Б.З.Б. 5-7 ҒАСЫРЛАР

Орналасқан жері: Талды округіне қарайтын Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің бірі Сарытаудың етегінде солтүстіктен оңтүстікке қарай қатарынан бір-бірімен жалғаса көлбей орналасқан үш оба.
Зерттелуі: Тарихшы, өлкетанушы, Ибрайымжанов Қалидың «Сарытаудағы Сақ обалары» атты қысқаша зерттеу мақаласы.
Сипаттамасы: Содан зуылдаған қалпы Сарытауға да жетіп,
солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла
орналасқан байырғы бабаларымыздың көзіндей болған көне заман ескерткіші «Үш обаға» (мен солай атадым) таяу барып тоқтадық. Біз бергі төмен жақтан барғандықтан, ең төменгісін:
Көне жерлеу орны
А). «№1 оба» – деп алдым.
⦁ Биіктігі – 7 – 8 метр
2. Төбенің ені, ұзындығы-18 х 12
3. Обаның етегінің ені мен ұзындығы – 42 х 36
Обаның етегінен 15 м аралықтан кейін аталмыш обаны айналдыра екі қатар тіктелген тастармен шеңбер болып тас бағандар (менгирлер) орнатылған, екі шеңбердің аралығы 2м. Ішкі сопақша шеңбердің ені 55 м, ал, ұзындығы 57 м. Обаның төбесіне қалыңдығы 2м болатын түрлі тастар үйілген.
Б). Енді осы «№1 обадан» кейін солтүстікке қарай бір сызық бойымен 30 м қашықтықта одан көлемі жағынан кішірек «№2 оба» орналасыпты.
1.Биіктігі – 2 – 3 м 2.Төбесінің ені мен ұзындығы – 19 х 20 3.Обаның етегінің ені мен ұзындығы – 23 х 23
Обаның етегінен 3 м аралықтан кейін аталмыш обаны айналдыра екі қатар тіктелген тастармен шеңбер болып тас бағандар (менгирлер) қаланған, екі шеңбердің аралығы 50 см. Төбеде үйілген сансыз тастар.
В). Аталмыш «№2 обадан» кейін солтүстікке қарай бір сызық бойымен 39 м қашықтықта одан көлемі жағынан үлкендеу «№ 3 оба» орналасыпты.
1.Биіктігі – 7 – 8 м 2.Төбесінің ені мен ұзындығы – 16 х 16 (шеңбер тәріздес) 3.Обаның етегінің ені мен ұзындығы – 28 х 28 (шеңбер тәріздес)
Басқа обаларға қарағанда бұл обаның бір ерекшелігі төбесінің батыс жағы тағы да 6 х 6 м бүйірленіп шығып тұр. Соған қарағанда бұнда бірнеше адам жерленген болуы керек. Бұнда да айнала тас бағандармен (менгирлер) қоршалған.
Тағы бір назар аударарлық жағдай көлемі жағынан ең үлкені болып келетін «№ 1 обаның» батыс жағында қатарласа 2 м арақашықтықтан кейін (суретте) мынадай тізіліп орналасқан тас бейнелерді көрдік.
Яғни, бұл да «көне заманғы жерлеу орыны болар» (мүмкін Қола дәуірі) деген тұжырым жасадым. Себебі, осы үш обаның осы жерге орналасуына осы бір тас қорымдардың да өзіндік әсері болған – ау. Ал, мына орналасқан аталмыш «Үш оба» менің жорамалым бойынша – Сақ- Сармат дәуіріне жататын сияқты. Өкінішке орай сағанаға кіретін арнайы жер асты жолы – дромостың белгісін таба алмадым, бірақ бар екеніне еш күмәнім жоқ.
Аңыз әңгіме: Жергілікті малшы қауымның өкілдерінің айтқан аңызы бойынша бұнда Шыңғысханның қайын атасы жерленген деп айтылады екен.
Сілтеме: 1). Қ. Ибрайымжанов «Сарытаудағы Сақ обалары»
«Жаркент айнасы» газеті № 2 (5), 25 қаңтар, 2019 жыл.












