Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Жартас суреттері

САРЫБҰЛАҚ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

admin
2025/02/14
Жартас суреттері
0

Сарыбұлақтағы жартас суреттері орналасқан жеріне қарай 3 топқа жіктеледі. Олар:

І. Ашудас тауының солтүстік-батыс бөлігіндегі Сарыбұақ шатқалындағы Жөңкебай жартас суреттерінің шоғыры.

1-сурет. Сарбүлақ шатқалыныдағы қола, ақ, түркі кезеңдерінің қоныстары маңындағы жартастағы суреттер шоғырланған аумақтың ірі масштабт картасының бөлігі.

ІІ. Малайсары тауының солтүстік беткейіндегі қызыл-сары биотитті граниттердің сыртқы күштердің бұзушы әрекетінен түзілген Тесіктас табиғат ескерткішінің маңындағы қола, сақ, түркі кезеңдерінің беті тегіс жартастарға қашалған суреттер.

2-сурет. Малайсары тауының солтүстік беткейіндегі «тесіктас» табиғат ескерткші орналасқан аумақтың ірі масштабты топографиялық картасының бір бөлігі

ІІІ. Жапанкұдық қонысының маңындағы шоқыдағы суреттер.

Бұл маңда қола дәуірінен бастап біздің заманымызға дейінгі кезеңдерді қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашаған орындар, ашық аспан астындағы зиарат ететін табиғи ғибадатханалар қызметін атқарған жартастағысуреттер шоғырланған. Олардың бәрі бірігіп, бірнеше мың жыл бойы осы жерді мекендеген ертедегі және кейінгі кездегі халықтардың тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен құрайды. Мұндағы негізгі жәдігер – жақпар тастар бетіндегі петроглиф. Жартасқа қашап салынған сансыз суреттер галереясы негізінен қола дәуіріне тән.

Өкінішке орай, Сарыбұлақтың маңындағы жота-жондардағы суреттер әлі де зерттей нысанасына айналған жоқ. Бұл жәдігерлердің Арқарлы, Малайсары жоталарындағы, Талдықорған іргесіндегі Қызылтас, Үйтас, Ескелді ауданына қарасты Ешкіөлмес жартас суреттерімен терең қатынасы бар. Тағы бір жағынан, осы жәдігерлер, осы өлкеде адамзат мәдениетінің бастау алғандығын да айғақтайды. Демек, Сарыбұлақ ауылы – байырғы сақ, ғұн, түркі дәуіріндегі бабалар өркениетінің табы қалған тарихи қоныс. Осы бір ойымызды дәлелдеу үшін бұл еңбекте сол жәдігерлерді фотоға түсіріп, оны жариялауды мақсат еттік. Сонымен қатар, осы жартас суреттер шоғырын «Сарыбұлақ жартас суреттері» деген атпен атағанды жөн көрдік.

Сарыбұлақ шатқалындағы жартас суреттері Жеітсу жартас суреттерінің құрамдас бөлігі және оны тың да, ерекше және басқа жерлерден кездестіре бермейтін жаңа бейнелермен толықтыратын ерекшелігі бар.

Жалпы, Жөңкебайдағы тастағы бейнелердің бәрі пикетаж техникасында, кейбірінің темір аспаптың немесе таспен ойып салынғанын байқаймыз.

Сарыбұлақ ауылының Жөңкебай деп аталын жеріндегі суреттер шағын жартас тақталарының Оңтүстiк және Оңтүстiк-батыс беткейлерiне қашап салынған. Суреттердiң арасында адамдардың және жануарлардың бейнелерi кездеседi. Көп бейнелi үлкен композициялар жоқ, ешкi және арқар аулау көpiнicтepiнде көруге болады. Жыртқыш аңдардың шөп қоректi жануарларға шабуыл жасағаны суреттелетiн сюжеттер де бар. Петроглифтердiң көпшiлiгiнде бұғы, бұқа, ат мінген адам, түйе, теке, арқарлардың суреті жартас беттеріне топтастырылып салынғандар өте көп.

Бұл суреттер аласа жақпар тастардың бетiне салынған. Қазiргi кезде белгілі бiр петроглифтiң пайда болған уақытын дәл анықтауға мүмкiндiк жоқ. Алайда тарихшылардың мәліметтеріне сәйкес онда біздің жыл санауымыздан шамамен 2-3 мың жыл бұрынғы қола, сақ кезеңдерінің тасқа қашап салған суреттері деген болжам жасауға болады..

Суреттер негiзiнен судың, желдiң ауа температурасының эрозиялық әрекетiне берiк ұсақ кристаллды тастардың жылтыр тегiс бетiне сызып бейнеленген. Мұндағы тастағы суреттер қашау және сызу арқылы салынған, сондай-ақ, осы тәсiлдер үйлестiре қолданылғандары да бар. Оларда жануардың басы мен дене тұрқы қашалып, құйрық-жалы, аяқтары өткip құралмен сызып келтiрiлген.

Тас бетіндегі бейнелер сақталып, қола дәуірі мен ортағасырдағы осы өңірді мекендеген тайпалар өмірінен сыр беріп тұр. Жөңкебайдағы таңбалардың басым бөлігін арқар, таутеке, бұғы секілді жануарлар құрайды. Арасында адам сұлбасы, діни рәсім өткізгендер, садақ атқан, шоқпар көтеріп, ту ұстағандар кездеседі. Одан бөлек, нұр бейнелі беймәлім жаратылыстар да бар. Қасқыр, ит, түлкі секілді жыртқыштар да табылады іздегенге.

Сарыбұлақ жартас суреттерін зерделеу барысында ежелгі суретшілердің шебер жасағаны арқардың немесе қошқардың басы, мүйізі. Ол зергерлік істер (жүзікте, білезікте, мойын алқада, шолпыда) жиі кездеседі. Бұл ежелгі дәстүр қазақ заманына жетіп, «Қошқар мүйіз» қазақ өнерінің ұлттық түріне айналды. Айталық, Есік қаласынан табылған жас жігіттің бас киімі (телпек) арқар мүйізді алтыннан жасалған. Сондай-ақ, таутеке бейнесі де, бөкеннің, еліктің басы, олардың жаудіреген көзі түрлі тұрмыстық бұйымда ыңғайына қарай қолданылған. Ал Сарыбұлақтағы жартас суреттерінен осы қошқар мүйіз өрнегі салынған көптеген белгіні байқауға болады.

Осы мұраларды ел қазынасына айналдыратын уақыт келді деп есептейміз.

ЖӨҢКЕБАЙДАҒЫ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

МАЛАЙСАРЫ ТАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК БЕТКЕЙІНДЕГІ ТЕСІКТАС ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШІІНІҢ МАҢЫНДАҒЫ ЖАРТАСТАҒЫ СУРЕТТЕР

48

49

50

51

52

53

54

55

56

57

ТЕСІКТАС

58

ҮҢГІР ҚОРА

ҚҰМДЫ АЛҚАП 

ҚОРЫМ

Сарқан ауданы

Қаралым 12
Алтайдай, жер қайда?
Жартас суреттері

Алтайдай, жер қайда?

March 19, 2026
Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды
Жартас суреттері

Жартас суреттерінің жаңа шоғыры анықталды

July 28, 2025
ЫРҒАЙЛЫ  САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ЫРҒАЙЛЫ САЙ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
Жартас суреттері

Оспан сазындағы жартас суреттері

February 13, 2025
ТАЛДЫ  ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

ТАЛДЫ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ
Жартас суреттері

КҮПКІ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІ

May 30, 2025
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz