Біздің тарих батырлық пен даналықтан өрілген, Ғұн мен Үйсін, Сақ пен Түрік кезінен. Дархандығы тағы да бар ғаламат, алып шыққан өрт пен оттың тезінен. Оймен барлап жете алмайтын көп істі, бабалардың парасатынан сезінем. Тіл мен ділмен жеткен бізге жалғасып, аңыздар көп беретуғын жанға шық. Мен, атамнан талай қызық хиқаялар тыңдаушы ем, еріп жүріп, шалғайына жармасып. Енді соны бірге отырып, тыңдайық, жатпағаны дұрыс оның шаң басып. Сонда былай өрілетін өршіл ой, тым арыдан бүгінгіге ұласып.
Балам өткен тарихыңды білесің бе? бабаң кеткен тапсырып жүр есімде. Бастан кешкен тірліктен жиып-теріп, тасқа жазған тарихын, үлесін де. Қазақ деген кеңпейіл халықпыз біз, болсын сенің, алдымен, бұл есіңде. Қолға қонбас белгісіз несіп келіп, өткен күнге түсінбей өшікпелік. Тыныс еткен тірліктің дәм-тұзына, қара жердей қадірлі бесікті еміп. Қаласы бар, ғылымы, ғалымы бар, халық едік, жүрмеген көшіп-қонып. Ел арасы таза еді қырқыстан да, өз заңы бар жағасын жыртысқанға. Есірігі сол кездің ақылды еді, білімді боп жүргеннен бұл тұстарда. Берекенің қаймағы бұзылмайтын, Сауран, Созақ, Жетісу, Түркістанда. Тірлік ету, жоқ мүлде қысылысып, қиялдың да жататын қысымы ұшып. Осы ортадан білім ап қайтатұғын, көңіліне көп сәуле түсірісіп. Түсі, тілі, ұғымы бөлек жандар, түркі тілі арқылы түсінісіп. Шалқып, тасып жатқан соң тойы, асы, белгілі ғой ашылмай ой қалмасы. Сөрелерде тізіліп тұратұғын, бабалардың байырғы қолжазбасы. Дос сүйініп жататын, шындығында, қызғанысып қалатын сорлап қасы. Жүздерінен көрініп нұр, жылуы, сол кездердің құлақта тұр дүбірі. Ойла балам, әрине, өз кезінде, жаудың сағы ақылмен сындырылды. Міне, сондай өркенді ел болмаса, мүмкін бе еді біздей ұрпақ тудыруы, – деп жалғасып кете береді әңгімесі атамның.
Иә, солай, тұғыры нық ел болдық, басқалармен қиындықты тең көрдік. Атомнан да еркімізбен бас тартып, күллі әлемге тыныштықпен дем бердік. Енді бізден үлгі алуға айналды, берекелі күнімізге сенген жұрт. Тәубе, тәңір, қол жеткенге бүл күнге, Нұрсұлтандай салиқалы ұл берген ге. Тарихты түгендедік қор болған, көңілді де орнықтырдық шерменде. Бауырларды құшақ жая қарсы алдық, өзге елдерден атажұртқа келген де. Жүз үш ұлтты сидыра алдық бауырға, шуақ сыйлап, жабырқаған өңдерге. Мұнан артық бақыт бар ма, мақтаныш, аларға жоқ, кең пейілміз берген ге. Дейтұрғанмен, өмірде бұл сынақ мол, бізді мүлде қорқыта алмас бірақта ол. «Су апаты» болғанда да бауырын, жұртқа тастап қойғанда жоқ қуатты ел. Бүкіл қауым жұдырықтай жұмылып, сол апаттың алдын алды тымырық. Келе жатыр мамыражай күн туып, қиындықтың салмақтары жұлынып. Иә, неткен бірлікпенен ынтымақ, және неткен дарқандықпен ірілік. Бірлік болса, бүліншілік болмайды, тек жүректе сенім семсе сол қайғы. Енді бізде қуат берер ел-жұртқа, біраз айтып кетейікші сол жайлы. Тәуелсіздік таңы атып, елге ырыс құт қонды. Қазақ елі өзгеден, дара шауып шықты енді. Сан белестен сүрінбей, төрт кұбылаң тоғысты-ау. Еуроодаққа басшы боп, қазағым көңілің толысты-ау. Қадірі жоқ, дейміз-ау, қолда барда алтынның. Сондықтанда тірлікте, қымбатын біл халқыңның. Сан соқтырып кеткенмен, табиғаттың да апаты. Аман қалған ел-жұртқа, тәңірім салма азапты. Жалаңашпын деп жылама, Елбасың бар, елің бар. Көз жасыңды бұлама, «Орнында бар оңалар». Кеудеңді көтер, бас алға, тірек болайық жастарға. Көңілде қайғы болғанша, таңба боп сіңсін тастарға. Деуші еді ғой халқымыз, бірлік түбі береке, құт әкелсін баршаңа, бүінгі нұрлы мереке. Еркін елміз еңселі, баба салтын ту еткен. Қарсы алайық бұл күнді, жаңа ниет, тілекпен. Қазақ халқы қашанда, ынтымақпен күн кешті. Қиындыққа мойымай, көңілі әнмен үндесті. Өмір деген сынақтан, өтейікші сыйласып. Мархабат пен махаббат, жүректе жатсын ұласып.
Баурайы құт даламның тарихы көп, жігеріңді осылай жаниды кеп. Әр дәуірдің өзіндік сипаты бар, жатпаса да дархандық әр үйде удеп. Ар-намысын парықтап істетпеген, беріледі қиялға піспектелген. Иә, тәңірім қашанда аулақ қылсын, санасының нәрінен күш кеткеннен. Бала-баба бәрінің рөлі бар, ыңғайына келтіріп істеткен жөн. Құр елеске мәз болсаң күш арбайтын, ел алдына әрине түсе алмайсың. Бірін қалап, біреуін шетке қақсаң, онда ақыл нәрінен жұтаңдайсың. Ой алмасаң олардың түйгенінше, күн кешпесең олардың күндерінше. Бабалардың ақылын бағаламай, биік мұрат жаныңа мұң көрінсе. Кемтарлығың – жарасып жүре алмаса, ақылың мен мұратың бірге мүлде. Қазір менің еліңнің өрісі тар, атқаратын әлі де көп ісі бар. Әлі біздің алдыда болашақтың, орындауға тиісті борышы бар. Сондықтан да берілмей балалыққа, даналықтың ойламды өрісін ал. Таққым менің келмейді жақсыға мін, өзіңе тән жек көру, жақтырарың. Жатсам-тұрсам тілегім жаратқанға, мәңгі өшпесін деп келем бақ-шырағым. Бұл шындықты қай қырмен қабылдауды, талғамыңның сынына тапсырамын. Қашан болсын жадыңнан жырақ қойма, құт дарысын ар-ұят, қуатты ойға. Тарихтың түндігі – ел бірлігі, бірлікпенен биік белес, жырақты ойла. Құтты болсын мереке!
Мықты болсын халықтардың бірлігі!
Қажет Андас,
Q-Andas ақпараттық агенттігі











