Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

ОМАР-АЛХАН СҰЛТАН ҚОРЫМЫ ХІХ ҒАСЫР

admin
2025/02/01
Қасиетті жерлер
0

Орналасқан жері: Ақсу ауданы, Суықсай округі, Баласаз ауылы
Зерттелуі: тарихшы Болатбек Нәсенов, тарихшы Талас Омарбеков, өлкетанушы-журналист Қажет Андас, журналис Омар төре ұрпағы Гүлжан Тұрсынова зерттеп жүр.
Сипаттамасы: Баласаздың Маңдайшоқысынан асып түскенде төбесі біраз опырылған алып мазар тұр. Бұл арғы бабасы Шыңғысхан, бергі атасы Абылай хан, ақсүйек әулетінен тарайтын Аталықтың сұлтаны Омар төре Серғазыұлының зираты. Салынған уақыты шамамен 150 жыл бұрын. Омар төре Серғазыұлының туған жылын, билік лауазымын, ата-тегін, шежіресін, Ресей архивінен тапқан тарихшы Ербол Бекболатов бауырымыз. Болатбек Насеновтің ” Мәскеу мұрағаты сөйлейді” кітабындағы деректе: «Серғазыұлы Омар 1811 жылы туған. Аягөз өңіріндегі сұлтан, би, старшын, құрметті қырғыздар және шені бар тұлғалардың 1850 жылғы ауызша айту бойынша, 1851 жылғы 15 наурыздағы тізімде № 872 болып тіркелген. Серғазыұлы Омар Көшектен тараған. Омар Серғазыұлы Аталық-матайдың сұлтаны болған. Жасы 39-да. Бай адам. Қыстауы – Баласаз. Маңдайшоқы. Жайлауы – Желдіқарай. Аягөзден 330 шақырым қашықтықта. Архив дерегінде Омар төренің шежіресі де таратылған. Онда Абылайдан – Қамбар, Қамбардан – Сәнияз, Сәнияздан – Көшек, Көшектен– Серғазы, Серғазыдан – Омар, Алқан тарайды» деп жазылған.
Омар төре атаның күбезінің қасынан өткен адам міндетті түрде құран бағыштатады. Әйел адамдар алыстан аттарынан түсіп, міністерін жетектеп өтеді. Колхоз кезінде бастықтан қорыққан бір бригадир әйел сол жерден атпен өткен екен, көп ұзамай аты тулап, құлап, аяғы сыныпты. Омар Серғазыұлы тірі кезінде мазарды аттың қылы мен ешкінің қылшық жүнін ешкі майына қосып батпаққа араластырып жасатқан. Батпақты бір үйір жылқымен илеткен екен. Шаршап, құлаған жылқыны бірден сойып, ауыл адамдарына таратып жіберіп отырған. Ішін бөлмелерге бөліп, күмбез қылып салдырыпты. Қаншама жылдар өтсе де мазар әлі сақталып келеді. Үлкендердің айтуынша, күмбездің ішінде алтын дүниелер болған. Үлкен самаурыннан кеш бата күмбірлеп үн шығып тұрады екен. Таң ата музыкалық әуен тоқтайды. Желдің әсері емес. Шағын ғана есігі бар күмбезге жел кірмеген.
Баласаздың күн шығысында, жартастың саңылауынан сыздықтап, тамшылап ағып жатқан су дертке дауа. Көпшілік оны «Шипалы – Тамшыбұлақ» деп атайды. Бастау – Тұрсын төре тауында. Бұлаққа ертеректе сырқатына шипа іздеген адамдар келіп суын ішіп, емделген. Жолы жабылған, қиындыққа тап болған, нәресте сүйе алмағандар тұмадан су ішіп, тілеу тілеген. Баласаз ауылының тұрғыны Қ. Нүсіповтің айтуынша, анасы Заухия апа жағы қисайып ауырыпты. Сол кісі шипалы судың арқасында денсаулығын қалпына келтіріпті. Тамшыбұлақ мыңдаған жылдардан бері толассыз ағып, дертке шипа, жанға дауа болуда.
Тұрсын төре тауы Омар, Алқан төрелердің ұрпағы Тұрсын атымен байланысты.
Аңыз-әңгіме: Жол түсіп жер жаннаты Жетісуға ат басын тіреген жанға ағынды Ақсу жеріндегі Баласаз, Маңдайшоқы маңынан көне күмбез кездеседі. Ғасырдың сырын ғасырға жалғап тұрған ескі мазар Көшектің кіндігінен тараған Омар төренің зираты екенін біреу білсе, біреу білмес. Шамамен 1811 жылы өмірге келген Омар Серғазыұлы түйенің екі өркешіндей қос ағайынды. Інісі Алқан да  ана сүтімен берілген асыл қасиеттерден құр алақан емес. Қайратына қаруы сай елін жаудан қорғаған бақадүр батырлардың бірі. Ал, Омар жер қайысқан жылқысы суатқа түскенде Бүйен өзенінің суы тартылған ауқатты бай, байлығын мұқтаждардан еш аямаған атымтай жомарт, парасаттылығымен ел билеген Аталық-матайдың сұлтаны болған абыройлы адам деседі. Қазыналы қарттардың айтуынша, бұл мазарды Омар марқұм көзінің тірісінде сандық толы алтынға Самарқаннан қас шебер алдырып өзі салдырған. Қыруар жылқының жал-құйрығы, ешкінің майымен қылшығы қосылған сары балшықты бір үйір жылқыға кештіріп, иленген. Осы барыста зорығып  құлаған аттар бірден сойылып ауыл адамдарына үлестіріліп отырған. Зираттың басына айналмалы алтын күмбез орнатылып, бірнеше бөлмеден тұратын мазар ішіне үлкен алтын самаурын қойылған. Бір ғажабы, ақшам жамырай жел тимейтін бітеу зираттың ішіндегі самаурыннан әуезді әуен естіліп, таң ата сырлы саз тоқтайды екен. Бүгінде құнды жәдігері қолды болған көне қорғанның құр қаңқасы тұр. Сырлы аяқтың сыры кеткенмен сыны кетпейді. Бір жарым ғасырдан астам уақытты еңсерген еңселі мазардың тоналған жәдігерінен төбесі опырылып тесілгені болмаса әлі күнге қалпы бұзылмай сақталған. Зерттеушілер кезінде еліне қорған болған  дәл осындай би, сұлтандардың еңбегі ескеріліп, тарихи қорған қайта жаңғыртылса,–деген пікірде.
Дәуір сан аунап жылдар легі сағымдай сусып өткенімен хан әулетінен тараған тектілік тек Омар төремен шектеліп қойған жоқ. Сүбесі сөгілместен төл ұрпағы Тұрсын төренің бойына келіп қонды. «Ата көрген оқ жонар». Жастайынан ақыл біліммен сусындап өскен оның уақыт оза келе өн бойынан ер жігітке тән асыл қасиеттердің бәрі де бой көрсетті. Ата мекені Сарыбел, Бүркітті, Баянжүрек тауларын тұлпарының тұяғымен түріп, аң құс аулап, саятшылықпен серуен құрып есейген бай баласы көп өтпей  құралайды көзге атқан мерген болып жетілген. Дәл сол тұстарда Кеңес үкіметі «Асыра  сілтеу болмасын,  аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен дүйім елдің кисе киімі, ішсе  тамағы  болып  отырған төрт түлік малын тәркілеп, мешіттерді жоюға кірісе бастаған. Ұлт қамын ойлағандарға «ұлтшылдар», «тап жаулары», «жікшілдер», «оңшылдар» деген жала жабылып, барлық адам  ет, астық өткізуге міндеттелген. Салық төлей алмағандар істі болып, бай-манаптардың үрім-бұтағы жер аударылады. Бұл бассыздықтың қызыл жалыны Тұрсын төре шаңырағын да шарпиды. Ақыры қисынсыз қысастыққа төзбеген халық  ұрандап атқа қонады.
Қарсылық   Ақсу, Сарқан, Қапал аймағында жалғасады. Мұны жергілікті жұрт «Бөрібай көтерілісі» деп атап кеткен. Себебі, 1694 жылдары өмірге келген Бөрібай Сарыұлы Абылай хан дәуірінде ерен ерлігімен танылған найманның матай руынан шыққан атақты батыр, даңқты қолбасшы. Есімі матай елінің ұраны болған. Бөрібайлап атқа қонған матай ата ұрпақтары ештеңеден тайынбаған. Сонымен Бөрібай көтерілісі бірте-бірте күш алып, халық арасында «Кеңес өкіметі жойылсын!»,  «Салықтар жойылсын!»,  «Тұқым қорын жинауға қарсымыз!», «Коммунистерді, комсомолдарды соғыңдар!» деген ұран тасталады. Өйткені, бар малынан астық, тұқымынан айрылған халыққа ашаршылық қаупі төне бастаған еді. Бас көтерушілер бірнеше бағытта арнайы топ жасақтап казак-орыс қазақтардан ұйымдасқан бір құрамындағы 150-ге жуық жасағын Тұрсын төре басқарады. Батыр келбетті есіктен бір қырымен зорға кіретін алып күш иесі оларға атыс-шабыстың айла-тәсілін үйретіп, соғысқа қарсы дайындық өткізеді. Сонымен өкіметтің көтерілісшілерді бастықтыруға шыққан қызыл әскерлерімен жергілікті жұрт арасындағы теке тірес басталып кетеді.
Сан мәрте бетпе-бет келген шайқастар да екі жақтан да адам шығыны болғанмен алғашында көтерілісшілер қызыл әскерлердің бетін қайтарып отырған. Көтерілісшілерді  ауылдағы халқы тегіс қолдап бірге қарсыласқанымен үкімет көтерілісшілерге «Банды» деген ат қойып, айдар тақты. Шолақ белсенділерді салып қазақты қазаққа жау етіп көрсетті. Осылайша жергілікті жұрт арасына іріткі салынып, көп ұзамай араздық пен аштық  қабаттаса келді.  Ешкімнен еш қайыр болмасын білген ел ақылшы Тұрсын төреге өтініш айтып, қытай асуға бел буады. Ресей патшалығын үш жүз жыл билеген Романовтар әулетін де жоқ қылған Кеңес өкіметінің енді аямасын ойлаған қолбасшылар жұрт талабына бірден келіседі.  Осы барыста жасы жетпістен аса бастаған Тұрсын төре туған жерінің бір уыс топырағын шытына түйіп, әкесі Омар төренің басына Құран бағыштап көшкен елмен бірге атқа қонады.
Алмағайым заман. Ашаршылыққа қарсы атыс-шабыстан көз ашпай үдіре тартқан елін қорғау басты парыз. Жол бойы кездескен қиындықтардан енді өтіп, шекара маңындағы  бір жерге тыныстаған ауыл жұртына түнделете жеткен қызылдар қырғидай тиеді. Қайта шапқан жау жаман. Тұтқиыл келген жаудан халқын бала-шағасын аман құтылтуды ойлаған Тұрсын төре қайтпай қарсыласып тұрып оққа ұшып көз жұмады. Елінің ертеңі мен ұлтының болашағы жолында күресіп өткен тау тұлғаның өмірде өшпес ізі қалды. Бүгінде ақ сүйек төре баласының ата мекенінде «Тұрсын төре жайлауы», «Тұрсын төре тауы», «Тұрсын төре алтын шахтасы», «Тұрсын төре  Тамшы бұлағы» деген халық арасында кең тараған жер-су атаулары бар. Атағы алты алашқа мәлім қасиетті Қапал жеріндегі Тамшыбұлақ тарихтан жанға да, тәнге де дауа салқын зәмзәм.
Сілтеме: Талас Омарбековтің «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті»
https://qazaqstan.tv/news/177018/

https://7-su.kz/news/cat-4/15477/

Омар төре

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 30
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

February 2, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

December 1, 2025
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

November 28, 2025
Хангелдіұлы Бейсен би
Қасиетті жерлер

Хангелдіұлы Бейсен би

November 20, 2025
Үлпілдек Дарабоз ана
Қасиетті жерлер

Үлпілдек Дарабоз ана

November 17, 2025
«Үйтас» петроглифтері
Қасиетті жерлер

«Үйтас» петроглифтері

November 17, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz