Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Қызғаныштан үзілген тағдыр

admin
2025/11/28
Әдебиет
0
Қызғаныштан үзілген тағдыр

Отбасымыз үлкен, он бір ағайындымыз. Мен бесіншісімін. Үлкендер сабаққа кеткенде кенже бауырларыма қарайтынмын. Ортаншысы болғаннан кейін болар, кішкентай кезімнен-ақ кез келген іске бейімделіп өстім. Үй шаруасына көмектесуге де үлгеретінмін. Соған қарамастан ерке мінезімді жоғалтпадым. Әкем үш ағайынды еді. Өзінен кейін інісі мен қарындасы бар. Әсіресе кіші әкем маған өте жақын болды. Ол мені өз қызындай жақсы көріп, әрдайым тәтті мен керек-жарағымды алып келетін. Ес білгенімде анам: «Ол сені көру үшін қалтасында ақшасы болмаса да, түстік жерден жаяу келіп, жаяу қайтатын», – деп айтатын. Бірақ ол үйленіп, балалы болған соң бізден алыстап кетті.

Кешқұрым бәріміз дастарқан басына жиналып, мәре-сәре болып отырғанбыз. Бөлменің ішін батып бара жатқан күн нұрландырып, ерекше жайлылық сыйлап тұрды. Кенеттен есік сарт етіп ашылды да, кіші әкем кіріп келді. Оны көрген сәтте жүрегім кеудеме сыймай, ішімдегі сағыныш тіптен өршіді. Орындығымнан атып тұрып, оған қарай жүгірдім. Қапсыра құшақтап, мойнына асылдым. Ол менің арқамнан ақырын қағып, «Бәрі жақсы, мен осындамын» дегендей күлімсіреді.

– Бүгін осында қонып, таң ата жолға шығамын, – деді ол сабырлы үнмен.

Әкем басын изеп, ешқандай қарсылық білдірмеді. Сол түні бәріміз емен-жарқын әңгімелестік. Қос бауыр таңға дейін ұйықтамай, алдағы жоспарымен ақылдасты. Таң сібірлеп атып, жер жүзіне жарық түскенде кіші әкем жиналды. Үйдегілер терең тыныстап, шырт ұйқыда жатыр. Тысқа шыққанда салқын таң самалы бетін өпті. Көлігіне мініп, әлдебір ойдың жетегімен терең ойға шомды. Қолын рөлге қойып, жан-жағына көз жүгіртті. Бауырының үйіне ұзақ қарады да, терең тыныстады. Жанарындағы ауыр мұң, шешімі табылмаған жұмбақ еңсесін басып барады…

Түн. Бәріміз ұйқыға қамдандық. Әкемнің телефоны шыр ете түсті. Тұтқаның арғы жағында әйел адамның өксік аралас жан даусы шықты.

– Тез келіңіз! Біз ауруханаға кетіп барамыз! Бауырыңыз өлім мен өмірдің арасында…

Ата-анам бізді үлкен әпкемізге табыстады да, асығыс жолға шықты. Ештеңені түсінбесек те, әкемнің қалтыраған қолын, қорқынышты жүзін көріп, іштей үрейлендік.

Келесі күні таң ата әке-шешем суық жүзбен үйге оралды. Көздерінде мұң бар. Не болғанын сұрауға батына алмадық. Үнсіз тыныштық пен шанағына жиналған мөлдір тамшыдан көкірегін қарс айырған қайғы анық сезіледі. Ауыр күрсінген әкем бір мезгілде тілге келіп:

– Жалғыз бауырымнан айырылып қалдым, – деді қимастықпен.

Оның даусы қатты шықты. Бірақ қасірет пен жоқтауға толы үн еді. Бұл үн қасында жарқырап жүрген, еркелеп өмір сүрген бауыр етінің мәңгілік дүниеге аттанғанын айғақтап тұрды. Әкемнің айтуынша, ауруханаға жеткенде полиция қызметкерлері де сонда болған. Тергеу барысында олар жеңгемді оқиға орнынан да, ауруханадан да таппаған. Күдікті ретінде жеңгемнің інісі мен жұбайы тергеліп, сұмдық оқиғаның беті ашылды:

– Біз ұйықтап жатқан едік… Кенеттен бір нәрсе тарс етіп құлады. Арғы бөлмеден қабырғаның тырналған дыбысы естілді. Дереу сонда барып жарықты қостық. Әпкем үйде болмады, қанға малынған ағам қабырғаға сүйеніп келе жатты. Шошынғанымыздан айқайлап жібердік. Көршілерді көмекке шақырғанымызбен, дауысымызды естіп ешкім келмеді. Не істерімізді білмей, жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалдық.

Мен әпкемді іздеуге кірістім, «оны қайдан табамын» деген күдік пен қорқыныш өршіп барады. Бұл уақытта әйелім де көршілерден көмек сұрау үшін кеткен болатын. Жедел жәрдем келгенде сұмдық көріністің куәсі болдық. Үй ішін өлі тыныштық жайлаған. Еденнің ортасында екі кішкентай нәресте жездемнің үстінде ойнап отыр. Небәрі тоғыз айлық егіздер. Киімдері қанға боялып, қып-қызыл алақандарын бір-біріне соғып, күліп ойнап отыр. Қорқыныш та, қайғы да, үрей де жоқ, – дейді оқиға куәгерлері.

Ауруханаға жеткенше кіші әкемнің жүрегі әлсіз соғып тұрды. Әр соққысы өмір үшін соңғы үміттей сезілді. Дәрігерлер оның демін үзбеуге барынша тырысып, қансыраған денесін тұрақтандыруға талпынды. Бірақ қан жоғалтқан сайын дем алысы ауырлап, денесі салқындай берді. Ауруханаға жеткенде дәрігерлер оны дереу жансақтау бөліміне алып кетті. Бірақ өмір мен өлімнің арасындағы күрестен кейін оның жаны тыныштығын тапты. Бәріміз ауыр тыныстадық. Жүрегіміз қанша қимағанмен, оның енді ешқашан оралмайтынын түсіндік.

Оқиғадан соң полиция жеңгемді іздеуге кірісті. Ал оның інісі мен жұбайы қамауға алынды. Ештеңеден бейхабар, бейкүнә қос сәби жетімдер үйіне тапсырылды.

Арада бірнеше күн өткен соң жеңгемнің жансыз денесі ауыл маңындағы өзен бойынан табылды. Оны балықшылардың бірі байқап, құзырлы орындарға хабар берген. Су сорып ісінген мүрдені әбден жыртылған жалғыз лыпа ғана бүркемелеп жатыпты. Суық хабар жеткен бойда полиция мен медицина қызметкерлері оқиға орнына келіп, сірескен денені судан шығарады. Жеңгемнің тырнақтарының астында қанның ұйыған дағы сақталыпты. Сараптама нәтижесінде, тырнақтағы қан кіші әкемнің жарақаттарымен толық сәйкес келетіні анықталды.

Сот отырысы басталған күні табиғат тосын мінез танытып, аспанды бұлт торлады. Күн күңіреніп тұрды. Сот залында өлі тыныштық. Жиналғандардың жүзінде үрей мен алаңдаушылық байқалады. Қара киінген сот қызметкерлері орындарына жайғасқан соң, отырыстың басталғаны жарияланды. Залда тек қағаз сыбдыры мен терең тыныстағандардың демі ғана естіледі. Мұнда кіші әкемнің тағдыры үшін әділдік сұраған жақындары жиналды. Олардың қатарында туған қарындасы мен оның күйеуі де отыр. Барлығының жүзі шаршаңқы, қажыған.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы дауыстап оқылды. Әр сөз жаңғырып, залдағы қайғылы жұрттың жарасын тіліп өткендей болды:

– Шекесіне және көкірек тұсына балтамен үш рет соққы жасалған…

Зал күңіреніп кетті. Көз алдымызда кіші әкемнің қажырлы бейнесінен гөрі қанға боялып азап шеккен денесі елестеді.

– Ішінің төменгі жағына ұзын темір сұғылған…

Бұл сөз жүрекке қанжардай қадалды. Көзіміз қарауытып, айнала көмескіленді. Ең ауыры – оның бәрінің шындық екеніне сену қиын.

Тергеу барысында көрші әйел айтқан куәлік те жаға ұстатты:

– Мен көршімнің әйелін оқиға алдында балта ұстап отырғанын көргем. Бір ғажабы, сол балтаны үш күн бойы қайрады. «Бұл балтаны не істемексің?» деп сұрағанымда, «Жақында отын шабуға барамын», – деді. Бірақ оның өтірік айтып отырғанын, әлденендей жамандық болатынын сезген едім…

Әкемнің кіші қарындасы:

– Жеңгем маған телефон шалып, қонаққа шақырды. Бірақ мен басқа қалаға жолға шығып кеткендіктен, сол күнге бара алмадым…

Барлық куәгерлердің жауабы тыңдалып, оқиғаға қатысты айғақтар сарапталғаннан кейін сот үкімі шықты:

– Алқа билердің шешімімен марқұмның жұбайы кінәлі деп танылды. Қылмыс орнында болған күдіктілер — інісі мен жұбайы — оқиғаға қатысты деп табылып, бір жылға бас бостандығынан айырылсын. Балалары мемлекет қарауына өтеді.

Әкем сотқа жалынышты үнмен:

– Бауырымның балаларын жетімдер үйіне бермеңдер, мен асырап аламын! – деді.

Бірақ судья:

– Сіздің өз балаларыңыз бар. Егер оларды алсаңыз, туған балаларыңыз ертең қызғанышпен қарап, психологиясына зиян келуі мүмкін, – деп кесіп айтты.

Кіші әкем мен жеңгемді жерлеу – біздің отбасымыз үшін ауыр сынақ болды. Әкем бауырын туған жеріне арулап қойды. Жаназаға туған-туысы, бала күннен бірге өскен достары жиналды. Оның есімі аталған сайын адамдар терең күрсініп, көз жасын тыя алмады. Жерге түскен әр уыс топырақ оның бұл өмірмен байланысын біржолата үзіп жатты.

Ал жеңгемді өз жұрты алып кетті. Біз оның жерлеуіне қатысқан жоқпыз. Сол күннен бастап ол біздің әңгімемізден де, естелігімізден де өше бастады. Бірақ артындағы егіз бала мен қайғылы оқиға – мәңгі есте қалды. Екеуінің тағдыры екі түрлі, бірақ соңғы сәттері бір жерден қиысқан. Енді оларды жалғайтын ештеңе жоқ. Тек екеуіне арналған екі бөлек қабір ғана үнсіздікті сақтап тұр. Қорқынышты әрі түсініксіз тағдырдың тұзағына кім, қашан, қалай түсетінін ешкім білмейді…

Әкем аталған оқиға туралы:

– Жеңгеңнің қызғанышы осы қайғылы тағдырға себеп болды, – деп үнсіз ойға бататын. Оның өзін жегідей жейтін бұл сөздері жанымызды тіліп өтетін. Кіші әкемді бізден алыстату, оны өзіне ғана тәуелді ету, туған-туыстарынан біржола бөлу – бәрі сол қызғаныштың жемісі екенін кейін түсіндік…

Наргиз Ибраимова,
“Q-Andas” ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 1,495
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz