Басы: 1-ші кокекте Орынборда қазақ съезі басталды. Съезге келгендер алдымен Программа жасады. Программа бойынша қаралған нәрселер:
- Жаңа тәртіп жайы.
А) Жаңа тәртіпті нығайту,
В) Комитеттер құру.
С) Қалай сайлау жобасын шығарып, сайлау басына кісі жіберу.
- Съездер:
А) Жалпы қазақ съезі
В) Барша мұсылман съезіне өкілдер жіберу.
3.Учредитильное собрание. Торғай облысынан кандидаттар. белгілеу.
4.Дін және оқу мәселесі.
5.Жер мәселесі.
6.Сот: әскери және халық.
7.Земство.
8.Баспасөздер.
9.Пошта.
10.Ақша мәселесі.
11.Мекемелер және шенеуніктер.
12.Соғыс және жұмысшылар.
13.Бүліншілік жүзіндегі мәселелер.
Бұлардың бәрі съез кеңесіне түсіп, шешілді.
Енді съездің сыр-сымбат жағына келейік. Орынборда болған съезде жаңа заман келіп, жарық күн туып, нұрын шашқаннан бері қазақ ішінде ең үлкен, ең толық бірінші съез.
Бұл съезге келушілер саны 300 шамалы адам. Бұрынғы съездерге жиналған жұрт көңілдегі ойын тілдегі сөзбен түгел айтып, әділдік, адамдық жағынан кеңесуге талай кедір, талай бұдырға жолығып, темір құрсаудан шыға алмаушы еді. Ауызға қақпақ, аяққа тұсау салынушы еді. Күрмелген тіл, байланған жол ашылған соң съездегі адамдар армансыз еркін сөйлесіп, ой-пікірін ауысып, программадағы мәселелерді түрлі жақтан тексеріп шықты.
Съезге келгендер елдің ел баққан ақсақалдар мен мырзалар, дінбасы молдалар, мұғалімдер, студенттер, адвокаттар, докторлар, судьялар. Алаш баласының, артта қалмай, бәйгеге қосылуы жолында алпарысып жүрген азаматтар. Бұл айтылған жұрт адамдары Торғай мен Орал облыстарынан ғана емес. «Қазақ» газеті съезде Торғай мен Орал облыстарының қазақтары-ау деп ойлаған. Басқа облыстардан, қалалардан келген көп болды. Ақмола, Семей, Сырдария облыстарының, Бөкейліктің, Орынбор губерниясы мен Қазан, Уфа шаһарларының кісілері де съезде болды. Бұлардан басқа съезге Торғай облысынан, жаңа үкімет тарапынан сайланған Әлихан Бөкейхановта болды.
Съезде болған оқымысты адамдар: Орал облысынан 1-ші Дума мүшесі Қалменов, доктор – Иса Қашқымбаев, студент – Керім Жаленов, доктор – Ғұмар Бейсенғұлов.
Торғай облысынан 1-ші һәм 2-ші Г.Дума мүшесі Ахмет Біржанов, Студент Тіленші Аманмұрынов.
Омскіден Жансалман Сейдалин, Жиһанша Сейдалин, студент Әбубәкір Айманов.
Бөкейліктен адвокат Уәлихан Танашов, сдутент Шабхат Бекмұхаметов, Семей облысынан заңгер Мұқыш Поштаев.
Сырдария облысынан студент – Мұстафа Шоқай, Жүсіпбек Басығарин, Ақмоладан Мағжан Жұмабаев.
Қазан мұсылмандарының өкілі Ғабдулрахым Фағрединов.
Орынбор және Ақтөбе мұсылмандарының өкілдері – Ғабдулғазиз Қисықов, Тараншы Салабиов, Ғұмар Ғұбдулбаниев.
Съез басталғаннан біткенше, үздік-создық келушілер қосыла берді. Сөйтіп, съезге келушілердің санының толықтығына қарай Орынборда болған бұл съезді қазақ болғаннан бері, орыс қол астына кіргенен бері зор қалыпта құрылған тұңғыш съез деуге сияды. Съез айтылған 1-ші сәуір бастала берді. Алғашқы күні съезге жиылған жұрттың есебін жазу мен программа түзету болды. Келесі күні бір ауыздан төрағалыққа Ахмет Байтұрсынов сайланды. Ахмет Байтұрсынов сайлану туралы азырақ қиқарлық шықса да, қайта дауысқа салғанда съезге жиылған жұрт бірі қалмай қайтадан сайлады. Одан соң Байтұрсыновқа екі орынбасар – Танашов, Қалманов, үш хатшысы – Алмасов, Кәдірбаев, Бекмұхаметов сайланды. Одан былайғы күндерде төраға ауысып отырды.
Съезге басшылар сайлау біткен соң съезді құттықтаймын деп келген Торғай губернаторын жұрт бір ауыздан қабыл қылмай айдап шықты. Әуелі төраға Байтұрсынов халықты бостандықпен құттықтады. Байтұрсыновтан соң, «Уақыт» газетін шығарушысы Фатих Керімов, ноғай халкы атынан барша қазақ бауырларын құттықтады.
Құттықтау сөзден соң, бостандық қайдан, қалай болған жайын халыққа қасқайып тұрып Міржақып Дұлатов тарихи жолмен баяндап берді. Ай мен Күндей, бәріне бірдей бостандықтың тегін келмегендігін, талай сарбаз құрбандыққа шалынып, алысып, жұлысып, алпарысып отырып, тартып алған бостандық екенін айтып келіп, қарасы өшкен ескі үкіметтің атқан оғы, шапқан қылышы, қаным бір қазақ едім деп ойдламаған, халықты ескі үкіметпен бірге жеген, езген, бұл күнде көлгірлікпен сыртымен қуанғансып, іште жүрген газетте айтылып жүрген істі ескермеген, Ғабдулрахым Мажинов пен губернатор тілмәші Мұхамедияр Тұнғашин екеуін съезге жолатпауды тілеп қарабеттігін мойнына салған соң, съездегі халық жуымасын, ішімізден шықсын, қарасын көрсетпесін деп Мұхамедияр Тұнғашинді қуып шықты. Мажинов Орынборда жоқ еді.
Бұдан соң программадағы мәселелерді көбтің кеңесіне салып отыру уақытты көп алатын болғандықтан, мәселелерді мәнісіне қарай үйлестіріп, 5 бөлек қылып, жеке-жеке қарайтын 5 комиссия сайланды. Бұлар көптің кеңесіне түспес бұрын өзара әрқайсысы тиісті мәселені тексеріп барып, көптің алдына салып отырды.
«Қазақ» газеті, №225, сәрсенбі, 20 сәуір, 2017 жыл.
Түп нұсқа араб харпінде.
Аударған Қажет Андас.
ПОЛОЖЕНИЕ ВОЕННЫХ РАБОЧИХ
ЗАПАДНЫЙ ФРОНТ
1-го апреля в Оренбурге начал работу съезд казахов. Делегаты съезда сперва составили Программу. В этой Программе были затронуты следующие вопросы:
1.О новом положении
А) Усиление нового положения
В) Создание комитетов
С) Разработки проектов
- О съездах
А) Созыв общеказахского съезда
В) Делегирование казахов на общемусульманский съезд
- Об учредительном собрании. Избратькандидатовот Тургайской области.
- Вопросыобразованияи религии
- Вопрос земли
- Суды: Военный и народный
- Земство
- Печатное, издательское дело
- Почта
- Денежный вопрос
- Учреждения ичиновничество
- Вопросы войны и военных рабочих
- Вопросы недовольства и смуты.
Все эти вопросы были рамотрены съездом и по ним приняты решения.
Казахский съезд в Оренбурге проходит в новое время, около 300 делегатов. Раньше, представители от народов высказывая на съездах свои пожелания по вопросам справедливости, человечности, сталкивались с многогочисленными препятствиями, не могли выйти из железного круга, у них был «во рту кляп, а ноги в кандалах».
А теперь язык развязан, ноги распутанны, на съезде спокойно могли обсуждать любую тему, высказывать и выслушивать различные мнения. Были всесторонне изучены все вопросы указанные в Программе.
В работе съезда принимали участие аксакалы, видные общественные деятели, представители религий, учителя, студенты, адвокаты, доктора, судьи, патриоты, истинно болеющие за будущее казахаского народа. Они выходцы не только Тургайской и Уральской областей. Газета «Казах» предпологала, что на съезде будут только предствители этих двух областей. Оказалось, что на съезд прибыли делегаты и из других областей и городов. Были предствители из Акмолинска, Семипалатинска, Сырдарьи, Бокейликские казахи из Оренбурской губернии, из Казани, Уфы. Кроме них на съезде был и Алихан Бокейханоов, избранный делегатом на съезд от Тургайской области.
На съезде были такие просвещенные люди: От. Уральской области – Член 1-ой государственной Думы – Калменов, доктор Кашкынбаев, студент Керим Жаленов, доктор Гумар Бейсенгулов.
От Тургайской области – член 1-ой и 2-ой государственной Думы -Ахмет Биржанов, студент Тиленши Аманмурынов. Из Омска – Жансалман Сейдалин, Жиханша Сейдалин, студент Абубакир Айманов. От Бокейликских – адвокат Уалихан Танашов, студент Шабхат Бекмухаметов. Из Семипалатинска – юрист Мукыш Поштаев. Из Сырдарьинской области – студент Мустафа Шокаев, Жусупбек Басыгарин Из Акмолинска – Мағжан Жумабаев. Представитель мусульман Казани – Габдулрахим Фахретдинов.
Представители мусульман Оренбурга и Акмолинска – Габдулгазиз Кисыков, Тиленши Салабиев, Гумар Габдулбаниев .
С самого начаа работы съезда и до конца, делегаты все прибывали и прибывали с разных концов казахской земли.
Учитывая массовость, охваченную территорию, этот съезд прошедщий в Оренбурге, по праву можно назвать всенародным. Как и было объявлено, съезд начал свою работу 1-го апреля. Первые дни проводился подсчет делегатов и рассмотренние вопросов изложенных в Программе. Далее, председателем единогласно был избран Ахмет Байтурсынов. Вначале, насчет кандидатуры Ахмета Байтурсынова были некоторые разногласия, но потом его поддержали все, также были избраны два его заместителя – Танашев, Калманов и три секретаря Алмасов, Кадырбаев, Бекмухамбетов. В последующие дни председательсвующие сменялись.
После окончания всех избирательных процедур, с поздравлениями с открытием съезда, прибыл губернатор Тургая, но народ его не принял и выпроводил из здания.
Первым взял слово председатель Байтурсынов. Он поздравил народ с обретением свободы. После него издатель газеты «Уакыт» (Время) Фатих Каримов поздравил всех братьев казахов от имени Ногайского народа.
После поздравительных речей, Миржакып Дулатов, опираясь на исторические предпосылки, разьяснил каким путем и как досталось нам эта свобода. Так же как солнце и луна не светят одновременно, так и свобода не достается всем сразу и бесплатно, много буйных голов полетело с плеч джигитов в неравной борьбе со старым провительством. Дулатов указал на тех, кто служил пулей ружей, и мечом старого режима, кто не знал ни капли сострадания к своему же казахскому народу, пил кровь народа, и теперь находится с нами, якобы радуясь вместе с нами. Это –Габдулрахим Мажинов и переводчик губернатора- Мухамедияр Тунгашин. Миржакып Дулатов потребовал, чтобы их близко не подпускали к работе съезда, приведя факты их деятельности, которые принесли много горя казахам. Находящиеся в зале делегаты взашей вытолкали Мухамедьяра Тунгашина. Мажинова в эти дни не было в Оренбурге.
После этого, просмотрев Программу, убедились, что вопросов много и их решение займет немало времени.
Посоветовавшись решили разделить его на пять частей и для их раздельного рассмотрения создали пять комиссий. Эти комиссии обсуждали, обрабатывали, дополняли каждая свои вопросы и представляли их на суд большинства, для рассмотрения и принятия окончательного решения. Так проходила работа съезда.
Газета «Казах» №225 четверг, 20 апреля 1917 год.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











