Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

ҰЛТАРАҚ БАТЫРДЫҢ ОЮЛАНҒАН КӨН ТОҚЫМЫ

admin
2026/10/30
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
4
ҰЛТАРАҚ БАТЫРДЫҢ ОЮЛАНҒАН КӨН ТОҚЫМЫ

Басы

1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтары туралы уставына» байланысты қазақтар мекендеген жерлерде сегіз сыртқы округі құруды жариялады.Осыған орай 1842 жылы Қарқаралы және Құсмұрын сыртқы округі, 1831 жылы Аягөз округы, 1832 жылы Ақмола және Аманқарағай, 1833 жылы Баянауыл және Үшбұлақ, 1844 жылы Көкпекті округы ашылды. Бір жағынан қазақ даласына қытайлар да көз сұғын қадай бастады.  Қысқасы, орыс пен қытай өз білгенін істеп, 1851 жылы Қытай мен Ресейдің  «Іле – Тарбағатай сауда ережесі», 1860 жылы «Қытай мен Ресейдің Бейжің шарты», 1881 жылы «Қытай мен Речейдің Іле шарты» сияқты теңсіз шарттар жасалып, қазақтың қасиетті атамекенін бөліске сала бастады. Қой дейтін қожа, әй дейтін әже болған жоқ.

Өкініштісі, осы келісімдердің бірінде бұл өңірдің тарихтан бергі иегері болып келген қазақ руларынан бірде-бір адам қатыспаған. «Ит жуаны боқ бермес» дегендей, орыс-қытай өз білгенінше бөліске салып, ел арасын лаңдап жатты. Мұндай бассыздыққа қазақ батырлары да қарап қалған жоқ. Атажұртқа сұғынып кірген отаршылдарға қарсы қазақ даласының әр тұсынан Исатай мен Махамбет, Кенесары, Жанқожа, Естай бастаған ерлік күрестер жүргізілді. Бұл батырлық жорықтар Тарбағатай өңірінде орын алды. Орысқа қарсы Сыбанқұл бастаған, қытайға қарсы Құрбан қажы (Қоңыз) батыр бастаған Қаракерей балалары атқа қонды. Құрбан қажы (Қоңыз) батыр басшылық еткен көтеріліс Қытай архивтерінде Бор батыр мен Қоңыздың көтерілісі делінсе, Сыбанқұл бастаған көтеріліс Байжігіт көтерілісі деген атпен хатқа түсіп отырған.

1860 жылдардан кейін Тарбағатайдың күнгей бетіндегі қазақтар Қытай әскері мен жергілікті дүңгендерден көп зорлық көреді. Озбырлыққа шыдамаған қазақтар Құрбан қажы (Қоңыз) батыр мен Қазақбай Көмеш батырдың айналасына жинала бастады. Оларға дүңген Бор батырдың жасағы да қосылады. Жұмықтар қытаймен соғысуға қол жинап жатыр дегенді естіп, Қабанбайдың ұрпағы Әлібек батыр Құлдың отыншы батыры мен Тоқыр биін ертіп көмекке келеді. Бұл соғысқа Байеке болыстың бастауымен қызай жігіттері де аттанады. Олар 1860 жылы 1-айдың 27 күні қытай әскеріне қарсы соғысқа шығады. Бұл соғыс үш жылға жалғасады. Қытайларда ойраттың Шаған кеген бастаған ойрат пен моңғолдың, қалмақтың, мәнжүр, сібе-солаңдардан құрылған әскермен қарсылық көрсетеді. Қазақ батырлары үш жыл толарсақтан қан кешіп жүріп, қытайларды Алтай, Іле, Тарбағатай аймағынан түгел қуып шығып, Еренқабырғадан ары асырып тастайды.

Соның ішінде Ұлтарақ батыр Ақтүбітұлы да болған еді. Үлкендердің айтуынша, ол кісі 1801 – 1889 жылдар арасында өмір сүрген айтқанынан қайтпайтын, бір беткей, алысқанын жеңбесі кеңірдегінен ас өтпейтін өр мінезді адам болған. рақ батырдың көп ерлігі бүгінде насихатталмай келеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты Қалба тауының баурайында туған. Қызай елінің Тарбағатай, Майлы-Жайыр, Тоқтабарлық қоныстарында балалық, жастық, соңғы өмірін өткізген. 1839 жылғы қызай ауылдарын шауып алу үшін аттанған Ханқожаұлы Сыбанқұлдың 900 адамдық қосынына қарсы соғысқа, 1860 жылдары ҚХР Шәуешек қаласында қазақ-дүңген бірігіп, Цин империясының отаршылдарына қарсы аттанған Бор батыр көтерілісіне қатысып, үлкен ерлік танытқан. Қоңыз батыр көтеріліснде Ұлтарақ бабамыз Қаракерейдің Анданас (Андас) батырымен төс соғыстырып дос болған екен. Олшырғаға түсіп, қойға батып қайтыс болғаннан кейін оған тән ер-тұрмандарын жақын өткен саптастарына  Қаракерейдің Қоңыз батыры үлестіріп беріпті. Сонда бұл тоқым Ұлтарақ батырға тиесілі болған деседі. Кейін қайтыс боларында балаларымның бірінің атын Андас деп қойыңдар деп өсиет қалтырыпты. Сол серті үшін 1944 жылы мен туылғанда 93 жастағы Жансарбай атам менің атымды Андас қойған екен. Тоқымдағы өрнек Қоңыз батырдың жорық туының жиегіне салынған өрнекпен бірдей әдіптелген деп отыратын үлкендер (ол ту ел арасында бар деп естідік). Көн тоқым Ұлтарақ батырдан ұлы Жансарбай емшіге, одан Омарақын зәңгіге мұраға қалған.

Q-Andas ақпарат

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 58
Қонақ шақыру ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Қонақ шақыру ойыны

August 31, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

August 31, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

August 31, 2026
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

August 31, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

August 31, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
4 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
trackback
ОРНАМЕНТИРОВАННАЯ КОЖАНАЯ ПОДКЛАДКА ПОД СЕДЛО БАТЫРА УЛТАРАКА — Q-Andas
17 days ago

[…] Қазақ Qazaq توتە جازۋ Русский English […]

0
Reply
trackback
THE ORNAMENTED LEATHER SADDLE CLOTH OF ULТARAK BATYR – Q-Andas
17 days ago

[…] Қазақ Qazaq توتە جازۋ Русский English […]

0
Reply
trackback
ۇلتاراقتىڭ اعاش تەگەنەسى – Q-Andas
17 days ago

[…] باسى […]

0
Reply
trackback
ÚLTARAQ BATYRDYŃ OYULANǴAN KÓN TOQYMY – Q-Andas
16 days ago

[…] Қазақ Qazaq توتە جازۋ Русский English […]

0
Reply
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz