де талай құпиясын бауырына бүгіп жатқан тұтас бір кешен.  Бұл жартас суреті өзеннің жағыры және төменгі аңғары деп екіге бөлінеді. Жоғары аңғардағы суреттер Метігер жартас суреті деп те аталады. Ол Текес қалашығынан 37 шақырым жердегі Метегер тауының етегіндегі бес үлкен тасқа қашалған. Көксу арасанына барар жолдың Шығысындағы тастың биіктігі 2м, ені 3м. Жартастағы суреттер әртүрлі жануардың қаз-қатар сап түзеп тізілген алуан формадағы тұлпардың, жылқы табындарының суреті аса тартымды. Қалған 4 тасқа ірілі-ұсақты етіп, арқар сияқты жануарлардың суреті түсірілген. Өзеннің төменгі аңғарындағы дәу қаратасқа сызылған сурет Қаратұмсық маңайында. Таста жануарлардың суретінен тыс, адамның да бейнесі бар. Текес ауданының Шилыөзек ауылына қарасты Ақтас деген жердегі жартасқа ойылған арқар, құлжа, бұғы-марал, жылқы, күн мен ай, әйел затының жыныс мүшесі, белгісіз таңбаның суреті де адамды қызықтырмай қоймайды.

ҚХР, Моңғұлкүре ауданы.

Моңғолкүре ауданының Ағаяз жартас суреті Ағаяз өзенінің Оңтүстік жағасында, ұзындығы 3,47м, ені 2,36 м келетін 80 м биіктіктегі дәу тастың бетіне ойылған. Суреттің беті тегіс әрі жылтыр. Суретте сол қолына домалақ, сопақша зат ұстаған, оң қолында гүлі бар будда мүритінің суретінің жанына бірқатар көне моңғол жазуымен тибет жазуы жазылған. Адам суретінің айналасында арқар-құлжа, тау ешкі, тасбақа, гүл, шөптердің суреті бар. Бұл жазулар мен адам суреті моңғол дәуіріне тәуелді болса керек. Ал жануарлар мен өсімдіктер ежелгі көшпенді халықтың ескерткіші.

 

Жырынтай жартас суреті.
ҚХР, Нылқы ауданы.

 

Нылқы ауданынң жырынтай мал фермасының жоғары жағындағы Қас өзенінің жағасындағы тасқа тау ешкі, бұғы, марал, қасқырдың суреті түсірілген. Текес қалашығының Шғысындағы 16 шақырым қашықтықтағы Қара үңгір тауының терістік беткейіндегі тасқа бұғы, арқар-құлжа, бөрі, тағы да басқа джануарлардың бейнесі салынған. Жанында моңғол жазуы бар. Зерттеушілер, жазу кейін жазалған дейтін қортындыда.
«Біз де сіздей болғанбыз, Сіз де біздей боларсыз» деп жазылған екен қазақ даласындағы бір тас сымбатқа ескі түркі жазуымен. Қадау-қадау сынтастар қилы-қилы тарихты бастан кешіріп, халқымыздың бейнетін де, зейнетін де тел еміп, тіршілік тынысына куә болғандай.
Іле өңіріндегі сынтастар көбінесе екі түрлі болып келеді. Оның бірі, мүсін тас (яғни сынтас), енді бірі, балбалдар, яғни, жеңіл қырналып, көбінесе қырнамай дөрекі қалпында тұрғыза салған бағана тастар. Бұл сынтастар біздің жыл санауымыздан бұрынғы 6, 8 ғасырларға дейінгі аралықта Іле алқабын мекендеген түрлі тайпадан қалған мұра. Түрік қағанаты тұсында бұндай тас ескерткіш жұртқа, атап айтқанда, өлікті арулаған жерге орнататын болған. Олар алдымен өлікті арулаған жерге төрт бұрышты тас қоршау жасап, өлген адамның тірі кезінде мінген атын, айыл-тұрманын, құрбандыққа сойған малдың сүйегін көміп, қоршаудың шығыс іргесіне бетін, шығысқа қарай мүсін тас, оның алдына шығысқа қарай бағана тас орнататын болған. Бұл өлген адамға құрмет көрсетіп, ескерткіш орнатудың бір түрі. Бағана тастың тізбегі неғұрлым көп болса, өлген адамының қауым ішіндегі беделінің солғұрлым жоғары болғанын меңзейді. Енді бір айтуға қарағанда, сынтастың саны ескерткіш отырғызуға қатысқан тайпа, ұлыс, рудың санын меңзейді. Себебі, ол кезде қауым жорасы бойынша, әрбір ру басы тайпа көсемі бірден балбалтас әкеліп орнататын делінеді. Таным бойынша, бұл дүниеде бағынған тайпалар о дүниеде де қызмет етеді деп сенген.
Іледе өңіріндегі сынтастар негізінен Текес, Моңғолкүре, Күнес, Қорғас, Тоғызтарау аудандарында көбірек кездеседі.
Текс ауданындағы сынтастар Үлкен Құтай, Қарағанды, Қапсалаң, Көктерек. Шолақтерек, Шағансай, Ақтасы, Қобы сияқты шөбі шүйгін, суы мол жайлауларға орын тепкен.
Моңғолкүре ауданындағы сынтастар Шаты, кіші Қонақай, Көпірті, Ақсу, Ақаяз, Көктақыр қойнауларына таралған.
Күнес ауданында Таңжарық пен Әшімнің ескерткіші орнатылған бақшада екі сынтас тұр. Оның бірі еркек, енді бірі әйел адамның мүсіні.
Қорғас ауданының Кіші Мазар, Теректі, Сарбұлақ өңірінде әйел бейнсіндегі сынтастар сақталған.
Іле өңірі сақ қорғандары мен үйсін қабірлерінің де жиі шоғырланған мекені саналады. 1988 жылғы тескеру нәтижесіне, Іле өңірінде үлкенді-кішілі 10 мыңнан астам үйсін қабірі бар екен. Бұлардың көп сандысы 3-5 төбе бір желі немесе 10-20 төбе бір желі болып шоғырланады. Өкінішке қарай, іле өңіріндегі егін шаруашылығың өркендеуі, тың жерлердің көптеп ашылуына орай, мұндай төбелердің көбі тегістеліп, бүлініп, бұзылды. Үйсін төбелері негізінен Қас, Күнес, Текес өңіріне шоғырланған. Мейлі қай жердегі төбелер болсын түстіктен терістікке қарай бір сызықтың бойымен тұзу орналастырылған. Жергілікті халық бұл төбелердің санына қарай жер аттарын да «Бестөбе», «Қостөбе», «Жалғызтөбе», «Үштөбе», «Бес дөң» деген аттармен атап алған. Осындай төбелердің ең үлкені Күнес ауданына орналасқан. Жалпы сан жағынан келер болсақ, Нылқы ауданында 1700, Тоғызтарау ауданында 2000, Текес аңғарында 1500, Мұңғолкүре алқабында 1500, Күнесте 2000-нан астам төбе бар.

ҚХР, Күнес ауданы.

Бұл төбелердің бәрін үйсін зираты деуден аулақпыз. Өйткені, әр өңірдегі төбелердің өзіндік даралығы, парқы, ұқсамастығы бар. Айталық, Тоғызтараудағы зираттардың сырты ұсақ малта тастармен көмкерілсе, Моңғұлкүредегі төбелер тоған сияқты ойықпен қоршалған. Құлжа ауданының Тұрасу жайлауындағы Жалғыз қарағай (Әсет Найманбаев жерленген жер) деген жердегі үйсін зиратының бітімі бөлек. Төбенің төңірегі малта таспен қоршалып, оның сырты тоғанша ойықпен қоршалған. Моңғолкүре шаты өңіріндегі зираттар тік ура формасында қазылған. Сүйек салынған қаптама сандықтың сыртына тас және ағаш көмірі тізілген. Тағы бір зираттан табылған өлік сандығының төрт жағына кәдімгі сырмақ тігілген.
Қала мәдениетінің ізі Іле өңірінде де сайрап жатыр. Айталық, Мұңғолкүре ауданының Шаты қырғыз автономиялы ауылына қарасты Шаты өзені аңғарында ежелгі қала қорғанының жүлгесі жатыр. Қаланың өзенге қараған Күн шығыс жағына қорған соғылып, жиегі таспен бекітілген. Басқа тұстарында да соғылған қорғанның ізі білініп жатыр. Жалпы, аумағы 10 гектарға таяу жерге соғылған қаланың ескі жұртынан жергілікті тұрғындар түрлі түсті бояумен боялып, күйдірілген кірпіш сынықтарын жиі тауып алады. Бұл қала Іле өңірі, тіпті қазақ даласындағы ұзақ тарихқа ие қала орны саналады. Бір кезде зерттеушілер бұл қала орны Үйсін патшалығының орталығы Шығу қаласы болуы мүмкін деген болжамға келіп, бірнеше рет зерделу жүргізген соң, ол қала еместігін бірден тұрақтандырды. Дегенмен де, қаланың орналасуына қарағанда ол ежелгі «Жібек жолының» бойындағы маңызды сауда орталықтарының бірі болғанын көрсетеді. Өйткені, ол Текес өзені сағасындағы Мұзарт асуының жазығына орналасқан. Батысы Ыстықкөл, Шу өзені аңғарымен, түстігі Мұзарат асуымен, Солтүстік шығысы Іле өзенінің солтүстігіндегі Қойлық қала орынмен тұтасады. Сондай-ақ, Текес өзенін жағалап, Күнеске өтіп, Нарат асуы арқылы Тұрпанға баруға болады. Кезінде Күшлік хан Жетісуда Шыңғысхан әскерінен жеңіліске ұшырағаннан кейін осы Шаты қаласы, одан Күнес өзенін бойлап, Нарат асуы арқылы Тұрпанға жеткен делінетін дерек те бар.
Шаты қаласынан шығыс терістікте, қазіргі Құлжа ауданының Тұрпанюзы ауылының тұсында тағы бір қала орны бар. Жергілікті тұрғындар оны ежелгі Қойлық қаласы деп атайды. Бұл қала атауы тарихи деректерде «Күнгыс», «Күнгіт», «Айжарық» қалалары деп те аталып жүр. Қазақ даласында екі қойлық қаласы бар. Бірі осы, енді бірі Қазақстанның Сарқан ауданының жерінде орналасқан Қойлық қаласы. Алайда, бұл Қойлық қаласы кезінде Батыс Түрік қағанатының қосалқы ордасы болған қала. Бұл қала ежелгі Қытай (Жоңго) жазбаларында жазылған. Алайда, қазір оның орнын шөп басып, тек қала қорғандарының жүлгесі ғана жатыр. Бұл қала Шығыста Жемсары, Батыста Сояп қаласын жалғастырып тұрған сауда орталығы болуымен де тарихи жазбаларға енген.
Орта ғасырдан бері бірнеше хандықтың астанасы болған Алмалылық қаласының журнағы қазіргі Қорғас ауданының шығыс солтүстігінде 15 шақырым жерде жатыр. Солтүстігі Кеген тауының оңтүстік бөктеріне, Оңтүстігі Кеген сайына, Шғысы Тұғлық темір мазарына, Батысы Қараойға дейін созылады. Алмалық қаласы Жібек жолын бойлай керуен тартқан саудегерлердің зат алмасатын үлкен орталығы болғаны анық. Қытай (Жоңго) және шетел тарихи материалдарында Алмалық қаласы көп жазылған. Бұл қалаға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізгенде көптеген алтын ақша,күміс теңге, бақыр ақша, тас ойма, фарфор ыдыстар, ыдыс-аяқтар табылған. Бұл ақшалардың көбі 1350 жылдары құйылған делінеді.
Шапшал ауданының Қайнұқ ауылы деп аталатын жерде ежелгі Қайнұқ қаласының жұрты бар. Қала қорғанының шығысы, батысы және солтүстігі түгелдей орманмен қоршалған. Бұл қала Алмалылық қаласымен бір уақытта салынып, бір уақытта күйреген. Кейін жоңғарлар Іле өңірін жаулап алғанда олардың саяси, әкімшілік орталықтарының бірі болғаны белгілі.
Қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлин «Алтын Орда» романында: «Жәнібек ханның тұсы – осы түркі тілдес көне жұрттардың Шығыс елдерінің мәдениетіне, әсіресе араб, фарсы мәдениетіне жақындай түскен кезі еді. Кешегі көшпелі елдердің бекзадалары, тұрғын елдің ақсүйектері тәрізді, кұр ғана хат танып коймады, алдыңғы қатарлы Шығыс елдері тудырған ғылымдармен де шұғылдана бастады. Көптеген мешіт, медреселер тұрғызылды. Бұл медресе мешіттерге, балаларды окытуға, көшпенділерге мұсылман дінін кеңінен таратуға Дешті Қыпшаққа, Еділ-Жайық жағасына Мысыр, Шам, Жезира, Диярбекер, Рум, Фарсы, Бағдаттардан қожа-молдалар мен оқымыстылар жиналды. Дешті Қыпшақ жұрты да бұл елдерге ғылым-білім алуға өз балаларын жіберді. Міне, осындай Еділ-Жайықтың өзге жұртпен тек қана жауынгерлігі ғана емес, мәдениеті де қатар түссін деп, ағарту, өнер-білімге еліктеу саясатын кең жүргізгені үшін Жәнібекті қыпшақ, ноғайлы елдері әз Жәнібек, данышпан Жәнібек деп атады», – деп жазады. Бұл үрдіс Қазақ хандығының құрамдас бөлігі болған Іле өңірінде де шуағын шашты.
        Материалды автордың «Кұнес тарихи материалдары» атты көптомдықтағы материалдары мен қолжазбалары негізінде кирилшеге түсіріп, реттеп ұсынған Қажет Андас.
Андас омарақынұлы
Abai.kz


https://abai.kz/post/123725
https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755
«Тарих Талғарында/А. Омарақын «Тарихи зетрреулер мен эссе, сақалалар)-І том. Талдықорған. «Офсет» баспаханасы. 2022. -320 бет.

Андас ОМАРАҚЫННЫҢ Зекті жартас суреттерін суретке түсіріп, сақтаған нұсқасы.

 

Зекті Қызылқорым жартас суретіндегі ескі түрік дәуірінен қалған жазба.
ҚХР, Күнес ауданы.

Талдықорған қаласы

Қаралым 58
Алтайдай, жер қайда?
Жартас суреттері

Алтайдай, жер қайда?

March 19, 2026
Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды
Жартас суреттері

Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды

July 28, 2025
ЫРҒАЙЛЫ  САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ЫРҒАЙЛЫ САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
Жартас суреттері

Оспан сазындағы жартас суреттері

February 13, 2025
ТАЛДЫ  ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ТАЛДЫ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz