Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

Қасиетті нысандар қашанғы қараусыз жатады?

Жетісу жерінде мемлекеттің қасиетті орындар тізбесіне 51 нысан енсе, соның үшеуі Қапал ауылында орналасқан. Тамшыбұлақ минералды су көздері – жалпыұлттық қасиетті нысандар, Фатима Ғабитовның үйі мен «Қапал мешіті» сәулет құрылысы – өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне кірген. Өкі- нішке қарай, оларды ел игілігіне жара- ту ісі ақсап тұр. Расында, Қапал – тарихы терең елді мекен. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында уез орталығы болғанда жан-жақтан ағылған бай-манап, көпестер сәулеті мен салтанаты жарасқан 249 ағаш үй салдырады. Кезінде сол үйлердің сәні мен салтанаты жайлы Шоқан Уәлиханов тамсана жазды. Бір жарым ғасырлық тарих топырақ астында қала ма? Патша өкіметі құлағаннан кейін кеңестік билік сол үйлердің 124-ін Алматы қаласына, тағы бір бөлігін Семейге, басқа да қа- лаларға тасып әкетеді. Бүгінде соның бірқатарының қаңқиған қаңқасы қалыпты. Соның бірі – қазақтың үш бірдей арысына аяулы жар болған Фатима апамыз тұрған Тәнеке батыр көше- сіндегі екі қабатты тарихи үй.

admin
2025/08/25
Қасиетті жерлер
0
Қасиетті нысандар қашанғы қараусыз жатады?

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл үйді Мишаев деген орыс саудагері салдырған екен. Сыртқы қасбеті ағашпен қапталып, ою-өрнекпен айшықталған. Кезінде көз сүріндіретін көркем болғаны көрініп тұр. Кеңес одағы тұсында әркімге жайлы қоныс болған ғимарат тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында талай жанның қуанышын еселегені белгілі. 2002 жылы екі қабатты тарихи үйді Елтай Сәдуақасов ақсақал меншікке алып, жеке кітапхана ашып, бір бұрышынан Фатима Ғабитова атындағы мұражай жасап, жертөледен спортзал ашып, ауыл жастарының рухани ордасына айналдырыпты. Алайда, ғимаратты жылыту, келушілерді қабылдау, жәдігерлерді қорғау, ауланы абаттандыру, ғимаратты жөндеу, тағы да басқа шығындары да аз емес еді. Жергілікті биліктен ешқандай көмек болмағандықтан мұражайды ұстап тұру оңай болмайды. Сосын жәдігердің біразын Талдықорған қаласындағы М.Тынышпаев атындағы өлкетану музейіне өткізіп, кітапхананы «Қапал-Арасан» шипажайына көшіреді. Ары-бері көшіп жүріп, көп жәдігерін жоғалтып алады. 2010 жылдан бастап бұл үй жеке тұлғаның меншігіне өтеді. Содан бері қараусыз қалып, 150 жылдан астам тарихы бар үйдің едендері тозып, қабырғасы көшкен.

Үй ішінде көтеріп әкетуге қолайсыз темір пеш пен ХІХ ғасырда жасалған көне күйсандық пен бүлінген басқа да жәдігерлердің қалдықтары шашылып жатыр. Ал жертөле оқыралаған ірі қара мен көлеңке іздеген қой-ешкінің тұрағына айналыпты. Біз барғанда жертөледе армансыз күйсеп, аунап-қунап жатқан тайынша-торпақ пен екінші қабатқа бас сұққанда құлаған шатыр мен қаусаған қабырғаларды көрдік. – Бұл үйді қорғау, қалпына келтіру, қайта жаңғыртып, ел игіліне жарату – біздің міндетіміз. Алайда, үй жеке адамның меншігінде болғандықтан, оның қыл бүлдіргесіне тиісе алмаймыз. Тек арнайы адам бекітіп, ауласының тазалығына жауапты етіп қойдық. Оны сатып алып, мемлекет меншігіне қайтаруды ойласақ та қазіргі иесі тым жоғары баға ұсынды. Оны ауыл әкімдігінің бюджеті көтермейді, – дейді ауыл әкімі Жалғас Жарылқасын. Былай тартсаң арба сынып, былай тартсаң өгіз өлетіннің кері. Үйді иесі сатпайды, болмаса, жөндеу жұмысын жүргізіп, оны мәдени нысанға айналдыруға талпынбайды. Ал ағаштан салынған үй күн өткен сайын тозып, қаңқасы құлап, шатыры опырылып, жермен-жексен болып барады.

 

Жауапкершілікті сезінбей жүрген кім?

Қапал ауылы – сталиндік қуғын-сүргін кезінде шетел асып кеткен қазақ, орыс, татар, ноғай, башқұрт, ұйғыр, өзбек, қырғыз, тағы да басқа ұлт ақсүйектерінің табан ізі қалған жер. Ертең олардың ұрпақтары ата-бабасының жүрген, тұрған мекенін іздеп келгенде төмпешік болып үйілген топырақ үйіндісін көрсетсек, не беделіміз қалады?

Қапалдағы тарихи-сәулет ескерткіштері Кеңес билігі келгеннен кейін балабақша, кеңсе мен асхана, мұражай ретінде пайдаланылды. Соның бірі – Тамшыбұлақтың қарсы бетіндегі дөңнің үстіне салынған екі қабатты үй. Жергілікті жұрт оны Шаяхмет көпес Әбсаттаровтың үйі деп атайды. Қуғын-сүргінге ұшыраған көпес бала-шағасымен Қытайға қашып, үйі Кеңес өкіметі тұсында мемлекет меншігіне өтіп, балабақша, асхана ретінде пайдаланылған. Кейін қараусыз қалып, қасбетінен басқасының бәрі бүлінген. Бұл жолы Шаяхмет көпестің үйі көзімізге басқаша бейнеде көрінді. Ол үйді «Шопан ата» қой өсірушілер қауымдастығы балансына алып, қайта жаңғыртып жатыр екен. Қазір жөндеу жұмысы толық аяқталмаса да істелген жұмысқа қарап, нысанның осыдан бір жарым ғасыр бұрынғы сәулетті де салтанатты бейнесін көргендей болдық. – Биыл жыл соңына дейін жаңғырту жұмысын толық аяқтасақ, нысанды өңір мәдениеті мен руханиятын өркендететін маңызды орынға айналдыруды жоспарлап жүрміз, – дейді «Шопан ата» қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев.

 

Қасиетті нысанның халі мүшкіл

 

Дүркіреп тұрған тұсында Қапалда үш мешіт болған екен. Ең алғаш 1856 жылы татар көпестерінің біріккен қаражатымен татар мешіт тұрғызылады. Кейін оны татар көпесі Шаяхмет Әпсаттаров меншігіне алып, қасынан «Яковия» татар қыздар медресесін ашады.

Осыдан кейін 1860 жылдары Ғалиақпар қажы Сәйфулмүліков-Сейітовтың бастауымен ноғай байлары жиналып, ноғай мешітін тұрғызылады. Осыдан кейін сарт, тараншы, қазақтар бірігіп сарт мешітін тұрғызады. Қазір сол мешіттің біреуі – татар мешіті ғана сақталған. Тарихы Жаркент мешітінен де тереңде жатқан нысанның жағдайы мүшкіл. «Осыдан біраз жыл бұрын Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов жұмыс сапарымен Алматы облысына келгенде бұл мешітті жаңғыртып беруге уәде етіпті» деп естігенбіз. Бірақ олардан да хабар болмай кетті. Бір қызығы, бұл мешіт те өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізбесінде жүр.

Тамшыбұлақты тонау қашан тоқтайды?

Қапалда әлемге әйгілі саятшылардың бірталайының табанының ізі қалды. Кезінде мұнда Шоқан Уәлиханов, Петр Семенов Тянь-Шаньский және Томас Аткинсон болып, Тамшыбұлақ туралы тамаша дүниелер жазған.

Сол еңбектерде Тамшыбұлақтың қасиеті – жарқабақтарда жап-жасыл болып өсетін мүктерде екендігі айтылады. Оны бертінгі кезде ғалымдар да дәлелдеді. Алайда бүгінде Тамшыбұлақ су көздеріндегі мүктерді емге пайдалану мақсатында арнайы барып, тамырымен жұлып әкететін, топырағымен қоса қазып алатын жағдай жиі орын алуда. Мүгі тоналып, жалаңаштанып қалған жерлерді көргенде: «Табиғаттың байлығына қол салуға қандай адамның дәті барады?!» деген ой өзекті өртейді. – Адам қолымен жасалатын қиянаттардың алдын алу үшін арнайы қарауыл қойып, Тамшыбұлақ су көзін күзеттіретін болдық. Жыл сайын ауыл бюджетінен қаржы бөліп, бұлақтың айналасын қоршап, абаттандыру жұмысын жүргіземіз. Бірақ біздің мардымсыз қаржымызбен мардымды жұмыс атқарылмайтыны белгілі. Өткен жылы ҚР Үкіметі 150 млн.теңге қаржы бөліп, Тамшыбұлақ су көзін қайта жаңғырту жобасын жасап, конкурсқа берген еді. Әлі күнге жоба порталда тұр. Ешкім оны жаңғыртуға ынта білдіріп жатқан жоқ, – дейді ауыл әкімі.

Бір қызығы, Қапалдағы қасиетті жерлер тізіміне еніп, «мемлекеттің қорғауында болады» деген нысандар бүлініп, күйреп, жермен-жексен болып бара жатса, қасиетті нысандар тізіміне енбесе де ауыл азаматтарының атсалысуымен жаңғыртылып жатқан нысанның қатары көбейе түсіпті. «Сонда кім өз жауапкершілігін сезінбей отыр?» деген ойға қаласың…

Қажет АНДАС
Дереккөз:
https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1723884

Фотолар автордың жеке қорынан алынды.

Q-Andas ақпарат

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 60
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

February 2, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

December 1, 2025
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

November 28, 2025
Хангелдіұлы Бейсен би
Қасиетті жерлер

Хангелдіұлы Бейсен би

November 20, 2025
Үлпілдек Дарабоз ана
Қасиетті жерлер

Үлпілдек Дарабоз ана

November 17, 2025
«Үйтас» петроглифтері
Қасиетті жерлер

«Үйтас» петроглифтері

November 17, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz