Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Ысқырық

admin
2025/12/30
Әдебиет
0
Ысқырық

Бүгін бір жас жігітке қатты ашуландым. Алакеуім шақта үйді айнала бергенім сол жағама жармаса түсті. Қарын шығып, жастықтан алыстап бара жатқанымыз болмаса бала кезде машыққан тәсілдерді ұмыта қоймаппын. Ол да мұндай әрекетті күтпесе керек. Жағамнан қолының қалай ажырап кеткенін сезбей қалды. Есін жиғанда еңіреп келіп, кешірім сұрады. Мен басқаша, артық әрекетке барады деп ойласа керек. Бірақ, біз ондай ақымақтықты білмей өстік қой.

Осы кезде сонау алыста қалған балалық шағым есіме түсті. Ауыл балалары кешке қарай жол торығандардың кім екенін ысқырықтың үнінен танушы едік. Сол үннен ауылдың қай шетінде 68-дер, қай жағында 71-лер, қай тұсында 74- тердің шалқып жүргенін, ал қалқада өзімізден кіші 77, 79-дардың тығылып, темекі шегіп отырғанын біліп, үлкендердің көзіне түсіп қалмау үшін барынша сақтанушы едік. Ал кішкенелер қолға түссе құдайдың бергені қалтасындағы темексін қағып аласың. Сөйтіп жол торып жүріп, өзімізде кейде үлкендердің қолына түсіп қалатынбыз. Ондайда басыңа қара бұлт үйірілді дей бер. Алдымен екі бетің мен құйрығың жазаланды. Сосын жеті қараңғы түнде ауылды кезіп, не іздеп жүргенің жайлы тергеуге алынасың. “Қозы жоқ”, “Сиыр шешіліп кетіпті”… деген сылтауларды айтасың. Оларда сенің жал тауып тұрғаныңды біледі. қалтаңды ақтарып, бағанағы 77-лерден тартып алған шылымыңды сыпырып алады. Сосын бұны әкемізге айтамыз деп қорқытады. Ол кезде тым намысшыл едік. Әкелеріміздің мұны біліп қалуы өлгенмен тең. Сондықтан ағатайларға айтпауын өтініп, жалына бастайсың. Ақыры бір жарты тауып беріп, құтылуға уәде етуші едік. Ол кезде бүгінгідей дүкен деген толып тұрған жоқ. Енді әке-шешемізбен бір бөлмеде ұйықтайтын 81-лердің тобындағы бауырымызды ысқырып шақырасың. Ол да сенің ысқырығыңның үнінен қолға түсіп қалғаныңды біліп, мәселеңді шешу үшін барын салады. Сөйтіп, үлкендердің талабын орындайсың.

– Жарайсың, азамат екенсің, – деп арқамыздан қаққанда жер-әлемге сыймай кетуші едік. Бұл мақтаудың жазасын көп өтпей әкемізден аламыз. Тағы да көбірек жазаланатын екі бетің болады. Бірақ, қанша тергеуге түссеңде ағалардың кім екенін мүлде айтпайсың. Ол іс ұмыт болғанша бір ай бойы кешке қыдырмай білте шамның түбінде сабаққа дайындаласың. Сосын тағы қайталанады. Өстіп жүріп жаз бен күзді бітіресің.

Қазір ойласам, соның бәрі заң болмаса да, бізді заңсыздыққа жақындатпайтын тежем екен ғой. Өкінішке қарай, қазір жастарға ақыл айтудан қалып барамыз. Керісінше олар бізге жол мен жөнді көрсеткісі келеді. Оның жанында жағаңа жармаса түсу деген жай нәрсе. Жазасын берсең, шошаңдатып сотқасын шұқылап, 102-ні тере бастайды. “Бас жарылса бөрік, қол сынса жең үшін де” деген қазақтың қайран намысы құмға сіңген судай болып, жоғалып бітті. Осындайда әкемнің: “Біз өмірдің ең бір таңғажайып кезінде өмір сүрдік. Ендігі жастар біз сияқты бола алмайды” дегені жиі есіме түседі.

                     

Қажет АНДАС

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 28
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz