Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Петроград хаты. ІІ Не істеу керек?

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Петроград хаты. ІІ Не істеу керек?

Қазақтан әскер алу жұмысы соғыстан кейінге қалғанымен закон қазір шығып қалуы ықтимал екені өткен санда айтылды. Түбінде, әскерге алу ойынан қазіргі шығатын заңның шығып қалуында  мән көп. Қазақтан қандай әскер істеу үкімі қазір жасалып, пішіліп-кесіліп қалмақшы. Осы шығатын заңда қалай пішіліп-кесілсе, түбінде қазақты сол түрінде әскерлікке алмақшы. Әскердің түрі бірдей емес. Жаяу әскер бар, атты әскер бар. Жаяу әскер орысша «Солдат» деп аталады. Атты әскердің өзі екі түрлі болады: бірі орысша «Кавалерист» деп, екіншісі «Казак» деп аталады. Соңғысын яғни «Казакты», біздің Орынбор жағындағы қазақтар «атты казак» деп, Сібір жағындағысын «казак-орыс» деп атайды. Осы айтылған әскердің үш түрінің жүріс-тұрысында парық көп. Әскердің жүрісі баяу, тұрысы казармада. Кавалиристің» жүрісі атты, тұрысы казармада, «казактың» жүрісі атты, тұрысы үйінде (соғысқа барарда ғана үйін тастайды). Басқаларға қарағанда казактың сыбаға жағынан артықтығы бар. Қазақтан әскер алу туралы заң жобасы жасалып, Дума кеңесіне қазір түскенде бізден әскер істеу ме? «квалерицит» істеу ме? «казак» істеу ме? – мұны ашпақшы. Қазақты «солдат» қылу қолайлы десе, түбінде қашан алсада, қазақ «солдат» болып алынбақшы. Қазақтың «казак» болуы тиіс десе, қазақ қашанда болса, «казак» болып қызмет қылмақшы. Солай болған соң біздің қазақтар қайсысын өзіне қолайлы көреді. «Солдат» болуын ба, «кавалерицит» болуын ба, «казак» болуын ба – заң жобасы Дума кеңесіне түскенде айтуы тиіс. Осы үш түрлі әскерліктің қайсысын қазақ қалайтыны анық. Казактардың тұрмысы қазақтарға таныс. Бұлардың жүріс-тұрысы қазаққа жақын екенін қасындағы қазақтардың көзі көріп отыр. Мысалы, Орал облысының қазағы Орал «Атты қазақтарын» көріп отыр. Торғай облысының қазақтары Орынбор «Атты казактарын» көріп отыр. Ақмола-Семей облыстарының қазақтары Сібір «Казак-орыстарын» көріп отыр. Жетісу облысының қазақтары Жетісу «казак-орыстарын» көріп отыр. Соларды көріп отырып, түбінде әйтеу әскерліктен құтылмайтын болған соң, «казак» болуды ойламайтын қазақ жоқ шығар, десек адаспайтын шығармыз.

Енді бұл мәселені екінші жағынан тексерейік, яғни, қазақтан әскер алуды керек қылып отырған мемлекет пайдасы жағынан қарап көрейік. Мемлекетке әскер керек екені даусыз болса жаман әскерден жақсы әскер артық екендігі даусыз. Мемлекетке пайдалысы жақсы әскер емес жаман әскер деп ешкім таласа қоймас. Олай болса, қазақтың қалауын қойып, заң шығарушылар, мемлекетке пайдалы жағын, яғни, қазақтың жақсы әскер болу жағын қарастырса, қалай болмақшы? Онда да Думаның депутаттары, Гос Советтің мүшелері қазақ жайын білетін адамдар болса, қазақ «Казак» болса, жақсы әскер болады дер еді. Қазақ жайын білетін адамдар заң палатасында аз. Қазақтың жаяу және ат үстіндегі сынын білетін орыстарда, басқаларда қазақты жаяуға ұста демейді. 4-5 жастан бастап қазақ өмірі көбі ат үстінде өтеді. Жаяуында қазақтың қол-аяғы байлаулы сияқты. Жүрісі сөлекет, айбыны жоғалады. Қару-қайратынан айырылады. Атқа мінсе көңілі өсіп, қолы ұзарып, күші көбейіп, айбыны молайып, бірлік те, екпін де пайда болып, көзі де қырағы болып, қару-қайраты екі есе артып, қысқасы, жаяуда қазақ жарты болып, ат үстінде екеуден еңбек ету қолынан келетін жайын Дума депутаттарының көбісі білмейді. «Өгізді қойшы – өлген қойшы. Түйелі қойшы тұрған қойшы, жаяу қойшы – жатқан қойшы, атты қойшы – екпіні қатты қойшы» деп отырған қазақ, «жаяу солдат» болуын қаламас. Оны қаламай, атты әскер боламын деп отырса, оған таласып, дәлелмен ешкім қазақты жыға алмас. 5 шақырым жол жүрсе, қазақ қайрат қылмақ түгіл болдырып, аяғын да баса алмайды. Сол қазақтан жақсы жаяу әскер шығады деп кім айта қояр.

Бұл жүріс жағын алып қарағандағымыз, тұрыс жағын алып қарағанымызда да қазақ жақсы солдат бола алмайды. Өйткені қазақ солдат болса, казармада тұрмақшы. Қала ауасының нашары казармада екендігі казармаға барып көрген адамдарға мағлұм. Казарма ауасы түгіл, ірі қаланың ауасын көтере алмайтын, көкірек ауруынан қырылатыны қалада оқыған қазақ балаларынан көрініп жүр. Мектеп үйіндегі ауа казарма ауасынан көп артық. Соған да шыдамай ауру болып, өліп жатқан қазақ балалары, казармада тұрса не болмақшы? Далада өскен қазақ балалары қала ауасына шыдамайтын себебін ғылым тауып отыр. Оны бекер, қисыны жоқ деп ешкім айта алмас. Жер жүзіне белгілі орыстың атақты ғалымы, профессор И,И Мечников: Қандай күйге болсада, тән жасынан қайрат қылып, жасынан қалыптанып, үйренбек. Жасында үйренбеген қалыпқа өскенде тән шорқақ, бос болады» дейді.

Жасынан жұмысқа үйренбеген адам өскенде жұмысқа шорқақ болатыны, жасынан атқа мініп үйренбеген адам, өскенде атқа бос болатыны, жасынан күресіп үйренбеген адамның әдісі жоқ болатыны мағлұм нәрсе. Адамның тәні, Мечниковтың айтуынша, ауру құрты «микробтарға» қарсы қару қылар жағынан да сол сияқты болмақшы. Жасынан жаман ауада өскен адамның тәні микробтарға қарсы қару қылып жасынан пысып, қатып қалып, ауруға жеңдірмейді екен. Жасынан таза ауада өскен адамның тәні, микробы көп ауаға келгенде, микробтар жоқ орында өскендіктен қарсы қару қыларлық әдісін білмей, жеңіліп ауруға алдырады екен. Дала ауасы таза, қала ауасы түрлі ауру микробтардың быжынап тұрған ұясы. Микробсыз даланың таза ауасында өскен қазақтың тәні микробпен алысып, әдісін алып, пысып-қатқан тән емес. Микробы көп қала ауасына келгенде микробтарға қарсы қару қылуға жарамай, жеңіліп, ауруға шалдығады. Қалада оқыған қазақ балаларының көбісі көкірек аурулы болып иә елге қайтып, иә өле беретіні осыдан екен.

Қазақ балалары қаладағы оқуға 10 мен 15 жастың арасында барады. Әскерге 21 жасындағы ержеткен жігіттер барады. Қала ауасына тән неғұрлым жас болса, солғұрлым жаттыққыш болмақ. 10-15 жастағылар жаттыға алмай аурулы болып жатқанда, 21 жастағылар жаттығып үйренуі одан да қиын. Оның үстіне қаланың ең нашар ауасы казарма ауасы болса, онда тұрған қазақ жігіттері ауру болатыны шексіз. Ауру жігіттер жақсы әскер болады деп кім дауласар екен?

Қазақ солдат болса, қазақтың ауру болып, құрып бітуіне себеп болғаны болмаса, мемлекетке пайдалы, жақсы әскер болмайды. Мұны көріп, біліп тұрғанда салдат болуды, казармада тұруды қазақ та тілемес. Қазақ жаяу жүре алмайды. Казармада тұра алмаймын деп тұрса басқалар да оны бекерден алмас. Сөйтіп, қазақ жаяу солдат бола алмайды және бола алмаймын десе, оны ешкім көндіре алмайды.

Ал енді «кавалерицит» болуы жағынан келсек, қазақ кваалерицит де бола алмайды. Кавалерист жүрісі атты болғанымен тұрысы казармада. Казармада тұрса, қазақ жігіттері қандай болатыны жоғарыда жаңа ғана айтылып өтті. Қазақтан салдат алуға болмайды. Соғыс Министрі, олда қазақтың казармада тұруға болмайтынын айтқан. Казармада тұруға қазақ жарамайтын болған соң, қазақ кавалерицит болуға да жарамайтын болып шығады.

Енді қалғаны жалғыз «казак» болу. Одан қолайлы, қазаққа әскерліктің түрі жоқ. «Казак» болу, қазақ тұрмысына жақын екенін қазақтардың өзі де көріп отыр. Ол жоғарыда айтылып өтті. Әйтеуір, әскерліктен бас тартпайтын болған соң, қазақтың «казак» болудан басқа тілерлігі жоқ.

Ал, қазақ казак болуды тілейді дейік. Құр тілейміз деп қарап отырсақ, онан еш нәрсе өнбейді. Тілесек, ол тілегіміз заң шығарайын деп тұрған орындарға жетуі керек. Біздің айтпаған жайымызды, тілегімізді ондағылар қалай білер? Заң жобасы жасалып, Думаға кіретін сыбысы білінсе, білінген күні хабар айту жұмысы мұсылман һәм орыс депутаттарына тапсырылады. Соғыс кезіндегі заң жобасы Думадан тез өтіп, тез заң болып шығады. Солай болған соң қазақ тілегі осы бастан даяр болып тұрып, думаға закон жобасы кіреді деген сыбыс білінгенде, Думаға халық тілегі де қатар барып түсерге керек. Олай болса, осы бастан қам қылу тиіс. Қам қылғанда бірер адамның айтқаны халық тілегі болып саналмайды. Қазақтан осы соғыс кезінде әскер алу қолайсыздығы, түбінде алғанда да қазақ жаяу солдат және кавалерицит бола алмайтындығы, қазақтан «казак» болса ғана жақсы әскер шығатындығы, мұсылман фракциясының кеңесінде де, Сібір депутаттарының мәжілісіндеде, Кадет депутаттарына да айтылды. Бірақ ол сөзіміз Думада сөйленгенде халық тілегі болып табылмайды. Қазақ тілегін жақсы білетін адамдардың берген мағлұматтары ғана болып шығады. Иә, жұрт ортасынан жиылыспен сайлап Думаға жіберген депутаттардың аузынан шыққан сөз, иә жұрт аузынан жиылыста жазылып, Думаға барған сөз халық тілегі болып табылады. Сөзі, біздің сөзіміз болғандарымен ортамыздан сайлап жіберген, Думада депутаттарымыз жоқ. Басқа депутаттардың біздің жайымыздан сөйлеген сөзі, біздің халық сөзі қылып жазылған тілектеріміз. Қазақ сөзі, қазақ тілегі болып шықпайды. Солай болған соң Думаға сөзімізді халық тілегі қылып жіберу қажет. Халыққа тегіс бұл айтылған сөздердің жетіуі қиын. Сондықтан жұрт тегіс, түгелімен қам қылар деп айтуға болмайды. Бірақ осы хабар құлағына тиген қазақтар, осы бастан басқа жаққа қарамай Думаға өз тілегі жетуіне қам қылу қажет. Бұл барша қазақтың басындағы іс. Мұнда партиялық алалығы жоғаларға керек. Және де бүгін болмаса ертең істерміз деп, кейінге қалдырып, кешіктіретін істің түрі де бұл емс. Осыны ұғып, осы сөз жеткен жерлер, осы бастан істі қолға алуы тьиіс. Думаға халық тілегі екі жолмен айтылатыны жоғарыда сөйленді. Оның бірі 3-ші маусым заңымен бөгелген. Ол бөгенді бұзу қолымыздан келмейді. Қолымыздан келетін жағымен тілегімізді Думаға жеткізіп қалу қазақ біткенге қажет іс. Мұны қалғып-мүлгіп отырып, өткізіп алып, қамтамай қалған қазақтар, балаларының және одан кейінгі ұрпақтарының казармада жүріп, азып-тозуына себепкер болып, көрінде тыныш жата алмас, талай күрсініп, күңіренер.

Және де халық тілегіне қосыла айтылатын бір нәрсе метрика түзету мәселесі. Қазақтан әскер алудың алдынд метрика түзетілуі тиіс. Метрика түзету жұмысы «духовная семинария» сияқты қиянатсыз істейтін мекемеге тапсырылмаса, қиянатқа үйреніп қалған мекемелерге тапсырудан, қолайсыз шатақ істер шығып, халық алаңға түсуі ықтимал.

«Қазақ» газеті, №172,  1-, 2-ші бет, 9 наурыз,1916 жыл, сәрсенбі.

Тұп нұсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас.

 

 

ПЕТРОГРАДСКОЕ ПИСЬМО: Что делать?

 

Призыв казахов на воинскую службу хоть и будет производиться в послевоенное время, возможно закон о призыве может быть принят сейчас. Об этом мы писали в прошлом номере. Для этого есть много предпосылок.

Какие войска можно сформировать из казахов? Каким будет закон о призыве? Так какие же войска  будут создаваться из казахов? Не все войска одинаковы. Есть пешие войска, конные войска. Пешие воины по русский называются «солдатами». Конные войска подразделяются на два вида: «кавалеристы» и «казаки». Последних то есть «казаков», именуют: наших оренбургских казаков – «конными казаками», а сибирских – «русскими казаками». В перечисленных трех видах имеются большие различия. «Солдат» – пеший, медлителен, условия жизни казарменные, «кавалерист» – всадник, условия жизни – казарменные, «казак» – всадник, условия жизни – домашний (покидает свой дом только в случае отправки на фронт). По сравнению с другими, у казаков – лучшие условия. Сейчас приняв закон, из нас, казахов, будут делать – «солдатов», «кавалеристов», или же «казаков»? С этим надо определяться. Если решат, что из казахов лучше сделать «солдатов», тогда казахи всегда и в последующие годы будут служить «содатами», если скажут, что казах должен служить как «казак», то казачество останется навсегда. А каково мнение самих казахов –  быть солдатом, кавалеристом или казаком. Эту сторону дела надо внести в законопроект и внести на совет в Гос.Думу. Какой из этих трех видов военной службы предпочтут казахи – ясно и так. Жизнь и быт казаков знаком казахам, и они близки казахскому народу. Например, казахи Уральской области знакомы с «конными казаками» Оренбурга. Казахи Акмолинской, Семипалатинской областей  знают «Русских казаков» Сибири. Семиреченские казахи знают «Русских казаков» Семиречья. Зная условия воинской службы казаков, и зная, что воинской службы все –таки, не избежать, каждый казах желает служить на таких же условиях, как и казаки.

Теперь рассмотрим этот вопрос, с другой стороны. Какая выгода государству от привлечения казахов на воинскую службу? Если государству нужны войска, лучше создать хорошую Армию, чем набрать плохую. И это бесспорно. Никто же не будет спорить, что государству выгоднее иметь сильную Армию, чем слабую. В таком случае нужно удовлетворить желание казахов. Законодатели должны подумать, прежде всего, о том, чтобы созданные войска принесли государству наибольшую пользу, то есть сделать из казахов хорошую Армию. Тогда в Гос.Думе, среди членов Гос.совета должны быть люди, хорошо знающие жизнеустройство казахов. Они бы доказали, что из казахов получатся хорошие войска, если условия службы будут как у «казаков». Знакомых с казахской жизнью людей в законодательных палатах очень мало.

Русские да и другие тоже, знающие казаха-всадника и казаха пешего, скажут что отделять коня и казаха нельзя. Начиная с 4-5 лет большая часть жизни казаха проходит в седле. Без коня – казах чувствует себя связанным по рукам и ногам, неуклюжий, теряет внушительность. А как сядет на коня – приподнятое настроение, сильный, величавый, энергичный, дальнозоркий, коротко говоря, пеший казах – один человек, а у казаха на коне – энергия удваивается, возможности увеличиваются многократно. Об этом многие депутаты не знают.

Казахи говорят: «Пастух на воле – мертвый пастух, пастух на верблюде – стоячий пастух, пеший пастух – лежачий пастух, пастух на коне – настоящий пастух», и казахи навряд ли захотят, да и не могут быть пешими «солдатами».

Если казахи хотят быть «конноармейцами» их никто не переубедит. Пройдя 5-километров пешком, казах не то, что устанет, он не сможет дальше и шагу ступить. И кто скажет, что из этого казаха получится хороший, пеший солдат. Это одна сторона вопроса, рассмотрим и другую – бытовые условия.

Если казаха призвать в «солдаты» (пешие) он не сможет стать хорошим «солдатом», потому, что он должен будет жить в казарме. В казармах воздух нечистый – это известно. Казахи не могут вынести, не то что казарменного, но и городского воздуха, такое наблюдалось среди детей казахов которые учатся в городских школах – домах, и они часто болели «легкими», и даже умирали. В школьных домах воздух намного чище, чем в казармах. Что же произойдет с казахами, которые будут жить в казарме?

Причину неприятия городского воздуха казахскими детьми, выросшими на свежем воздухе объясняет и наука. И никто не отрицает этого.

Всемирно известный русский ученый, профессор И.И.Мечников говорит: «В какие бы условия не поставь человека, он должен быть к этому готов, эти условия должны быть привычны ему с раннего детства. Условия или обстановка непривычные человеку с детства отрицательно влияют на него».

Известно, что с детства непривыкший к работе человек, повзрослев станет неумелым работником, с детства не боровшийся не станет хорошим палуаном, с детства не седлавший коня человек, не станет хорошим наездником.

По словам Мечникова, человеческий организм вырабатывает вещества противостоящие микробам. С детства привыкшим к загрязненному воздуху людям, не страшны болезни вызываемые этим воздухом, потому, что их организм с детства привык к нему и удачно борется с ним. А люди с детства привыкшие и выросшие на свежем воздухе не переносят загрязненного воздуха, их организм не может бороться с микробами, проигрывает, а болезнь побеждает. Степной воздух – чистый, а городской воздух кишит различными болезненными микробами.

Привыкший к чистому степному воздуху организм казаха не знает способов и не может бороться с болезнями, вызванными загрязненным, городским воздухом. Большинство казахских детей учащихся в городах, болеют «легкими» и возвращаются в родные просторы или даже умирают от болезней.

Казахские дети идут учится в города в возрасте 10-ти 15-ти лет. На воинскую службу призовутся джигиты 21-го года. Чем моложе организм человека, тем быстрее он адаптируется к загрязненному городскому воздуху. Когда организм 10-15-ти летних подростков болеет в городских условиях, привыкание 21-ти летнего джигита к казарменным условиям будет еще труднее, тогда болезней не избежать. Никто не будет спорить, что больной воин – плохой вояка.

В случае призыва казахов на службу в «солдаты», они все окажутся больными, и это будет причиной вырождения казахов, и никакой пользы для государства пешие казахские войска не принесут.

Предвидя все это, сами казахи откажутся служить пешими «солдатами» и жить в казарменных условиях. Казах не может быть пешим. Если он скажет, что не может жить в казарме, навряд ли кто-то его заставит.

Итак, казахи не могут служить пешими солдатами.

А теперь о кавалеристах. Казахи кавалеристами не могут служить.

Кавалерия – хоть и конные войска, но условия быта и жизни казарменные.

Что ожидает казахских джигитов в казарменных условиях, мы говорили выше. Призывать казахов в пешие «солдаты» нельзя. Об этом, и о том, что казахи не должны жить в казармах говорил даже Военный Министр. Отсюда следует: – если казахи не могут жить в казарменных условиях, то и служить в кавалерии они не могут.

Теперь остается только единственный вариант – служба «казаками». И это самый приемлемый для казахов вариант. Сами казахи знают, что «казачество» –  их условия быта и службы – очень близки казахскому жизнеустройству. Об этом говорилось выше. Казахи не отказываются нести воинскую службу, но они хотят служить как «казаки».

Скажем так, казахи требуют служить «казаками». Но просто сидеть и требовать – из этого ничего не выйдет. Наше требование должно быть донесено и услышано в законодательных органах. Если мы не скажем об этом и о нашем положении, как законодатели узнают об этом? Если законопроект будет внесен в Гос.Думу, на рассмотрение, то обнародование этого дела должно будет поручено мусульманским или русским депутатам. В военное время рассмотрение законопроекта и принятие закона решится быстрее.

В таком случае, пожелания и требования казахов должны быть подготовлены заранее. Как только станет известно, что законопроект направлен в Гос.Думу, вместе с ним в Думу должно попасть и наше народное требование. И начать работу нужно с сегодняшнего дня. Некоторые требования отдельных людей могут и не стать народными пожеланиями.

Призывать казахов на службу в это военное время – нет смысла, рано или поздно призыв будет, казахи могут служить только как  «казаки», и только тогда из них получатся хорошие войска. Обо всем этом говорилось и на совете фракции мусульман, и на совещании депутатов Сибири, и на собрании кадетских депутатов.

Но, когда эти наши пожелания будут озвучены в Гос.Думе, они будут выглядеть не как наши требования, а как информация от депутатов, которые хорошо знакомы с нашими требованиями. Слова, сказанные депутатами, избранными бы на сходе казахов, и выступающие от имени казахского народа были бы куда весомее. Но таких депутатов от народа, у нас нет. Слова депутатов, поддерживающих казахов, но не имеющих на руках официального обращения с требованиями, будут считаться их мнением, а не требованием казахов. Так, что нужно отправить в Гос.Думу свои пожелания. Сказанные слова трудно донести до каждого казаха и всего народа. Поэтому, мы не можем сказать, что весь народ обеспокоен решением этого вопроса. Но услышавшие нас казахи не должны отворачиваться, а наоборот позаботиться о том, чтобы их мнение было услышано в Думе. Это дело всего казахского народа. Здесь не должно быть партийных разногласий. И не надо откладывать дело в долгий ящик. В тех регионах, где будут услышаны наши слова, должны незамедлительно приступать к делу. Как мы говорили выше в Гос.Думу наши народные требования могут попасть двумя способами. Одному из них препятствует закон от третьего июня. Мы не можем разрушить это препятствие.

Мы должны донести наши требования в Думу возможным путем. Это всенародное дело. Если мы, сегодня не решим эту проблему, прозеваем, – наши казахские дети, да и последующие поколения будут жить в казармах, служить «солдатами», болеть, умирать и горько сожалеть о том, что мы в свое время, то есть сегодня, не позаботились о будущем своего народа.

И еще один вопрос который необходимо решить вкупе с народным требованием. Этот вопрос «метрикизации». И его нужно решить до призыва на воинскую службу. Эта работа должна проводится добросовестным учреждением, как духовная семинария, а если им займутся учреждения, привыкшие к злоупотреблениям, могут возникнуть скандальные споры, народный бунт.

   Газета «Казах» №172, стр.1-2, 9 марта, 1916 год.

Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 18
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz