Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Андас Омарақын ізімен

Шіде Салқынбайұлы

admin
2026/08/30
Андас Омарақын ізімен
0
Шіде Салқынбайұлы

Шіде Салқынбайұлы 1839 жылы Майлы-Жайырда туып, 1912 жылы 73 жасында қайтыс болған. Көрнекті қоғам қайраткері, қызайдан шыққан біртуар ел ағаларының бірі, халық қамқоры, батыр әрі шешен. Байеке бидің Шідені сынағаны жөнінде мынадай бір аңыз бар. Шіденің жаңадан аты шығып жүрген жас кезі болса керек. Бір күні Байеке Шідені шақыртып алып, себебін айтпай жігіттеріне сабатып, керегесіне байлатып тастайды. Өзі бір жаққа кетіп қалады.

Аспақта тұрған Шіде Байеке бидің әйелінен сусын сұрапты. Оны тоғытпаған бидің әйелі қымыздың орнына су бергізіпті. Бұған Шіде ашуланып, суды ішпей қояды. Осы кезде Байекенің қарындасы келіп, Шіденің қолын шешіп, қымыз береді. Осы орайда Шіде бәйбішені домбыта сабап, керегеге байлап тастап кетеді. Байеке би қайтып келгенде әйелі егіле жылап, Шіденің үстінен шағым айтады.

Сонда Байеке:

­­­ Ендеше Шіде адам болайын деп тұр екен, ­ – деп риза болыпты.

 

Шіденің елден ерек қасиеттеріне Әсет Найманбаев, Таңжарық Жолдыұлы қатарлы ақындар да жыр арнаған. Солардың арасынан Қаракерейдің бір ақынының:

Шіде батыр қызай-сама төресі екен,

Күн шалған биік таудың төбесі екен.

Ержүрек, абыройды қатар берген,

Елге құт, алтын діңгек шегесі екен, ­– деп өлеңге қосады.

Матайдан шыққан меценат Маман Тұрысбектің асына қызайдың 50-ге жуық адамын Бұлғыншы мен Шіде бастап барған екен. Матайлар «Бауырларымыз келді» деп жапырыла күткен екен. Асқа орыстың ояздары да шақырылыпты.

Бірнеше күн өткенде матайлардың бір адамы:

– Маманның асын өтедік. Асқа 500 ірі қара, мың қой атаған едік. Бәрі де сойылып бітті. Енді ат шабады. Бүгін кеткен ат ертең келген соң ас тарайды. Ояз да қайтады, – депті.

Сонда Шіде:

Өлсе біздің әкеміз өлді, ояздың әкесі өлген жоқ. Асты бір айға созса болмай ма? Атан өлсе сойылар, атаң өлсе қойылар, бас ие қайдан табылар, – деген екен.

Сонда топтың ішінен бір кісі Шідеге:

– Қаңтардың ұзақ таңы, шілденің ұзақ күні болса, асықпай әңгімелесетін кісі екенсіз, – деп риза болған екен.

 

Шіде қайтыс боларында мынадай өсиет қалдырыпты.

  1. Бұраталадан бітім бойынша алған жерлерге жақсы ие болыңдар. Мұны Бұғыбай, Тиынбай, Тиындар жақсы біледі.
  2. Ынтымақ, береке бұзылмасын.
  3. Өлсем үш жерден жалған бейіт тұрғызылсын. Сүйегімді Бейдайшыңдағы ағам Керімажының (Мырзакерім) қасына қойыңдар.
  4. Жас тоқалым Бүбіқанды жалғыз жүрген жанғазыға қосыңдар, – депті.

 

Шіде қайтыс болғандағы қыз-келіндердің жоқтауы:

Ей, бісімилла, ей Алла,

Жан әкем көшті сапарға.

Бұйрық болса кім көнбес,

Құдіреттен болған қаһарға.

Он жетіңде бас болдың,

Ел-жұртың кетпес қасыңнан.

Сайысқа түскен дұшпанның,

Көңілі судай басылған.

Арындап шықтың алдыға,

Еліңе болып бас қалқа.

Нәсіп қылса құдайым,

Көрісерміз мақшарда.

Қадірлі едің ел-жұртқа,

Шытпай қабақ тарылып.

Пақыр менен міскінге,

Тигіздің пайда ық болып.

Ағыңнан әке жарылып,

Қайран менің, жан әкем,

Қалдық қой саған зар болып.

Топтан озған қара озып,

Қалмадың, әке, жарыстан.

Баспай жолдың қырсығын,

Әділдікке қарысқан.

Елің үшін өкіл боп,

Бардың моңғол еліне.

Істегенің ақ болып,

Кетпеген ісің керіне.

Басқан-тұрған жеріңде,

Орнады құт-береке.

Ажалық болды-ау алмастан,

Айырылып қалдық бас ием.

Орның болсын бейіштен,

Иманды болғыр, жан әкем.

 

Шіде қайтыс болғаннан кейін қазақ-моңғол арасында жер дауы қайта қоздап, екі жақ бірігіп, кеңес өткізеді.

Сонда моңғол жақтың өкілі Обтай:

– Шіде өлді, енді оның қамшысы да өлді деші. Әйтпесе көрсетіңдерші шіденің қамшысын (Шіденің десі деген мағынада), –  деп сес көрсетеді.

Шіденің 15 жастағы ұлы Ыбырайым да сол кеңеске барған екен. Ол орнынан қарғып тұрып:

–  Шіде өлгенмен, оның қамшысы өлген жоқ. Шіденің қамшысы мен емеспін бе? Ал өзіңде қамшы түгіл қурай да жоқ, – деп сұрағыфна жауап береді. Оютайдың кіндігінен бала жоқ екен. Сасып қалған ол:

– Қасқырдың бөлтірігі де қасқыр екен ғой, – деп отыра кетеді.

Ыбырайым да жас қайтыс болады. Сонда күңіренген елі:

– Тым болмағанда бағымызға Ыбырайым ұзақ жасамады-ау, – деп күңіреніпті.

 

 

Қазыналы қарттардан жазып алып, сақтаған Андас ОМАРАҚЫНҰЛЫ

Дереккөз: Дода: (Айтыстар мен тарихи-этнографиялық жырлары) / А. Омарақын ; [құрастырған: Ә. Мажай [ж. б.] .- Талдықорған : [б. ж.].                     https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657687

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 58
Қышқыш қалай жасалған?
Андас Омарақын ізімен

Қышқыш қалай жасалған?

August 31, 2026
Адамның пайда болуы
Андас Омарақын ізімен

Адамның пайда болуы

August 31, 2026
Күн және жұлдыздар
Андас Омарақын ізімен

Күн және жұлдыздар

August 31, 2026
كۇن مەن جەر
Андас Омарақын ізімен

Күн мен жер

August 31, 2026
Аспанның биіктеуі
Андас Омарақын ізімен

Аспанның биіктеуі

August 31, 2026
Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)
Андас Омарақын ізімен

Жер-көктің айырылуы жөнінде (Күнес ауданының аңыз-ертегілері)

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz