Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Тұлғатану

Жүректен саз төккен..

admin
2025/09/22
Тұлғатану
0
Жүректен саз төккен..

Тарих қойнауына көз жіберетін болсақ, Асан Қайғы бабамыз желмаясына мініп, Жерұйық іздепті деген аңыз бар. “Аңыз түбі ақиқат” дегенге сүйенсек, мұнда да бір шындық бар екені даусыз. Сол бабамыздың қазақ даласын аралап жүріп, әр аймаққа берген бағасы бар. Жер жаннаты Жетісуға келгенде Асан бабамыз: «Мынау Жетісудың ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен», – депті. Айтса айтқандай-ақ, Жетісу өңірі қойнауы құтты, жері шұрайлы, топырағы киелі мекеннің бірі. ¤зендер өрнектеген осынау өлкенің жері жемісті болуы да заңдылық еді. Жемісті жердің қашан да киелі қонысқа айналары сөсіз. Ал мұндай жерден қазақ ұлтының қаншама дара тұлғалары шықпады десеңізші. Қай саланы алып қарасаңыз да, арғы тарихымыздан бүгінгі күнімізге дейін ұлтым деп туған перзенттері аз болмаған. Соның ішінде өнер әлеміне келер болсақ, кестелі сө бен әуезді ән қалықтатқан аяулы азаматтарымыз қаншама.

                       Бір дәуірдің түлеп ұшқан жастары едік,
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.
Бәріміз де жазылмаған дастан едік,
Армандастар – құрдастар, – деп елімізге, тіпті, әлем қазақтарына есімі кеңінен танымал болған Әсет Бейсеуовтің осы бір тамаша туындысында айтылғандай, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары халқымыздың музыка өнерінде ерекше бір өрлеу болды. Солардың ең негізгісі, қашан да рухымызға күш-қуат беретін көңіл-күйіміздің көркі – ән-күй де­сек, ең алдымен есімізге Нұрғиса Тілендиев, Әбла­хат Есбаев, Бекен Жамақаев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Ілия Жақановтар түсіп, олар өмірге әкелген ту­ған жердің, елдің жүрегінің лүпіліндей нәзік те, маңыз­ды, мазмұнды әндері ө әуенімен жүрегімізді тербей жөнелетіні жасырын емес.

Әсеттің замандастарының, армандастарының, құрдастарының  бақыттылығы – олардың сезімді баурап, жан дүниені алаулатқан туындылары бүгін дүниеге келсе, ертең тыңдарманның құлағына жетіп, ән  қазынасына айналып жатты. Сол қатарда жүрек түбіне ұялаған сезімді әндердің авторы Әсет Бейсеуов әнсүйер қауымның патша көңілі не қалайтынын дөп басып, халық жылы қабылдар талай туындыны жазды. Айталық, «Армандастар», «Сырласу вальсі», «Алмалы Алматым», «Шақырады көктем», тағы да басқа  халық көңілін бірден жаулап, есте мәңгі қалған сырлы әндер тынымсыз еңбек пен тоқтаусыз төгілген маңдай тердің өтеуімен келгендігін жасыра алмаймыз.  Әсетті Әсет еткен де осындай қайталанбас тың дүниелер. Музыканы зерттеушілердің пайымдауынша, Бейсеуов – жастардың сүйікті сазгері. Себебі, той немесе кеш өткізілсе, көбіне-көп Әсеттің әндері орындалады. Әсіресе, “Алтыным”, “Маралдым”, “Сырласу вальсі”, “Шақырады көктем” – әр кештің шырайы, ұл үйлендіру, қыз ұзату тойларының сәні. Ертерек талантымен есімі республика көлеміне кеңінен тараған ағалардың мақаласын оқып, пікіріне құлақ түрсеңіз, Бейсеуовтың ө қатарластарынан оқ бойы алға озғанын білесіз.

Ендеше, алдымен сазгердің ән әлеміндегі орнын, шыққан биігін, жеткен жетістігін, жұрт жүрегінен терең орын алған сүйіспеншілігін айтудан ілгері оның өмірі жайлы тоқталып өтсек деген ойдамыз.

Қазақстанның халық әртісі, композитор  Әсет Бейсеуов  1938 жылы батырлар  мен ақындар елі атанған  Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында туды. Әкесі Көппай  соғыста қайтыс болып, атасы Қожамқұлдың қолында ержеткен Әсеттің өнер жолына түсуіне сол кісінің ықпалы көп болған көрінеді. Сондай-ақ, соғыс жылдары Қарғалы ауылына арнайы келген жыр атасы Жамбылдан бата алғандығы да кейінгі өміріне үлкен әсер еткен де шығар. Ал Алматыдағы №12 орта мектептің қабырғасында жүрген кезінде-ақ «Алматы арманым» атты тұңғыш әнін жазып, сол туындысы арқылы жұртқа бірден танымал болады. Тума талант иесі 1961 жылы бұрынғы Қазақ ұлттық консерваториясын

В. Великановтың класы бойынша ойдағыдай тамамдап, еңбек жолын  1961 жылы Текелі қаласындағы  музыка мектебінде мұғалім  болудан бастаған.  Осыдан былай әр жылдары Текелі  Мәдениет үйінің қызметкері, Есік музыка мектебінде мұғалім, Жамбыл ауданы Ұзынағаш  ауылындағы аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, сонымен қатар, Алматыдағы “Гүлдер” ансамблі мен Қуыршақ театрында қызмет атқарып, еліміздің рухани өмірінің өсуіне өіндік үлесін қосумен қатар, жұрт сүйсінген әндерін де осы тұста жазды. Бүгінгі аға буын өкілдері жатқа айтатын әуезді әндерімен халқын тербеткен дарынды композитор  бұл күндері тірі болғанда жетпіс бес жасқа толар  еді. Десе де, оның артында атын алысқа жеткізер, мәртебесін биіктетер, ұрпақ жүрегіне мәңгілікке қалатын сазды әуендері қалды.

Халқымызда: «Ән көңілдің ажары», – деп келетін тамаша ұғым бар. Расында, өлеңмен туылып, өмірін өлеңмен өріп, сол өлеңмен жер қойнына енетін қазақ халқының мәдени өмірінде әнге, әншіге, сазгерге ерекше құрмет танытады. Қазақстанның халық жазушысы, Бүкіл Түркі дүние ақындарының Физули атындағы сыйлығының иегері, сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиев:

Сол әндердің шын иесі, киесі,

Көкірегіме маңдайыңды сүйеші.

Сыбағаңды ала қойшы өмірден,

Тек өіңе, Бейсеуовке  тиесі, –

деп жырлағандай композитор Әсет Бейсеуов, өнер әлемінде өіндік орнын тапқан дара тұлға. Жарыққа шыққанына биыл қырық жылдан асып, ән жауһарына  айналған  “Гүлдер”, “Шақырады көктем”, “Мұңайма”, “Алтыным”, “Маралдым”, “Сандуғаш”, “Жұлдызым”, “Жайықтан қайтқан тырналар” сияқты әндері ел арасына кеңінен таралған.  Сондай-ақ, С. Балғабаевтың “Қыз жиырмаға келгенде”, Ә. Тауасаровтың “Аса құрметті Икс” қатарлы бірнеше спектакльге, “Көртышқан мен қоян” атты бірқатар кинофильмге, “Алдар көсе”, “Жаздың соңғы күні” тағы басқа да телефильмге жазылған музыкалық шабытты шығармалары да әлі күнге жүректерді тербетумен келеді. Сондай-ақ, сазгердің 70 жылдық мерейлі жылына орай ұйымдастырылған «Әсеттің әсем әндері-ай!» атты республикалық әншілер байқауы бүгінде ел сағына күтетін, ынтызарлықпен қарсы алатын мәдени шараға айналғанын несіне жасырайық. Бұл да халқының сазгерге деген құрметінің бір парасы емес пе?

Десек те,  бүгінгі таңда танымал ән нақыштарын бұрмалап, компьютерге салып, будандастырып, бәрін былықтырып жүрген  сазгерсымақтарда арамызда көбейіп барады. Сондықтан қазіргі қазақ музыкасындағы ұлттық нақышын сақтап қалу, батыстың әндеріне бой ұрып бара жатқан жастарды халықтың өшпес өнеріне мойын бұрғызу үшін Әсет Бейсеуовтың әндеріне арналған «Әсеттің әсем әндері-ай!» атты ән кешінің де өтіп келе жатқанын білеміз. Осы шараны көп болып қолдап, қазақ ән өнерінің қасиетін қастерлеу арқылы әркімнің санасына өінің төл өнерін сіңіру, сөйтіп, санаға жат, даңғаза дүниенің жаппай таралуына бөгет болу жолдарын қарастыру өнер сүйер қауымның басты міндеті екенін де айта кетсек артық болмас.

Осындай ұлттық құндылықтарға деген құрметке жол ашқан сазгер есімі тек қазақ елінің өнерсүйер қауымының ортасында емес, әлемнің түпкір-түпкіріндегі қандастарымыздың арасында да ерекше құрметпен аталатынына, оның мұрасына деген қызығушылықтың күн өткен сайын артып келе жатқанынан да хабардармыз. Айталық, Қазақстан Журналистер одағының және Қазақстан жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты, журналист Қаншайым Байдәулеттің Қытай үкіметінің тапсырысымен «Шыңжаң халық баспасында» төте жазу қарпімен басылып шыққан «Танымал әннің тарихы» деген кітабында   2007 – 2009 жылдары жарияланған 80 танымал әннің тарихы баяндалады. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың өлеңіне жазылған «Үшқоңыр», «Сарыарқа», «Елім менің» әндері, сондай-ақ, Шәмші Қалдаяқов, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Ілия Жақанов, Әсет Бейсеуов, Мұқағали Мақатаев, Есенқұл Жақыпбек, Исраил Сапарбай, Ескендір Хасанғалиев, Төлеген Мұхамеджанов, Кеңес Дүйсекеев, Шөмішбай Сариев, Мұхтар Шаханов, Мұзафар Әлімбаев, сынды ақындар мен композиторлардың туындылары бар. Сол қатарда Әсет Бейсеуовтың да бірқатар әнінің шығу тарихы туралы толық деректер көрсетілген. Олар қытайдағы қазақ тілді театрлардың арнайы бағдарламаларына өекті тақырыпқа айналды. Сол қатарда, «Шақырады көктем» атты сазды, «Армандастар, құрдастар» атты танымдық, «Сырласу вальсі» атты жастар шығармашылығына бағытталған бағдарламалар көрермен көңілін өіне баурап келеді. Мұның өі шетел қазақтарының Әсет Бейсеуовқа деген шынайы құрметі емес пе?

Қазіргі таңда күн тәртібіне көтерілген өекті тақырып – жастарды патриоттыққа жетелеу болып саналады. Сондай патриоттықтың бастауы саналатын соғыс тақырыбындағы әндер туралы әңгіме болса ойымызға Ұлы Отан соғысында өр рух сыйлаған  «Священная войнадан» бастап, «Катюша», «В землянке», «Синий платочек», «День Победы» сияқты атақты орыс әндері оралады. Ал майданда туған немесе соғыс тақырыбын арқау еткен қазақ әндерінен Р. Елебаевтың «Жас қазағы» мен М. Төлебаевтың «Кестелі орамалынан» басқасын біле бермейміз. Кейінгі жылдары туған әндерден «Әлия» мен «Соғыстан қайтқан солдаттар» ғана болмаса, өгесі ел құлағына әлі сіңісті емес. Тіпті соған қарап, «ондай әндер бізде мүлде жоқтың қасы» деген түсінік тууы да ықтимал. Бірақ, Халық әртісі, сазгермен талай сапарлас болған Нұрғали Нүсіпжановтың айтуынша, бір ғана Әсеттің өі соғыс тақырыбына 22 ән жазған екен. ¤кінішке орай, солардың денін бүгінде біреу білсе, біреу біле бермейтіні анық. Ал осындай маңдайалды композиторларымыздың жан-жүрегінен төгілген ән-әуендерінің намыс пен жігерді жанитын керемет дүниелер екеніне, соғыс тақырыбындағы орыс әндерінен олқы соқпайтынына бек сенімдіміз. Мұндағы мәселе – санамызға әбден сіңісті болған жат әндердің жетегінде жүріп, солардан бірде-бір кем түспейтін ө ән-әуендерімізді елемеуге дағдыланып кеткендігімізде және соны мін санамайтындығымызда. Әйтпесе, әрбір Жеңіс мерекесін Әсеттің «Менің Мәншүгім», «Батыр Бауыржан» әндерімен әрлесек, ұлтымыздың да, ұланымыздың да мерейін асқақтатпас па едік?..

Қай алыпты, қай дарынды зерделей бастасаң солар салған өгеше сүрлеу, тамаша соқпақтар алдыңнан жамырап шыға келеді. Осы тұрғыдан  алғанда, бүгінгі таңда қазақ өнерін алыс-жақын шет елдерге кеңінен насихаттап жүрген «Құлансаз» ансамблінің іргетасын Әсет Бейсеуов ағамыздың қалағанын туған халқы мақтанышпен еске алатыны бар. Әрине,  «Құлансаз» дегенде есімізге бірден аяулы Әсет Бейсеуов түседі. Көрнекті композитордың шығармашылық өмірінде шыққан биік шыңдары бір бұл ғана емес, әрине. Дегенмен, осы өнер ұжымын құруға, қанаттандыруға ол өлшеусіз еңбек сіңірген еді. Сондықтан ғой, жерлестері Әсет десе, «Құлансазды», «Құлансаз» десе, Әсетті ойға алатыны. Сазгердің қолтаңбасы қалған сол өнер ұжымы бүгінде бағытын айқындап, бағдарын тапқан ансамбльге айналды. Тіпті, қазақтың қос ішекті, қасиетті қара домбырасы, даланы күңіренткен қобызы, шертері, аса таяғы, саз сырнайы, шаңқобызы, тағы да басқа ұлттық аспаптары талғамы жоғары Польшалық тыңдармандар мен АҚШ-тың Вашингтон, Нью-Йорк, Лос-Анджелес қалаларының тұрғындары ұжымның өнерін жоғары бағалап, қызығушылық танытқанын тағы да бір жақсылықтың басы деп білдік. Иә, сол нәтиженің өегінде өнер отауының алғашқы уығын шаншыған ұлы сазгердің ұлағаты арманының жатқанын айтпай кетуге болмас. Алдағы уақытта да, «Құлансаз» жүрген жерде Әсеттің есімі аталмай қалмайды. Ал  Әсет бар жерде «Құлансаз» құлпыра түрленетінін ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл қазақ сазгерлерінің бәрінің маңдайына бұйырмаған бақ.

Осындай бақ пен бақытқа бірдей қол жеткізген сазгер Әсет Бейсеуов есімі алдағы уақытта да Алатаудай асқақтығы, Іледей ырыс, Балқаштай байыпты толқынымен уақыт озған сайын жасарып, жаңарып, келешектің келбетін өіне тән сырлы үн, сыршыл әуенімен тербете беретін болады. Қазақ ән өнері де осындай ұлы дарындарымен марқайып, байып, болашаққа беттей алады.

Қажет Андас,

«Q-Andas» ақпарат агенттігі.

 

 

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 47
«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз
Тұлғатану

«Аққу ағай» атанған ұлағатты ұстаз

August 24, 2026
Төккен тердің қадірі
Тұлғатану

Төккен тердің қадірі

August 31, 2026
Ұстаз ананың хаты
Тұлғатану

Ұстаз ананың хаты

August 31, 2026
Бегзат өмір
Тұлғатану

Бегзат өмір

August 31, 2026
Қайырымдылықтың қайыры мол
Тұлғатану

Қайырымдылықтың қайыры мол

August 31, 2026
Ырысы тасыған әулет
Тұлғатану

Ырысы тасыған әулет

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz