Жаңа эрадан бұрынғы V ғасырдың орта шенінде Жин бектігіндегі абыздардан бөлініп, Уи, Жау, Хан үш бектігі заңға бет алған құл иеленуші ақсүйектер үстемдік етіп келген Жин бектігінен бөлініп шықты. Сол кезде Уи бектігінде құлдық тәртіптің қалдықтары тым ауыр болатын. Заңға бет алған құл иеленуші ақсүйектердің ықпалы күшті, әрі әлі де мықты еді. Олар үздіксіз түрде бүліншілік әрекеттермен шұғылданып, тырылысу мен оған қарсы тұру күресі ерекше өткір сипат алған.
Уи бектігінің бегі Уи Уинхұ жаңа гүлденген дихан табының үстемдігін бекемдеу және құл иеленуші ақсүйектердің қайта тірілу күшіне соққы беру үшін Ли Күиді уәзірлікке тағайындап, саяси-экономикалық жағынан реформа жүргізген болатын.
Ли Күидің реформалары
Құл иелерінің «тұқым қуалайтын мирасқорлық мансап пен жалақы» жүйесін жойып, мансап иелерін көрсеткен қызметі мен қабілетіне қарай таңдап өсіру керек деп санады. Ол: «Ел басқарудың әдісі – жалақыны бектікке еңбек сіңірген адамдарға беру, қабілетті адамдарды ел басқару ісіне қою, қызмет көрсеткендерді мадақтау, қылмыс жасағандарды жазалау керек», – деп есептеген. Сондай-ақ: «Іріп-шіріген құл иеленуші ақсүйектердің жалақысын тартып алып, Уи бектігіне қызмет етуді қалайтын түрлі аймақтардан келген адамдарға беру», – деп ұсынған. Бұл арқылы құл иеленуші ақсүйектердің саяси артықшылықтарын әлсіретіп, феодалдық басқару жүйесін орнатқан.
«Жер құнарлылығын пайдалану» және «астықтың тұрақты бағасын сақтау» саясаты. Ли Күи дихандарды егін егуге жігерлендіріп, «жер құнарлылығын пайдалану тәрбиесін» жүргізіп, өнімділікті арттырған.
Ол былай деген:
«Астық қымбаттап кетсе бұқара (қала тұрғындары) зиян шегеді. Астық арзандап кетсе дихандар зиян шегеді. Бұқара зиян шексе сергелдеңге түседі, дихандар зиян шексе ел кедейленеді». Сондықтан ол астық бағасының тұрақтылығын сақтау үшін «астықтың тұрақты бағасы» саясатын жүргізген. Мол өнім алынған жылы үкімет дихандардан артылып қалған астығын тұрақты бағамен сатып алып, қор сақтаған – сондықтан астық бағасы күрт төмендемеген. Қуаңшылық жылы үкімет сол тұрақты бағамен астық сатып беріп, нарық бағасын тұрақтандырған. Осы әдіспен Ли Күи құл иеленуші ақсүйектер мен ірі саудагерлердің жалдаптық пайда табуын шектеп, феодалдық шаруашылықты өркендетіп, қоғам тәртібін тұрақтандырған.
«Әмір-жарлық тәпсірін» жасау және заң үстемдігін орнату. Бұл еңбек заңға бет алған құл иеленуші ақсүйектердің қайта тірілу әрекетін тежеп, жаңа гүлденген дихан табының мүддесін қорғауға бағытталды. «Әмір-жарлық тәпсірі» алты бөлімнен тұрған: «Қарақшылық», «Ұрлық», «Тізгіндеу», «Ұстау», «Жазалау», «Құрал».
Алдыңғы бөлімдері феодал бектіктер мен дихан табының саяси және экономикалық мүддесіне қол сұқпау туралы ережелер, кейінгі бөлімдері жазаны атқару әдістері. «Әмір-жарлық тәпсірінің» қолданылуы «абыздан жоғарғылар жазаға тартылмайды» дейтін ақсүйектердің ерекше құқығына ауыр соққы берген. Бұл құл иеленуші ақсүйектердің қайта тірілу әрекетінің алдын алуда аса зор рөл атқарды.
Ли Күидің реформасының нәтижесі
Ли Күидің реформалары Уи бектігіндегі құл иеленуші ақсүйектердің қалдық күштерін одан әрі әлсіретіп, феодалдық саясат пен экономиканың дамуын тездетті. Сөйтіп, Уи бектігі өте тез күшейіп, Жанго дәуірінің алғашқы кезеңіндегі белді бектіктердің біріне айналды. Ли Күи жасаған бұл саясаттар мен «Әмір-жарлық тәпсірі» кейінгі заңшылдарға, әсіресе Шан Ян мен Хань Фэйға аса зор ықпал жасады.
Ли Күидің реформаларының бүгігі Қытай елінің мемлекеттік меншік және нарықтық қатынастарындағ арақатынасы.
Жалпы, Қытай экономикасында мемлекетке тиесілі ірі кәсіпорындар (SOE-тар) маңызды рөл ойнайды. Бұл Ли Күидің «құл иеленуші ақсүйектердің ықпалы әлсіретіліп, мемлекеттік құрылым арқылы басқару күшейеді» деген ұстанымымен сәйкес келеді алады. БСондай-ақ, «мансап пен жалақыны еңбек пен қабілетке қарай беру» идеясы, қазіргі Қытайдағы кейбір әкімшілік-экономикалық реформалармен үндес келеді. Бұл туған-туысқа емес, қабілетке негізделген қызметтерге көшу жолы.
Ли Күи: «Жер құнарлылығын пайдалану», диқандарды ынталандыру, өнімділікті арттыру, астық бағасының тұрақтылығы» идеясын алға қойған. Ал Қазіргі Қытай ауыл шаруашылығында азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше мән береді.
Ли Күидың «жерді тиімді пайдалану» және «баға тұрақтылығын сақтау» идеялары қазіргі Қытайдағы ауыл шаруашылық субсидиялары және нарықты реттеу саясаттарымен үндес. Оның «ырғағы мол өнімді жылы үкімет интервенция жасайды» деген ұстанымы қазіргі Қытайда субсидиялар, бағаларды реттеу арқылы жасалып жатқандығымен сәйкес. Сонымен қатар, фермерлердің өнімділігін арттыру мен еңбек өнімділігін жоғарылату міндеттері Ли Күидың «диқанды ынталандыру» идеясын еске салады.
Ли Күи: «Мәсап мен жалақы тұқым қуалау жолымен емес, қызметі мен қабілетіне қарай берілуі керек» деген. Қазіргі Қытайдағы мемлекеттік қызмет жүйесінде – мемлекеттік қызметшілердің жалақысы келесі үш негізгі құрамнан тұрады: негізгі жалақы, тұрмыс шығынына арналған қосымша төлемдер, бонус (сәттілікке қарай) болып бөлінеді. Мемлекеттік қызметке қабылдауда бәсекелік іріктеу, қабілетке мән беру бағытында реформалар жүргізілген.
Ли Күи мемлекеттің қоғамдағы барлық үдерістерге белсенді араласуын және биліктің заңмен реттелуін жақтаған. Қазіргі Қытай экономикасы — «нарықтық-социалистік модель», мұнда мемлекет басқарушы және жоспарлаушы күш ретінде әрекет етеді. Ли Күидің заңды мемлекет тірегі ету және билікті орталықтандыру қағидалары қазіргі Қытайдың макроэкономикалық басқару жүйесімен сәйкес келеді.
Қазіргі Қытайдың кадрлық және еңбекақы жүйесі Ли Күидің «еңбек пен қабілетке қарай марапаттау» қағидасымен үндес. Айырмашылығы – бүгінгі жүйе заманауи бюрократия талаптарына бейімделген, бірақ тарихи түбірінде дәл сол әділдік принципі жатыр.Осыған қарай отырып, Қытайдың қазіргі экономикалық және әкімшілік саясаты – ежелгі заңшылдық рухының заманауи көрінісі деуге әбден болады.
Ли Күилік ағымның Қытай-Қазақстан қатынасына ықпалы
Қазір Қытай экономикасы Орта Азияға, соның ішінде Қазақстанға ағылып жатыр. 2024 жылы Қытай–Орталық Азия саудасы ~$95 млрд, АҚШ доллары болса, соның шамамен жартысы Қазақстанның үлесінде. Биылғы маусымындағы форумда ~$24–25 млрд. АҚШ долларына жаңа келісімдер жарияланды. Шекаралық хабтар. ҚОРҒАС ШЫХО – визасыз аймақ, адамдар мен тауардың еркін қозғалысы үшін бірегей шекара орталығына айналды. Логистикалық өсім бар. Атасу–Алашанку бағытында Қазақстан –Қытай мұнай құбыры жұмыс істеп тұр. ҚХР-мен бірге Ақтау портында контейнерлік хаб, Қазақстанның Ляньюньгандағы терминалын тоғыстыру жобасы – Қытай–Еуропа құрғақ дәліздерін күшейтеді. С+ОА (C+C5) саммиттері – «ортақ болашақ қауымдастығы», энергетика, жасыл технология, құқыққорғау ынтымақтастығын тереңдету туралы декларациялар мен ондаған келісімдер, Экспорт-транзит кірісі, инфрақұрылым модернизациясы, жасыл-технология трансфері Қытайлық экономикасының әлеуетін көрсетеді. «Ликүи ағымы» (заңшылдық) – қатаң регламент, орталықтанған жоспарлау, нәтижеге есеп негізінде құрылған. Қазақстанға ықпалын келісім-шарт, рәсім, стандарттар арқылы жүргізеді.
Ли Күи ауыл шаруашылығына мән беріп, астық бағасын тұрақтандыруды ұсынған. Қазіргі Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыста да ресурстарға, ауыл-шаруашылық, энергияға, өңдеуге бағытталған жоба көп. Бұл «ресурсты стратегиялық пайдалану» тұрғысынан Ли Күидің бағытына үндес келеді. Демек, қытайлықтар алдағы уақытта ауылшаруашылығы саласына басымдық береді. Оның кейбір қатерін ескеруге тұра келеді.
Кей зерттеулерде Қытай фирмалары Қазақстанда жұмыс істегенде «заң үстемдігі әлсіз», «қолданыстағы институттар икемсіз» деген сындарды жиі айтады. Бұл тікелей білікті кадыр мәселесімен сәйкес келеді. Ли Күи «мансап тұқым қуаламайды, қызмет пен қабілетке қарай берілу керек» деген. Әсіресе мемлекеттік қызметке қабылдау, жалақы құрылымы мәселесінде Қытай қоғамына терең ықпал еткен. Қазақстандағы қытайлық экономиканың ұлғаюы білікті, бірақ білегінен тартатыны жоқ мамандардың қытайлық компанияларға ағылуын туындатары анық.
Иә Қазақстандағы қытайлық экономикалық ықпал тек сауда-инвестиция тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ басқару, инфрақұрылым, мемлекет-экономикасы, кадр мәселесі тұрғысынан туындауы мүмкін. Ол Ли Күидің заңшылдық, орталықтандыру, қабілетке негізделген басқару идеяларымен белгілі дәрежеде үндес келеді. Бірақ бұл ықпал толықтай «Лиікүйлік ағым» деген атпен қабылданбайды. Заманауи, халықаралық шарттармен үйлескен, жаңа жағдайдағы белгілермен көрініс табады.
“Q-andas” ақпараттық агенттігі.











