Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Қытай архивтеріндегі қазаққа қатысты деректер

Мен басқа шет елдердің мұрағаттарында қандай дүниенің бар екендігінен хабарсызбын. Бірақ, өзім туған, өскен, оқыған, архивтерін білмесем де тау-даласын тынымсыз аралаған, Нығымет Мыңжани, Су Би Хай, Тұрғын Алмас сияқты зерттеушілердің лекциясын тыңдап, тәлімін алған Қытай жерінде ұшан-теңіз дүниенің жатқанын әбден білемін.

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Қытай архивтеріндегі қазаққа қатысты деректер

Жасыратыны жоқ, тәуелсіздік алғалы бері  Қытайдағы қазақ тарихына  қатысты мұрағаттарды жинастыру, оны елге оралту жайлы тиянақты жұмыстар істеліп жатыр. Үкіметтің көмегі, ғалымдардың еңбегінің арқасында тарихымызға қатысты біраз дүние түгенделді. Бірақ, ол арқылы біз Қытай мұрағаттарындағы тегімізге қатысты дүниені түгелімен түптеп алдық деп айта алмаймын. Жазба тарихының ұзақтығымен және сақталған қыруар тарихи архивтердің молдығымен ерекшеленетін Қытай елінде Сақтардан, Ғұндардан, Үйсіндерден қалған мұралар, қазақ ұлтына қатысты деректер өте мол.

Рас, Қытайдағы біраз дүние Кеңес одағы немесе одан да бұрын орыс немесе еуропа тарихшылары мен жиһанкездері тарапынан осы жаққа жетті. Бірде Қытай мұрағаттары туралы қытайдағы қазақ тархшылары аударған нұсқамен, орыс және Еуропа ғалымдарының аудармасы арқылы қазақшаланған нұсқаны салысытырып көріп едім. Екеуінен  екі түрлі ұғым қабылдайсың. Оны қытайша нұсқасымен салыстырып көретін болсақ,  тағыда парықтылық мен мұндалап тұрғанын байқалады.  Өкінішке орай, ондағы ел-жер атауы, хандықтар мен патшалардың есімдері, тіпті қазақты құраған ру-тайпалардың атауына дейін орыс тіліне бейімделіп жазылған. Былайша айтқанда, бізге жеткен деректің өзі дерексіз ұғымға қарай жетелейді. Шын мәніне келетін болсақ, ежелгі  Қытай архивтеріндегі құнды мұраларды орыс түгіл, осы күнгі қытайдың жас тарихшылары да оқи алмайды. Өйткені, Қытай мұрағатындағы ежелден сақталған мұрағаттар  көне қытай жазуымен жазылған. Оны сауатты оқып, салыстырмалы түрде бүгінгі тілде түсіретін аудармашылары тым аз.

Цин династиясы кезіндегі архивтердің көбі алдымен мәнжур тілінде жазылып, кейін Қытай тіліне аударылған. Қытайдағы архивтерді ақтаруда тек Қытай тілін білу аздық етеді. Керісінше Қытай тілін, көне Қытай жазуын жетік білуімен қатар, мәнжур тілін білетін маман ауадай қажет. Жаңа қытай жазуымен аударылған архивтерді Қытай өз мүдесіне бейімдеп аударып жібереді. Сондықтан түп нұсқаны қарау керек», – деген ойына толық келісемін.

Өте орынды, оңтайлы айтылған пікір. Осы тұжырымға мен де төмендегі ойымды қоса кетейін. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңында Қытай астанасы Бейжіңдегі Ұлттар университетінде оқыған қазақтың алғашқы лек  жас зиялылары Қытай мұрағатындағы көне қытай жазуымен жазылған сол  дүниелердің біразын қазақшалады. Біз соны оқып өстік. Тұп-тұра сол аударма жұмысына атсалысқан бірнеше азамат қазір Қазақстанда жүр. Егер біз шынымен Қытай мұрағаттарындағы өзімізге керекті дүниені түп нұсқасы бойынша аламыз десек, сол адамдарды қатарға тартуымыз керек қой. Олар қазір алпыстан асып барады. Бүгін, ертең кетіп қалуы да мүмкін. Тағы бір жағынан, біз Қытайдағы қазақ тарихына қатысты дүниелерді  Шианның, Бейжіңнің мұарағаттардан іздемей-ақ қоялық, Қытайдағы қазақ тарихшылары мен аудармашылары қалдырған асыл мұраларды әлі күнге дейін өз керегімізге жаратудың жолына нараз аударған жоқпыз. Өйткені, Қытайдағы қадастар соңғы елу жылда төтеше жазуды қолданып, ұлан-ғайыр дүние жаратты. Солардың өзін қағып-сілкитін болсақ, бізге беймәлім, бірақ өткен тарихымызда мәлім болған талай кенішке жолығарымыз анық.

Қытайдағы Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарындағы мұрағаттардың өзінде шағатай, ұйғыр, қазақ тілдерінде жазылған арғысын білмеймін, Абылайхан дәуірінен тартып, бүгінге дейінгі талай дүниені ақтарып алуға болар еді. Қолдау болып, сол архивтерден жінтіктеп іздесек, бәрін тізіп айтпай-ақ қояйын, тым құрығанда Абылайхан мен Цин имериясы арасындағы сауда келісімдері, депломатиялық қарым-қатынастар, қазақтың ежелгі қонысына қайта оралуы,  Қытай-Орыс шекарасының бекітілуі мен Алаш партиясына қатысты біз білмейтін дүниелер, Қытай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілістеріне қатысты деректер жарық етіп шыға келуі әбден мүмкін. Сонымен қатар,, Қытайдағы қазақ баласының ізі қалған тарихи жерлер, қорымдар, төрткүлдер, сымтастар, ежелгі үңгірлер, тасқа қашалған жазулар, суреттер, прамидаларды тарихи, археологиялық тұрғыда зерттеп, архивтестіру керек. Нағашым аңшы кісі еді. Сол кісіге еріп, тау-даланы кезіп жүріп, өз көзіммен көрген сол құндылықтарды саусақпен санап бере аламын. Менің көргенім тым аз бөлігі ғана. Ал ел көрген дүниелер қаншама? Ол  біздің тарихымыздың бастауы, болашағымыздың арнасы емес пе?

Қытайдағы қазақ мұралары жайлы тағы бір айта кетейін дегенім, қазіргі қытайда мемлекеттік қызметке қабылдау үшін қытай тілі мен 24 тарихтан сынақ алады. Сол 24 тарихта біздің ата-бабаларымыздың ерлік күрестері жазылған. Тіпті, соның бірнешеуін біздің қазақтар жазған.

Осы ойымды нақтылау үшін сол 24 тарихтың не екенін, оны кімдердің жазғанын айта кетсем айып болмайтын шығар.

Олар мыналар:

Аты бөлімі авторы
Тарихнама 130  Сы Ма Шиян
Ханнама 120 Бан Гу
Соңғы ханнама 130 Суң Фан Ху
Үш патшалық шежіресі 65 Шин Шу
Жиннама 130 Фаң Шуан Лияң
Суңнама 100 Шын Ио
Оңтүстің жиннама 59 Шияу Зы Шияң
Лияңнама 56 Яу Сы Лияң
Шиннама 36 Яу Сы Лияң
Уйнама 130 Уи Шоу
Солтүстік Шинама 50 Лм Бәй Яу
Шунама 50 Лияң Худ Фын
Сүйнама 85 Уи Уи
Оңтүстік патшалық тарихы 80 Ли Ян Шу
Солтүстік патшалық тарихы 100 Ли Ян Шу
Көне таңнама 200 Лю Шиу
Жаңа таңнама 250 Лу Яң Ию
Көне бес патшалық тарихы 150 Шуо Жу Жиң
Жаңа бес патшалық тарихы 74 Ау Яң Шю
Суң патшалығының тарихы 496 То то
Лияу патшалығының тарихы 116 То то
Жин патшалығының тарихы 135 Тото
Юуан патшалығының тарихы 210 Лян
Миң патшалығының тарихы 332 Жаң Тиң Уи
Цин патшалығының тарихы
Жаңа қытай тарихы

Осы 24 тарихтың ішіндегі Суң, Лияу, Жин патшалықтарының тарихын жазған Тото Мазартайұлы Баян немересі қазақтың меркіт руынан шыққан тарихшы. 1314-1355 жылдары өмір сүріп, Юуан патшалығының Узуң (Бөржігін Хайсан), Рын Зуң (Бөржігін Рибадида) патшалардың тұсында қызмет еткен саяси қайраткер. Ал осы үш кітаптың бас сарапшысы Теміртас қазақтың қаңлы руынан шыққан оқымысты. Су Би Хай мырза айтқандай: «Меркіт руынан осыншама маңызды, әйгілі тарихи және мәдени тұлғаның шығуы Фуан патшалығы дәуіріндегі қазақ мәдениеті тарихындағы жарқын шұғыла болып қала береді». Бұдан асырып айта алмаспыз.

Демек, біздің бабаларымыз қытайдың әлемге әйгілі 24 тарихын жазуға атсалысқан екен өз даламыз бен халқымыздың шұғылалы тарихын шынайы жазу біздің де қолымыздан келеді.

P.S: Біз өз сайтымызда осы еңбектердегі  қазақ тарихына қатысты деректерді жалғасты жариялап отыратын боламыз.

Қажет АНДАС

Q-Andas ақпарат агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 102
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz