Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

ҚАРҒА БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ ХVII-ХVIII ҒАСЫР

admin
2025/02/01
Қасиетті жерлер
0

Орналасқан жері: Алакөл ауданы, Ырғайты ауылдық округіне қарасты Көктұма ауылының солтүстік жағындағы Сіңірлі мекенінде.
Зерттелуі: география ғылымдарының кандидаты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры Еркін Тоқпанов географиялық, өлкетанушы-журналист Қажет Андас тарихи сипаттамасына зерттеп жүр.
Сипаттамасы: Қарға батырТасыұлы ХVII-ХVIII ғасырда өмір сүрген Қаракерей Қабанбай батырдың замандасы. Өз кезінде қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат етуге байланысты талай шайқастарға қатысып, ерлігімен ел есінде сақталған тарихи тұлға. Шежіре дерек бойынша Қаракерейдің Тоқпақ атасынан Мұңайтпас, одан Маңғытай тарайды. Ал Маңғытайдан Тәңірберді, Тасы деген екі ұлы болса, Қарға Тасының ұрпағы. Қарғаның кіндігінен 6 ұл тарап, бүгінде үбірлі-шүбірлі елге айналды. 1999 жылы 24 қыркүйекте Қарға батырдың мәңгілік тұрағы болған Сіңірлі мекеніндегі жерленген жеріне батыр ұрпақтары мен ел азаматтары ескерткіш тұрғызып, баба рухын әспеттеді. Ескерткіш Қабанбай-Көктұма күрежолының бойына орналасқан. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, бұл жол 1969 жылығы Қазақ-Қытай қақтығысы кезінде әскери техникаларды тасымалдау мақсатында салыныпты. Сол тұста қорым бүлініп, біраз зираттар көшірілген көрінеді. Қарға батыр ескерткішінен тауға өрлеп 2-3 шақырым жүргенде Қарғаның қара күңгейі деген жер бар.
Аңыз-әңгіме: Қарға батыр
Ертеде естімеген елде көп-ті,
Кім айтар әңгімені елде жоқты.
Бірі әділ, бірі момын, бірі зәлім,
Жаралған бірдей болып пенде жоқ-ты.

Біреудің ажалы су, біреуі оттан,
Кейбіреу шаһид болған бір апаттан.
Дүние кейбіреуге кең жай болып,
Кейбірін қапаста қып зар жылатқан.

Сонымен заман азып бара берген,
Бірінен бірі орын ала берген.
Тамаша талайлардың қылған ісі
Аңыз боп, ел ауызында қала берген.

Ертеде шығармаған ел есінен,
Билердің билік айтқан төресінен.
Батырдың, бай-жарлының әңгімесін
Қарттардың көп естідім кеңесінен.

Атағы ер жігіттің өнерінде,
Өлімге кім араша сөнерінде.
Айтыпты Қарға батыр бір әңгіме,
Халқына сырын шешіп өлерінде.

Қарғаның бәйбішесі басында отыр,
Мәпелеп, сусын беріп қасында отыр.
Ақсақал, игі жақсы жиналыпты,
Қарғаның көңілін сұрап осында отыр.

Бәйбіше айдын көлдің аясындай,
Көз тартар алтын тонның жағасындай.
Халықты қадірменен сыйлаушы еді,
Орнықты отыз бие сабасындай.

ұлықтан үлкен келсе қадірлейтін,
Кісінің көрінуші еді данасындай.
Алдына бәрі келіп еркелейтін,
Өзінің мархаббатты анасындай.

Көтеріп төсегінен Қарға басын,
Бір шолып қарап алды айналасын.
Халқына өсиетін айта келіп,
Сөйлейді көзден төгіп ыстық жасын.

⦁ уа, жұртым, пенде бар ма өлмейтұғын,
Алланың аманатын бермейтұғын.
Жаралып бұл дүниеге келгеннен соң,
Жан бар ма көресісін көрмейтұғын.

Көп еді қайсарлықтан еткен ісім,
Бұл күнде сырқаулықтан кетті күшім.
Аяғын шалыс басқан ғапыл пенде,
Мақшарда өттім демек ненің үшін.

Армансыз өткен жан жоқ бұл жалғаннан,
Бақ қонып, құтым аумай албарымнан.
«Сені ме» деген дұшпан топ болушы ед,
Қолымды салған созып қармағымнан.

Бермеп ед жаста Тәңірім несібіме,
Кедергі, тоқтау салып кәсібіме.
«Пендеге пенде болып өтпейін» деп,
Байлардың жалданбадым есігіне.

Жоқтықтан жүдеушілік көрді басым,
Он беске жетімдікпен жетті жасым.
Халықтың қазынасынан не пайда бар,
Бермейді бейнет қылмай ішер асын.

Қолыма он алтымда жүген алдым,
Жоқтықтан жұрт малына құрық салдым.
Ел кезіп, ебелектеп түнде жортып,
Жексұрын, малдыларға ұры атандым.

Атандым соныменен «ұры Қарға»,
Қайратпен қара таппай ұрынарға.
Қорқақтар құрығымнан сескенген соң,
Деген жоқ «жаман атақ» мынау Қарға.

Мен кеттім бір заманда елден жырақ,
Құла дүз, құз бен шыңды етіп тұрақ.
Бірге жеп біреудікін, бытыстырып,
Соқтықпай момындарға жүрдім бірақ.

Қараөткел, Қызылжар, Қырдуаннан,
Орал мен Есіл, Жайық, Сырдариядан,
Келемін топ-топ айдап, күн-түн қатып,
Алғандай қалыңмалды бір құдамнан.

Түн қатып, түсім қашып ел ақтадым,
Орман, тау, сай-саланы қонақтадым.
Кісіге көңіл еткен беріп кеттім,
Біреуін өз басыма жаратпадым.

Тарқады талай жерде құмарларым,
Талайды тезге салып нығарладым.
Болғанмен қандай асқан артық палуан,
Қос қолдап бір ұрғаннан шығармадым.

Мені кеп ала алмады ешкім аттан,
Еткен жоқ жолға салып, бұғау қақпан.
Талайы қараңғыда қарсы келген,
Боп жүрді бір ұрғаннан қаза тапқан.

Осындай көп жүрістің біреуінде,
Жерім бар өлмей қалған бір ұяттан.
Кетейін жан барында сіздерге айтып,
Кейінгі кеңес етсін біздің шақтан.

Бір жылы Алатаудан жылқы тартып,
Келемін тыным алмай, күн-түн қатып.
үстіне қалың елдің кеп қалыппын,
Қарасам түн ағарып, таңдар атып.

Жақындап күн шығуға қалды таң да,
Көрініп анау-мынау жақын маңда.
Болғанда-ай көзге түсіп қалатұғын,
Мен келдім паналауға бір көп тамға*.

Күн шығып, сәске болды быж-быж қайнап,
Қойшылар өрістетті қойын айдап.
Жағалай өрлей қонған қалың ауыл
Шаңдатып бие қуып, жем байлап.

Бір кезде ақ киімді, ақ боз атты,
Ақсақал қыр мұрынды, ұзын жақты.
Боз атты қамшысымен сипай салып,
ырғалтып, аяңдатып келе жатты.

Жақындап келіп қалды тамға таман,
Қашуға келмей қалды менің шамам.
Белгілі «ұры көті – қуыс» деген,
Қысылып мен барамын сонан жаман.

Сыртынан ол моланың бір қарады,
Жан-жаққа көзін салып қарамады.
Қаңтарып ақ боз атқа шідер салып,
Қорымды жаяу келіп аралады.

Отырды бір молаға шарт жүгініп,
Көп уақыт отырар алдын біліп.
Тұрып кеп, аяқ жақтан тағы отырды,
Оқиды қираат пен тәбаракты.

Отырдым осы араға келеді-ау деп,
Тығылып жатқан мені көреді-ау деп.
Қалың ел хабарланып ұстап алса,
Сазамды ұмытпастай береді-ау деп.

Отырып әрбір түрлі ойға қалдым,
Бір ақыл тапқаныма мен қуандым.
Еңбектеп молалардың арасымен,
Бір көрге үңірейген кіріп алдым.

Бұрын да талай қулық тапқан едім,
Молаға қорқытпаққа жатқан едім.
Көрғап боп көрден шығып елді үркітіп,
Олжаға қорқақтардан батқан едім.

Тағы да соны істеп көрде жаттым,
ысқырып көрдің ішін ызыңдаттым.
Ауызымды қисаңдатып, тісім қайрап,
Шығарып көрден басым жылмаңдаттым.

Моланың оң жағынан тұрып барып,
Оқиды бұрынғыдай «кәлам шәріп».
Көр ішін күңірентіп бір көрінсем,
Қарайды сескенбестен көзін салып.

үш рет Құран оқып әлгі батыр,
Қауіпсіз еш нәрседен болмай қапыл.
Қағынып етек-жеңін түрегеліп,
Аяңдап маған таман келе жатыр.

Тауыстым өнерімді енді сарқып,
Құтылам бұл қу шалдан енді қайтіп.
Еңкейіп тесікке келіп қолын созып,
Шап беріп сирағымнан алды тартып.

Бойымен тартып алған кетті үйіріп,
Саусағы сирағыма кетті кіріп.
Ақырып жалғыз қолмен айналдырып,
Қамшымен шыпылдатып қояды ұрып.

үйіріп әрі бері қамшылады,
Қамшыдан қайтіп жылдам жан шығады.
Қамшы өтіп, көп-көк ала қойдай болып,
Қан ағып қабырғамнан тамшылады.

⦁ Батыр-ай, жаным сауға, адам едім,
Іс қылған бос қулықпен надан едім.
Әл білмей, ақымақтықтан түстім торға,
Мал ұрлай елге таман барып едім.

Адаммын, малғұн емес, атым – Қарға,
Құдайым кездестірді сіздей зорға.
Жанымды бір шыбындай сауғаға бер,
Жылқының жетектегі бәрін ал да.

Сол кезде тастай берді мені жерге,
Адаммын дегеніме сенді дағы.
Білген соң анық адам екенімді,
Ал сонда мынау қарттың сөйлегені.

⦁ Уа, шіркін, солай ма екен, –деді, – балам,
Егерде көрғап болсаң, басыңды алам.
Екінші мұндай іске жоламаңыз,
Өзіңнен зорлар шықса келмес шамаң.

Сен дағы бір нанталап ер екенсің,
Әркімнен хайлаң асып жүр екенсің.
ұрлықпен малды тауып күнелтем деп,
Қусынған бір жаңғалақ неме екенсің.

Кетейін бір сапарға арың төкпей,
Жастықтың кім жүреді қосын жекпей.
Әр істі өте аңғарып ойлап істе,
Арасы әр адамның жер мен көктей.

Дедің бе қорыққаныңнан жалынайын,
Байқадың қарт ағаңның мәні-жайын.
Еңбек қып алғаныңды шығындатып,
Сен иттің малыңды алып не қылайын.

Көрдім деп мен айтпаймын, өзің біл, –деп,
Шал сонда атқа мініп болды жүрмек.
Батырдан қол қусырып, жөн сұрадым:
⦁ Көрдім, – деп, – қалар едім, сізді кім?–деп.
Шал айтты: –Пайда бермес ұсақ айла,
Ғибрат бұл ісіңнен таптың пайда.
Сұрасаң менің атым –Төлек Жәуке,
Мерт болдың арыстандай шауып айға.
…………………………………………………………………..
Сілтеме: «Қарға батыр» дастаны «Бабаблар сөзі» атты 100 томдықтың 22 томына енген. Жоғарыдағы аңыз сол нұсқадан қысқартылып алынды.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 142
Қаратал алқабындағы өзендер
Қасиетті жерлер

Қаратал алқабындағы өзендер

August 31, 2026
Қора шатқалы
Қасиетті жерлер

Қора шатқалы

August 31, 2026
Дауылбай тауы
Қасиетті жерлер

Дауылбай тауы

August 31, 2026
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

August 30, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

August 30, 2026
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

August 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz