Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қуғын-сүргін

«КІСІҚЫРЫЛҒАН» ТАРИХИ ОРНЫ

admin
2025/07/28
Қуғын-сүргін
0
«КІСІҚЫРЫЛҒАН» ТАРИХИ ОРНЫ

Орналасқан жері: Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылдық округіне қарасты Бөрібай би ауылының іргесіндегі Бүгілдің сайынада.

Зерттелуі: өлкетанушылар Қажет Андас, Қали Ибрайымжанов, Роза Ыстай зерттеп жүр.

Сипаттамасы: 1930-шы жылдары алғашқыда қазіргі Соцжол артель болып құралғанда жергілікті үкімет бұл елді мекенді «Жеті үй Голощекин» деп атаған екен. Негізгі тұрғындары Суан атаның ұрпақтарынан тарайтын Үмбетей мен Бөлектер болған. Кейін шаруашылық көрсеткіші көтеріліп үлкен ұжымшарға (колхозға) айналады. Содан уақыт өте келе аймаққа танымал болғасын, біз енді «Социалистік жол» боламыз деп атауын өзгерткен еді. Ел арасында «Соцжол», бірде «Сәтжол» аталып келді де тәуелсіздіктен кейін атамыз Бөрібай бидің есімімен ұлықталды.

Ел дүрлігіп бай-болыстар, ел ағалары мен имам, молдаларға нахақтан жала жабылып жауапқа тартылады. Мал-мүлік биліктің бұйрығымен талан –таражға түсіп күшпен тартылып алынады. «Мал ашуы, жан ашуы» деп, қарсы келгендердің алды атылып, жер аударылғаннан аман қалғаны Жаркенттің түрмесіне қамалады. Біршамасы Кеңес үкіметін мойындамай қарумен қарсы шыққандары үшін «банды» аталып қуғынға түседі. Енді бір бөлігі ұрпақ қамы үшін жансауғалап шекара асып жатқан аласапыран уақыт кезеңі болыпты. Дәл сол кезде «батысымыздағы Ақшалар да қаруланған қарсылық топтарын құрыпты» деген сөз ел арасына тарайды. Осынау алыс-жақын жерлерден большевиктік жаңа билікке деген қарсылықтардың күшейген шағында біздің ауылдан Қыстаубай деген Бөлек шығыпты. Ол жаңа өкіметтің қазаққа жасаған қиянаты мен озбырлығына шыдамай қарсы тұрып, ауыл азаматтарынан шағын қарулы жасақ құрады.

Ел ішіндегі өздерінің жансыздары арқылы бар жағдайдан хабардар болып, сырттай бақылап отырған жаңа үкімет, қосымша көмек ретінде осы аймақтың орталығы Жаркент қаласынан жазалаушы комотрядты шығарады. Сөйтіп, ауылдың «шолақ белсенділерімен» бірлесе қимылдап көшті тоқтатуға және «Қыстаубай бандыны» ұстау туралы шұғыл түрде қатаң пәрмен беріледі. Сонымен бір ауыл қырғын тауып, бұл жер «Кісіқырылған» атанып кетеді

«КІСІҚЫРЫЛҒАН» НЕГЕ ҰМЫТЫЛУЫ ТИІС?

Атам Ыстай Тоқболат шамамен 1857–1858 жылдары дүниеге келген болу керек. Алматы қаласындағы орталық мұрағатта Бурақожыр болысы туралы құжаттардың ішінде Ыстай Тоқболат туралы мәліметті бірнеше рет кездестірдім. 1901–1903 жылдар арасында өткен болыс сайлауында Өтеген Кеңгіров пен Метербай Әуелбеков үміткер ретінде сайлауға түскенін көреміз. Осы сайлау парақшасында Өтеген Кеңгіровті 43 жаста деп көрсеткен, яғни 1858 жылы дүниеге келген. Ыстай Өтегенмен жан жолдас болғанын бала кезімізде үлкендерден естіп өстік. Екеуі серттесіп, бесік құда болады. Алматы орталық мұражайдан алынған 1910 жылғы құжаттарда Ыстай Тоқболатың «Қыстауы Көктерек, бес шаруашылығы, 13 ер, 14 әйел адам, 2 отау бар» деп көрсетілген, яғни атамыз ауқатты, ықпалды, есеп-шотқа жүйрік,сыйлы адам болған екен. Ел ішінде «Жәдігерден Ыстай шықты, есеп- шотын ұстай шықты» деген тәмсіл сөз бүгінге дейін айтылып келеді. Ыстайды 1910 жылы шамаман 48 жаста деп айтуға болады. Мұқаметқали мен Мәйкөнің балалары шетінеп кетіп отырғандықтан, біраз уақытқа дейін балалары болмайды. Менің әкем Мұхаметбайдың шешесі үш жасында қайтыс болып, Мәйкө шешеміз бауырына басқан екен. Әкемнің «Кісіқырылған» туралы айтқан әңгімесі әлі есімізден кеткен жоқ.

Мұхаметбай ол кезде тоғыз-он жастағы бала болатын. Қоңырөлеңнің шығыс жағындағы жазықта ағасы Мұхаметқалидың жүйрік аты мен оншақты жылқысын бірге бағып жүрген еді. Бір кезде ауыл жақтан жалғыз атты шауып келе жатқанын көріп, ол секемденіп қалды. Жүрісі суыт, әне-міне дегенше қасына жетіп келді де, ішіндегі ең жүйрік атты бас салып ұстап, үйірден бөліп әкетті. Аттың шаужайына жабысқан оны қолындағы дырау қамшымен осып-осып жіберді. Бет-аузын қан жауып кетті. Мұхаметбай бақырып, жылаған күйі қала берді. Қыстаубай артына бұрылып:

– Әй, Мұхаметқали әкеңе ат керек болса Бүгілдің сайына тез жетсін! Қыстаубай деген кісі алып кетті деп айт! – деді де атымен шаба жөнелді. Мұхаметбай не істерін білмей, қан жапқан бетін қолымен сүрткен болды да, болған жайды тезірек жеткізу үшін үйіне қарай жүгірді. Мәйкө шешесі оның қан басқан бет-аузын көріп шошып кетті .

– Ойбу, Мұқатайым-ай, не болды, кім ұрып кетті? – деп тездетіп су алып келіп, басы-көзін жуа бастады. Мұхаметбай өксігін баса алмай біраз тұрды да, болған жайды айтып берді. Ағасы Мұқаметқали жаңа келді ме, үйде бұрыннан жатты ма, жүгіріп шығып:

– Өй, қызталақ неме! Балада несі бар? Мәйкө, киім дайында! Мен сол жаққа кеттім! – деп ағасы жылдамдатып, атын ерттей бастады. Үйден апасы алыс жолға шығатын қоржынын алып шығып, Мұқаметқалиды шығарып салды.Үйдегі бала- шаға бәрі үрпиісіп қала берді.Мұқаметқали бандыларды тез тауып, соларға қосылды.

– Сол күні Бүгілдің сайында қатты атыс болды. Қыстаубай ауылдағы адамдарды ер-әйел, бала-шаға демей барлығын шекарадан өту үшін, Қытай жеріне алып бара жатқан. Бүгілдің сайынан тік жүріп, отыз шақырымдай жүрген соң, сол араға тоқтап, бала-шағаны дем алдырды. Бірақ артынан қуғыншылар келе жатқанын білді. Қыстаубай бұл хабарды ауданға жеткізгендер кім екенін ешкім айтпай- ақ іші сезді. Қыстаубайдың ауылда қалған «шолақ етек» белсінділер өздерінің бауырларын ұстап бере қоймас деген ойда болды. Бірақ атыстан кейін оның ойы тас-талқаны шықты. Арғы беттегі бір қора қызыл әскерлерді көріп, олар Шымылдыққарағайға қарай жасырынды.Бұлар бар- жоғы- төртеу. Бір кезде Қыстаубайдың баласы қызыл әскерлердің қасынан бауыры Оразымбекті көріп қалды, ол ауылдық совет бастығының орынбасары болып жүұмыс істейді. Бір кезде қызылдар сайда тұрған ауыл адамдарына қарай оқты қарша жаудырды. Азан- қазан шу болды да кетті. Осы кезде Қыстаубайдың баласы айғайлап:

– Оразымбек аға, атқызбаңызшы! – деп орнынан тұрғаны сол еді, қарсы беттегі Оразымбет балаға қарай мылтықты кезеп, атты да тастады. «Әке, жатыңыз» дегеніне қарамай Қыстаубай Оразымбекті атып үлгерді. Ол әйтеуір, Мәйіттің бетін шапанымен жапты да:

– Бұлар жалғыз баламды атқан соң болды, ешкімді аямайды, ар жаққа кеттік! – деп арғы бетке қарай атының басын бұрды. Қасындағылар да дайын тұрған екен, аттарымен желе жөнелді. Теріскейде де тыныш емес, Қыстаубайдың елді көшіріп бара жатқанын хабарлап қойғандықтан, қызыл әскер оларды ұстауға сақадай сай тұр екен. Қыстаубай қасындағылармен бірге олардың атқан оқтарын тигізбей, Қытай жеріне аман-есен өтті де кетті. Ел тыныштанған соң Қыстаубай шекарадан өтіп, баласын өзі жерлеп қайтты. Қырылған ауыл адамдарының сүйегін көріп, ол қатты ашу-ызаға булығып, не істерін білмей, шарасыздықтан арғы бетке қайта кетеді.

Қыстаубай Қашқынов деген адам кім? Ол сол кездегі жүйеге қарсы шыққан бай-манаптардың бірі. Құралайды көзге атқан мерген болған. Қыстың қысында жалаңаш денесіне жеңі жоқ қажекейін іле салады екен. Жүн-жүн кеудесінен бұрқыраған бу шығып, екі иығына екі кісі мінгендей алып денесі шиыршық атып тұрады дейді көргендер. Кейін Кеңес тыңшылары оны Қытай жерінде тауып, өлтірген. Ал Мұқаметқали бір жылдан кейін бауыр- туыстарын таныстары арқылы Қытай жеріне алғызды.

Қызылдар «Кісіқырылған» болған атыста тірі қалғандарды Қоңырөлең ауылына мал құсатып айдап келген. Біреулер екі-ақ адам тірі қалған десе, енді бірі оншақты адам тірі қалған дейді. Қазіргі Бөрібай би ауылында туған, Жаркент қаласының тұрғыны Жекен ағамыз былай дейді.

– Менің апам Майқиева Қаныша Өскенбайқызы 1902 жылы туылған. Руы Үмбетей. Атыс кезінде киізге орап тастағандықтан аман қалады. Апамыз 2004 жылы 102 жасқа келіп қайтыс болды. Бірақ бірде-бір рет осы оқиғаны айтқан емес. Сұраған кезде «Балалар, оны қайтесіңдер?» деп еске алғысы келмейтін.

Ия, қалай десек те, бүкіл бір ауыл шеккен қайғы-қасіретті ұмытқанымыз дұрыс емес. Болашақ ұрпақ үшін, жазықсыз қырылған бауырларымыз үшін ескерткіш қою біздің парызымыз.

Роза Ыстай,

журналист,

Панфилов ауданы.

Q-Andas ақпарат.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 31
Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)
Қуғын-сүргін

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 15, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 13, 2026
Түркістан жерінің бөлінуі
Қуғын-сүргін

Түркістан жерінің бөлінуі

April 6, 2026
Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы
Қуғын-сүргін

Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы

April 3, 2026
Тәркіленген байлар
Қуғын-сүргін

Тәркіленген байлар

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz