Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Андас Омарақын ізімен

Қызайлар арасында кең таралған қанатты сөздер

Қожаназар ұялған дауына Тайылбайды жібереді

admin
2026/03/02
Андас Омарақын ізімен
0
Қызайлар арасында кең таралған қанатты сөздер

Бұл ел арасында көп айтыла бермейтін «Көктұма съезінде» болған жағдай. Байеке болыстықтан қалған тұста қызай мен суан елінің  ортасында суандар жағынан өлтірілген Сейтен деген жігіттің құн дауы болып, съезд ашылады. Бұл съезге қатысқан екі жақ даудың шешімін таба алмай көп дағдарады. Сонда Іле генерал мекемесінің генералы ел ағалымен ақылдасып, Байекені шақыртуды жөн көреді. Генерал арнайы шақырту қағазын жазып, қосар ат мінгізіп, Тайлыбайды жібереді.

Тайлыбай Байекеге туыс және шешен жігіт екен. Олар Байекенің үйіне келіп, ұлықтың шақыртуын тапсырады. Байеке өз ауылының ақсақалдарымен кеңесіп, ақыры баруға қосылады. Олар съезд өтіп жатқан жерге келіп ел адамдарымен кездесіп, барлық жағдайдан хабар табады. Сосын қасына Қоспайды ғана ертіп, қарсы жақтың би, болыстары түскен үйге келеді.

Сонда төрде жатқан Сүлеймен төре басын көтеріп:

Байеке басында жоқ едің, енді қалай келдің? – дейді.

Сонда байеке:

– Ерім құнсыз, малым пулсыз болмасын деп келдім, – деп қысқа қайырады.

– Ұры деген жау емес пе, жауға да кісі құн даулайма, – дейді Сүлеймен төре.

– Дұрыс айтасың Сүлеймен болыс, біреу мал алғалы, біреу қыз алғалы келеді. Өстіп келіп жүргендерді өлтіре берсек құнсыз болады деген кесімге келсек жөн бола ма. Осыған уәдеңді алғалы келдім, – дейді.

Сонда жалғыз ұлы Құдайменде төренің ауылында, қызайлардың арасында ұрын барып жүргені есіне түскен Сүлеймен төре құн дауын дұрысынан шешіп берген екен.

 

Тар жерде тамақ жегенше, кең жерде таяқ жейік

1864 жылы Ресей жер кеңейту мақсатымен «Қытай– Ресей Батыс терістік шекараны шарлау, айыру шартнамасын» жасайды. Осы келісімнен кейін Ресей жаққа қарап қалған Қызай елінің алман-салығы ауырлап, ел күйзеліп кетеді. Елдің осы жағдайын көрген қызайдың рубасы, атқамінерлері ақылдасып: «Тар жерде тамақ жегенше, кең жерде таяқ жейік» деп келісіп, іштей дайындалып, Жантас, Қадыш, Баймұрат, Қарабек, Өтеп, Шөке, Жантық, Ұлтарақ, Жаулыбай, Мықтыбек, Қаңтарбай, Шожай, Көбеген, Байқасқа, Ерден, Бакей, Бөгенбай қатарлылардан қорғаушы қосын ұйымдастырып,  бір түнде үдере көшіп, шекарадан өтіп, Тарбағатайдың Қытай жағына келіп орналасады.

 

Шәкілден Омарақын, Мүсі келді

Омарақын Жансарба ұлы малтабар, шәкілге зәңгі болғаннан кейін елінің қамы үшін беріле еңбектене жұмыс жүргізіп, жұрт арасында туған дау-шарлармен, белең берген қайшылық-қақтығыстарды дұрыс шешіп, елін береке-бірлікке шақырып келіпті. Сондай-ақ жоғарымен, сырытпен болған қарым-қатынасты да шеберлікпен шендестіре біліпті.

Бір ақынның:
Шәкілден Омарақын, Мүсі келді,
Бірқыдыру қасында кісі келді.
Келіпті ел тұтқасын ұстап олар,
Оңаша қонақ үйге түсіп енді, – деген өлеңі ел арасына таралып, содан бастап жиын-тойларда ол екеуінің біреуін көрген жерде «Шәкілден Омарақын, Мүсі келді» деген қанатты сөзге айналып кетеді.

                  

Дереккөз: Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9 (1-т.), ISBN 978-601-7865-36-8 1-том .– 287 б., суретті .    

https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 33
Елдіктің жолы
Андас Омарақын ізімен

Елдіктің жолы

April 16, 2026
Құт мекен
Андас Омарақын ізімен

Құт мекен

April 15, 2026
Білім көкжиегі
Андас Омарақын ізімен

Білім көкжиегі

April 13, 2026
Ұлар мен қырғауыл
Андас Омарақын ізімен

Ұлар мен қырғауыл

April 6, 2026
Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт
Андас Омарақын ізімен

Ас-мас, ат-пат, жігіт-мігіт

April 3, 2026
Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер
Андас Омарақын ізімен

Іле мен Күнеске қатысты аңыз-ертегілер

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz