Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Ташкенттегі жиында Куропаткиннің сөзі

Ташкент шаһарының халқына, келген депутаттарға, Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің айтқан cөзi, 12 тамыз

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Ташкенттегі жиында Куропаткиннің сөзі

Басы: Ташкент шаһарының өкілдерінiн көп болып жиналғанын көргеніміз көңіл сүйсіндірді. Ізгілік тілеуде екендеріңізді айтып, және тілеулестіктерің шын ықыластан екенін естігенімізге, көңіл орнықты. Бұл уәлаятка, бұл Ташкентке осымен 5 – iншi рет келіп отырғаным. Бұл уәлаят және Ташкент, сіздер айтқандай – ақ маған туған жерімдей екені рас. Мен мұнда жалғыз орыс емес, жергілікті жұрттарға да үйір болып, көңілім сүйіп, қадірлеп, үйренген жерім.

Осыдан 50 жыл бұрын Ташкент үлкен шаhap еді. Оның жанында қосын тігіп, сол үйде бip уыс орыс жатқан еді. Генерал Черняев Ташкенттi алғанының ертеңіне – ақ орыс пен жергілікті жұрт арасынан жаулық кетіп, елдік кipe бастағаны есімде. Соғыс бiттi, жеңген орыс та, жеңілген жергілікті халықтар да ағайын болды. Жұрттың көңілі кipciз болғандықтан шаһарға кipy әр орысқа керексіз болды. 50 жылдың ішінде сондағы Ташкент көп өскен, онымен қатар орыстың да үлкен шаһары орнаған. 50 жыл Россия панасында болып, Түркістан өскен, көгерген, зор береке көрген.

Ол береке кipyi орыс пен жергілікті халықтардың екеуінің де еткен еңбегінен. Онан былай да сол екеулесіп еткен еңбек, егіз күйде отырып шеккен өмір осы қалыпта болғаны керек.

Россияның алабы үлкен, күші мол, сол алабын кеңейткен жане күшін молайтқан орыс. Россияны көбейту және күшейту жолында   орыс жұртының еткен құрбандығы есепсіз. Россияның осындай болуына көп құрбандық етті, көп еңбек сіңірген орыс ұлтына, Россияның қай бұрышына болса да төмен бас иетін жөндерін бар.  Россияда тұрған толып жатқан түрлі – түрлі жұрттар бар, бәріне Патша ағзам құзipeтi ата, бәріне Россия – ана. Сол балалы үйдің ішінде орыстар аға, басқалар iнi боларға тиic. Мұны әсіресе, Россияның шет жағасындағы жұрттар, оның ішінде Түркістан жұрты да  естен шығармасқа керек. Ең әуелі жергілікті жұртың көп, сендерден сұраймын. Ата болған Патшаға, ана болған Россияға, аға болған орыс халқына мойындағы борышын соңғы кезде Түркістан жергілікті жұртының бәpi төледі ме? Яки, жылдай созылған атайман соғыс ауырлығынан көбі әлі де болса, бұрынғыдай көнеріп жатқан және құрбандық зарын айтып жатқан орыс жұрты. Түркістандағы орыстар Отанын қорғау үшін соғысып жатыр. Түркістандағы орыстардың бipeулерi атасын, бipeyлepi аға – інісін, біреулері баласын жоғалтып отыр. Түркістан әскерінің көбі басын майданда жойды.

Орыс үкіметінің қам жегенін біліп, 50 жыл болды, мұсылман жұрты осы күнге дейін Патша шын қараған қараушы болып келді. Мұнан 40 жыл бұрын орыстар түрікпен соғысты. Түркістан бүлк еткен жоқ. Түріктердi бағындырып жатқанда, Түркістан бүлк еткен жоқ. Жапонмен соғыс болды. Онда да Түркістан тыныш болды. Соғыстан кейін Россияда лайсаң революция заманы болды, онда да Түркістан жұрты тыныш отырды. Сол бұрынғы жақсы атын енді неге жоярға тұр. Патша жарлығына қарсылық етуге болмайтынын білмегені ме? Қарсылық түбі жаманға айналатынын ойламағаны ма?

Патша жарлығы орнына келмек. Қайтсе де, ол орнына келмей қалу жоқ, қалай орнына келуі халықтың жанына батпай, ауыртпай орнына келсе, орыс пен жергілікті жақындық нығайтпақ. Олай болмай халықтың бірсыпырасы жау үстіне жау жамағандай етсе, онда да Патша жарлығы орнына келмек. Естеріңде болсын, қарсылық ету орыспен араларыңды ашу, жандай ұйымдасып отырған жұрттың арасы ашылып елдік жоғалып екі жақ болу және күндердің күнінде көмек сұрағанда, көмек бергілерің келмеген деп беттеріңе талай басар.

Естеріңде болсын Патша жарлығын тыныштықпен орнына келтipy бәрінен бұрын өздерің үшін. Россия Түркістан жерін соғысып алғаннан кейін тыныштықпен пайдалансын деп халыққа қайырған. Орыс беріп отырған жерде жұрттарға орыстың қанын төккізіп қою болмайтын ic.

Мұнан 18 жыл бұрын Андижандағы жұрт орыс әскеріне түнде тиіп бірсыпырасын өлтірген. Сонда да орыс қаны төгілген жерлердің бәрі де қазынаға алынған. Мұнда да сол болатын. Орыс қаны төгілген жерлер қазынаға алынады. Жизақ уезі мен Жетісу облысындағы орыс қаны төгілген жерлер жергіліктілер қолында қала алмайды. Жизақ уезінде уездной начальника һәм орыстарды өлтірген жерлердің планы қолымда. Сол жерлерден 2 десятина жер қазынаға алынсын деп сұрауға тұрмын.

Ташкент Түркістанның басы және жүрегі. Сондықтан сендерден тілейтінім Жизақтағы оқиға басқа жерлерде де болмасына, 50 жылдай Россияның еткен достығына, халық лайық болып шығуына халықты үгіттеулер үшін, Ташкент уезінде бip танап та жер алынбай аман қалғанын тілер едім. Ташкент жұрты өздері түгіл өзгелерді де жөндеуін тілер едім. Наныңдар, сендерді қиянаттан қорғауда қолымнан келеді. Күшім де жетеді және Патшаның, Отанның шын қызметкері болғандығымнан жазықтының жазасын беру де қолымнан келеді. Бәрімізге ортақ Отанымыз жеңіп, соғысты тоқтатқан күні Түркістан жұрты төмен қарамай, басқалармен қатар бастары болғанын, риясыз шын көңілмен тілеймін” – деген.

Орыстардан келген қала басына, қала Думасының мyшелеріне, көпес және мещан өкілдеріне генерал – губернатор айтқан: “Бұрын, қазірде де сендер Түркістан жұртының арасына ағасы екендерің білініп тұру қамында болмақпын. Бұл күнде Түркістанда орыс қаруы тимеген жас тұқымдар өcтi. Енді орыс ағалығы мылтық істегеннен басқа нәрсеге сүйену тиіс. Түркістан орыстары ағалығын Патшамен Отанға дұрыстығымен, қызметін тура атқарумен, icтеген iciмен, мәдени тұрмыс артықтығымен басқаларға көрсетерге керек.  Ағалық құқықтарынды соғыс кезінде де, жәй кезде де артығырақ құрбандық етулеріңе міндеткер қылады” – дейді.

Басқа жұрттың өкілдеріне Куропаткин айтқан: “Сендердің де жігерлерің, өнерлерің, сомаларың Түркістанға керек. Армян, татар, еврей бәрінің де Россия аналарың боларға тиіс. Егер де мұндағы келімсек жұрттардың құқықтарында кейбір “тіршілік бар болса ол өздерің үшін. Істерің көп кеміген сайын құқықтарын да кеңеймек” – деген. Ақырында сөзін былай аяқтаған: •’Түркістан уәлаяты кең, қол тимей, қозғалмай жатқан байлық көп. Бәріне де орын бар, бәріне де ic табылатын. Россия көгеріп, көркеюі үшін жiгepлepiңдi, еңбектеріңді сарп етуге боларлық”

“Қазақ”, №196. 10 қыркүйек 1916 ж.

Тұп нұсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас.

 

 

ВЫСТУПЛЕНИЕ ГЕНЕРАЛ- ГУБЕРНАТОРА

ТУРКЕСТАНА КУРОПАТКИНА перед депутатами и жителями г.ташкента, 12 августа.

 

«Мы очень довольны тем, что представители от Ташкента собрались в таком большом количестве. Видя, что ваши пожелания искренни и выслушав добрые намерения, мы спокойны.

В этот край, в Ташкент я приезжаю уже в пятый раз. Этот край, город Ташкент для меня как земля родная. И это правда. Я здесь привык уважать не только русских, но и местных жителей, моя душа предрасположена к ним.

50 лет назад Ташкент был большим городом. На окраине города построив барак, жили несколько русских людей. После взятия Ташкента генералом Черняевым, буквально на следующий день, прекратилась вражда между русскими и местными населением. Начала налаживаться мирная жизнь. Окончилась война, победившие русские, побежденные местные народы стали жить дружно и мирно, стали братьями. Так, как помыслы местного населения были чисты, русскому человеку не было нужды вьезжать в город.

За 50 лет находясь под покровительством России Туркестан вырос, окреп, добился многих благ.

Эти блага созданы руками русского и местных народов. Так должно быть и впредь, трудиться рука об руку, жить в мире и согласии, душа в душу, как братья.

Территория России большая, Россия сильна, территорию России расширили, сделали сильной – русские. Во имя расширения России, ее усиления русский народ понес многочисленные потери, были неисчислимые жертвы. В каком бы уголке России не находился русский человек, он должен быть в почете, перед ним должны склонять головы. Русский народ заслуживает этого.

В России проживают много разных народов, для всех их, Царь – отец, Россия – мать. И в этой большой семье, русский народ – старший брат, другие –  младшие братья. И это положение не должны забывать народы проживающие на окраинах России, среди них и народ Туркестана. Об этом я, в первую очередь, прошу вас, депутатов, так как народ в Ташкенте – многочисленен. Все ли народы Туркестана исполнили свой долг перед Царем, перед Россией, перед русским народом? В этой затянувшийся войне как и раньше потери несет русский народ, умирают русские люди. Туркестанские русские воюют защищая Родину. Одни потеряли отца, другие брата, сына. Большинство Туркестанских военных отрядов полегли на фронтах войны.

Вот уже 50 лет как русское Правительство заботится о мусульманских народах. 40-лет назад русские воевали с турками. Туркестан даже пальцем не пошевелил. Когда усмиряли турков – Туркестан  молчал.

Воевали с японцами – Туркестан молчал. После войны в России наступил период революционных волнений – народ Туркестана опять живет спокойно. Почему же теперь он не сидит спокойно. Или он не знает, что нельзя идти против Указа Царя. Или не знает, что сопротивление, неподчинение приведет к плохим последствиям.

Указ Царя должен исполняться. В любом случае будет исполнен. Если он будет исполняться без применения сил против народа, то это будет считаться как единство русского и местных народов. Если же такого не случится, народ Туркестана будет считаться врагом, а Указ Царя в любом случае будет исполнен. Запомните, сопротивление – это разъединение с русским народом, это раскол нашего единства, и не раз вам припомнят, что когда Отечество нуждалось в вас – вы не протянули руку помощи.

Помните, что спокойно принять и исполнить Указ Царя, прежде всего, в ваших интересах. Россия, после завоевания Туркестана, вернула его народу, чтобы он спокойно жил здесь. Россия отдала вам эту землю, и недопустимо, чтобы на этой земле проливалась русская кровь.

18 лет назад в Андижане, местные, ночью напали на русский отряд. Убили множество. Тогда земли, где была пролита русская кровь были переданы государству. Здесь будет также, где будет пролита кровь русских, земля будет передаваться  в ведение государства.

Земли Жизакского уезда и Семиречья где проливалась русская кровь не останутся в руках местного народа. В Жизакском уезде, были убиты начальник уезда и русские люди. У меня в руках план этих земель. Я буду требовать, чтобы из этих земель было изъято 2000  десятин и передано государству.

Ташкент – голова Туркестана и сердце его. Поэтому, я прошу вас о том, чтобы Жизакская история не повторилась в других местах. Туркестанский народ должен быть благодарен России и достоин его 50 летней дружбе, и я, в целях агитации, желаю, чтобы в Ташкентском уезде не изымалось ни одной десятины земли. Хотел бы, чтобы ташкентцы не только сами, но и других поставили на правильный путь. Поверьте у меня хватит сил защитить вас. Поэтому находясь на службе у Царя и Отечества я могу и наказать виновных. Я хочу, чтобы когда окончится война победой нашей общей Родины, народ Туркестана не стоял понурив голову, а наряду с другими радовался победе», – сказал он.

Пришедшим От имени русских – главе города, членам Городской думы, купцам и представителям мещанства, генерал-губернатор сказал:

«Я хочу, чтобы народ Туркестана видел в вас старшего брата. Сегодня в  Туркестане выросло поколение которых не касалось русское оружие. Теперь старшинство русского народа должно доказываться не силой оружия, нужно делать упор на другое. Русский народ Туркестана должен доказывать свое старшинство верным служением Царю и Отечеству, своими делами, превосходством своей культуры, и показывать это другим народам. Ваше старшинство в том, что как  в военное так и в мирное время, на вас лежит большая ответственность».

Представителям от других народов Куропаткин сказал: «Ваша сила, ваши умения, материальная помощь, нужны Туркестану. Для армян, татар, евреев, для всех Россия – мать. Если здесь, для пришлых народов дали некоторые права для проведения своих национальных дел, то это только для вас самих. Чем больше вы будете оказывать помощь России, Отечеству, тем больше будет у вас прав».

«Туркестан – большой край, много нетронутых богатств. Всем хватит места, всем найдется работа. Не жалейте сил, трудитесь во благо и процветания России».

Газета «Казах», № 196,10 сентября 1916 года

Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

Жалғасы бар…

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 55
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz