Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 4 бөлім

ЛУ ЯН Пержевальскийдің жабайы жылқыны ұстап, Еуропаны дүр сілкіндіруі

admin
2025/09/26
Елтану
0
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы  4 бөлім

 

Осы мезгілдерде Англияның Шыңжаңдағы “тексеру қимылдары” аса табысты болғанымен, Ресейдің күші артып келе жатқан еді. Ресей 1858 жылы және 1860 жылы Цин үкіметіне “Айхой шартына” және “Бейжің шартына” зорлықпен қол қойғызып, Қытайдың шығыс–солтүстігіндегі Хэйлунцзянның терістігінен, сыртқы Сяньшаньның оңтүстігінен, Уссури дариясының шығысынан бір миллион шаршы километрден астам жерді иемденіп алды.

Осыдан соң 1863 жылы тағы да Цин үкіметіне “Қытай–Ресей батыс солтүстік шекараны тексеріп айыру шартының естелігі” қатарлы теңсіз шарттарға зорлап қол қойғызып, Шыңжаң өңірінен Балқаш көлінің шығысы мен оңтүстігіндегі 440 мың шаршы километр жерді иемденді. Көпшілік есептеп көріңіздер: Ресей осылайша еліміздің бір миллион 500 мың шаршы километрлік территориясын оп-оңай жаулап алды. Бұл жердің көлемі үш Францияға тең келеді.

Алайда Ресейдің Шыңжаңға деген ірге кеңейтуі ешқашан қанағат таппады. Ол мол адам шығарып, “саяхат”, “тексеру” жүргізумен болды. Ресей армиясының полковнигі Пержевальский – осының ішіндегі «үлесі» ең мол адамдардың бірі еді. Ол 1878 жылдан 1888 жылға дейін Шыңжаңға бес рет баса көктеп кіріп, “тексеру” жүргізді. Шыңжаң патшаның ауласына айналғандай-ақ, Шыңжаңның жер-су аттарын қалағанынша орыстардың атымен атады.

Пержевальскийдің Шыңжаңда соңғы рет тексеру жүргізіп жүрген кезі болатын. Бір күні ол қызметкерлерін ертіп, Лобнордың оңтүстік жиегіндегі бір жасыл алқапқа келгенде, алыстан жайылып жүрген бір үйір жылқыны байқайды. Жылқылардың кейбірі өзеннен су ішіп тұр, кейбірі жайылып жүр, енді біреулері бірін-бірі қуалап асыр салып жүр, ал кейбіреулері қырағылықпен төңірегін тігіле бақылап тұр. Төңіректегі мың құлпыра ашылған бәйшешектер, ұзыннан-ұзақ көсіліп жатқан жасыл таулар көздің жауын алатын әсем сурет қалыптастырады.

«Мынау бір үйір жылқы кімдікі болды екен? Қалайша мынадай иен жерге әкеліп бағып жүр?» – деп ойлаған полковник Пержевальский дүрбісін алып қарайды. Па! Шетінен жұтынып тұрған сәйгүліктер екен. Кеудесі есіктей, сирақты, қамыс құлақ, бөкен қабақ, жалы жібекше төгіліп тұр. Пержевальский мұның сирек кездесетін жабайы жылқы екенін біледі де, нөкерлеріне ұтымды қуып ұстауға бұйрық береді.

Жабайы жылқылар өздеріне қарай шауып келе жатқан адамдарды көріп қаша жөнеледі. Бірақ олар қуғыншылардан ұзап шыққан соң тағы байырқалап арттарына қарайды, қуғыншылар таяп қалғанда қайта қашады. Олардың бұл қылығы бейне бір топ тентек баланың ойынындай; сондай-ақ өздерін қуып жүрген аттарды көзге ілмей, қасақана ойнап жүргенге де ұқсайды.

Пержевальский жабайы жылқыларды қуа-қуа әбден діңкеледі, бірақ қанша қуса да ұстай алмайтынын түсінді. Тірідей ұстауға амал жоқ екеніне көзі жеткен соң, қасындағыларға оқ атуға әмір берді. Тұрмысында мылтық көрмеген жабайы жылқылар қуғыншылардың тоқтап мылтықтарын сайлап жатқанын көргенде де таңырқай қарап тұра берді.

Оқ атылды да, жабайы жылқының екеуі құлап түсті. Шошынып үркіген басқалары көзден ғайып болды. Полковник Пержевальский өліп жатқан жабайы жылқының қасына шауып барып, оны Ресейге алып қайтты. Бұл екі жабайы жылқының нұсқасы Ресейде көрмеге қойылып, көрермендерді қатты қызықтырды. Кейін ғалымдар оның дүниедегі барлық жабайы жылқылардың арғы тегі екенін дәлелдеді. Сол себепті бұл жылқыға қолма-қол «Пержевальский жылқысы» деген ат берілді.

Айта берсеңіз, мұндай жабайы жылқы еліміздің тарихи кітаптарына сонау ертеде-ақ жазылған. Ресейлік полковниктің қандай да бір тың табысы емес. Екі мың жыл бұрынғы Хан У-ди заманында Жаң Цян батыс өңірге жасаған сапарында Ферғанаға келгенде, ол жердегі жылқылардың сүйегінің ірі, бітімінің айбынды екенін көреді. Сонда Жаң Цян бұл жылқының тегін сұрастырады.

Ферғаналықтар көз ұшындағы Тянь-Шаньның қарлы шыңдарын нұсқап тұрып былай дейді:
– Қараңыз, сонау аспандағы ақша бұлттармен араласып жатқан тау шыңдарына дүлдүлдер түсіп ойнайды. Бірақ ол дүлдүлдер шапқанда құстай ұшады, адам баласының оны ұстауы мүмкін емес. Көктем маусымы келгенде біз биелерді сол тау ішіне айдап әкетеміз, дүлдүлдер жерге түскен соң биелер солармен үйірге түседі. Айта берсеңіз қызық-ақ: дүлдүлмен үйірге түскен биелердің құлындарының да денесі сом, күші мығым келеді, тұрқы әкесінен аумайды. Денесінен шыққан тер қып-қызыл болады. Сондықтан оларды «қан көбікті жылқы» деп те атайды, – дейді.

Іс жүзінде ферғаналықтардың «дүлдүл» деп отырғаны – еліміздің батыс терістік өңірінде жасайтын жабайы жылқы еді. Бұл жабайы жылқының екі түрлі ерекшелігі болады: бірі – жалы ұзын келеді де, шапқанда желмен желкілдеп тұтас арқасын жауып кетеді; екіншісі – шашасында шодырайып шығып тұратын мүйізгек болады. Бұл бейне артық шығып қалған тұяққа ұқсайды.

Бұл жабайы жылқының ахуалы еліміздің тарихында сонау ертеде-ақ естелікке алынған еді. Бірақ Пержевальский алып кеткен жабайы жылқы ғалымдардың бағалауы мен көпірте мақтауы арқылы Еуропаны дүр сілкіндірді.

Германияның екі алпауыт ақсүйегі өз серікшілерінің көрермендерді баурай түсуі үшін Григор дейтін тәжірибелі саяхатшыны жабайы жылқыдан бірнешеуін тірідей ұстап әкелуге дереу Шыңжаңға аттандырды.

Бұл саяхатшы бір мезгіл дайындық жасап, зерттеу жүргізді. Оның үстіне Ресей үкіметі мен Қытайдағы Ресей елшілігінің қолдауына ие болды да, олар берген таныстыру қағазын алып әуелі Алтайға келді. Артынан қарлы боран мен қақаған аязға қарамай, Шыңжаң мен Моңғолия шекарасындағы Қобда үңгіріне барып, ол жердегі ат жалымен ойнайтын ер жүрек моңғол жігіттерінен жабайы жылқы ұстауға жәрдемдесуін өтінді.

Григордың жабайы жылқы ұстауға жәрдем сұрағанын естіген моңғолдар қарқылдай күліп алып:
– Сіздің мұныңыз құр дәме ғой! Дегенмен сөзіңізді жазғырудың да жөні жоқ. Сіздер шетелден келдіңіздер, жабайы жылқының қандай болатынын көрмеген боларсыздар. Жабайы жылқы дегеніміз – адам сияқты киелі хайуан. Егер сіз оны ұстамақ болсаңыз, ол қасына әсте жолатпайды, аспанға ұшқан түтіндей көзден ғайып болады. Сондықтан жабайы жылқыны ұстап алған адам ежелден болған емес, – деді.

Бірақ бұл моңғолдар еліміз тарихында бір адамның айламен жабайы жылқыны тірідей ұстағанын білмейтін. Ол жөнінде мынадай бір керемет аңыз бар еді.

Бұл әңгіме 2 мың жылдың алдында болыпты. Хынан өлкесінің Шинье ауданында Бао Личаң деген адам өмір сүрген екен. Ол қымыз өткізгені үшін батыс–солтүстіктегі шөл даладағы Уоуа Шойбин (қазіргі Гансу өлкесінің Анчи ауданы маңы) деген жерге ауыр жұмысқа айдалады. Сол жерде ол жабайы жылқылардың үйір-үйірімен өзенге келіп су ішетінін көріп жүреді екен.

Бұл жабайы жылқылардың дене бітімі ерекше зор, жүні төтенше әдемі, қусаң жететін, қашсаң құтылатын сәйгүліктердің өзі еді. Сол кездегі патша ағзам Хан У-ди арғымаққа ерекше әуес екенін Бао Личаң естиді. Мұндай жағдайда егер ол осы жабайы жылқының бірін тірідей ұстап, патшаға тарту етсе, күнәсі кешіріліп, үстіне мол сыйлыққа да ие болуы ғажап емес еді. Бірақ бұл жылқыны ұстау оңай іс емес. Егер алғаш ретте ұстай алмай үркітіп алса, кейін оны табу қиямет болатын.

Адам баласы әдіс амал табады ғой. Бір күні Бао Личаң жабайы жылқылар суға түспей тұрып, өзінің бойындай етіп балшықтан адам мүсін жасайды да, оған өзінің киімдерін кигізіп, қолына шідер, ноқта ұстатып өзен жағасына қақиып тұрғызып қояды. Ал өзі ұзақ жерге барып тығылып қарап жатады.

Көп өтпей су ішуге келе жатқан жабайы жылқылар өзен жағасында тұрған «адамды» алыстан көріп тоқтайды, кісінеседі. Біраз уақыт өткен соң олар әлгі «адамның» табжылмай тұрғанын көріп, батылданып өзен жағасының адамнан алыстау жеріне барып су ішеді. «Адам» әлі де қозғалған жоқ. Екі күннен соң жабайы жылқылар «адамнан» қорықпайтын болды. Олар адам тұрған жерден де су ішетін болды, тіпті кейбірі қорықпай балшық мүсіннің қасына келіп иіскелеп, таңырқай бастады.

Бірнеше күн өтті. Жабайы жылқылардың балшық «адамнан» мүлде қорықпайтынын көрген Бао Личаң мүсінді құлатып, орнына өзі қақиып тұрады да, жылқылардың тұзаққа түсуін күтеді. Жабайы жылқылар тағы да күндегі уақытында келіп су ішеді. Суын ішіп болған соң, әдетінше әлгі «ғажап нәрсенің» қасына келіп тамашалай бастайды.

Бұл қазір айтуға оңай. Ал сол сәтте Бао Личаң айрықша шапшаңдық танытады. Ол жабайы жылқылардың ішіндегі ең ірісіне шалмасын дәлдеп лақтырып, мойнына іліктіреді. Ноқтаны сала қойып, ұзын жалынан шап беріп ұстайды да, қарғып мініп алады. Бұл кезде басқа жылқылар әлдеқашан үркіп, қашып кеткен еді.

Қолға түскен жабайы жылқы қатты шыңғырып, үстіндегі адамды үркітпек болады. Бірақ онысынан ештеңе шықпайды. Артынша тік шапшып, Бао Личаңды құлатпақ болады, одан да түк өнбейді. Содан кейін жанталаса тулайды, қос аяқтап тебінеді. Бао Личаң сонда да жабысып, үстінен түспей қояды. Бұдан еш нәтиже шығара алмаған жабайы жылқы, ақыры аласұрып шауып кетеді.

Ақыры әбден титықтап, терге малынады. Бао Личаң да болса оны бойсұндырып, ақырын адымдап өзінің жатын орнына қайтып келеді.

Бао Личаң жабайы жылқыны жанын шүберекке түйіп жүріп қолға түсірді. Жылқыны үйретіп болғанша ол қатты діңкеледі, үстінен сорғалаған тер шапаны мен шалбарын шылқылдатып жіберді.

Патша ағзамның назарын аударып, мол сыйлыққа ие болу үшін ол ерекше қулық ойлап табады. Жабайы жылқыны мініп, өзі жақтағы лагерьге жеткенше бір өтірікті де құрастырып қояды.

Лагерьге келген соң, атын жетектеп, ұлықтың алдына шығады да былай дейді:
– Қылмыскеріңіз әлгінде өзен жағасынан өтіп бара жатқанда, найзағайдай сұрапыл дауыс естілді. Артынша өзен ортасынан қызыл сәуле шығып, іле-шала бір ғажайып ат пайда болды. Мен бар дүниені ұмытып, өзенге қарғып түстім де, аттың жалынан ұстап міне кеттім. Ол мені осында алып келді. Бұл – патша ағзамызға өзен тәңірінің тарту етіп отырған асыл жылқысы деп ойлаймын. Сондықтан үстімдегі су болған киімімді де алмастырмастан, аттың басына ноқта салып, сізге мәлімдеуге алып келдім, – дейді.

Лагерь ұлығы Бао Личаң жетектеп әкелген жылқының сұлу тұрқын көріп, оның әдеттегі жылқы емес екенін біле қояды. Бұл қызық хабарды дереу Хан У-диге жеткізеді. Көп ұзамай патша әмірі келіп, Бао Личаң астанаға атын әкеліп, сыйлығын алсын деп бұйырады. Кейін «Уоуа өзенінен шыққан сиқырлы жылқы» жөніндегі бұл оқиға тарихи кітаптарға жазылып қалды.

Моңғол малшылары бұл әңгімені білмейтін еді. Олардың жабайы жылқы ұстауға басқа амалдары да жоқ болатын. Әрине, бұл тарихи аңызды Григор да қайдан білсін. Бірақ ол жабайы жылқыны ұстаудың бір керемет әдісін ертеден-ақ ойластырып қойған еді.

Бұл қандай керемет әдіс?

Қажет АНДАС

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Басы  https://qandas.kz/zhibek-zholynda%d2%93y-m%d3%99deni-m…/

Жалғасы бар…

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 54
Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі
Елтану

Әбу Насыр әл-Фараби мен Конфуций философиясындағы ел билеу тәсілі

August 31, 2026
Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо
Елтану

Мемлекет тұтастығын нығайтқан Чао Цо

August 31, 2026
Жяй ілімі
Елтану

Жяй ілімі

August 31, 2026
Жиңди тағылымы
Елтану

Жиңди тағылымы

August 31, 2026
Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан
Елтану

Хан әулетінің негізін қалаушы – Лю Бан

August 31, 2026
ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі
Елтану

ЛИ СЫ Қытайды біріктіру идеологиясының сәулетшісі

August 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz