Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қуғын-сүргін

Қазақты әскери қызметке алу

admin
2025/11/18
Қуғын-сүргін
0
Қазақты әскери қызметке алу

Соңғы кезде қазақты әскери қызметке  алу мәселесі қозғалған хабар Петроград, Мәскеу газеттерінде жазылып жүр. (Русское слово», «Новое время», «Биржевые ведомости», «Утро России») осы төрт  газеттің төртеуі де әскери қызмет мәселесін анық ауызға алған, жазған. Бұл мәселе бұрын да талай ауызға алынған екен. Бірақ қазақты әскери қызметке алуға, бұрынғы Әскери Министр Сухомлинов қарсы болған екен. Жыл сайын Гос.Думада әскерге шақырылатын жастар туралы кеңес құрылғанда, қазақты әскери қызметке алу жағы да сөз болып жүрген екен. Бірақ бізден Думада депутат болмағаны себепті, әлі күнге дейін ондай хабарлар құлағымызға тимеген. Тұп-тұйық бітеу күйінде қалмайтын мәселе болғандықтан ақырында жарыққа шығып, әшкере болып отыр. Осы мәселе жайында жазылған хабарларды теріп, жиып жазған «Биржевые ведомости» газетінде мына сөздер айтылып тұр:

Ақырында қазақты әскери қызметке алу мәселесі ең алдымен қолға алынатын істің бірі болып отыр. Государственная Думада әскерге шақырылатын жастар туралы кеңес болған кезде, қазақтардан әскер алынса екен деп талай рет сөз болған. Талай-ақ Әскери Министр бұл туралы жоба жасап, Думаға кіргізбек болып уағда берген. Бірақ ондай жоба даярланып, Думаға кірген жоқ еді. Сухомлинов тұсында қазақты әскери қызметке алу заң жобасын жасаудан бұрын, алуға болар-болмас жағын анықтау үшін мағлумат жиып, қарап, тексеру тиіс деп бұйырылған. Ол мағлуматтарды жиып, немесе қарап, тексеріп болғаннан кейін қазақты әскерге алуға болмайтындығын, баяндаушы, 1914 жылы шілде айында баяндама дайындаған. Онда, қазақ солдат болуға жарамайды. Жарамайтын мәнісі мынау деген: Қазақ көшпелі, көшпелілік пен мемлекетшілік бірі бірімен үйлеспейтін нәрселер. Қазақтың мәдениеті төмен. Орысша білмейді, жазу танымайды. Солдат тамағын тамақсынбайды, әскер қызметіне шыдамайды.

Жаңадан қойылған Әскери Министр Поливанов бұйрығымен, қазақты әскери қызметке алу мәселесі қайтадан қозғалған. Әскери Министрліктің бүл күнгі пікірі қазақты әскери қызметке алу жағына ауып тұр. Бас штабтың бастығы- генерал Михневич: «Биржевые ведомости » газетінің жазушысымен сөйлескен шақта, қазақты әскерге алу тұрасында мына пікірді айтқаны:

Мен қазақты, өз міндетін орнына келтіруге жарайтын жұрт деп білемін.Қазақ жауынгер жұрт. Талай түрлі замандарды басынан өткеріп, көргені бар жұрт. Атқа жүруге ұста, көзі қырағы, мергендігі және жақсы. Осы сындарына қарағанда қазақтан жақсы әскер жасауға болады деп қараймын. Қазақты әскерге алғанда өнетіні не десек, одан өнетіні аз емес. Қазақ 12 миллион шамалы жұрт. Оның алты миллионы Түркістан мен шеткі облыстарда, алты миллионы қалалы жерде. Бұлай болған соң санына қарағанда көп, сынына қарағанда жақсы әскер шығады. Қазаққа меммлекетшілік ісі жат, әскер болуға олар жарамайды деген пікір, менің ойымша негізсіз пікір. Олардан әскер алынса, орыстармен жақындасып, сол қызметі арқылы мәдениет араларына таралмақ. Олар бұған дейін орыс мәдениетінен қашық жатқан болса, ол айып біздің өзімізден. Сібір жағындағы қазақ сияқты халықтар,  әскер қызметіне алынып, Байқал казак-орысымен қатар шын ықылас көңілімен қызмет қылып жұрген жоқ па? Сөз аяғында айтарым- әскери ісінің басындағы мекемелердің пікірі қазақты әскери қызметке алуда. Бұл туралы заң жобасы жасалып, басқа мекемелердің пікіріне жіберілген. Ол мкекемелердің кей біреулерінің пікірі келіп жетті. Олар пікірінде қазақты әскери қызметке алуды қуптайды.

Қазақтың мәдени және шаруалық тұрмысымен өте таныс мекемелер – Жер Министрлігінің мекемелері. «Новое Время» газетінің жазушысы сұрағанда, Жер Министрлігінің адамының айтқан пікірі мынау: Қазақтар әскер қызметін атқармас деп ойлау, қазақты орынсыз кемітіп, қорлау болады. Қазақ талай істі басынан атқарған халық.Бұлар соғыста артықша пайдалы болып табылар. Қазақтарды орыс мәдениетінен қашық жатыр, оларға мемлекетшілік қалпымыз жат деген пікір дұрыс емес. Соңғы жылдары отырықшы болып жер иеленіміз, жер кесіп бер деген арыздар қазақтан көп келіп жатыр. Осы күні отырықшы болған қазақтың саны екі миллионнан кем емес. Мұнымен қатар орыс көпестерінің қазақтармен жасайтын саудалары арқасында қатынас көбейіп, орыс пен қазақ арасы жақындасып, түзеліп болған. Қазақ ішіне орыс тілі де бірте бірте таралып бара жатыр.

Осы соғыс болғаннан бері орыс пен қазақ арасы бұрынғыдан гөрі жақындасты. Соғысқа кеткен орыстардың үйлерінде жұмыс қылып, шаруасын үлгертіп тұрған қазақтар Сібір жағында көп. Сөйтіп қазақтың әскер қызметіне жарайтын халық екендігі шексіз деп сөзін аяқтайды.

«Русское Слово» газетінде жазылған: «2-шi дәрежелі сарбаздарды жию туралы Гос.Думада заң жобасы қаралғанда – Ақмола, Семей, Торғай облысының қазағынан әскер алса қайтер еді деген сөз болған. Оны, әскер ісіне қатысты мекемелер қолдамаған.

Мұсылман-депутаттар, қазаққа қатысы бар мекемелердің шенеуніктерімен сөйлесіп, қазақтың салт жүруге ұста, көзі қырағы, батырлығы бар жұрт, соғыста баршылық қызметіне жарайтындығын айтқан.

Сөйтіп, үкімет жағынан кей мекемелерден қостаушылар тауып алып, басқа жұртпен қатар қазақты әскерге алса екен деп мәселе қозғаған.

«Утро России» газетінде жазылған:

Биыл Гос. Думада, екінші дәрежелі сарбаздарды соғысқа жіберу үшін жию мәселесі қаралған уақытында, Ақмола, Торғай, Семей, Жетісу облыстарының қазақтарын әскер қызметіне ала бастау мәселесі қозғалған екен. Бұл туралы жасалған жобамен бірге тапсырылған баяндамада- қазақтардың саяси, мәдени, діни қалпы туралы көп сөздер айтылып келіп, соларға қарағанда, қазақтардан әскер алудың қолайсыз болғандығы баян етілген. Бірақ кейбір Үкімет мекемелері менен қоныс аудару мекемесі және қазақтарға жуық тұрған басқа мекемелер, жоғары пікірді негізсіз деп, қолдамаған. Ал мұсылман – депутаттар онысын келемеж көріп, бұл туралы үкіметпен мықтап айтысқан.

Мұсылман–депутаттардың бұл іске қарасы былайша: Қазақтардың көшіп жүруі алғы және мәңгілік емес. Қазақ жеріне мұжық көшіру ісі үдеген сайын қазақтар өз тұрмысын және күн елту реттерін жаңа жолға салып келеді. Қазақтардың көзі қырағы, салт жүруге тақымы мықты. Соған қарағанда олардан ең жақсы әскер жасауға болады. Сөйтіп мұсылман – депутаттар алты миллион қазақты баяндамадағы жазылған келемежден құтқарып, Россиядағы басқа ұлттармен қатар әскерлікке алуды тиісті көрген. Кейбір Министрлер де бұл пікірді қуптаған.

«Новое Время» гезетінде жазылған: «Әскери мекеме Гос. Дума тілегіне қарай әскерлікке жарарлық қазақ жігіттерінің есебін жоспарлаумен айналыс қылып жатыр. Қазақ даласының халқынан әскер жиюмен бірге, оған қатынасы болған басқа мәселелер хақында да пікір жүргізіледі. Бұл мәселенің түйінін шешуге қоныс аудару мекемесі Yкіметке зор жәрдем айтып тұр. Неге десеңіз, қоныс аудару мекемесі қазақтың есебі, олардың ойы, тұрмыстары туралы көп мағлұмат жинаған. Олардың айтуына қарағанда, қазақтан төрт жүз мың салт атты әскер жасауға болады. Бұл туралы жоба әлі жасалып болған жоқ. Неге десеңіз, орнынан түскен, әскери министр Сухомлинов – қазақтар мұсылманшылық бірлігі рухында тәрбие алған деп, тағы да басқа себептер көрсетіп, олардан әскер алуға көлденең түсетін еді. Ақыры бұл мәселе қатарға қойылып, қолға алынды. Бәлкім жуырда шешілер».

«Қазақ» газеті, 1915, №153, 3-бет.

Түп нүсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас

Жалғасы бар…

 

ПРИЗЫВ КАЗАХОВ НА ВОИНСКУЮ СЛУЖБУ

 

В последнее время вопрос о привлечении казахов на воинскую службу широко освещается в петроградских, московских газетах. (“Русское слово”, “Новое время”, “Биржевые ведомости”, “Утро России”). Эти четыре издания остро ставят данный вопрос и обсуждают его на своих страницах.

Эта проблема неоднократно поднималась и ранее, однако бывший Военный Министр Сухомлинов был против призыва казахов на воинскую службу.

Ежегодно, когда созывался совет по призыву молодежи на воинскую службу, в Государственной Думе стоял вопрос и о призыве казахов. Так как в Гос.Думе от нас нет депутатов, мы до сих пор не в курсе обсуждаемого вопроса, но вопрос не носил тайный характер, поэтому стал известен широкой общественности.

Собрав необходимую информацию по данному вопросу, газета “Биржевые ведомости” опубликовала следующее:

«В конечном итоге, вопрос о привлечении казахов на воинскую службу требует первоочередного решения. В Государственной Думе, при обсуждении вопроса о призыве молодежи на воинскую службу, неоднократно поступало предложение о необходимости привлечения и казахов на службу. Военный Министр составлял проекты, планы по данному вопросу и пытался решить его в Государственной Думе, но такового не случилось.

Во времена Сухомлинского, прежде чем принять законопроект о призыве казахов на воинскую службу, стоял вопрос о необходимости всестороннего изучения и целесообразности призыва казахов на службу. После сбора и изучения материалов по этому вопросу, докладчик в июле 1914 года подготовил докладную записку о том, что казахов нельзя брать на воинскую службу. В ней говорится: << казах не может быть солдатом, казахи – кочевники, кочевничество и государственность несовместимы, у казахов низкая культура, русский язык не знают, безграмотны, солдатскую пищу не признают, казаху воинская служба не по плечу».

По приказу новоназначенного Военного Министра Поливанова вновь рассматривается вопрос о призыве казахов на службу.

В настоящее время Военное Министерство склоняется к мнению о возможности привлечения казахов на воинскую службу.

Начальник Генерального штаба – генерал Михневич газете  “Биржевые ведомости” сказал следующее:

“Я считаю, что казахи это народ который справится с возложенными на него воинскими обязанностями. Казахи – воинственный народ, много повидавший на своем веку, отличные наездники, очень хорошие стрелки. Исходя из этого думаю, что из казахов можно сделать хороших солдатов. Казахи – 12-ти миллионный народ, из них – 6 миллионов проживают в Туркестане и в окраинных областях, 6 миллионов – городские. Значит, получится, по количеству – многочисленная, по качеству – хорошая армия. Утверждения о том, что казах непригоден к воинской службе – безосновательны. Если призывать казахов к воинской службе, они сблизятся с русскими, произойдет распространение русской культуры. Если казахи до этого времени были далеки от русской культуры, то это наша вина.

В Сибири, народы, такие же как казахи, были призваны на воинскую службу, и наряду с байкальскими казаками и русскими, честно и добросовестно несут службу.

В заключение хочу сказать, что учреждения стоящие во главе военного дела, подумывают о привлечении казахов на воинскую службу. Даже разработан законопроект по этому вопросу и разослан в другие учреждения организации, которые поддерживают законопроект.

Учреждения хорошо знающие жизнь и быт казахов – это учреждения Земельного Министерства . Представитель Земельного Министерства   корреспонденту газеты ” Новое время” высказал свое мнение: ” Считать, что казахи не могут нести воинскую службу – это беспочвенное унижение казахов. Казахи – народ повидавший многое, закаленный, переживший годы лихолетий. Они могут быть особенно полезны в военном деле (войне). Утверждение о том, что казахи далеки от русской культуры и государственность им чужда – это ошибочное мнение. В последние годы, все больше поступают заявлений от казахов, чтобы им выделили земли для возделывания и оседлого образа жизни.

В настоящее время численность казахов ведущих оседлый образ жизни не менее двух миллионов. Вместе с тем в результате торговли между русскими купцами и казахами, произошло сближение народов и выравнивание взаимоотношений. Также происходит постепенное распространение русского языка среди казахов.

С начала этой войны, сближение между казахами и русскими еще более усилилось. В домах русских, ушедших на фронт, работают казахи, которые исправно ведут хозяйство. Таковых много в Сибирском крае.

Итак, надо признать, что казахи – это народ очень даже пригодный к воинской службе”.

          В газете “Русское слово” опубликовано: “При расмотрении в Государственной Думе законопроекта о формировании ратников 2-го разряда, было предложение о призыве казахов на воинскую службу с Акмолинской, Семипалатинской, Тургайской областей. Но  это предложение не понравилось учреждениям  военного ведомства.

Депутаты – мусульмане после переговоров к чиновниками организации по вопросам казахов, удостоверились в том, что казахи выносливы в походах, у них меткий наметанный глаз, смелы и пригодны к любой службе военного дела.

Итак, они заручившись поддержкой некоторых чиновников правительства, хотели, чтобы казахи призывались на воинскую службу наряду с другими народами.”

Из газеты “Утро России”:  “В Государственной Думе при обсуждении вопроса формирования ратников второго разряда для отправки на фронт, был затронут и вопрос о призыве казахов Акмолинской, Тургайской, Семипалатинской, Семиреченской областей на воинскую службу.

Обсудив законопроект по данному вопросу, выслушав доклады о политической, культурной, религиозной сторонах образа жизни казахов, было принято решение о нецелесообразности призыва казахов на воинскую службу.

Однако, некоторые государственные органы и другие организации занимающиеся вопросами казахов знали, что данное решение необоснованное. А депутаты – мусульмане неистово спорили с правительством. Их мнение (депутатов-мусульман) по этому вопросу таково:

“Кочевничество казахов не вечно. С увеличением переселения “мужиков” на казахские земли, меняется образ жизни казахов, казахи устраивают свою жизнь и быт по новому. У казахов меткий глаз, они отличные наездники, из них можно сделать отличную Армию”. Так, депутаты – мусульмане защитив 6 миллионов казахов от уничижения прозвучавших в докладах, высказали свое слово о достойности казахов быть призванными на воинскую службу наряду с другими народами России. Некоторые Министры поддержали это мнение.”

Газета “Новое время” пишет:     “Военное ведомство, учитывая предложение Государственной Думы, проводит работу по подсчету и учету казахских джигитов годных к воинской службе, и планированию их призыва.

Наряду с решением вопроса формирования отрядов в казахской степи, будут решаться и другие вопросы возникающие при решении  вопроса воинской службы.

В решении данных вопросов, непосильную помощь оказывают Учреждения по переселению. Скажете почему? – потому, что эти учреждения собрали много сведений о численности казахов, об их проблемах, быте. По их мнению из числа казахов можно собрать четырехсоттысячную Конную Армию. План формирования такой Армии еще до конца не разработан, потому что бывший Военный министр Сухомлинов говорил, что казахи воспитаны в духе мусульманских традиций, еще приводил массу других причин и доводов по которым казахов нельзя брать на воинскую службу.

Наконец, этой проблемой серьезно занялись.

Возможно в скором времени все разрешится”.

Газета “Казах”, 1915, №153, стр.3.

Қажет Андастың аудармасы бойынша

 орысшалаған Сабыржан Қалиев.

“Q-andas” ақпараттық агенттігі.

Жалғасы бар…

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 35
Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)
Қуғын-сүргін

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 15, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 13, 2026
Түркістан жерінің бөлінуі
Қуғын-сүргін

Түркістан жерінің бөлінуі

April 6, 2026
Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы
Қуғын-сүргін

Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы

April 3, 2026
Тәркіленген байлар
Қуғын-сүргін

Тәркіленген байлар

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz