Орналасуы: Көктұма ауылының оңтүстігінде 5-6 шақырым қашықтықта Сіңірлі және Жаманты өзендерінің аралығындағы төбеде орналасқан
Зерттелуі: География ғылымдарының кандидаты. І. Жансүгіров атындағы университеттің профессоры Еркін Тоқпанов, өлкетанушы-журналист Қажет Андас.
Сипаттамасы: Жаманты өзені аңғарындағы «Дың» ескерткіштері – Алакөл өңіріндегі мұсылмандыққа дейінгі қарлұқтардың кесенелері деуге болады. Солардың бірі VІІ-VІІІ ғасырлардағы Қарлұқ кезеңіне жататын «Қос келіншек» қорымы .
Аңыз-әңгіме: Жерімізде сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері көптеп кездеседі. 7-8 ғасырларда басталып, бітпей қалған Ақыртас ғимараты төртбұрышты кесек тастардан қаланған. Білеулі ғимараты Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасында орналасқан. Құдық үстіне салынған құрылысты парсыша “сардоба” деп атайды. 6-9 ғасырларда Мырзашөл керуен жолының бойына салынған екі сардоба белгілі. Екі сардобаның құрылысы және күмбездері киіз үйдің жобасына ұқсайды.
Дың ескерткіштері қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Олар Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстау жерлерінен көптеп табылды. Ақбешім, Суяб қалаларынан будда ғибадатханаларының орындары табылған (7-8 ғ.ғ.). 9 ғасырдың екінші жартысынан бастап ислам дінінің архитектуралық құрылыс жүйесі салына бастаған. Баба-Ата қаласы орнынан мешіттің қалдығы табылған. Балбал (мүсін тас) қаза болған қолбасшы, атақты адамдардың басына қойылған. Балбал тастар Орталық Қазақстанда, Жетісуда өте көп кездеседі. Қолданбалы өнер түрлеріне балшықтан жасалған терракота, көркем керамика және ұсақ пластика жатады. Терракоталарда адамның бет-әлпеті, шашы, киімі бейнеленеді.
Түргеш, Қарлұқ, қағанаты тұсында адамдарды жерлеген танымал
адамдардың зиратына биіктігі 2-3, диаметрі 3 метр болатын шеңбер
тәрізді дөңгеленген кесене түрінде тастан қалаған. Біз танысқан «Дың» жергілікті жерде таудан әкелінген қара тастардан қаланған. Байланыстырушы материалдар ретінде жергілікті сазды пайдаланған. Бір қызығы 8-10 ғасыр өтсе де әлі жақсы сақталған. Қазіргі биіктігі 2,3м. Мұсылман зираттарына айырмашылығы күмбезі мен өрнекттері жоқ. Салыну мақамы Аягөз өзенінің төменгі ағысындағы Қозы көрпеш пен Баян сұлу кесенесіне ұқсас.











