Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

ТАУЫ АСЫЛ, ҚОЙНАУЫ ҚҰТ, ЖҰРТЫ ЕҢБЕКҚОР

admin
2025/02/03
Елтану
0
ТАУЫ АСЫЛ, ҚОЙНАУЫ ҚҰТ, ЖҰРТЫ ЕҢБЕКҚОР

Талдықорған облысы болып тұрған тұста дүркіреп тұрған бірнеше ауыл болса, соның бірі мал мен егін шаруашылығынан тел өсірген Үшбұлақ кеңшары еді.  Бұл ауылдың өсіп өркендеуіне еңбекшіл адамдар мен білгір мамандардың үлесі көп сіңді. Сол қатарда бүгінгі сарыбұлақтықтар Петр Келдібаевті ерекше еске алатынын айта кеткен жөн. Сол тұстағы адамдардың тынымсыз еңбегінің арқасында аядай ауыл өркені өскен, елі байлыққа белшесінен батқан, алыс-жақынға атағы жайылған мекен атанды. Тәуелсіздік жылдарындағы тоқырау кезінде кезінде жайнаған тіршіліккее көлеңке түскені анық. Бірақ туған жеріне ту тіккен заматтардың арқасында тозып кеткен жоқ. Жастар арман қуып, кәсіп іздеп алысқа аттанғаны болмаса кезіндегі қайнаған тіршіліктің куәсі болған нысандар бүлінбей осы күнге жетті. Осы реткі сапарымызда Үшбұлақ ауылының тынысын тарылтпаған еңбек адамдарының және бүгінгі талапшыл буынның ізгілікті істерін көрсетуді мақсат еттік.

ЕМЕН-ЖАРҚЫН КЕЗДЕСУ

«Облыстық «Jetisу» газетінің тілшілері келе жатыр» деген хабарды естіген ауыл ақсақалдары мен белсенді тұрғындар ауылдық Мәдениет үйінде күтіп алды. Емен-жарқын әңгіме ауыл әкімінің жиынжайында жалғасты. Сапарымыздың мақсатын облыстық «jetisu» газеті бас редакторының орынбасары Мәди Алжанбай таныстырып шықты.

– Облыстық «Жетісу» газеті ғасырдан ұзақ тарихында елдің өркениеті мен ұлт болып ұйысудың жолы, ұрпақ тәрбиесіндегі жалғастықтың жаршысы болып келді. Әлі де сол ауқымды міндетті абыройлы атқарып жүр. Десе де, газеттің өміршең болуы оның ынталы оқырманының көп болуымен өлшенеді. Осы тұрғыда жұмысымызды қолдап, газеттің сапалы шығуына дем беріп келе жатқан алакөлдіктерге алғысымыз мол. Осы ретте өздеріңізбен кездесіп, басылымның келешек жоспары, бағыты, беталысы туралы түсіндіріп кетуді мақсат еттік. Ауыл жайлы жақсы деректер мен ауыл адамдарының өркенді өмірі және көкейге түйген сұрақтарын тыңдап, орын алған мәселе болса, шешілуіне ықпал етпекпіз, – деді ол.

Басылым – өмірдің жаршысы, тарихтың түгендеушісі. Үшбұлақ ауылында «jetisu» газетінің тұрақты оқырмандары көп екен. Жиналған көпшіліктің арасында осы тұрғыда орамды ой, салиқалы сөз айтқан ақсақалдарымыз болды. Келесі кезекте ауыл әкімі Нұрлан Каримов ауылдың  жағдайын таныстырды.

– Аудан орталығынан 130 шақырым шалғайдағы 23 мың гектар жерге орналасқан Ұшбұлақ ауылдық округіне Үшбұлақ, Айпара, Кеңес елді мекендері кіреді. Ауылда 800-ден астам тұрғын бар. Кейінгі жылдары ауылдың бет-бейнесі жақсарып келеді. Ауылдық Мәдениет үй, мектеп, балабақша ғимараттары күрделі жөндеуден өтті. Ауыл жолдары кезең-кезеңімен жөнделуде. Фельдшерлік-амбулаториялық пункт жұмыс істейді, пошта бөлімшесі хат-хабар алмасудың барлық түрінде қызмет көрсетеді. Ауылда 22 шаруа қожалығы тіркеліп, егін және мал шаруашылығымен айналысады. Ұшбұлақ ауылының егістік алқабының дені тәлімді жерлер санатында. Шағын және орта бизнес нысандары көбейіп келеді, жер жағдайына байланысты бал ара ұстайтындар көп. Ең бастысы, ауыл жастарының көбі тау және аңшылық  туризмін өркендету саласында жұмыс істейді. Алакөлден 35 шақырым жерде болғандықтан ауыл азаматтары жазғы шомылу маусымында түрлі кәсіп ашып, нәсіп тауып отыр, – дейді Нұрлан Серікұлы.

Күрмеуі қиын мәселе

Тұрғындармен кездесуде ауылдастар өздерін көптен бері мазалап келген, өрлі-төмен шапқылап шешімін іздеп таба алмай жүрген мәселелерін де жасырмай жайып салды. Оның бірі жол мәселесі. Әрине, еліміздің қай ауылына барсаң алдымен айтылатыны қара жолдың нашарлығы. Расында Үшбұлақ ауылына бара жатқанда Қабанбай ауылынан Үшбұлақ ауылдық округіне дейінгі жолдың сын көтермейтінін біз де көрдік. Көлігімізді секіректетіп жүріп, бас-аяғы 30 шақырым жолда бір сағаттай жүрдік. Бұл аралықтағы жол ұшбұлақтықтарды емес, шомылу маусымы басталғанда осы жолмен өтетін туристердің мазасын әбден қашырады. Ауыл тұрғындары бұл мәселені көптен бері көтеріп келеді.

Ауыл тұрғындарын мазалап жүрген тағы бір дүние – электр жарығының тұрақсыздығы мен ауызсудан туындайтын қиындықтар. Білуімізше, ауылда жарық болғанымен қосалқы стансыда тоқтың қуатын реттеп отыратын қондырғы болмағандықтан тоқ бірде күшті, бірде әлсіз келіп, ауылдағылардың тұрмыстық техникалары жиы бүлінеді екен. Ауылда тедедидары күйіп, тоңазытқышы бүлінген отбасы көп. Тұрмыстық техникалардың бағасы шарықтап тұрған тұста тұрғындардың қалтасына қаншалықты салмақ түсіп отырғанын есептей беріңіз. Ал ауылдың іргесінде су сору қондырғысы салынғанымен құрылыс жұмысы толық бітпегендіктен ешқандай мекеме өз еншісіне алмаған. Сондықтан қорғау, күтіп-баптау жүргізілмейді. Ал тұрғындар жер астынан шыққан суды бей-берекет тұтынуға мәжбүр. Оның денсаулыққа пайдалы не зиянды екендігін тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Ауылдағы тағы бір мәселе – жас мамандарға мұқтаждық. Әсіресе, медицина қызметкерлерінің тапшылығы мен орта мектептегі ағылшын, математика, физика, химия, биология пәндерінен сабақ беретін мұғалімдердің жетіспеушілігі. Әрине, жыл сайын мектеп бітіретін жастар көп болғанымен ауылда тұрып жұмыс істеуге ынтасы аз. Соның салдарынан маман тапшылығы туындайды. Бұл Үшбұлақта ғана емес, тұтас елімізде орын алған күрделі мәселе. Бірақ аудан әкімі Алмас Сапарғалиевтан білуімізше, жыл сайын мемлекет тарапынан берілетін баспананың басым бөлігі дәрігер, білім беру саласы мамандарына бөлінеді екен. Бұл жағдай жүре келе дұрысталады деген ойдамыз.

«Ауылын көріп, азаматын таны» дегендей, Үшбұлақ ауылының бүгінгі бет-бейнесі де көңіл қуантады. Ең алдымен біздің назарымызды бүлдіргісі бүлінбей сақталған ауылдағы Мәдениет үйі, балабақша, мектеп ғимараттары аударды. Расында, Кеңес одағы тұсында дүркіреп тұрған ауылдарды білеміз. Талайының шаңырағы шайқалып, халыққа қызмет көрсететін нысандарының керегесінен басқа түгі қалмағанын көріп жүрміз. Ал ауылдың сақталып қалуының себебін кездесуге келген үлкендерден сұрап едік.

– Үшбұлақ ауылында туып-өстім. 70 жылдық өмірім осында өтті. Ауылдың дүркіреп тұрған кезі, тоқырау жылдары көз алдымызда өтті. Автоклубта 1997 жылға дейін жұмыс жасадым. Қызықты күндеріміз осы ауылда өтті. Тоқырау жылдары ересек буын ағаларымыздың бастауымен көзіміз көрген нысандарды бүліндірмей сақтап қалудың қамында жүрдік. Көрші ауылдағы осындай нысандар тоналып жатқанда ауызбіршіліктің арқасында сақтап қалудың қамын жасадық. Міне, енді сол игіліктің жемісін жастар көріп жатыр, – деп түсіндірді  ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Есболат Тоғжігітов.

Есболат ата ауылдың ұйытқысы болумен қатар баспасөздің де шынайы жанашыры болып шықты.

– Біздің уақытта жаңалықтың бәрін газеттен оқитынбыз. Кезінде өзім 22 газет-журналға жазылып, қалдырмай оқып тұратынмын. Менің қатарластарымның бәрі солай істеді. Ауру кетсе де әдет қалмайды екен. Көз құрғыр әлсірегенімен, көңіл қалаған нәрседен байланысын үзбейді. Бүгінде облыстық «jetisu» газетіне жылда жазылып, оқып тұрамын. Мақалаларды таңдап, талдап беретіні, әсіресе, ауыл өмірі жайлы жазылған дүниелер қызықтырады. Бірақ интернеттің әсерінен газет оқитын жастардың азайып кеткеніне қынжыламыз, – дейді атамыз.

Жастар демекші, бүгінде ауыл тұрғындарының басым бөлігі оқу жасындағы балалар мен зейнеткерлер. Қазақстандағы басқа ауылдар сияқты Үшбұлақтың жастары  да қала жағалап кетуге құмар. Дегенмен кәсіптенуді ойлаған жастарға мұнда да жұмыс жетіп артылады. Көбінесе ұшбұлақтық жастар аңшылық маусымы басталғанда шетелдік туристерге жолбастаушы болып нәпақа айырады. Ал әулеттері бойынша бір кәсіптің тізгінін ұстап, содан өркендеп отырған отбасылар да көп. Соның бірі ауылдастары «Комбайнерлер әулеті» атап кеткен Жапарғалиевтер отбасы. Сол әулеттің бүгінгі үлкені Серғали Жапарғалиев.

– Үшбұлақ ауылында орта мектепті бітірген жылы жастарды техникалық жұмысқа тарта бастады. Маған комбайн айдауға жолдама берілді. Жайланып үйде жататын уақыт емес. Ұжым қайда жібереді сонда баруға міндеттісің. Елде де, басқа жақтарда да болдық. Бірақ жүре-жүре комбайынға байланып қалғанымды білмей қалдым. Сол кезде иықтасып жүріп комбайн жүргізген жігіттер кейін мамандығын ауыстырып кетті. Мен қатарыма бауырларымды тартып, осы кәсіпті меңгеруге ықпал еттім. Сөйтіп бірге туған Амангелді, Жеңіс, Аманжол, Есет деген аға-інілерім комбайн жүргізуші болып шыға келді. 1-2 жылдан бері денсаулыққа байланысты рөлді балаларға тапсырып, қолымыз босап қалды. Десе де, жолымызды балаларымыз жалғастыруда, – дейді Серғали Жапарғалиев.

Үшбұлақ ауылдық Мәдениет үйін ауылдың рухани, мәдени өмірі жинақталған нысан деуге болады. Онда ауылдық әкімдік, кітапхана, өнер орталықтары орналасқан. Сонымен қатар, оның бір бөлмесінде ұлттық өнерді насихаттайтын және жастарды осы өнерге баулитын бөлме ашылған. Оған ауылдық Мәдениет үйінің әдіскері Сәулет Толқынова жетекшілік етеді.

Сәулет 6 баланы әлпештеп өсіріп отырған «Күміс алқа» иегері.

– Бала күнімізде ұлттық өнерге деген құштарлықты нағашы апам Күләш Жүнісовадан үйрендім. Ұршық иіріп, түйін түйіп, түрлі тұрмыстық бұйымдарды тоқи жүріп, өмірлік құштарлыққа айналдырып алғанымды білмей де қалдық. Үшбұлақ ауылына көшіп келгеннен кейін ауылдық мектепте жұмыс істедім. Сол кезде мектеп оқушыларының арасында ұлттық өнерге қызығатын оқушылар көп болғанымен оларға бағыт-бағдар беретін мүмкіндіктің аздығын байқадым. Кейін Мәдениет үйінің әдіскері болып жұмысқа тұрған соң қолөнерге қызығатын балалар бос уақытын тиімді пайдаланып, болашақ арманына бағдар көрсету  мақсатында осы үйірмені аштым, – дейді Сәулет Толқынова.

Аядай бөлменің бір қабырғасы жасөспірімдердің қолынан шыққан түрлі қолөнер бұйымына толып тұр.  Ал ортадағы үстелде киімдерді пішетін, сызатын, тоқыма тоқитын құралдар қойылған. Көбі қарапайым заттардан жасалған құрылғылар. Сәулет бізге жүннен, жіптен, теріден, ағаштан әдіптелген бұйымдарды кезегімен таныстырып шықты. Оның ішінде сәндік бұйымдар, тұрмыстық заттар, көрнекілік үшін қолданылатын қосымша құралдар, түрлі-түсті маржан, жіппен тоқылған қол сөмкелер, бәрі-бәрі бар. Олардың денін бастауыш сынып оқушылары жасапты. Арасында Сәулеттің қолынан шыққан туындылар да кездеседі. Ауылдағы мерекелік шаралар, мектепішілік тәрбие сағаттарында киетін киімдер мен көрнекілікке қолданылатын бұйымдарды да Сәулеттің шәкірттері дайындайды.

– Қазір қолғанатым көп. Өнерге бейім балалармен бірлікте жұмыс істейміз. Бірақ қаржылық жақтан қиналып қалатынымыз рас. Материалдарды өз қаржымызбен сатып аламыз. Кейде ата-аналар қолдау көрсетіп жатады. Ауылымыз гүлденсе, өркендесе деген ниетпен жұмыс істеп жатырмыз. «jetisu» газеті менің асыға күтетін басылымым. Өйткені, газетте ұлттық өнерге қатысты, өнер адамдарының жетістігі өрнектелген мақалалар көп жазылады. Оларды оқып, өзіме бағыт-бағдар алып отырамын, – дейді Сәулет Толқынов.

Сәулет балаларды өнерге баулып, олардың арманына демеушілік те көрсетіп тұрады. Дегенмен, орталықтың жұмысын өркендету үшін кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттарға қатысып көрген. Бірақ оның жобасы комиссия тарапынан қолдау таппапты. Әрине, ондай гранттардың көбі қала жағалағандардың қалтасына түсіп кететінін осыған дейін талай жазып жүрміз. Сәулеттің салиқалы жобасын жүзеге асырып, ауыл балаларының өнерін өркендетсем деген арманына жету үшін  қолдан келгенше қолдау көрсететінімізге уәде бердік.

Ауыл балалары тағы да жиі келетін орынның бірі Мәдениет үйінде орналасқан кітапхана.

– Кітапхана саласында жұмыс істегеніме 9 жыл болды. 23 мыңнан астам кітап қорымыз бар. Кейінгі жылдары балалардың кітап, газет оқуға құштарлығы арта түскенін байқаймын. Көбінесе, облыстық «jetisu» газетіне оқырмандардың қызығушылығы көп. Мектеп оқушылары газетте жазылған өлкетану бағытындағы мақалаларды жиі қарайды. Өйткені, оны өздерінің ғылыми жұмыстарына жиі пайдаланады, – дейді кітапханашы Мадина Есебаева.

Кітапхана кең, жарық, жайлы бөлмеге орналасқан. Кітап оқуға, газет қарауға лайықталған үстелдер қойылып, оқырманға қызмет көрсетудің барлық жағдайы жасалған. Кітапханадағы көп оқылатын кітаптар қатарынан біздің әріптестер жазған еңбектер мен ұқыпты түптелген «jetisu» газетінің түптемесін көріп көңілденіп қалдық.

Түйін:

Ауылдың кешегісі мен бүгінгі келбетін айта келіп, аянбай еңбек етіп, ел мерейін өсіріп жүрген ауыл тұрғындарына ризашылығымызды білдірдік. Міне, осындай бірі-біріне қалтқысыз сенген, жақсылығын асырып, жетпей жатқан тұстарын ортақ жебеп жіберетін жұрттың ертеңгі келешегі кемел болатынына кәміл сенеміз. Сонда ғана еңсемізді басқан қиындықтардан кеуде тіктеп шығарымызға сенім мол.

 

Қажет АНДАС
Алакөл ауданы
Суртті түсірген Жұмабай Мұсабеков

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 18
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 21, 2025
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 17, 2025
Қытайтану негіздері – Ли Күи
Елтану

Қытайтану негіздері – Ли Күи

November 4, 2025
Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы
Елтану

Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы

November 3, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22  бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22 бөлім

October 31, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім

October 31, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz