Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

Хангелдіұлы Бейсен би

Хангелдіұлы Бейсен би – 1850 жылдары Қапал уезі, Мырза болысы, Дауылбай тауының күнгейінде туған. Әкесі Бейімбетабызұлы Хангелді болған. (Образованный ученный по нашему профессор) Бейсен өте сауатты адам болған деседі. Капал уезіндегі Мырза болысында болыс болыпты.

admin
2025/11/20
Қасиетті жерлер
0
Хангелдіұлы Бейсен би

Халық арасында Бейсен би аталып, Ақ патшаның 20 верст жарлығы шыққан кезде жерсіз қалған руларға жер алып беру, жерлерін шешу жұмысына белсене араласқан. Сыпатай руының ақсақалдарының айтуынша, осы рудың жер мәселесін шешіп берген екен.

Бұрынғы үлкендердің және Асия әжемнің айтуынша, Бейсен Би көзі өткір болғандықтан адамға тіке қарамаған.  Бір жолғы жесір дауында  найманның садыр руынан келген жастау би Бейсенбидің тоқтау сөзіне тоқтамай, қайта-қайта: «Қалың мал  берілмегенін алдыға тартып, артында қалған балалары енді шешесінен айырылып тұл жетім болады» дегеніне көнбейді. Сонда Бейсен би басын көтеріп  тіке қарап:

– Әй, сен, болмайтын бала екенсің? –деген екен.

Сонымен жесірлерін алып Сарқанға жете бере Бала би аяқ астынан қатты ауырады.

Сонда:

– Мен дұрыс істемедім, маған Бейсен бидің көзі тиді, жесірді қайтарыңдар, – деген екен.

Бейсен би өте кең адам болыпты.

– Малға барымта түсті, –  деп хабар келгенде,

– Малдың ізі қай бағытта, – деп сұрайды екен.

– Із солтүстікке карай кеткен, –  десе,

– Әй қызталақтар, өзіміздің жиендер екен ғой, қоя салыңдар, өздерінен хабар келеді, –  дейді екен. Бұл мырза руымен Садыр-Матай руларының ежелден мыңжылдық құда екенін көрсетеді.

Кеңес өкіметі тұсында Дауылбай ауылы үлкен жол бойында тұрғандықтан комисарлар қайта-қайта келіп, мазалай берген соң  Бейсен би ағайын Сәбдендердің  Елтай-Сарыбұлағына көшіп кетеді. Сол ауылда қартайғанша дейін тұрады.

Бір аста өзінен кіші ақсақал Бейсен биге:

–  Әй, Бейсен қашан сенің асыңда қойдың басын мұжимыз? – деген екен.

Сонда би:

– Әй, сен, білмеуші ме едің? Жас қойдың басы кәрі қойдың басынан бұрын пісетінін, – депті. Көп ұзамай сол кісі қайтыс болып кетіпті.

1925 жылы Елтай-Сарыбұлағында қайтыс болады. Құдасы  Садырдың Таңбала биі 1928  жылы  басына күмбез орнатып, 1928 жылы күзде Алажидеде үлкен ас береді. Кезінде орнатылған күмбезі құлап, кейін  басында құлыптас қойылып, коршаумен қоршалған. Қазіргі кезде әулие атанып, ел басына барып тағзым етіп, Құран оқиды.

Бейіті Абай ауылына кіреберістегі мешіттің артында. Бейсен бидің атақонысы Дауылбай тауының етегінде бірінші сайда еді. Кейін ол сай Бейсен бидің сайы деп аталып кетті.

Ұлы Өсербай Қапал уезінде қызмет атқаран. Архивтен сол кісінің қолымен уез басшысына орысша және арабша жазылған және колы койылған жергілікті азаматтың  арызы табылды. Соған қарағанда писарлық қызмет атқарған болу керек. Бейсен би ұлына Таңбала Бидің  (Садыр руының болысы ) қызы Асияны  айттырып алып берген.  Қазір Капалдың жанында Таңбала бидің атымен аталатын  ауыл бар.

Ұлы, немересі  болыстың тұқымы деп куғын-сүргінге  түсіп, көп азап тартты. Ұлы Өсербайға 1932 жылы ашаршылықта орталықтан берілетін көмек берілмей, «ағайынның жырмалап берген ас ауқатқа ортақ болмайын» деп әйелі Асияға «Балаларды аман алып қал», – деп теріс айналып, қабырғаға қарап жатып, қайтыс болады.

Бейсен бидің немересі Жақыпбай қуғын-сүргінде болып, тек 1940 жылы  амнистияға түсіп,  еркіндік алды. Осы деректі ұсынған Бейсен биден тарайтын Мұрат Өсербаев Текелі қаласындағы Текелі мрамор зауытын, кейін облыстық өнеркәсіпті  басқарды.  Көксу ауданынның әкімі болып, содан кейін Жетісу ұлттық компаниясында басшсылық   қызмет атқарды.

Қажет Андас.

Дереккөз: Қ. Андас. Өткені ерен, келешегі кенен Еркін. Талдықорған: «Офсет» баспаханасы, 2022. – 99–100 б.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 31
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

February 2, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

December 1, 2025
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

November 28, 2025
Үлпілдек Дарабоз ана
Қасиетті жерлер

Үлпілдек Дарабоз ана

November 17, 2025
«Үйтас» петроглифтері
Қасиетті жерлер

«Үйтас» петроглифтері

November 17, 2025
Кызылжар: истории ценные страницы
Қасиетті жерлер

Кызылжар: истории ценные страницы

November 4, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz