Басы: Россия мәдениетінің түрлі қырқасында тұрған түрлі жұрт бар. Солардың біреулері, саясат жағынан көзі ашылып, жетілген жұрттар. Екіншілер і- көзін жаңа тырнап ашып келе жатқан жұрттар. Үшіншілері – саясат сәулесі кірмеген, ол жағынан әлі қараңғы жұрттар. Саяси көзі ашылған жұрттар, істеп отырған істерінің жетілмеген жұрттардың ісінен өзгешелігі, Думаның тысында да, ішінде де көрініп тұр. Олардың Думадағы депутаттары – топтан озған шешен, көргені көп көсемдер, басшылары бола тұрса да, оған да қанағат етпей, сан адамды Думаның сыртынан ұстап отыр. Олай етуінің мәнісі былай: білімнің неше түрі толып жатыр. Біреу білімнің бір түріне жетік болса, екінші біреуі-екінші түріне жетік болмақ. Білімнің әр түріне бірдей жетік адам дүниеде иә болмайды, иә болса да аз болады. Думаға барған депутаттар да солай. Біреу жер мәселесіне жетік болса, екінші біреуі заң мәселесіне жетік. Үшінші біреуі ол екеуінен де басқа бір мәселеге жетік. Сондай мәселелердің бәрін бірдей жақсы білетін депутаттар болмаған соң, әр мәселенің өз білгіші, депутат араларынан табыла қоймайды.
Ондай адамдардың бірі бір себеппен, екіншісі екінші түрлі себеппен Думаға бара алмай қалады. Дума – заң шығаратын орын. Заң халық үшін салынатын жол. Жол жақсы болса, халыққа тыныштық болады. Жақсы жол салуға жақсы білім керек. Ал білгіштердің көбі, түрлі себептермен депутат болмай қалғандар, ондай адамдардың білімдерін депутаттар, Думаның тысынан алып, ішіне пайдаланады. Сол үшін саясат жағынан көзі ашық жұрттар, Думаның ішіндегі депутаттардың үстіне Думаның тысында да білгіштерін ұстап отыр.
Думада әр мәселе қаралар алдында әр халықтың, әр партияның депутаттары өзді-өзі болып, кеңес құрады. Сол кеңесте әлгі білгіштер де болады. Олардың әр қайсысы өзінің жақсы білетін мәселесі жайлы пікір айтады. Керек мағлұматтарды береді. Думада сөйлейтін депутат, Думаның тысында естіген пікірлерін, мағлұматтарын Думаның ішінде сөйлейді. Сөйтіп, көзі ашық жұрттардың депутаттарының, Думада сөйлейтін сөздері білімдінің басынан, шешендердің тілінен шыққан, данышпандардың сынынан өткендері, мінсіз болып барып, Думада айтылады. Орыстың тәуір партиялары осыны істеп отыр. Поляк, Еврей, Армян сияқты саяси көзі ашық бұратана жұрттардың да көбі осыны істеп отыр. Осындай Думаның тысында тұрып, ішіндегі депутаттарға білімімен көмек берушілердің басы құралған орнын, Еуропада «Бюро» дейді.
Сондай «Бюро» мұсылман фракциясының қасында да болса екен деген мақсат, мұсылмандардың көңілінде көптен бар. 3-ші Думаның тұсында Әли Ерденбек әпенде Топшыбашевты, мұсылман фракцияның қасында секретарь есебінде бір-екі жыл ұстап, онан ары ұстауға ақша таба алмай, Топшыбашев еліне кеткен. Біздің қазақтардың да осындай сөз аузында болып, ол сөз күйінде іске аспай қалды. Міне саясат жағынан көзі ашық жұрт пен қараңғы жұрттың арасындағы айырмасы. 5 миллион еврейлердің, 1 миллион армянның депутаттарының қасында Бюросы бар. Жылына 50 мың, 100 мың сом шығынды ауырламай, ақша тауып талай адамды ұстау қолдарынан келіп отыр. 20 миллион мұсылман бір ғана Топшыбашевті ұстауға ақша таба алмаған. Бұл мұсылмандардың саясат жағынан соқырлығының белгісі емес пе?
Россияда 20 миллион мұсылман бармыз дегенде, яки 6 миллион қазақпыз деп аузымызды толтырып сөйлегенде, топ-толық сияқты көрінеміз. Іске келгенде пыштай болып семіп, ол толықтығымыз жоғалады. 5 миллион еврей түгілі, 1 миллион армян істеп отырған істі істей алмаймыз. Мұсылмандардың «бюро» аша алмай отырғаны санының аздығынан, ауқаты жетпей қорланғаннан емес, саяси саңлауының жоқтығынан. «Тентекті тентек десең, бөркі қара қазандай болады» деген бар. Біз қараңғымыз, біз саңлаусызбыз деп қараңғылыққа сүйене берсек, сол қараңғылықпен қалыптасып, қатып қаламыз. Қараңғылық құдайдың, мойнымызға байлап, арқамызға таңып қойған нәрсесі емес қой. Баяғыдан бері қараңғылық қараңғылық деп келдік, енді жарыққа жармассақ, қараңғылық өкпелей қоймас.
Міне, мұсылман фракциясының жанына «бюро» ашу мәселесі қозғалып, қолға алынып тұр. Татар бауырларымыздың зор-зор шаһарлары бір-бір адамнан «бюроға» адам жібермек. Алды, мысалы Уфа шаһары ақшасын шығарып, адамын жіберіп те қойды. «Бюрода» ең аз болса, төрт кісі болмақ – Қазақтан, Түркістан халқы – ол төртеуден басқа, қанша адам жібереміз десе, өздері біледі. Бұлар өз қамын өзі жесін дегені. Біз кеңес үстінде пәлен ете қоямыз деп айтуға аузымыз бара алмайды. «Аузы күйген ұрып ішер» деген. Арқамызды сүйеген алты миллион Алашымыз, әлде қалай түсінеріне көзіміз жете алмайды. Сондықтан халыққа айтып көреміз дегенге ғана тіліміз келеді. Сол айтып көреміз деген халқымыз сендер, сол айтамыз деген сөзіміз осы. Думада депутаты бар көп жұрт та «бюро» ашып отыр. Аз жұрт та «бюро» ашып отыр. Думаға депутат жіберген жұрт та «бюро» керек қылып отыр. Ұсақ депутат жіберген жұрт та «бюро» керек қылып отыр.
Думада тіпті депутаты жоқ біздің қазаққа «Бюро» керек дейсіңдерме, керек емес дейсіңдерме? Біздің ойлауымызша: Депутаты бар жұрттарға «бюро» бір есе керек болса, депутаты жоқ жұрттарға «бюро» екі есе керек. Думада бізді қалдырып қойды деп, Yкіметке өкпелеген боламыз. Думаны шын керек қылып отырсақ, Думаға депутатымыз бармасада, сөзімізді жеткізетін жол табар едік. Есігін жауып қойса, басқа тесігінен дауысымызды естіртер едік. Еврей иә армян жұртынан депутат бармайтын қылып қойсыншы. Сонда да олар Думаға депутаты барған жұрттардан сөзін кем жеткізбес еді. Сондықтан, олар саны аз болса да, санаттан қалмай отыр. Думаның есігін жапса, басқа тесігін табатынын біліп, оларға жол беріп отыр. Біз де солардай саяси көзіміз ашық жұрт болсақ, Дума есігі жабық болса да, басқа жағынан дауысымыз Думаға естіле берсе, есігін жапқанмен халықтың аузын жабуға болмайды екен деп, әлде қашан есігін ашып жіберер еді. Әуелде ашық тұрған есіктен әлде қалай кіріп қалғанымызды біліп, істеп отыр ғой.
Біздің қазақта бір зор адасқандық бар: Мұсылман депутаттары дін мен қан қарындасымыз ғой, қазаққа да қарасар, сөзімізді сөйлер дейміз. Олар біздің сөзімізді, жайымызды біліп отырса сөйлер, білмесе несін сөйлер. Қара суда да шырға бар. Суға кетіп бара жатқанға, қол созу үшін жайын сұрап білу қажет емес. Жаяу келе жатқанды мінгестіру үшін неге жаяу келе жатқанын сұрап мінгестірмейді. Жаяудың да жайын сұрап қарасатын болғанда, тұрмысымыз басқа біздің жайымызды сұрап біліп алмайынша мұсылман депутаттары бізге қалай қарасар? Олар бізге қарасады, суға кетіп бара жатқан сияқты кімгеде болса, түсінікті мәселелер қаралған жерде.
Мұсылман фракциясында қазақ жайын білетін депутат жоқ екенін көзбен көрдік. Думада қай мәселе болса да айтысқа түсіп, екі жағы айтып түсіндіріп көбінің көңілі ұйыған шақта барып өкім айтылады. Өзі білмейтін мәселе жайынан сөйлеп өзгелерді өзіне ұйытуға болмайды. Қазақ жайына қанық, қазақ сөзін сөйлеп ұйытқандай, Думада депутат жоқ. Солай болған соң біздің қазақ иә Думаға қарап алаңдап, дәмелі болуын қойып, бір нәрсе болар деген үмітті үзерге керек. Думаның тысында отырып, ішіне қазақ үнін жеткізіп отыруға мұсылман фракциясының жанында ашылатын бюроға адам жіберу керек.
Онда барған адам Думаға тас салуға бармайды. Сондықтан «бюроға» жіберетін адамдардың құр қара көбейтуге жарайтын ғана адамдар болмай, іс істей алатын қазақтың қай жайына болсада қанық білетін депутаттарды қазақ жайына қандырарлық адам боларға керек. Қазақтың қай жағынан да болса депутаттардың керек қылған мағлұматтарын тауып бере алатын адамдар барарға керек. Міне қазақтың осы күнге істейтін ісінің бір зоры – осы«Бюроға» баратын адамдарыңды, шығынына қажет ақшаларыңды шығару. Онда барған адамның алатыны – депутат жалақысы – күніне 10 сомнан, жылына 3600 сом. Пәтер және канцелярия шығыны 700-800 жүз сом, барлығы 4 мың 500 сомдай болады. Бұл бір адамға. Екі адамға екі есе көбірек керек. Яғни 9 мың сом. Қазіргі қымбатшылықта, Петроградта күніне 10 сомнан кем ақшамен тұруға мүмкін емес.
Кісі басына алып барғанымыз 200 сом еді. Сол 200 сом 20 күнге шақ жетті. Екеу-үшеу жіберуді ауырсынсаңдар, барша қазақ болып бір адам жіберіңдер. Жылда ұстап тұруға жарамаймыз десеңдер, тым болмаса, биылғы сияқты, қылыштың қырында тұрған шақта, Дума маңайында бір адам ұстау керек. Онан арғысын тағы күнінде көреміз. Петроградқа барып, «бюро» керектігін көзімен көріп қайтқан Оразабевтар 2 мың сом тауып береміз деп отыр. Басқа басшылық қылатын адамдар шықса, облыс басына бір адамнан жіберу халыққа ауыр емес. Ең болмағанда бүкіл қазақ болып бір адам жібере алмауымыз масқаралық болар. Мұны істеуге жарамай, мұсылман депутаттарына, біз үшін пәлен істе дегенімізден еш нәрсе өнбейді, құр бас ауырту болар. Қазақ жайына қандырмақшы, сөзіңді сөйлеп Думаға жеткізе алатын депутат жоқ деп біліңдер.
«Қазақ» газеті, №173, 1-, 2-ші бет , 16 март, 1916 жыл.
Тұп нұсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас.
ПЕТРОГРАДСКОЕ ПИСЬМО: Еще что делать?
Жалғасы бар…
В разных частях России проживают различные народы. Некоторые из них, политически подкованные, грамотные. А некоторые – только начинают открывать глаза на новый мир. А третьи не знакомы с политикой, невежественные народы.
Политически грамотные народы отличаются от других, своими делами, по другому смотрят на мир, они заметны, задействованы и в Думе и вне ее. Их депутаты, отличные ораторы, лидеры своих народов, на руководящих должностях. Несмотря на все это, многочисленные представители этих народов ведут кропотливую работу вне Думы, для своих депутатов, для своего народа.
Скажете, почему так много помощников, – а дело в том, что наук, направлений образования, знаний – предостаточно. Один может быть грамотен, образован в одной области науки, другой – в другой. Не бывает так, чтобы один человек был одинаково образован то есть грамотен во всех науках, если и найдутся таковые – то они недостаточно образованы. Так же и в Гос.Думе. Если один сведущ в земельных вопросах, второй – в юридических, а третий – знаток другой темы. Так, как среди депутатов нет человека компетентного во всех областях, все вопросы невозможно решить только с помощью депутатов, потому, что каждая проблема требует достаточно глубокого понимания вопроса. И депутаты не знающие суть рассматриваемого вопроса, один – по одной причине, другой – по другой причине, отсутствуют в Думе.
Гос.Дума – законодательный орган. Закон – это дорога прокладываемая для народа. Если дорога хорошая – народ доволен, спокоен. Чтобы построить хорошую дорогу нужны хорошие знания.
Многие люди обладающие знаниями, в силу разных причин, не ставшие депутатами, находятся вне Думы, но их знаниями пользуются депутаты Думы, они получают их за стенами Думы и используют внутри Думы. Для этого политически зрелые народы, имея в Думе своих депутатов, за стенами Думы держат своих «знатоков» по разным направлениям, вне стен Гос.Думы.
В Гос.Думе, перед обсуждением какого-либо вопроса, депутаты от каждой партии, от каждого народа, проводят свои советы. На этих советах присутствуют и «знатоки», каждый из которых высказывает свое мнение по своему вопросу, советует, дает необходимые сведения, материалы. Депутат же идет в Думу подготовленным, с материалами и общим мнением принятым на своем совете.
Итак, слова сказанные этими депутатами в Думе выглядят мудрыми, убедительными, с которыми надо считаться. Крупные партии России поступают так же. Поляки, евреи, армяне и другие народы делают то же самое.
Такие места, где находятся «знатоки» т.е. за стенами законодательных органов, и своими знаниями помогают своим депутатом, в Европе называют «Бюро».
Фракция мусульман давно мечтает создать свое «Бюро». Во время третьего созыва Гос.Думы, депутат Али Ерденбек содержал некоего Топшыбашева при фракции мусульман, в качестве секретаря около двух лет, на дальнейшее его содержание не могли найти деньги и Топшыбашев вернулся к себе. У нас казахов, тоже были разговоры, но все осталось только на словах. Вот разница между политически грамотным и неподкованным народами.
При депутатах 5-ти миллионного еврейского и миллионного армянского народов есть свои «Бюро». Содержание своих «Бюро» обходится им в 50-100 тысяч рублей. Несмотря на это, эти народы находят деньги для бюро, где работают по несколько человек. А 20 миллионов мусульман, не смогли найти деньги на одного только Топшыбашева. Это не признак ли политической слепоты?
Когда мы говорим, что в России есть 20 миллионов мусульман, также говорим о 6-ти миллионах казахов, кажется что это внушительная масса, сила.
А когда дела доходят до решения каких-то проблем, вопросов – становимся бессильными, внушительность – исчезает.
Мы не способны решать вопросы, которые решает не то, что 5-ти миллионный еврейский народ, но и то, что решают армяне которых не более одного миллиона. Причиной того, что мусульмане не могут открыть свое «Бюро» является, не их малочисленность, не бедность и нужда, а отсутствие политетческой просвещенности, политичской сознательности.
В народе говорят «если дурака назвать дураком, шапка на его голове станет черной, как казан». Если будем твердить, что мы непросвещенные, безграмотные – так и останемся таковыми.
Непросвещенность – это же не ярма, которую бог повесил нам на шею, или привязал к спине. До сих пор мы говорили, что мы непросвещенные, темные – а теперь, если мы ухватимся за грамоту, за просвещение, темнота навряд ли обидится на нас.
Вот, идет работа по решению вопроса открытия бюро при фракции мусульман. Крупные города братьев наших – татар, намерены направить в бюро по одному человеку.
Например город Уфа выделил деньги и даже отправил своего человека в Бюро.
В бюро, самое малое должно быть четыре человека от казахов, народ Туркестана сам решит сколько человек добавить к этим четырем. Мы не можем сказать на совете, столько-то и столько-то. Пусть каждый регион позаботится о себе.
Мы не можем с уверенностью сказать, что шестимиллионный Алаш (Казахи) правильно поймет нас и поддержит. Поэтому мы говорим, что будем говорит с народом, разъяснять.
Народ с которым мы хотели говорит – это вы, многие народы имеющие своих депутатов в Думе создают бюро.
Малые народы тоже создают бюро
Нужно ли бюро казахам не имеющим своим депутатов в Думе?
По нашему мнению: Если народу, чьи депутаты работают в Думе – нужно бюро, то народам не имеющих своих депутатов в Думе – бюро нужнее вдвойне. Мы обижаемся на правительство, что нас не пускают в Думу, и что там нет наших депутатов.
Если мы действительно хотим быть услышанными в Думе, даже при отсутствии там наших депутатов, мы должны найти способы и пути как донести до Думы наше слово.
Если закроют дверь перед нами, мы должны говорить в щель, чтобы быть услышанными. Пусть попробуют еврейский или армянский народ сделать бездепутатными. Даже тогда, они бы приняли меры, чтобы их услышали в Думе не позже других депутатов. Поэтому, хоть они и малочисленны, но находятся на виду и в первых рядах. В Думе знают об этом и перед ними не закрывают двери.
Если бы мы, как и они были бы политически просвещенным народом, если даже двери Думы для нас были бы закрыты, а в Думе за закрытыми дверями всегда слышны были бы наши голоса, в Думе сказали бы: «Мы можем закрыть двери, но не можем закрыть рот народу» и двери Думы они сами бы и открыли потому, что заметят, что мы просовываемся в щели.
У нас, казаков есть одно большое заблуждение: Мы считаем, что наши братья по крови и религии депутаты- мусульмане поддерживают нас в Думе. Они поддерживали бы нас, если бы знали наше положение, наши требования, а так, что будут говорить и как поддерживать. «И в мутной воде есть приманка. У тонущего не обязательно спрашивать, как у него дела? Для того, чтобы подобрать пешего, уставшего путника, его не спрашивают. почему он ходит пешком, а подсаживают к себе». Не зная наши нужды, и не спрашивая нас об этом, как депутаты от мусульман будут нас поддерживать?
Они будут спасать тонущего, о не идущего пешком. А мы и есть тонущие.
Мы убедились, что во фракции мусульман нет депутатов знающих истиное положение казахского народа. В Думе, какой-бы вопрос не обсуждается, две стороны измагают свои доводы, спорят, взвешивается все «за» и «против» учитывается необходимость, и только потом принимается окончательное решение.
Нельзя привлечь на свою сторону других, излагая проблему, которую сам толком и не знаешь.
Так, что казахам не стоит поглядывать в сторону Думы и ждать от нее милостей и не думайте, что что-нибудь да получится.
Надо отправить человека в создаваемое бюро при фракции мусульман, для того чтобы он через депутатов доносил в Думу «голос казаха».
Направляемый туда наш человек не идет работать каменщиком. Поэтому, людей направляемых в бюро нужно подбирать так, чтобы они знали все стороны жизни казахов, их чаяния, их нужды, и могли разъеснить, доказать и отстоять свою позицию, чтобы депутаты поднимающие наши вопросы в Думе были хорошо осведомлены и сами понимали самую суть, и могли убедительно отстаивать наши требования, поддерживать нас.
Эти наши представители в бюро, должны всегда снабжать депутатов неоходимыми материалами, сведениями, документами.
И еще большое дело: это финансирование расходов, по содержанию людей направленных в бюро.
Жалованье у них как у депутатов – 10 рублей в день, в год получается 3600 рублей.
Жилье и канцелярские расходы – 700-800 рублей, всего – 4500 рублей. Это на одного человека. На двоих будет в два раза больше т.е. 9000 рублей При нынешней дороговизне, в Петрограде на сумму меньше, чем 10 рублей в день прожить невозможно.
Когда мы были в Петрограде, рассчитывали расходы по 200 рублей на человека.
Так вот, эти двухсот рублей хватило только на 20 дней. Если посчитаете обременительным отправку 2-х, 3-х человек, от имени всего народа отправьте одного человека.
Если скажете, что не можете обеспечить его ежегодное содержание, то необходимо хотя бы в настоящее, смутное время, вблизи Думы иметь своего человека.
А как поступить далее – подумаем, посмотрим и решим. Съездившие в Петроград, и убедившиеся о необходимости бюро –Оразбаевы готовы выделить две тысячи рублей.
Если найдутся и другие люди готовые взять дело в свои руки, то с одной области направить одного человека – для народа не будет тяжким бременем.
Если же мы не сможем направить хотя бы одного человека от всего народа – это будет позором для нас. Если же мы не отправим в бюро никого, а будем надеяться на депутатов – мусульман, прося их сделать для нас это, сделать для нас другое , третье – из этого ничего не выйдет. Тогда считайте, что депутата в Думе способного донести наше слово и поддерживающего нас у нас нет»
Газета «Казак» №173, стр, 1-2, 16 марта 1916 года.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











