Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

ТӨРЕ ҚОРЫМЫ ХІХ ҒАСЫР

admin
2025/02/01
Қасиетті жерлер
0

Орналасқан жері: Кербұлақ ауданы, Алтынемел ауылдық округі, «Мақпал» алқабы.
Зерттелуі: Зертеушілер: Азамат Ақылбеков; Бағдат Ақылбеков; 2021 жылғы Казақ Ұлттық Университеті ұйымдастырған экспедиция.
Мақала: Тезек Төре қорымы
Сипаттамасы: Жетісу облысындағы «Сарыөзек-Жаркент» автожолының 40-шақырымынан оңға қарай, 4-5 шақырым жерде, қазір «Қарлығаш» аталатын шағын ғана ауыл бар. Жетісудың атақты сұлтаны Тезек Төре Нұралыұлының қорымы сол ауылда.
Жетісу облысы, Кербұлақ ауданына қарасты бұл жерлер, белгілі Алтынемел асуының етегіндегі алқап, ежелден «Мақпал» деп аталады. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып айтылып келе жатқан бұл қасиетті орынды, қазіргі күнде жергілікті тұрғындардың көбі көрсете алады. Қазіргі уақыттарда жарияланған Ресей империясы заманындағы әскери карталарда да Тезек Төре қорымы көрсетілген.
2021 жылғы шілде айының басында «Тезек Төре-200» Халықаралық конференцияға дайындық ретінде академик Н. Қапалбекұлы ұйымдастырған, Алматы-Нұр-Сұлтаннан келген ғылыми-танымдық экспедиция ғалымдарымен бірге болып, өлшеу жұмыстарын жүргізіп, олардың пікірлерін естудің реті келген еді.
Жалпы, сұлтандар қорымы үлгісінде, қыш, саман, тас сияқты жергілікті табиғи материалдардан қорымды қоршай соғылған дуалдың биіктігі 2 метрге жуық, ұзындығы – 20, ені – 15 метр, ал қорымның аумағы 300 шаршы метрдей болғандығы анықталды.
Қоршау ішінде қазір үйіліп төбе болып жатқан мазардың орны кезінде сәулетті күмбез болғандығын бірден аңғаруға болады. Ұрпақ сабақтастығымен жеткен дерек бойынша Тезек Төренің әйгілі күмбезінің орны осы жер!
Уақыт өткен сайын Ресей қысымының күшейіп, отаршылдық пиғылының арта түскенін дәл сезіне білген Тезек төре 1877-78 жылдары көзі тірісінде, алдымен осы қорымды қоршатып, одан кейін өзіне арнап өте сәулетті, еңсесі биік күмбез соқтырады. Бұл күмбез туралы найман руының атақты Түбек ақыны «Шаған Бұғыдан көрінді көк күмбезің…» деп жырлағаны белгілі.
1879 жылдың шілде айында Тезек төре қайтыс болады да, өсиеті бойынша өзі тұрғызып қойған осы күмбезге жерленген. Сол күндері қазақ даласына, иісі қазақтың қабырғасын қайыстырып, көңіл айтқан жыр сүлейі, замандасы Сүйінбайдың теңдессіз туындысы «Тезек төрені жоқтау» атты екі бірдей жоқтау өлеңдері таралып кетті.
Зерттеу жұмысы нәтижесінде күмбездің іргетасы қаланған бөлігінің диаметрі 8-10 метр болғаны анықталды.
Біздерге кейде «Тезек Төре неге ұлы ғалым Шоқан жатқан «Көшен Тоғандағы» қорымға жерленбеген, арасы аса алыс та емес қой?» деген сұрақтар беріліп қалады. Оның жауабын былайша пайымдаймыз: «…Тезек Төренің әкесі Нұралының есімі 1825 жылғы жазбаларда кездеспегендігі, ол кісінің ертерек қайтыс болғандығынан шығар, олай болса, ауыз әдебиетіндегі «хан ием бес жасында жетім қалған…» деп айтылатыны шындыққа жанасады. Сондықтан, бұл жерге алдымен, шамамен 1790 жылдары туып, 1825 жылдары қайтыс болған Нұралы Әділұлы Абылайханов сұлтан жерленген…». Кейін, 1860 жылы Жетісу өңірінде кенеттен таралған аса қауіпті індет-шешектен Тезектің 55-60 жастар шамасындағы анасы, ауызекі шежірелерде айтылмайтын, бірақ, тарихи құжаттарда есімі кездесетін, 35-40 жасар бауыры Шерәлі, 12 жасар ұлы Садуақас және кенже ұлы Санияз қайтыс болған. Тезек төренің ұйғарымымен олардың барлығы да осы қорымда жерленеді.
Ауыз әдебиетіндегі Сүйінбайдың, басқа да ақындардың Тезекке көңіл айтуы осы оқиғамен байланысты. Басқа да ет жақын ағайын-туыстарының бірқатарына да осы жерден топырақ бұйырған.
Содан бастап, бұл қорым Тезек төренің отбасылық қорымы болып саналған. Сондықтан, Тезек төре оның аумағын қоршатқан және ішінде өзіне де күмбез салдырған.
Төренің көзі тірісінде салдырған күмбезі туралы бірер сөз айттық. Өкінішке орай, Патшалық Ресейдің жымысқы отарлау саясаты арқасында Алтынемел өңіріне жер ауып келген «переселен» мұжықтар асқан көргенсіздік танытып, жергілікті қазақтардың қарсылығына қарамастан, күш көрсетіп, алдымен осы қорымның дуалын, одан кейін Тезек төренің күмбезін де бұзып, кірпіштерінен өздеріне үй тұрғызып алады.
Алайда, олардың қуаныштары ұзаққа созылмаған. Себебі, сол маңда көп өтпей-ақ болған жер сілкінісінен орыстардың үйлері түгел құлап, біраз адамдары (ауызекі әңгімелерде 17 адам деп айтылады) үйінді астында ажал құшады.
Бұл оқиғаны естіген қазақтар жан-жақтан жиналып келіп, «Сендер біздің хан иеміміздің аруағын қорладыңдар, ол аса қасиетті кісі болған. Алла тағала сол үшін жазаларыңды берді» деп, қалған орыстарды қырып тастай жаздайды.
Зәрелері ұшып, қорыққан «переселен» мұжықтар қалған кірпіштерді қорым аумағына қайтадан тасып, бей-берекет қалдырып кетеді.
Сонша уақыттан бері ылғал мен күннің табиғи әсерінен кірпіштер үгітіліп, үйіндіге айналғаны осы күндерде анық көрініп жатыр.
Осы жерде өз тарапымыздан келесідей ұсыныс айтқымыз келеді: Қорымдағы 200 жылдан бұрын салынған көптеген бейіттер, дуалы мен күмбез бұзылмай тұрған болса, халқымыздың сәулет өнерін көрсететін құнды тарихи жәдігерге айналар еді! Оның үстіне, бұл күмбез, қорымның дуалы, басқа бейіттер басқыншылардың «вандализмдік» арам пиғылымен, кісі қолымен бұзылып кеткен, олай болса мүмкіндігінше, алғашқы нұсқасына сай қалпына келтірілсе қайтер еді деген сұрақ туындайды!
…Егер «Тезек төре» қорымына мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, қоршау-дуалы мен күмбезі жаңғыртылып, қайта қалпына келтірілсе және сол маңға автотұрақ, саябақ, асхана, қонақүй, әжетхана сияқты нысандары бар туристік кешен салынса нұр үстіне нұр болады емес пе? Одан кейін тиісті жарнама жұмысын жүргізіп, алыс-жақын елдерден туристер тарту қажет. Жалпы, бұл мәселе Шоқан Уәлиханов жатқан жерге де қатысты, ол жерге де аталмыш туристік кешен салуды, сондай-ақ ел ішінде «Жошы оры» немесе «Жошы араны» деп аталатын, кем дегенде 700 жыл бұрын қазылған, ұзындығы 60 шақырымға жуық ордың тас жол маңындағы бір бөлігін ашық аспан астындағы музейге айналдыру қажет деп ойлаймын.
Тезек Төре әкесі, анасы, бауыры жатқан жерді қоршатып, үлкен қорым жасатқан, кейінірек әйелдері отбасындағылар жерленген. Өзіне арнап көзі тірісінде, осы қорымда 1875 жылдары үлкен күмбез салдырған. Атақты Найман Түбек ақын жырлағандай: «Шаған Бұғыдан көрінді көк күмбезің…» дегендей сұсты, әдемі күмбез болған. Өкінішке орай, 1920 жылдары орыстар кірпішін алуға бұзған. Ел аузындағы аңызға қарағанда сол переселендер үйлерін салып болып кірген түні үй бұрқ етіп құлап, басып қалып, бала-шағасымен 16-17 адам қырылып қалған. Содан «проклятая могила» деп барлық кірпішті қайта әкеліп үйіп тастаған. Содан бері үйінді қалпында жатыр.
Аңыз-әңгіме: Тезек Төренің жер шекарасын анықтаудағы бір тәсілі.
…Бұрынғы кезде «жер дауы мен жесір дауы» біткен бе, жерге таласқан елдер кейде барымталасып, сойылдасып, оның арты үлкен араздыққа әкеліп отырған. Сондай кезде өзі әділетті, ел бірлігін сақтауды бәрінен де алдыға қойған Тезек Төре мынандай амалды қолданыпты.
Жауласқан елдерден екі жас баланы жүйрік атпен шығартып, ел отырған орындарынан бір-біріне қарама-қарсы шапқызады екен. Содан кездескен жерінде екеуін тоқтатқызып, аттарынан түсіріп, елдердің үлкендерінің көзінше «екеуің құшақтасыңдар, міне енді бауыр болдыңдар» дейтін көрінеді. Сосын елге «…бала деген періште. Осылардың істегенін істеңдер, бауырласыңдар! Ал енді таласқан жерлеріңнің межесі бұдан былай міне дәл осы жер болады. Осыдан әрі бір-біріңмен жанжалдасып, жаулассаңдар, құқайларыңды менен көресіңдер» деп бірақ ауыз сөзбен елді татуласырады екен, жарықтық.
Ханның осындай әділетті сөзіне барлық ел құлай кетіп, бір-бірімен құдаласып, бауырласып, дау-дамай тез арада ұмытылатын болыпты.
Арғымақ айғыр хикаясы…
… Тезек Төреге замандас, өзі сараң, елге жайсыз бір бай кісі болыпты. Бірде төренің жігіттері сол кісінің жылқысының ішінен ерекше айғырды байқап, сырын білетіндіктен оған бір жағы мысқылдап, бір жағы сынап: «…Байеке, анау айғырыңыз Сізге емес төреге лайық, келісті мал екен. Тарту етіп берсеңізші»,- депті. Оларға бай:
– Атай көрмеңдер, бұл айғыр малымның киесі. Осы малдың жартысын алсаңдар да, бұған көз салмаңдар,- деп шыр-пыр болыпты.
Бұл сөз төренің құлағына шалынғанда, жігіттеріне:
– Әй қулар-ай, ол неменің сараңдығын біліп, әдейі айтқансыңдар ғой, ол сөзді. Нелерің бар еді? Обалы енді жануарға тиді ғой! Өйтіп айтқан соң, бізге лайық мал оған жараспас, бекер айттыңдар-ау, ол жануар енді таң аспас!- деп кейіген екен.
Айтқанындай айғыр ертеңіне үйелеп тұрмай қалыпты…
Ұршық туралы…
Бірде Тезек Төре ұршық иіріп отырған жеңгесіне қарап: «…әй жеңгей, бұл дүние дегенің шыр айналған ұршықтай ғой. Бірде тоқтамай зырылдап айналады, бірде тоқтап қалады. Жібі де кейде үзілмесе, кейде үзіліп қалады. Қолыңыздағы неткен ғажайып дүние десеңізші…»,- деген екен…
Тезек төренің соңғы күндері (Жексенбинов С. Талдықорған)
…Аталарымыздан естуші едік. Біздің аталарымыз Жалайырдың «Мырзалары». Тезек Төре белгілеп берген мына «Шағанның» күнгей бетін мекендеген. Еліміз төре аулымен әрқашанда сыйласып, алыс-берісте жүріпті. Әкемнің атасы Елібай төренің замандасы, өзі өте үлкен емші, елге сыйлы болған кісі.
Бірде елге Тезек Төре қал үстінде деген суыт хабар келіп, сол атамыз елдің жақсыларымен бірге қалын сұрамақ болып барыпты. Барса айтқандай төре төсектен тұрмай жатыр екен. Барлық Жетісудың игі-жақсылары осында көрінеді.
Атамыз емші кісі, алып барған түрлі дәрілік шөптен жасаған дәрі-дәрмектерін беріп, аурудың қол аяғын сылап-сипап біраз ем-дом жасағаннан кейін төре бас көтеріп, құс төсекте шырайланып, жастыққа сүйеніп отырып, елмен амандасыпты. Содан атамызға қарап:
– Әй Елібай, сіздің жасаған дауаңыздан кейін біраз жақсы болып қалдым. Сіз тегін адам емессіз, осы мен енді қанша жасаймын,- деп сұрапты. Атамыз:
– Алдияр, несін жасырайын, бұл дүние бәрімізден де өтеді емес пе? Сіздің 7 күндік өміріңіз қалыпты, қамдана бергеніңіз дұрыс,- депті. Сонда Тезек жігітіне қарап:
– Мына жаман Жалайыр не дейді, әкелші бері қылышымды, өзімнен және ажалынан 3 күн бұрын тоңқалаң асырайын,- депті.
Сасқалақтап қалған үйдегілер «хан ием, бұл кісі 7 күн деп қателесіп қалды ғой, әлі талай жасарсыз. Жеті деген қазақта киелі сан емес пе, соны айтпақ болған шығар» деп жуып-шаймақ болыпты. Сол кезде төре атамызға қарап:
– Ал Елібай, енді не дейсіз? Айтыңыз, қанша күндік өмірім қалды?- дегенде ол кісі:
– Тақсыр, Сіз бүткіл елдің тұтқасысыз. Сізге өтірік айтқан болмайды,- дегенінде оған Тезек Төре жадырай қарап:
– Қайтер екен деп едім, оны мен өзім де сезіп жатырмын,- деп айналасындағыларға «Мен кеткенмен бірліктерің кетпесін. Мен өлсем, біздің қазақтан мен сияқты, әлдеқайда менен асатын ұл тумайды дейсіңдер ме? Мойымаңдар, тек ауызбіршілікті болыңдар. Ешқашан қарақан бастарыңды ойламай, елдің қамын ойлаңдар…» деп өсиет айта отырып, қоштасқан деседі…
Жарияланған материалдар:
Тезек Төре туралы «Тезек Төре». 2013. А. Ақылбеков
«Тезек Төреге қатысты жыр-айтыстар антологиясы» 2014. А.Ақылбеков
«Тезек Төре-200» 2021. А. Ақылбековтың құрастыруымен
Зерттеу кітаптары және жинақ жарық көрді.
https://7-su.kz/news/cat-4/11511/

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 26
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

February 2, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

December 1, 2025
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

November 28, 2025
Хангелдіұлы Бейсен би
Қасиетті жерлер

Хангелдіұлы Бейсен би

November 20, 2025
Үлпілдек Дарабоз ана
Қасиетті жерлер

Үлпілдек Дарабоз ана

November 17, 2025
«Үйтас» петроглифтері
Қасиетті жерлер

«Үйтас» петроглифтері

November 17, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz