Басы: 21-ші қаңтарда Самарқанда «Жизақ ісі» қаралды. Айыпкер – 151 кісі еді. Біреуі абақтыда өлген. Бұл іс бойынша шақырылған айғақтар – 500 шамалы. Айыбы ауырлардың көбін қорғайтын адвокаттар – Г. Дума ағзасы- Вениамин Ахтымов және оның інісі- Ыбырайым мырза Ахтымов, Ташкент адвокаттарынан Шарковский, Икрамов тагы басқалар. Бұл істің қаралуы бір жұмадан артыққа созылды.
Т.С.
ҚАЛА ҚҰРҒАН ҚАЗАҚТАН ӘСКЕР АЛА МА?
Біз Семей облысы, Зайсан уезі, Қара Ертіс ұлысы, 6-шы ауыл қазақтары 1915-ші жылы Дала улаятының генерал-губернаторына хат жазып, өз жерімізде отыруға тіленген едік. Бұл тілегіміз қабылданып, өзіміздің 6-шы ауыл жерінен 9 мың десе жер кесіп беруге бұйрық қылынды және бізге мағлұм айтылды:
Қала болсаңдар сендерден әскерге адам алынбайды. Әскери қызмет мәселесі сендерге жалпы қазақпен бірдей болады, делінді. Десе де, бұған қарамай өткен декабрь жұлдызының 14-де біздің поселкеден (қаладан) 18, 19 һәм 20 дағы жастарды әскери приставқа шақырып, аскер қатарына алуға қарап қайтарды. Біз мұндағы хакімдерге айтып қарасақ та олардан берекелі жауап болмады. Бізге бұйрық осылай деп қысқа ғана жауап қайтарды. Біз бұған таңғалдық. Әскери қызмет хақындағы уставтың 42-ші бабында, айрықша заң шыққанша бұратаналардан әскер алынбайды деген. Мұндай «айрықша заң» әлі шықпағаны мәлім. Соған қарағанда бұл іс заңсыз деп түсінеміз. Орал, Торғай облыстарында крестьян положениесімен жер алып қала болғандар бар. Олардың қалы нешік екен? Осы тақырыпты «Қазақ» газеті мағлұмат, және не істеуге мәслихат берсе екен?
БИАХМЕТ САТЫБАЛДЫҰЛЫ.
Қазақтар 15 деяетинадан жер алып, қала болған үшін ғана қазақтан әскер алмайды. 42-ші статьяға сүйенуіңіз дұрыс. Оның үстіне қазақтан әскер алмайтын тағы бір заң бар:
«Свод законов Российской Империи, том ІІ. 1892 г. Положение об инородцах». Мұнда айтылған: көшпелі бұратаналар отырықшы болғанымен өзі тіленбесе, әскерлік қызметке алынбайды, деп. Бұл екі заңды жоқ қылып, Гасударственная Дума және Гос. Совет арқылы жаңа заң шығару керек. Мұндай заң әлі шыққан жоқ. Үкімет 87-ші статья бойынша қазақтан әскер алатын заң шығарған жоқ. Қара Ертіс елінен әскер алуды шығарып жүрген – хакімдер. Әскери қызмет мәселесін теріс түсініп, бұлар отырықшы болған қазақтар, крестьян болды ғой, крестяннан әскер алынушы еді ғой деген дақпыртпен, істеп отырған болуға тиіс. Сіздер секілді басқа облыстардағы қала болған қазақтар әскерліктен аман. Олармен сіздердің араларыңызда түк айырма жоқ. Заң біреу, тек әр жердің хакімдерінің түсінуі әр түрлі болса керек. Бірақ «әр түрлі түсінудің» аты зан емес қой. Егер генерал-губарнатор жоғарғы шешімін өзгертпесе, Соғыс Министріне, мұсылман депутаттарына жеделхат беріп, қазақты әскерге алынбайтын дәлеледерді көрсетіп, ізденулеріңіз қажет.
ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЙЫНАН ІІІ
(БАТЫС МАЙДАНЫ)
Минск. 5-ші ақпан. Бұратана бөлімін аштық.
Әлихан.
Әлиханнан келген басқа жеделхаттарда Зингер қол астындағы қазақтарға қызмет ету үшін қазақтан доктор, фельшер, тілмаш және басқа қызметкерлер керектігін айтады. Докторларға жалование айына – 300-350 сом, киімге 400 сом (бір рет беріледі), басқа шығындарына 90 сом, пәтер, жол жүрісі ақысыз. Фельшерге жалование – 190 сом, киімдік 200 сом, басқа жағы докторлардыкі сияқты.
Жоғарғы қызметтерге баруға тіленген азаматтар Әлиханмен жеделхатпен тезірек хабарласуы керек. Әлиханның мекен-жайы:
Г. Минск Гостиница Льеж Алихану Букейханову.
Минск – 5-ші ақпан, Штаб рахымымен Аманқарағай жігіттерінің халын білуге Псковқа жүріп барамын.
Мырзағазы.
Мойынша – Жігіттер қолына тиген соң Зингер оларға казарма үй салдырды. Монша, кір жуартын, киім кептіретін һәм киімді қайнаған судың буына салатын өз алдына үйлер салдырмақшы.
Дәм айдап бұл жаққа келген соң енді біздің жігіттердің ден саулығы керек. Ден саулық тазалықпен табылады. Тазалық – кемі жеті де бір моншаға түсіп, көйлек-іш киімін өзгертіп тұрса болады. Біздің қазақ кең далада, таза ауада, жақсы тамақ ішіп өскен. Сондықтан елде моншаның мұқтаждығын артық білмейді. Ал мұндағы жігіттерге моншаға түсіп тұрмаса болмайды. Тәні, киімі таза болса, жұқпалы аурудан аман болмақ.
Кір жуатын орын – моншаның бір жағында кір жуатын бөлек бөлме бар. Кір жууға Зингер жалдап қойған қатындар бар яки моншаға түскенде жігіттер өздері жуады. Кісі басына бір қадақ, жарты қадақ кір сабын береді. Біз аралаған кезде, кір жуатын бөлмелер даярланған дружиналарда бар. Кір жуатын бөлмелер даярланбаған орындарда Зингер жігіттерге кір жуу құқыгы үшін ақша береді. Кейбір жерде жігіттер өз жанынан 30-40 тиын төлеп, көйлек-шалбарларын жудырады екен. Бірақ мұны Зенгер жоғалтып, өзі жудырмақ.
Киім кептіретін орын – жуған кірді және жұмыста жүргенде су болған сырт киімдерді кептіретін, өз алдына орын бар. Бұлар жататын үйлерінен бөлек. Біз аралағанда киім кептіретін үйлердің салынғаны бар, салынбағанын салдырмақ.
Киімді булау – адамның тәні һәм киімі кірлесе бит, бүрге, қандала көбеймекші. Қайда лас жер болса, сол бит, бүрге, қандала, микробтың ұясы болмақ. Сонан олар тез көбеймек.
Бит, бүрге, қандала, микроб сүзек және жұқпалы ауруларды біреуден біреуге тасып жұқтырады. Қазақта: бит, бүрге болса да, жұқпалы ауруды олар елде көбейте алмайды. Себебі, кең дала, таза ауа, жақсы тоқ тамақ. Қазақтың бір жердегі ауылы 10 үйден артпайды. Ол 10 үйде үй басы айнала 5 кісіден санасақ, барлығы 50 шақты жан. Бір үйде 5 жан еркін тұрады. Жарық мол, бүтін киім, тазарақ болады. Сондықтан бит, бүрге, микробтар еш нәрсе қыла алмайды.
Жігіттерде, елдегінің бірі жоқ. Бір жерде бес жүз мың адам, бір үйде 150-200 адамнан тұрады. Үйдің іші түтін, лас, жарық, киім, ауа мен тамақ елдегідей емес. Сондықтан бұлардың арасында бит, бүрге, қандала, микроб көбейіп, ауруды бірінен біріне жұқтырмақшы.
Міне, соның үшін жігіттердің киімін қайнаған судың буына салса бүрге, бит, қандала, микроб өліп қалады. Ауруды жұқтыра алмайды.
Әлихан, Мырзағазы.
«Қазақ» газеті, №217, 3-бет.
Тұп нұсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас.
ПРИГОВОРЕННЫЕ К СМЕРТИ
За неподчинение Указу от 25-го июня, в Санжарском крае Жазакского уезда, состоялся суд над скандально известными «начальниками».
Суд начал свою работту с 16- января в Самарканде из 74-х обвиняемых 41 человек были приговорены к сметной казни через повешение, 33-оправданы, 21-го января в Самарканде рассматривалось «Жизакское дело».
Обвиняемых было 151 человек. Один скончался в тюрьме. По этому делу приводятся около 500 доказательств. Для защиты большинства обвиняемых, призваны адвокаты Гос.Думы Вениамин Ахтымов, и его брат Ибрагим мырза Ахтымов.
Из ташкенских адвокатов – Шарковский, Икрамов и другие. Рассмотрение этого дела длилось более недели.
Т.С.
ПРИЗОВУТ ЛИ НА СЛУЖБУ ОСЕДЛЫХ (ГОРОДСКИХ) КАЗАХОВ
Мы, казахи 6-го аула Черноиртышского улуса, Зайсанского уезда, Семипалатинской области обращались с письмом к генерал-губернатору Степного края с просьбой разрешить нам жить оседло на своей земле. Наша просьба было удовлетворена. Нам из земель 6-го аула, выделили 9 тысяч десятин земли и пояснили:
«В случае создания оседлого поселения (города) ваши люди не будут призываться на воинскую службу. Этот вопрос будет решать по общеказахским положениям». Несмотря на это, 14-го декабря с нашего поселка (города) к военному приставу были вызваны 18-ти, 19-ти, 20-ти летние джигиты по вопросу призыва на службу.
Мы обратились к местным властям, но не получили удовлетворительного ответа. Говорят что у них таков приказ. Мы не понимаем. В законе о воинской службе в статье 42 говорится, что до особого закона, казахи не призываются на воинскую службу.
Известно, что никакого «особого» закона не было. Получается, что это дело незаконно.
В Уральской, Тургайской областях есть поселения (города) казахов, которым выделили земли по «положению о крестьянах», и они живут оседло. А как обстоят у них дела? Просим разьяснить нам этот вопрос на страницах газеты «Казах».
Биахмет Сатыбалдыұлы.
Газета «Казах»
Казахи получившие земли по 15 десятин и создавшие оседлое поселение (город) не призываются на воинскую службу. Правильно что вы ссылаетесь на 42-ю статью. Кроме этого есть еще один закон освобождающий казахов от воинской службы. – «Свод Законов Российской Империи том II. 1982 г. положение об инородцах».
Здесь сказано, что кочевые инородцы, в случае перехода к оседлости и создания поселений освобождаются от воинской службы.
Нужно вместо этих двух законов, через Государственную Думу и Гос Совет принять новый закон. Но такого закона еще нет. Правительство согласно статьи – 87 не приняло закон о призыве казахов на воинскую службу. А принимали решение о призыве казахов на службу с Черного Иртыша местные власти. Наверное они приравнивают оседлых казахов к крестьянам, которые обязаны нести воинскую службу.
Живущие оседло, создав поселения, другие казахи к воинской службе не призываются. Нет никакой разницы между вами и другими.
Закон один для всех. Но власти на местах толкуют его по своему, и это «толкование» не закон.
Если генерал-губернатор не изменит свое решение нужно отправить телеграммы с вашими доводами и доказательствами Военному Министру, мусульманским депутатам, добиться своих прав.
ПОЛОЖЕНИЕ ВОЕННЫХ РАБОЧИХ
ЗАПАДНЫЙ ФРОНТ
Минск, 5-ое февраля. Открыли отделение инородцев.
Алихан
В других телеграммах полученных от Алихана говорится, что для создания нормальных условий для казахов находящихся на службе, под началом Зингера, необходимо из числа казахов назначить докторов, фельдшеров переводчиков и других работников.
Жалование докторам – 6300-350 рублей в месяц, на одежду – 400 рублей (выдается один раз в год), на другие расходы – 90 рублей, жилье, дорожные расходы- бесплатно. Фельдшерам жалование – 190 рублей в месяц, одежда – 200 рублей. Остальное так же как и докторам.
Претендующим на указанные должности казахах и имеющим необходимые знания, необходимо направлять телеграммы Алихану, по адресу: г. Минск гостиница Льеж. Алихану Букейханову.
Минск 5-ое февраля для ознакомления с положением джигитов Аманкарагая, по согласованию со штабом, выезжаю в Псков.
Мырзагазы.
Как только Зингер заполучил казахских джигитов, они построили казарму. Планируют построит баню, прачечную, сушилку и парилку для одежды и белья.
Раз уж попали казахские джигиты в эти края надо подумать и о себе, о своем здоровье. Как говорят, чистота – залог здоровья.
Самое малое –раз в неделю нужно принимать баню, менять нижнюю одежду.
Наши казахи выросли на просторах, при чистом воздухе, хорошо питались: Поэтому особо не не нуждались в бане. А здесь необходимо часто мыться в бане, если тело будет в чистоте, не будут приставать всякие заразные болезни.
С одного крыла бани расположена отдельная прачечная комната. Там работают (стирают) женщины нанятые Зингером, или приосвещении бани, служивые сами стирают свою одежду. На человека выдается половина или одну кадка хозяйственного мыла. В дружинах которые мы обходили, есть отдельные прачечные. А где их нет, они сами стирали одежду вместо прачек. В некоторых дружинах служивые сами нанимали и платили за стирку, Зингер намерен запретить такую практику.
Также в отрядах имеются сушилки, для просушки стиранных вещей и помокшей одежды. Сушилки расположены отдельно от казарм. При обходе мы видели действующие и недостроенные сушильные строения. Зингер обещал достроить.
При отрядах имеются и такие строения, как парилки. Если тело и одежда человека нечисты, то появляются вши, блохи, кандала.
В воздухе полно микробов. Где грязно, там они гнездятся и быстро размножаются являются переносчиками сипного тифа и других заразных заболеваний. У казахов в быту хоть и были вши и блохи, они не представляли большой опасности. Причиной тому чистота, чистый воздух, полезная еда. В казахском ауле было около 10-ти домов. Это приблизительно 50 душ.
В одном доме без стеснения живут пять человек. Света много, чистая одежда, свежая еда.
Для здешних служащих казахов, всего этого нет. В одном месте скапливаются пятьсот, тысяча человек. В одном доме (казарме) проживают 150-200 человек, воздух спёртый, грязно. Одежда, воздух, еда не как у себя дома. Есть большая вероятность подхватить заразу.
Вот поэтому, одежду парят в специальных парилках, чтобы убить микробы и всяких переносчиков болезней
Алихан, Мырзагазы
Газета «Казах» №217, стр 3.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











